Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 3 EMS қабылдау пункттерін ұйымдастыру және пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі



бет78/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 3 EMS қабылдау пункттерін ұйымдастыру және пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі

EMS қызметтері көрсетіледі: ПББ, АПББ, АПБТ, ҚПТБ, Филиалдардың орталық операциялық учаскелеріне, ПТБ, РАБҚ және ОАБҚ.


Әр филиал EMS қабылдау Пункттерін ашу (жабу) туралы мәселелерін өздігінше шешеді. EMS қабылдау Пункттерін ашу (жабу) туралы мәселелерін шешу үшін негізгі критериялары болып қызмет көрсету аумағындағы әлеуетті тұтынушылардың, сондай-ақ, облыстық орталықтан төиен елді мекендерде орналасқан EMS қабылдау Пункттерін ашу барысында EMS жөнелтімдерін жеткізу жиілігі бар болуы.
EMS қабылдау Пункттері ішкі және халықаралық EMS жөнелтімдерін қабылдауын қамтамасыз етеді.
EMS қабылдау Пункттері жеке және заңды (резиденттер және бейрезиденттер) тұлғалардан EMS жөнелтімдерін қабылдауына қамтамасыз етеді.
Өңделетін EMS жөнелтімдерінің көлеміне және технологиялық процестің талаптарына байланысты EMS қабылдау Пункттерінде EMS жөнелтімдерін қабылдау үшін арнайы бөлінген терезе орнатылуы мүмкін немес EMS жөнелтімдерін қабылдау басқа да почта жөнелтімдерімен бірге жүзеге асуы мүмкін.
EMS қабылдау Пунктінің жұмыс ұзақтығы, жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақтысы Филиалмен бекітіледі және EMS қызметінің стандарттарын (жеткізудің бақылау мерзімдерін орындау) орындау қажеттіліктеріне бағынышты болуға тиіс.
EMS қабылдау пункттерінде EMS қызметтерін көрсету үшін Қоғам толық операциялық күн бойына қызмет көрсету үшін жұмыс орындары бар операциялық терезелермен жабдықтайды.
Қоғам почталық байланыс технологиясының есебімен тұтынушылардың қолайлы режиміне сәйкес операциялық күннің ұзақтығын бекітеді.
Қоғам EMS қабылдау Пунктінің кіре берісіне «EMS-Kazpost» және жұмыс тәртібінің маңдайша жазуын орналастырады. Қалаларда орналасқан және жылжымалы кесте бойынша жұмыс істейтін, түскі үзілісі немесе демалыс күндері бар EMS қабылдау қабылдау Пункттерінде басқа кесте бойынша немесе демалыссыз қызмет көрсететін ең жақын EMS қабылдау Пунктінің орналасқан жері мен жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды іліп қояды. Маңдайша жазу және хабарландыру мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
EMS қабылдау Пунктінде тұтынушыларға көрінетін және қол жетерлік жерде арыздар мен ұсыныстар кітабы және келесі ақпараттық материалдар болуға тиіс:\
1) көрсетілетін қызметтер туралы;
2) «EMS-Kazpost» қызметтерінің тарифтері туралы;
3) EMS жөнелтімдерінің жеткізудегі бақылау мерзімдері туралы;
4) тасымалдауға рұқсат етілмейтін және шектеулі зат пен бұйымның тізбесі;
5) Қазақстан Республикасының елді мекендерінің және EMS жөнелтімдерінің тасымалдануы мен жеткізілуі жүзеге асырылатын басқа да мемлекеттердің тізімі;
6) Е1н. EMS жүкқұжатына мекен-жайды толтыру тәртібі;
7) қызметтерін көрсету барысында пайдаланушылар алдында міндеттемелердің бұзылуына Қоғамның жауапкершілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет