Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Шет елдерден әуе көлігімен келетін жазбаша хат-хабарларды өңдеу



бет94/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.2 Шет елдерден әуе көлігімен келетін жазбаша хат-хабарларды өңдеу

Әуе кемесі халықаралық әуежайға келгеннен кейін әуе тасымалдаушының ( әуе компаниясының) өкілі немесе әуежайдың жерүсті қызметінің жұмыскері кедендік органды хабардар етеді және тауарлардың жеткізілуін және транзитін бақылау бөлімінің (ТЖжТББ) кеден инспекторына әуе кемесінің бортындағы почта депешаларына сүйемелдеу құжаттарын ұсынады.


Кeден инспекторы хабардар етілген сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірілмеген мерзімде арнайы журналда депешалардың түскендігін тіркейді, сүйемелдеу құжаттарды әуе тасымалдаушының немесе әуежайдың жерүсті қызметінің өкілдерінен қайтарады және тиісті мөртабан, жеке нөмірлік мөр және СN38н. (СN41,СN47) тапсыру жүкқұжаттарына қол қою арқылы әуе кемесінің бортындағы почта депешаларын түсіруге рұқсат береді.
Әуежайдың жерүсті қызметкерлері тиеу-түсіру жұмыстарын және ХПЖ кедендік бақылаумен әуежайдың аумағына немесе әуежайдың аумағында орналасқан әуепочтасын өңдеу учаскесіне тікелей жеткізуді жүргізеді.
Депешалар әуежайдың аумағында орналасқан әуепочтасын өңдеу учаскесіне түскеннен кейін учаскенің жұмыскерлері тасымалдаушының немесе әуежайдың жерүсті қызметі өкілдерінің және кеден инспекторының қатысуымен көзбен шолып тексеруді және пломбыланған депеша қаптарының сыртқы жағдайын пломбылардың бүтіндігін, жүкқұжаттағы жазбаларға сәйкестігін, қап жапсырмаларындағы көрсетілген салмақтың қызыл және сары жапсырмалары бар қаптардың нақты салмағымен сәйкестігін тексеруді жүргізеді. Ақ көк және жасыл жапсырмалары бар қаптар жалпы шотпен қабылданады.
ХПЖ-нен депешаларды қабылдау екі данада берілетін СN38н. (СN41, СN47) тапсыру жүкқұжаты бойынша жүзеге асырылады, 1-ші данасы әуе учаскесінің операторында, екіншісі шабарманда қалады. Егер қандай да бір жөнсіздіктер анықталса, почт жөнелтім қызметінің немесе әуе тасымалдаушының өкілдеріне қайтарылады.
СN38н. (СN41н. тапсыру жүкқұжаты болмаған жағдайда әуе учаскесінің жұмыскері үш данада СN38н. жүкқұжатының көшірмесін жасап депешаларды қабылдай алады. Сонымен СN38н. жүкқұжатының екі көшірмесі жіберген мекемеге жіберу қажет, оның бірі тексерілгеннен кейін қолдар мен ПМ бедері қойылып қайтарылуға тиіс және учаскенің құжаттарына тігіледі. Одан басқа учаскенің жұмыскерлерімен СN38н. тапсыру жүкқұжатын алмауына бір данасы СN38н. жүкқұжатының көшірмесімен бірге СN43н. байқау хабарламасы жасалады, ал екіншісі ХПАО БАУ (БАТ) жіберіледі.
Егер СN38н. (СN41) тапсыру жүкқұжатының тұпнұсқасы болмаған жағдайда алмасу мекемесі (әуе учаскесі) депешаларды тасымалдаушы-әуекомпаниясымен жасалған, алмастыратын СN46н. жүкқұжат бойынша қабылдай алады. Оның ішінде жіберілген мекемеге СN43н. байқау хабарламасын жіберу қажет және СN46н. жүкқұжатының екі көшірмесін, оның бірі қолдар мен ПМ бедері қойылып қайтарылуға тиіс және учаскенің құжаттарына тігіледі.
Ақаулы почта түскен жағдайда (қабығы, байламы бүлінген, орамы дымқылданған, салмағының сәйкес келмеуі, сүйемелдеу құжаттардың болмауы және т.б) белгіленген нысанда 52н. веомствоарлық акті жасалады. 52н. акті 4 данада жасалады, онда әрі қарай тергеу жүгізу үшін анықталған жөнсізктердің деректері толық көрсетіледі. Актіге әуе учаскесінің және әуежайдың жерүсті қызметінің жұмыскерлері қол қояды және екі жаққа екі данадан беріледі. 52н. актісімен келіспеген жағдайда ол туралы белгілерді өкілдері қол қою кезіне бірден жасайды.
Қап салымын тексеру қажеттілігі пайда болған жағдайда (ағу, жағымсыз иіс) әуеучаскесінің жұмыскерлері тасымалдаушының, әуежай қызмет өкілдерінің және кеден инспекторының қатысуымен ашылуы мумкін. Ведмостолық актіден басқа әуе учаскесінің жұмыскерлері әуеучаскесінің жұмыскерлері тасымалдаушының, әуежай қызмет өкілдерінің және кеден инспекторларының қолы қойылған, 3-данада 51н. актісін жасайды. Актіде қаптың, салымның (атап-атап) салмағы, қаптың ашылуына себеп болған жөнсіздіктер тізбеленеді.
Одан басқа әуепочтасын өңдеу учаскесінің оператары ДПО актілеріне сәйкес 3-данада СN43н. байқау хабарламасын дайындайды: жоғарыда аталған қолдарымен 1 данасы почта қабылдап алынған алмасу мекемесіне жіберіледі, 2-ші данасы бақылау үшін БАУ (БАТ)-на беріледі, 3-ші данасы әуе учаскесінің құжаттарына тігінделеді.
Әуепочтасын өңдеу учаскесінің жұмыскерлері сұрыптау және көзбен шолып тексеру жұмыстарын өткізгеннен кейін 4 дана 16н. ішкі жүкқұжаттарға тіркеледі, олар былай таратылады:

  • Бір-бір данадан-әуепочтасын өңдеу учаскесі мен әуежайдың кеден терминалындағы ОКТР инспекторы үшін, 2 данасы почтамен ПТБ (қозғалыс бөлімі) алмасу учаскесіне жіберіледі және ХПАО-ға өңдеу және кедендік тексеріске жеткізу үшін почта автомашинасына тапсырылады. Почта автокөлік есігіне басылатын, кеденді қамсыздырандырумен (пломбамен) 16н. жүкқұжатына кеден инспекторының жеке нөмірлік мөрімен және қолымен куәландырылған, “Шығаруға рұқсат” мөртабаны қойылады.

ПТБ (ХПАО) алмасу учаскесінде кеден инспекторы операторлардың қатысуымен ХПАО алмасу учаскесіне ХПЖ жеткізу жүргізілген почта автокөлігінен (кедендік қамсыздандыру) пломбаны алады. Кеден инспекторы мен ХПАО почта қауыпсіздігі қызметінің жұмыскерлерінің қатысымен учаскенің операторы түскен почтаны 16н. жалпы жүкқұжаттпен, ф. СN38 н. (СN41н., СN47) жүкқұжаттарымен салыстырып тексеріледі, сонымен қатар қаптардың сыртқы жағдайы тексеріледі, өлшенеді, цехтар (учаскелер) бойынша сұрыпталады. Әрі қарай депешалар кедендік мөртабанмен 16н. жүкқұжат бойынша беріледі. 1данасы алмасу учаскесінде қалады, 2-шісі почта тексерілетін учаскенің кеден инспекторына беріледі.
ПТБ (қозғалыс бөлімінен) алмасу учаскесінен түскен халықаралық хат-хабарлар 16н. жеке жүкқұжаттарға тіркелу арқылы беріледі, онда қаптардың жалпы санының және жеке-жеке нөмірлері, адресстелуі, халықаралық жазбаша хат-хабарларды өңдеу цехының (учаскесінің) алдын ала сұрыптау салмағы тексерілген CN38н, құжаттардың есебімен көрсетілген. Почтаны ашу жұмыс орнында әуе хат-хабарлары бар (постпакеттер) бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.
Жазбаша хат-хабарлармен қаптарды қабылдағанда цехтың (учаскесінің) жұмыскерлері 16н. және СN38н. ( СN41, СN47) жүкқұжаттарындағы жазбалармен салыстырып тексереді, салмағын, пломбалар мен байламдарының тұтастығын, қаптардың сыртқы қамтамасының дұрыстығын, ал қап жапсырмалары бойынша почтаны жіберу бағытының дұрыстығын тексереді. Жөнсіздіктер анықталған жағдайда байқау хабарламасын дайындау үшін БАУ-не (БАТ-на) жіберілетін анықтама жасалады.
Тексерілгеннен кейін қаптар депешаларды дайындаған алмасу орындары, депешалардың нөмерлері және оған салынған хат-хабарлардың түрлері (қап жапсырмаларының түстері бойынша) бойынша сұрыпталады, депешалардың жапсырмалары сканерленеді және олар ҚАЖ БҚ-да тіркеледі, оның ішінде бас қаптар “F” әрпімен бөлінеді.
СN38н. (СN45 конвертіне салынған) жүкқұжаттардың нөмерлер, мекен-жайының дұрыстығы және депешалардағы қаптардың салмағы жеке-жеке тексеріліп тіркеледі. СN31н жазбаша картамен конверт салынған, “F” (бас) белгісі бар бас қап бөлінеді және ол сканерленеді.
Қаптарды ашар алдында жазбаша картада және ф.СN38н жүкқұжатында көрсетілген қаптардың жалпы саны, тапсырыс жөнелтімдерімен және ХКЖХ жөнелтімдерімен түскен постпакеттердің нақты саны, ф.СN31 жазбаша картамен түскен барлық жөнелтімдердің жалпы саны, ерекше парақтар саны жеке-жеке тексеріледі.
Цехтың (учаскесінің) жұмыскерлері осы депеша бойынша түскен тапсырысты хат-хабарлармен қаптарды ашқан кезде:

  1. Қаптың сыртқы қабығын және басқа жағындағы байламын бұзып алмай байламның бір орамын абайлап кеседі, пломбасын тексереді

  2. Жазбаша картаның дұрыс ресімделуін (ПҚ бедерінің (штрихкодының) болуы) почта мөрқалыбының күні мен қолмен көрсетілген күні және т.с.с сәйкестігін тексереді, қаптың ішінде хат-хабарлар мен құжаттардың қалып қалмауы тексеріледі;

  3. Құжаттар бойынша ерекше парақтарға тіркелген, тапсырысты жөнелтімдермен түскен постпакеттердің нақты саны жеке-жеке тексеріледі және ерекше парақтардың саны ҚАЖ енгізіледі;

  4. Постпакеттерді ашып, тіркелетін хат-хабарларды жазбаша картада тіркелген нөмірлері (ШПИ) бойынша тексеру және алынған жөнелтімдердің жалпы санын жазбаша картада көрсетілген санмен салыстырып тексеру. Ресімдеу кезінде сәйкессіздік немесе жөнсіздіктер анықталған жағдайда СN43н. байқау хабарламасы жасалады және жіберген мекемеге жіберіледі.

  5. ХКЖХ жөнелтімдерін соңынан статистикалық есебін жүргізу және ведомосын жасау үшін жыл бойы бірыңай нөмірлік белгісін жүргізу арқылы ХКЖХ - (Халықаралық коммерциялық жауабы бар хат - хабарларды) жеке есепке алу журналында (ҚАЖ БҚ) тіркеу қажет;

  6. Жазбаша картада ПМ және қолын қою;

  7. Жалған почта маркалары табылған жағдайда ХПАО шара қолдану және жіберген елге хабарлау үшін Қоғамның почта қауіпсіздігі қызметіне хабарлайды;

  8. Жазбаша хат-хабарлардың мекен-жайын орыс тіліне аудару;

  9. Тапсырысты, сонан соң жай хат-хабарларды алдын ала негізгі үш топқа жеке-жеке сұрыптау керек: осы ХПАО орналасқан пунктегі адрестаттарға жеткізуге жататын; басқа құрылымдық бөлімшелерге (филиалдарға) жөнелтуге, әлемнің басқа елдеріне жіберу.

Адын ала сұрыпталғаннан кейін жазбаша хат - хабарлар тиісті сұрыптау жұмыс орындарына - жай хат - хабарлар тіркеусіз, тапсырысты хат - хабарлар ҚАЖ жүйесінде (елі, жіберген орны және жөнелтімнің нөмірі) жеке-жеке тіркеумен ф.11 тізіліміне жазылады.
Жай бандерольдер кедендік тексеріске бір данада тізбемен беріледі, онда бандерольдердің жалпы саны көрсетіледі және кеден инспекторы шығару туралы белгі қояды.
Тапсырысты бандерольдер кедендік тексеріске екі данадан тізбемен іріктеліп беріледі. Тізбеде көрсетіледі: жөнелтімнің берілген нөмірі (ШПИ), жіберілген елі, жөнелтімнің салмағы, қайда, кімге (қаласын және аты-жөнін көрсетіп, мысалы: Қарағанды, Асқаровка).
Кедендік тексерістен кейін бандерольдерді және тізбелерде кеден инспекторы әр жазбаға қарсы шығару туралы тиісті “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрешен”) мөртабанын, өз мөрін және қолын қояды. Тізбенің бір данасы соңынан кеден инспекторында сақталады.
Кеден инспекторы тыйым салынған тауарлардың барына негізді күдік болған, ақаулы почта (сыртқы қабығының бұзылуы, салмағының сәйкес келемеуі және т.с.с.) және тексеріс үстелінде орамын ашу қажеттілігі пайда болған жағдайларда тексерісті қабығын бұзбай ренттенаппаратураның көмегімен жүргізеді.
Салмағы сәйкес келмеген, салымы бұзылған немесе қажетті сүйемелдеу құжаты жоқ, бүлінген күйінде түскен почта жөнелтімдері CN24н. актісін жасау арқылы кедендік тексеріске беріледі. Оның ішінде актінің 1 данасы жөнелтімге тіркеледі, ал екіншісі - өңдеу учаскесінде қалады, үшіншісі - депешаны жіберген мекемеге жіберіледі. CN24н. актісіне ақауды анықтаған почта қауіпсіздігі қызметінің жұмыскері және учаске жұмыскері, сондай-ақ тексерісті жүргізген кеден инспекторы қол қояды. Актінің негізінде CN43н. байқау хабарламасын жасайды, тіркеу берген мекемеге жіберу және берген мекемеден жауап түсуді бақылау үшін БАУ-не (БАТ-на) жібереді.
Жұмыс орындарында жұмыскерлер хат-хабарларды облыс орталықтары бойынша сұрыптайды. Сонан соң тапсырты хат-хабарлар КАЖ БҚ-да тіркеліп нөмірлері бойынша сканерленеді, әр тізілімде постпакетті жасаған ХПАО учаскесінің атауы, жіберілген орынның өндірістік объектісінің атауы, жіберілген нөмірі (ШПИ), жөнелтімді жіберген елдің атауы.
Сонан соң 11н. тізімдемеге тіркелген почта жөнелтімдерінің әр түрі бойынша жеке-жеке қорытындысы шығарылады. 11н. тізілімі КАЖ БҚ-нан автоматты режимде реттік нөмірі және жасалған күні көрсетіліп шығарылады, жұмыскер қолын қояды. 11н. тізілімнің 1-ші данасы тапсырысты постпакетке салынады.
Сұрыпталған жай хаттар немесе бандерольдерден құралған жай постпакетке 9н. жапсырмасы салынады.
Қапқа салар алдында жұмыскерлер тапсырысты хат-хабарламалармен постпакеттерді 2 данада 11н. жйынтық тізіліміне тіркейді. Егер қапта бір постпакет жіберілсе жйынтық тізілім жасалмайды. Бұл жағдайда осы постпакеттін тізілімі жйынтық ретінде рәсімделеді.
Халықаралық хат-хабарламалармен постпакеттер санына қарамастан облыс орталығына (атап көрсетілген тауардан басқа) дейін қаптарға салынады.
Қаптар мен постпакеттер ішкі тапсырысты жөнелтімдер үшін белгіленген әдіспен жабылады. Мекен-жай жапсырмаларында “Халықаралық” белгісі көрсетіледі.
Жасақталған қаптар облыстық орталықтарына жіберу үшін екі данадан 16н. жүкқұжатымен тіркеліп алмасу учаскесіне (қозғалыс бөліміне) тапсырылады. 16н. жүкқұжатының екінші данасы почтаны қабылдаған қозғалыс бөлім операторының қойған қолы мен жұмыс күнінің балансын шығару үшін учаскенің құжаттары тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет