3.7 Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді табыс ету
Құндылығы жарияланған кіріс сәлемдемелерді беру кәдімгі сәлемдемелерге арналған бірізділікпен жүзеге асырылады.
Үстеме төлемі бар сәлемдемені табыс ету барысында жіберу үшін сомасы мен жинағы адресаттан алынғаннан кейін TFP-3 халықаралық почталық аударымымен жөнелтуші көрсеткен мекен-жай бойынша жіберіледі.
Қапты ашқан кезде үстеме төлемнің TFP-3 почталық аударым бланкісі болмаған жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері «Телқұжат» белгісімен, сәлемдемеде көрсетілген бар қажетті деректерді енгізуімен үстеме төлемнің TFP-3 почталық аударым бланкісін толтыруға міндетті және сәлемдемені кәдімгі халықаралық сәлемдемені беру тәртібінде табыс етуге.
Егер үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған сәлемдемені ашу және салымын тексеру барысында салым бүтін болып шықса, онда ашылғанға акті жасалынбайды, адресаттан үстеме төлем сомасы алынады және құндылығы жарияланған сәлемдеме белгіленген тәртіп бойынша беріледі.
Сәлемдемелердің буылып-түйілуі ішіне салынғандардың сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес болып, ішіне салынғандардың өңдеу және тасымалдау кезінде бүлінуіне, орамын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын және т.б. бүлдірместен қол сұғуға жол бермейтіндей, сондай-ақ, басқа жөнелтімді бүлдірмейтіндей, өндірістік объектілердің жұмыскерлеріне ешқандай залал тигізбейтіндей есебімен жөнелтушілердің өздерімен таңдалады.
Үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған сәлемдеменің салмағы дұрыс болмаған, қабының, байламының, мөрінің жөнсіздігі табылған немесе сыртқы жағдайы бойынша салым бүлінуіне және зақымдалуына күдік туылған сәлемдеменің ашылуына дейін адресаттан үстеме төлемінің сомасы алынбайды, сәлемдеме адресаттың және бақылаушы тұлғаның көзінше ашылады, үш данадағы 51н. актісі толтырылады, онда адресатпен, бақылаушы тұлғамен және актіні жасаған жұмыскерімен қол қойылады.
Адресат сәлемдемені алудан бас тартқан жағдайда сәлемдеме бөлек қапта 51н. актісінің бірінші данасымен, актіде адресаттың «Алудан бас тартамын» белгісімен және қойылған қолымен, сүйемелдеу құжаттармен, 20н. анықтамасымен берген еліне қайтару үшін почта алынған өндірістік объектісі арқылы ХПАО-на жіберіледі.
Құндылығы жарияланған сәлемдеме салымының жетіспеуі, алмасуы, толық немесе жартылай бүлінгендігі табылған жағдайда және адресат алудан бас тартқан кезде 51н. актісі үш данада жасалады, сәлемдеме 51н. актісінің бірінші данасымен тікелей «Сақтандыру» қабында тергеу жүргізу үшін ХПАО-на қайтарылады.
Құндылығы жарияланған сәлемдеменің әрі қарай жіберілуі және қайтарылуы, сондай-ақ таратылмаған қатарына берілуі кәдімгі халықаралық сәлемдемелер тәртібі бойынша жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |