Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған бандерольдерді табыс ету



бет52/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.6 Құндылығы жарияланған бандерольдерді табыс ету

Заңды тұлғаларға бағытталған құндылығы жарияланған бандерольдердің 22н. хабарлаулары «16н.кіріс жүкқұжатына» жазылып, екінші данасында уәкілетті тұлғаның қойылған қолын алу арқылы беріледі, жеке тұлғалар үшін 22н. хабарлаулары абоненттік жәшікке салынады.


Құндылығы жарияланған бандерольдер адресатқа өндірістік объектілерде 22н. хабарлауына қол қою арқылы, не почташымен қосымша ақыға үйде беріледі.
Құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік объектілерде және үйде беру барысында адресаттың қолына осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсету арқылы беріледі.
Құндылығы жарияланған бандерольдер, алынғандығы туралы хабарламалар және қайталама хабарлаулар берілу мүмкін:
1) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
2) нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткенде;
3) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың және адресатқа қатысын растайтын құжаттардың көрсетуі бойынша 16 жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың ата – анасына (асырап алушылар, қамқоршылар);
4) қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
5) мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген құндылығы жарияланған бандерольдер жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
Адресат 22н. хабарлаудың қайырма бетінде ұсынған құжаттың атауын және деректерін көрсетеді, қолын қояды және алған күнін көрсетеді.
Өндірістік объектінің жұмыскері адресат көрсеткен жеке басын куәландыратын құжатты тексереді, 22н. хабарлауда алушы көрсеткен деректерді көрсетілген құжат деректерімен және қойылған қолымен салыстырады және бандерольдің беруін қайырма бетінде өз қолымен растайды..
Қажетті жағдайда адресаттан әрі қарай жіберілген/қайтарылған құндылығы жарияланған бандерольді сақтаған үшін белгіленген тариф бойынша ақысын алады.
Төлем алынғандығы жайлы 47н. дәптерінен (ДК) құндылығы жарияланған бандерольдің кіріс нөмірі, («Қ» немесе «ӘҚЖ») тиісті белгісі, жиынтықтың сомасы (жазбаша) көрсетіліп түбіртек беріледі. Алған ақшаның сомасы және түбіртектің нөмірі 22н. хабарлауының қайырма бетінде көрсетіледі.
Өндірістік объектілерде құндылығы жарияланған бандерольдер қабында көрсетілген нақты салмағының сәйкестігін тексере отырып беріледі.
Жабық түрінде (салым тізімдемесіз) қабылдап алынған құндылығы жарияланған бандероль адресаттарға берер алдында ашылмайды, ал ашық түрінде (салым тізімдемесімен) қабылданғандар ашылады. Қабықша кесігі мөр және салымға зақым келтірмейтіндей етіп жасалынады.
Адресаттың тілегі бойынша салым тізімдемесімен құндылығы жарияланған бандероль беру барысында ашылмауы мүмкін, бірақ бұл туралы 22н. хабарлауына адресатпен қол қойылған «Ашудан бас тартамын» белгісі жасалу керек.
Егер құндылығы жарияланған бандерольді ашу барысында 107н. тізімдемесінде көрсетілген салымның жетіспеушілігі табылса, үш данада 51н. актісі жасалынады, онда өндірістік объектінің жұмыскерлерінен басқа адресаттың қолы қойылады. Салым жетіспеген жағдайда оның қалған бөлігі актінің екінші данасымен адресатқа беріледі, бірінші данасы адресаттың қолхатымен құндылығы жарияланған бандерольдің қабықшасымен бірге ведомстволық тексеру жүргізу және адресатқа қорытындысы туралы хабардар беру үшін Қоғамның жоғарғы бөлімшелерінің басшыларына жіберіледі. Акті жасалған барлық құндылығы жарияланған бандерольдер адресаттарға тек өндірістік объектіде беріледі. Салым сәйкес келген жағдайда акт жасалынбайды.
Алынғандығы туралы хабарламасы бар құндылығы жарияланған бандерольді беру және беруден кейін 119н. бланкісін ресімдеу тәртібі осы Ережелердің 510 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Үстеме төлем сомасы төленбей құндылығы жарияланған бандероль берілмейді, бірақ адресат жіберушінің мекен-жай деректері туралы ақпараттарды алуға құқы бар.
Үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған бандерольді тапсырар алдында өндірістік объектінің жұмыскері:

  • құндылығы жарияланған бандерольдің қабында және үстеме төлем аударым бланкісінде көрсетілген деректерді салыстырады;

  • үстеме төлем аударым бланкісінің оң бетіндегі «жазбаша хабар үшін» жолында барлық қажетті мәліметтердің көрсетілгенін тексереді, ал қандайда бір деректер жоқ болса – оларды енгізеді;

  • үстеме төлем аударым бланкісіне құндылығы жарияланған бандерольді адресатқа берген датасын көрсетіп қолын қояды;

  • үстеме төлемнің толық сомасын алғаннан кейін адресатқа құндылығы жарияланған бандерольді береді;

  • егер бандероль 51н. актісімен түскен болса, не бандерольдің салмағының айырмашылығы, салымға кіруге мүмкіндік туғызатын қабықша, байлам, мөр, лента ақаулығы табылған жағдайда құндылығы жарияланған бандерольді ашқанға дейін үстеме төлем сомасы адресаттан алынбайды;

  • егер үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған бандерольді ашу және салымын тексеру барысында салым бүтін болып тізімдемеге сәйкес келсе, онда ашылғанға акті жасалмайды, адресаттан үстеме төлем сомасы алынады және құндылығы жарияланған бандероль белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

Құндылығы жарияланған бандерольдің салымында жетіспеушілік, өзгерту, толық және жартылай бұзушылық табылған жағдайда 51н. акті толтырылады, бір данасы адресатқа беріледі. 51н. актісінің бір данасымен құндылығы жарияланған бандероль жіберілген орынға қабылдау орнында тергеу жүргізу үшін «Сақтандыру» қабында қайтарылады.
Тікелей үйге (пәтерге) құндылығы жарияланған бандерольдерді қосымша ақы арқылы жеткізу жүзеге асырылады:
1) адресат өтініші бойынша және өндірістік объектінің мүмкіншілігі бар болған жағдайда;
2) өндірістік объектінің ұсынысы және адресаттың келісімі бойынша.
Құндылығы жарияланған бандерольді үйге жеткізу барысында олар кіріс нөмірі бойынша 55н. кітабына жазылады және жеткізу үшін почташыға қол қою арқылы беріледі. Құндылығы жарияланған бандерольдерге 119н. хабарламасы жеткізу үшін почташыға құндылығы жарияланған бандерольдермен бірге беріледі.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді қабылдап аларда почташы олардың қабықшасын, мөрлерін, пломбыларын, ленталарын, жапсырмаларын мұқият қарап алады, салмақ дұрыстығын тексереді және 55н. кітабына қабылдап алынған құндылығы жарияланған бандерольдердің санын көрсетіп қол қояды.
Жеткізуден қайтып келгеннен кейін почташы тапсырылмаған әр құндылығы жарияланған бандерольге 20н. анықтамасын толтырады.
Есепті қабылдап алатын жұмыскер жеткізілмеген құндылығы жарияланған бандерольдердің қабықша және мөр (лента, пломбы, жапсырма) дұрыстығын, ал қажетті жағдайда салмақтарын тексереді. 55н. кітабына жеткізілмеген құндылығы жарияланған бандерольдердің нөмірлері көрсетіледі және есеп қабылдап алғаны туралы белгі жасалынады.
5 күн ішінде құндылығы жарияланған бандероль алынбаған жағдайда, әр бандерольге «Қайталама» белгісімен, өндірістік объектіде құндылығы жарияланған бандерольдің сақтау мерзімі және сақтауға алынатын ақысы көрсетілген 22н. қайталама хабарлауы жазылады және 8н. кітабы бойынша қол қою арқылы табыс етіледі. Қол қою арқылы табыстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда хабарлау абоненттік жәшікке салынады және 8н. кітабында «А/ж салынды» белгісі қойылады. Құндылығы жарияланған бандерольдің қабында қайталама хабарлаудың жазылған күні көрсетіледі. Өндірістік объектімен 22н. хабарлауын тапсыруға екі рет әрекет жасалады.
Құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік объектіде адресатты күтіп 30 күн бойына сақталады.
Адресаттың немесе жөнелтушінің арызы бойынша құндылығы жарияланған бандерольдердің сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзарытылуы мүмкін.
Өндірістік объектіде құндылығы жарияланған бандерольдердің екінші рет хабарлама тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) сақталған күндері үшін белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.
Қайтып оралған құндылығы жарияланған бандерольдердің тиісті орындағы өндірістік объектісінде сақталған күндері үшін адресаттан алынбаған төлемақы жөнелтушіден алынады.
«Талап етілгенге дейін» құндылығы жарияланған бандерольдердің сақталғандығы үшін төлемақы алынбайды.
Табыс етілмеген құндылығы жарияланған бандерольдер кері адресі бойынша мынадай жағдайларда қайтарылады:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресат құндылығы жарияланған бандерольді алудан бас тартқан жағдайда;
3) сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін;
4) адресат қайтыс болған жағдайда;
5) абонементтелетін абонементтік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
6) өндірістік объектінің өз міндеттемесін орындау мүмкіндігінен айыратын басқа да жағдайда.
Құндылығы жарияланған бандероль жөнелтушінің немесе алушының арызы негізінде олармен көрсетілген адрес бойынша әрі қарай жіберілу/қайтарылу мүмкін. Жазбаша түрдегі арыз арызды тіркеу 25н. журналына жазылады.
Адрестің өзгергені, құндылығы жарияланған бандерольді әрі қарай жіберу немесе қайтару туралы арыз берілген кезде жөнелтушімен қабылдау туралы түбіртек және жеке куәлік құжаты ұсынылады, тізім бойынша қабылданған бандерольге – 103н. тізімі қоса беріледі. Бұл кезде арызға ұсынылған құжаттың деректері жазылады.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді әрі қарай жіберу/қайтару үшін жөнелтушіден әрі қарай жіберу немесе қайтару кезіндегі қолданыстағы белгіленген тарифтер бойынша салмағы үшін ақы алынады, жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
Алушының мекен-жайын оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда (жуылған, үзілген және т.б.) құндылығы жарияланған бандерольдердің қайтарылғандығы үшін ақы алынбайды.
Құндылығы жарияланған бандерольдің әрі қарай жіберу/қайтару, сақтау ақысын қабылдау кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі.
Жөнелтуші жазбаша арызбен қабылдаған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген құндылығы жарияланған бандерольді түбіртектің түпнұсқасын қайтарып кері алуына болады. Мұндай жағдайда жөнелтушіге почталық төлемнің мемлекеттік белгілері мен қосымша көрсетілген қызмет сомасынан басқа төлеген сомасы қайтарылып беріледі. Құндылығы жарияланған бандероль бір данада толтырылатын 16н. жүкқұжатына қайтару себебін көрсете отырып жазылады және кіріс бандерольдерді беруде қарастырылған тәртіпте беріледі.
Құндылығы жарияланған бандероль 20н. анықтамасымен әрі қарай жіберіледі немесе қайтарылады, онда әрі қарай жіберу/қайтару себептері көрсетіледі және ПМ бедерімен расталады.
Әрі қарай жіберілетін, қайтарылатын құндылығы жарияланған бандерольдерге 22н. хабарлауы жазылады, онда әрі қарай жіберу/қайтару себебі мен күні көрсетіледі. Хабарлау жинақтау картотекасына салынады және кіріс нөмірлері бойынша тігіледі. 16н. кіріс жүкқұжатында міндетті түрде әрі қарай жіберілген/қайтарылған күні туралы белгі жасалады.
Құндылығы жарияланған бандерольді әрі қарай жіберу немесе қайтару кезінде өндірістік объектінің жұмыскері тексеруге тиіс:
1) бандерольді табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (толық мекен-жайы болған жағдайда);
2) оны әрі қарай жіберу/қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.
Бандерольді әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлар, ал қайтару барысында адресаттың мекен-жайы сызылып тасталады және мекен-жай бетіне жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері және тиісті жаңа пунктің атауы;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және бандероль қайтарылатын пункттің атауы.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді әрі қарай жіберу кезінде жаңа толық мекен-жайы 20н. анықтамасына жазылады. Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын құндылығы жарияланған бандерольдер 16н. жүкқұжатына «Белгілер» бағанына (ӘҚЖ немесе Қ) әріптерін көрсете отырып жеке-жеке жазылады.
Полиэтилен қабындағы әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын қағазға оралады (байланады және мөрленеді), жаңа қабына қажетті бар деректер көшіріледі.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді әрі қарай жіберу/қайтару дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде әрі қарай жіберілу/қайтарылу себебі туралы белгіге қол қояды. Олардың қолдарынсыз әрі қарай жіберуді/қайтаруды жүргізуге тыйым салынады.
Қайтып оралған құндылығы жарияланған бандерольдер жөнелтушіге кіріс құндылығы жарияланған бандерольді беруде қарастырылған жалпы тәртіпте беріледі.
Алынғандығы туралы хабарламамен қабылданған құндылығы жарияланған бандерольдердің қайтып оралғаны үшін белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден салмақ ақысы алынады, бұл кезде хабарламаның ақысы алынып тасталады.
Тиісті орындағы өндірістік объектілерде құндылығы жарияланған бандерольдерді әрі қарай жіберу/қайтару туралы арыздары орындалғаннан кейін әрі қарай жіберілген және қайтарылған бандерольдер жазылған кіріс жүкқұжатының көшірмесіне тіркеледі.
Табыс етілмеген құндылығы жарияланған бандерольдер сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кері мекен-жайы бойынша қайтарылмай, таратылмағандар қатарына мына жағдайларда беріледі:
1) адресат пен жөнелтушінің қажетті адрестік деректерінің дәл еместігі немесе болмаған;
2) адресат пен жөнелтушінің бандерольді алудан бас тартқан;
3) белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және адресат пен жөнелтушінің алмаған.
Құндылығы жарияланған бандероль таратылмағандар санына тек оларды тапсырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, тапсырылмау себебі мұқият тексерілген соң ғана беріледі.
Құндылығы жарияланған бандерольдің мекен-жай бетінде «Таратылмаған» белгісі жазылады, бандерольдің қайырма бетінде таратылмаған қатарына берілген себебі көрсетіледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе оның орынбасарымен тексеріледі және қол қойылады.
Таратылмаған құндылығы жарияланған бандерольдер айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ «Сақтандыру» қаптарында (кез келген көлемде) жіберіледі және 17н. адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі жазылады. Құндылығы жарияланған бандерольдер 16н. жүкқұжатымен жіберіледі, онда нөмірі (ШПИ), қабылдау орынның атауы, құндылығы жарияланған сомасы, үстеме төлем сомасы (тиісті кезде) және таратылмаған қатарына берілгенге дейін әрі қарай жіберілгені/қайтарылғаны, сақталғаны үшін жөнелтушіден алынбаған төлем сомасы көрсетіледі.
Мекен-жайы және берілген деректер болмаған жағдайда құндылығы жарияланған бандерольдер есеппен жазылады.
16н. жүкқұжаты екі данада жасалады және өндірістік объектінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады, 16н. жүкқұжаттың жоғарғы жағына «Таратылмаған» белгісі қойылады. Бірінші данасы бандерольдермен жіберіледі, көшірмесі өндірістік объектіде қалады.
Таратылмаған құндылығы жарияланған бандерольдерді сақтауға жөнелткен (берілген) күні туралы 16н. кіріс жүкқұжатында, 22н. хабарлауында тиісті белгілер жасалады.
Филиалдарда, АПБТ/ҚПБТ құндылығы жарияланған бандерольдері бар «Сақтандыру» қаптары почта қызметінің пайдаланушыларының мекен-жай деректерін анықтау немесе адресатқа жеткізу (табыс ету) немесе жөнелтушіге қайтару мақсатында әр тоқсанда бір рет ашылуға жатады.
Бандерольдің салмағы жетіспеген, ашылған іздері, қабының, байламның, мөрдің бүлінгені және т.с. жағдайлар табылған жағдайда 51н. актісі жасалады және ведомстволық тексеру жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет