Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған бандерольді қабылдау



бет48/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.2 Құндылығы жарияланған бандерольді қабылдау

Құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік объектіде және жеткізу учаскесіндегі почташылармен ашық және жабық түрінде қабылданады.


Құндылығы жарияланған бандерольдер жеке тұлғалардан ашық түрде 2 данадағы 107н. салым тізімдемесімен қабылданады.
Заңды тұлғалардан құндылығы жарияланған бандерольдер фирмалық мөрі және пломбасы жоқ, сондай-ақ, құндылығы жарияланған бандерольдерді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскерінде зат пен бұйымдарды почта арқылы жіберуге тыйым салынатындығы туралы негізделген жорамалы пайда болған жағдайларда (органолептикалық көрсеткіштер бойынша) ашық түрде салымның тізімімен қабылданады.
Салым 107н. тізімдемесі міндетті түрде алушының толық почталық мекен-жайы және атауы көрсетілген екі данада жөнелтушімен толтырады. Тасымалданатын салым тізімдемеге жөнелтушімен айқындалған нақты құны бойынша өз бағасының сомасын көрсете отырып, жеке-жеке аталып жазылады. Жөнелтуші тізімдеменің екі данасына қолын қояды. Жөнелтушінің қалауы бойынша бандерольге салынатын тізімдеменің бірінші данасында заттардың бағасы көрсетілмеуі де мүмкін.
Егер құндылығы жарияланған бандерольде бағалы заттар арасында бағалы емес заттар тасымалданатын болса, онда «Заттар құны» бағанына қарама-қарсы жазбасына сызықша қойылады.
Құндылығы жарияланған бандерольді салым тізімдемесімен қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) бандерольдің салымын 107н. тізімдемесімен салыстыруға, сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға қайтаруға;
2) 107н. тізімдемесінің екі данасына ПМ бедерін және қолын қоюға;
3) ресімделген тізімдеменің бірінші данасын бандерольге салуға;
4) жөнелтушінің көзінше бандерольді буып-түюге, немесе орамның бүтіндігін тексеруге;
бандерольдің клапандарын жабыстыруға;
«Сақтандыру» мөрімен, атаулы скотчпен, стикерлермен, пластинамен мөрлеуге (полиэтилен пленкаға буып-түйген жағдайда);
тізімдеменің көшірмесінде және бандерольдің қабында көрсетілген тиісті орынның, адресат атауының, жарияланған сомасының, дұрыс адрестелгенін сәйкестіктерін салыстыруға;
тиісті белгілердің барын тексеруге, құндылығы жарияланған бандерольдің қабықшасына тиісті белгілерді қоюға, егер оны жөнелтуші жасамаса;
жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);
өлшеуге, клиентпен франкирлеу машинасымен ресімделген бандероль салмағының сәйкестігін тексеруге. Салмағының сәйкестігі келмеген жағдайда бандерольді клиентке толық ресімдеу үшін қайтаруға;
мекен-жай бетінің төменгі сол жақ бұрышына цифрмен грамм түрінде нақты салмағын көрсетуге және өз қолын қоюға;
тарифке сәйкес мекен-жай бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына почта маркаларын жабыстыруға және жапсырылған почта маркаларын ПМ бедерімен өшіруге, немесе франкирлеу машинаның бедерін қоюға (жабыстыруға), ПМ анықтап қойылмаған жағдайда қабылдау күнін қабықшада қолмен жазуға. Клиенттен франкирлеу машинасының бедерімен қабылдаған барысында төлемнің толықтығын тексеруге. Өндірістік объектінің жұмыскерімен көрсетілген қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
құндылығы жарияланған бандерольдің мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына 1н. жапсырмасын берік жапсыруға (мөртабанның бедерін қоюға), онда 1н. түбіртегіне сәйкес бандерольдің реттік нөмірі (ШПИ жапсырылады), қабылдау орынның өндірістік объектісінің атауы көрсетіледі;
түбіртек жазуға:
автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі немесе олар болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» бағанында тиісті белгісі қойылады;
автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік–компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды;
жөнелтуші құндылығы жарияланған бандерольдің жіберу сомасын жарым-жартылай төлеген жағдайда, қосымша төлем сомасына маркалар жабыстырылады және түбіртекте сомасын көрсете отырып «Маркамен төленді» белгісі жасалынады;
бандерольді жіберу үшін төлемақысын алуға, түбіртекті және 107н. тізімдеменің екінші данасын жөнелтушіге беруге.
Заңды тұлғалардан құндылығы жарияланған бандерольдер оларға бекітіліп берген мөрмен мөрленген немесе белгіленген тәртіпте пломбыланған жабық түрде қабылданады.
Жеке тұлғалардан құндылығы жарияланған бандерольдер салым тізімдемесіз жабық түрде жөнелтушінің «Жіберілуге рүқсат берілмеген заттар жоқ» белгісімен қабылданады
Салымның сипаты мен құндылығына байланысты бандерольді мөрлеу үшін жөнелтушіге тиесілі мөрдің бедерін қолдануға болады. Жұқа қағазға (мысалы, темекі қағазына) басылатын бұндай мөр бедерлері бандерольдің клапандарына желіммен жабыстырылады.
Құндылығы жарияланған бандерольді тізімдемесіз қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:

  • фирмалық мөр бедерінің және пломбаның бар болуын тексеруге;

  • орамының бүтіндігін, мөлшерінің сәйкестігін және мекен-жайының дұрыстығын тексеруге;

  • жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);

  • тиісті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге:

● «Үкіметтік» белгісі бар құндылығы жарияланған бандерольді қабылдау барысында жөнелтушіден осы Ережелердің 696 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жай жіберуге құқы бар болуын, сол жөнелтушілер санатына жататындығын растайтын құжаттың және «Үкіметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;

  • өлшеуге, клиентпен франкирлеу машинасымен ресімделген бандерольде салмағының сәйкестігін тексеруге. Салмағы сәйкес келмеген жағдайда бандерольді клиентке толық ресімдеуге қайтаруға;

  • мекен-жай бетінің төменгі сол жақ бұрышында цифрмен грамм түрінде нақты салмағын көрсетуге және өз қолын қоюға;

  • тарифтеуге, тарифке сәйкес мекен-жай бетінің жоғарғы оң жақ бұрышына почта маркаларын жабыстыруға және жабыстырылған почта маркаларын ПМ бедерімен өшіруге, немесе франкирлеу машинаның бедерін қоюға, ПМ анықтап қойылмаған жағдайда қабықшасына қабылдау күнін қолмен қоюға;

  • мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына 1н. жапсырмасын берік жапсыруға (мөртабанның бедерін қоюға), онда 1н. түбіртегіне сәйкес бандерольдің реттік нөмірі (ШПИ жапсырылады), қабылдау орынның өндірістік объектісінің атауы көрсетіледі;

  • түбіртек жазуға:

● автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі немесе олар болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» бағанында тиісті белгісі қойылады;
● автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік-компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды;
● жөнелтуші құндылығы жарияланған бандерольдің жіберу сомасын жарым-жартылай почта маркаларымен төлеген жағдайда, қосымша төлем сомасына маркалар жабыстырылады және түбіртекте сомасын көрсете отырып «Маркамен төленді» белгісі жасалынады;

  • бандерольді жіберу үшін төлемақысын алуға және түбіртекті жөнелтушіге беруге.

Бандерольді қабылдау барысында барлық қажетті деректемелері көрсетілген адрес жапсырмасын жапсыруға болады.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік бақылаудан өткеннен кейін екі данада толтырылатын 16н. жүкқұжатына жеке-жеке жазу арқылы жіберу үшін өңдеуге беріледі. Жүкқұжатта ШПИ нөмірі, жарияланған құндылық сомасы, үстеме төлемнің сомасы (егер үстеме төлеммен болса), тиісті орыны және құндылығы жарияланған бандерольдердің жалпы саны цифрмен және жазбаша көрсетіледі.
Автоматтандырылған қабылдау барысынды 16н. жүкқұжаты айтылған деректермен автоматты түрде қалыптасырылады.
Почташымен жеткізу учаскесін аралау уақытындағы құндылығы жарияланған бандерольді қабылдау тәртібі Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру Ережесімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет