Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


«Қомақты», «Осал» белгісімен сәлемдемелерді қабылдау



бет62/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.3 «Қомақты», «Осал» белгісімен сәлемдемелерді қабылдау

Қомақты және осал салымдары бар сәлемдемелермен алмасу тек оларды қабылдауға рұқсат беретін елімен және Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарында көрсетілген елдерімен жүзеге асырылады.


Өлшемдері осы Ережелердің 670 тармағындағы 2 тармақшасында белгіленген шамалардан асатын және өзінің пішімі немесе құрылымы бойынша басқа сәлемдемелермен бірге тиеуге болмайтын немесе ерекше ұқыптылықты талап ететін халықаралық сәлемдеме «Қомақты» («Encombrant») деп аталады.
Қомақты сәлемдемелерінде, сондай-ақ сүйемелдеу мекен-жай бетінде «Қомақты» («Encombrant») белгісімен жапсырма жабыстырылады немесе сондай белгілер қолмен көрсетіледі.
Ішіне оңай сынатын заттар салынған және оны ұстағанда өте абай болуды қажет ететін сәлемдеме «Осал» деп аталады. Буып-түю және бітеу ережелерін ескере отырып, осал сәлемдемелерге шыны бұйымның бейнесімен «Fragile» («Абайлаңыз») жазуы бар жапсырма жапсырылу тиіс. Сүйемелдеу мекен-жай бетінде «Colіs fragile» («Осал сәлемдеме») жапсырмасы жабыстырылады немесе қолмен көрсетіледі.
Жоғарыда аталған сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері тиіс:
1) оңай сынатын, сынғыш, шыны заттар салынған сәлемдемеге ақ түске қызыл бояумен басылған шыны бұйымның бейнесімен «Fragile» («Абайлаңыз») жазуы бар жапсырма жапсыруға, сүйемелдеу мекен-жайында үлкен әріппен «Colіs fragile» («Осал сәлемдеме») жазуын көрсетуге;
2) салымы қомақты заттарымен сәлемдемеге және оның сүйемелдеу мекен-жайына «Қомақты» («Encombrant») жапсырмасын жабыстыруға немесе белгіні қолмен көрсетуге;
3) белгіленген тарифке сәйкес ақысын анықтауға. Жерүсті жолымен жіберілетін қомақты және осал сәлемдемелер үшін негізгі алымнан 50% қосымша тариф алынады. Әуе көлігімен тасымалданған жағдайда әуе тарифі көтерілмейді. Сәлемдеме бір уақытта қомақты және осал болса, онда қосымша тариф тек бір рет алынады;
4) түбіртектің «айрықша белгісі» жолына «Қомақты» немесе «Осал» белгісін қоюға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет