4.4 Буып – түюге қойылатын талаптар
Әр ЕМS жөнелтімі өзінің салмағына, пішініне және ішіндегі затына сәйкес, сондай- ақ, тасымалдаудың тәсілі және ұзақтығы бойынша буып – түйіледі және жабылады .
ЕМS жөнелтімі өңдеуден өткізетін жұмыскерлер үшін қандай-да бір қауіп төндірмейтіндей, сонымен қоса, басқа почтаны немесе почта жабдықтарын былғамайтындай етіп буып – түйіледі және жабылады .
Әйнектен жасалынған заттар немесе осал тауарлар тасымалдау кезінде немесе заттардың өздерінің арасында болатын не заттармен қорап қабырғаларының арасында болатын үйкелулер мен соғылуларды болдыртпауға сәйкес келетін қорғаныш материалдарымен толтырылған берік жәшіктерге буып – түйіледі.
Сұйықтық пен сұйыққа тез айналатын заттар жақсы дайындалған герметикалық контейнерлерге салынады. Әр контейнер, егер контейнер сынып қалған жағдайда сұйықтықты сіңіріп алатын сәйкес қорғаныш материалы бар арнайы берік жәшікке салынады. Жәшіктің қақпағы оңай ашылмайтындай етіп жабылады .
Сұйыққа оңай айналмайтын майлы тектес заттар , яғни майлар, сұйық сабындар , қара майлар сияқты және т.с.с алғашқы буып-түюі бар (коробка, жәшік, пластикалық ыдыс және т.б ) ішіндегі затты ағудан сақтайтын жеткілікті берік қорапқа салынады .
Құрғақ бояғыш ұнтақтар , яғни көгілдір аналин сияқтылар және т.с.с тек абсорбент және сақтаушы материал санына сәйкес екі контейнер арасында орналасқан берік жәшіктерге салынатын жақсы дайындалған герметикалық металл жәшіктерге қабылданады. Құрғақ бояғыш емес ұнтақтар берік буып – түюге ( қорапқа,қапқа )салынады. Өз кезегінде бұндай буып-түюлер берік жәшіктерге салынады .
Шұғыл тәртіпте тасымалданатын дәрі-дәрмектер және құрамына химиялық элементтер қосылған заттардан құралатын ЕМS жөнелтімдері ДПО актілеріне сәйкес алушы мекен-жайы көрсетілген бетінде ашық жасыл түсті жапсырмасы болады.
4.5 ЕМS жөнелтімдерін жіберу үшін қолданылатын ыдыс
ЕМS жөнелтімдерін тасымалдау үшін қолданылатын ыдыстарға жататындар ;
1) ЕМS қаптары – ЕМS жөнелтімдері үшін су тартпайтын сіңіретін Капро матасы , ЕМS пакеттер үшін салмақ есебімен (салмақ 15 кг дейін) қаптың көлемі 400*600, 600*1000 , ЕМS сәлемдемелер ( салмақ 30 кг дейін ) үшін 600*1000 , 950*1200 .
2) “ЕМSKAZAKHSTAN” трафаретті жазумен латын әріптерімен жазылған сарғыш-көк түсті (оң жақ беті – сарғыш , қайырма беті- көк ) ЕМS жөнелтімдері үшін пайдаланылады , жазулар түсі – қара ,жібекпен жазу, жазудың түсірілуі –бір жақты , дербес нөмерленуі бойынша .
ЕМS ыдыстарын дайындау , есеп жүргізу және есеп айырысу тәртіптері Қоғамның ішкі актілерімен регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |