Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


ТАРАУ. ПОЧТАНЫ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ЖӨНСІЗДІКТЕРДІ РЕСІМДЕУ



бет73/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114
ОМПО дайын кітап

7 ТАРАУ. ПОЧТАНЫ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ЖӨНСІЗДІКТЕРДІ РЕСІМДЕУ


§ 1 51 н. АКТ-сі, 30н. хабарламасы

Кіріс почта жөнелтімдері олардың қабылдау мен өңдеу талаптарына, буып-түю дұрыстылығына сәйкес келетін заттары тексеруге жатады. Жөнсіздік анықталған жағдайда 30н. хабарламасы немесе 51н. актісі толтырылады.


30н. хабарламасы келесі жөнсіздіктер табылған жағдайда толтырылады:
1) почта жөнелтімдері мен жабық заттардың бағыттау жоспары бұзылған және дұрыс болмаған, сондай-ақ оларды тасымалдау барысында белгіленген бақылау мерзімінің өрескел жөнсіздіктері;
2) ПМ бедерісіз тіркелетін почта жөнелтімдері мен заттар;
3) тізілімі мен жүкқұжатты ПМ бедерісіз, қолсыз, ескертусіз жасалған түзетулермен қабылдап алынған;
4) дұрыс ресімделмеген почта жөнелтімнің алынғандығы туралы хабарламасы түскен;
5) ішкі және халықаралық сәлемдемелердің сүйемелдеу бланктері болмаған (116н. CP 71);
6) үстеме төлем аударымының бланкісі дұрыс ресімделмеген;
7) тіркелетін почта жөнелтімдері үшін тарифтік ақысы дұрыс төленбегені табылған;
8) 103н. тізімдерінде көрсетілген нөмірлер почта жөнелтімдерінің (ШПИ) нөмірлерімен сәйкес келмеген;
9) халықаралық сәлемдеменің СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісі болмаған немесе СN 23 кедендік декларациясының саны толық болмаған;
10) халықаралық почта жөнелтімдерінің жарияланған құндылық сомасы АҚА дұрыс аударылмаған;
11) материалдық жауапкершілікті тартпайтын осы Ережелердің, нормативтік құжаттардың пункттері бұзылған.
30н. хабарламасы 2 данада құрастырылады, нөмірленуі ай бойы тіркеу журналына сәйкес жүргізіледі.
Хабарламаның бірінші данасы конвертке салынып, тапсырысты тәртіп бойынша регламенттік құжаттарды жөнсіздікке әкеліп соқтырған өндірістік объекті Филиалдарға немесе АПБТ (ҚПБТ) бағынатын басшылық атына жіберіледі. Хабарламаның екінші данасы «16н.кіріс жүкқұжатына» тіркелінеді. Түскен жауабы шығыс 30н. хабарламасы тіркелетін журналы бойынша бақылауға алынады.
Жай және тапсырысты хаттардың, бандерольдер мен почта карточкаларының жеткізілмеуі, дұрыс бағытталмауы және жіберуде белгіленген бақылау мерзімінің өрескел жөнсіздіктерін анықтау барысында 30н. хабарламасына адрес жапсырмасы тіркеледі. Дұрыс бағытталмаған жағдайда жапсырманың қайырма бетінде тиісті орны, дұрыс бағытталмаған жөнелтімнің түрі және оны қайда дұрыс бағыттау екендігі (мекен-жайлардың көшірмесін немесе мекен-жайды қолмен жазып көрсету), ал кешіктірген жағдайда - жіберу датасы, жіберу орны, тиісті орынға түскен датасы көрсетіледі. Бұл белгілер ПМ бедерімен және тексеруші қолымен куәландырылады. 30н. хабарламасына ұсынылған жапсырманың саны мен басқа да заттық айғақтар жазылады, мысалы: «9н. 2 жапсырмасы жіберіледі».
Сәлемдемелерді, құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдерді, қаптар мен контейнерлерді дұрыс жеткізілмеген, бағыттау жоспары бұзылып жіберілген және кешіктірілген туралы мәліметтер тікелей 30н. хабарламасында қойылады.
30н. хабарламасын алу барысында Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің бастығы (бақылаушы тұлға) Құрылымдық бөлімшелерінің бақылау-анықтамалық функцияларын орындау жөніндегі ережелеріне сәйкес олардың тіркелуін қамтамасыз етеді.
Ақау табылған себебі анықталады, кінәлі жұмыскерге ақау есептеледі, тиісті шаралар қолданылады. 30н. хабарламасының қайырма бетінде үш жұмыс күн ішінде толық жауап беріледі, 30н. хабарламасы тіркеу журналына сәйкес иемделген хат алмасу нөмірі бойынша тапсырысты хатта құрастырған орынға жіберіледі.
51н. актілері келесі жөнсіздіктер табылған жағдайда толтырылады:
1) жүкқұжатында тіркелген жабық заттардың және почта жөнелтімдерін алмаған;
2) 16н. жүкқұжатында жазылған заттардың орнына жүкқұжатта көрсетілмеген басқа заттар алынған;
3) тиісті орнының транзиттік және өндірістік объектілерде құжаттарға тіркелмеген тіркелетін почта жөнелтімдері немесе постпакеттер, үкіметтік, халықаралық, «Сақтандыру» қаптары, жазбаша хат-хабарлары бар қаптары (жәшіктері), почта ыдысы бар қаптары алынған;
4) жабық заттарда және постпакеттерде сүйемелдеу құжаттар, сондай-ақ, жалпы және бөлек жүкқұжат болмаған;
5) жабық заттарда және постпакеттерде құжаттарға жазылмаған почта жөнелтімдері болған;
6) жабық заттарда және постпакеттерде салым жетіспеген;
7) тіркелетін почта жөнелтімдерінің, халықаралық қаптың салмақтары сәйкес келмеген;
8) сәлемдемеде 2н. жапсырмасы жоқ болған, немесе онда сүйемелдеу адресінде көрсетілген салмақ туралы сенімді деректер болмаған жағдайда түзетілгендігі бар болған;
9) егер көрсетілген заттарда және почта жөнелтімдерінде тізімдеме бар болған кезде және салым толық және бұзылмаған жағдайдан тыс, транзитті жабық заттарды, сондай-ақ, транзитті және кіріс сәлемдемелерді, құндылығы жарияланған хат пен бандерольдерді ашу және қайта бекіткен;
10) құндылығы жарияланған ақаулы почта жөнелтімдері табылған;
11) бұзылған немесе ашылудан қалған іздері бар почта жөнелтімдер алынған.
51н. актісі үш данада толтырылады және шығыс 51н. актісін есепке алу журналында тіркеледі.
51н. актінің бірінші данасы почта жөнелтімімен бірге, екіншісі – бірінші кетіп бара жатқан почтамен бірге жөнсіздік жасаған құрылымдық бөлімшесі бағынатын филиалдың (ПБТ) басшысына (бақылау – анықтамалық топқа), үшінші данасы – акті толтырған құрылымдық бөлімшеге жіберіледі. Егер актіні почта жөнелтімімен (жабық затпен) бірге жіберу қажеттілігі болмаған жағдайда, акт екі данада толтырылады.
51н. актілер электронды почтамен жіберіледі және/немесе нөмірлері акт нөмірлері болып табылатын қызметтік тапсырысты хаттармен немесе бандерольдермен тасымалданады.
Дұрыс ресімделмеген немесе зақымдалған почта жөнелтімдері мен жабық заттар алынған сүйемелдеу құжаттарында, сондай-ақ алынбаған почта жөнелтімдері мен заттар жазылған құжаттарда акті толтырылғандығы туралы белгі жасалады. Құжаттарға актінің көшірмесі тіркеледі.
51н. актілерін толтыру барысында «Сақтандыру» қабында, хат-хабарламалары бар қабында, сәлемдемеде тасымалданатын почта жөнелтімдерімен теріс пайдалануы табылғанын жағдайда актілерде олардың сыртқы жағдайы толық баяндалады және актіге заттық айғақтар тіркеледі (қаптар, пломбылар, адрес жапсырмалары, постпакет жапсырмалары, мөрі бар биркалар, почта жөнелтімдерінің қабықшалары).
16н. жүкқұжатына жазылған сәлемдеменің орнына түскен сәлемдемеге 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісінің телқұжаты (үстеме төлемімен болған жағдайда 114н. бланкісі қосымша жасалады) толтырылып сәлемдемемен бірге тиісті орынға жіберіледі немесе беріледі. Телқұжатқа 2н. жапсырмасындағы деректерге сәйкес түскен сәлемдеменің барлық деректері енгізіледі. Телқұжат, оны толтырған жұмыскерімен қол қойылып ПМ бедерімен куәландырады.
116н. сүйемелдеу адрес бланкісін сәлемдемесіз алған жағдайда, осы бланк актімен бірге почта жіберген орынға жіберіледі.
Сәлемдеме жоқтығына 51н. актісін алған өндірістік объект түспеген сәлемдемеге іздеу шараларын тез арада қолдануға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет