3.3 Құндылығы жарияланған бандерольді 103 н. тізімі бойынша қабылдау
Бір немесе бірнеше мекен-жайға жіберілетін 5 және одан да көп мөлшердегі құндылығы жарияланған бандерольдер жөнелтушімен 3 данада жасалатын 103 н. тізімімен қабылданады.
103н. тізімдері осы Ережелермен белгіленген нысан бойынша жөнелтушілермен жасалады және толтырылады.
103н. тізімдері заңды тұлғаның жауапты тұлғаларымен қол қойылады және мөр бедерімен куәландырады. Жеке тұлғамен 103н. тізімдері тек қол қойылады.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді 103н. тізімі бойынша қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
осы Ережелердің 538 тармағында көрсетілген әрекеттерді орындауға;
құндылығы жарияланған бандерольдерді тізімдегі жазбамен жеке-жеке салыстыруға. Жазбаға сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды клиентке қайтаруға;
тізімге құндылығы жарияланған соманы қоюға, не тізім мен бандерольдің қабындағы құндылығы жарияланған соманы салыстыруға. Бандерольмен тізімдегі сомасы сәйкес келмеген жағдайда тізімге түзетулер енгізіп, қолын қоюға;
салмағын қоюға, не тізімдегі қойылған салмақпен салыстыруға. 103н. тізімдегі салмағына сәйкес келмеген жағдайда түзетулер енгізіп, қолын қоюға;
төлем сомасын қоюға, не қойылған төлем сомасының сәйкестігін тексеруге;
автоматтандырылмаған қабылдау кезінде тізім бойынша қабылдап алынған құндылығы жарияланған бандерольдерге бандерольдердің нөмірі қойылған (№ ден № дейін ) бір түбіртек жазып беруге, «Қайда» жолында тізім бойынша қабылдап алынған құндылығы жарияланған бандерольдердің санын жазбаша түрде көрсетуге, «Кімге» жолында «Тізім бойынша» белгісін қоюға. Қолын қоюға, түбіртектің қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға.
Автоматтандырылған қабылдау барысында қабылданған бандерольдердің саны, бірінші және соңғы нөмірі (ШПИ), тізім бойынша барлық қабылданған бандерольдердің жалпы салмағы мен жалпы сомасы көрсетілген ұқсас түбіртек беріледі;
нөмірге (ШПИ) сәйкес құндылығы жарияланған бандерольдердің нөмірлерін тізімге қоюға немесе бандерольдердегі және 103н. тізімдегі нөмірлердің (ШПИ) сәйкестігін тексеруге;
тізімге қол қоюға, қабылдау күннің ПМ бедерімен растауға;
төлемақысын алуға және жөнелтушіге түбіртек пен 103н. тізімінің 1 данасын беруге.
Заңды тұлғаларға өндірістік объектілерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруға сәйкес нөмірлеуді жүргізуге және құндылығы жарияланған бандерольдерге ШПИ өздеріне жабыстыруға рұқсат етіледі.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік бақылаудан өткеннен кейін жіберу үшін 103 н. тізімінің 1 данасымен өңдеуге беріледі.
Автоматтандырылған қабылдау барысында 103н. тізімі автоматты түрде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |