Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет3/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
ОМПО дайын кітап

дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше елдерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;

  • Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;

  • жазбаша хат-хабар – тіркелмейтін және тіркелетін хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;

  • жаздырып алынатын мерзiмдi баспа басылымдарын тарату – пошта операторының бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен (жеке немесе заңды тұлғасымен) жасалған шарт негізінде мерзімді баспа басылымына жазылуды, оның ішінде Интернет-ресурсты пайдалана отырып қабылдау бойынша қызметтер көрсетуі және мерзімді баспа басылымын қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және пайдаланушыға жеткізуді жүзеге асыруы;

  • жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі;

  • жеделдетілген пошта байланысы көрсететін қызметтер – пошта жөнелтілімдерін жедел өңдеу, тасымалдау, жеткізу және (немесе) табыс ету режиміндегі пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

  • жөнелтушi – пошта жөнелтілімiн немесе ақшаны жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушы;

  • жіберіліммөлшері, массасы және буып-түю тәсілі пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес көзделген, нәрселер, заттар мен тауарлар салынған тіркелетін пошта жөнелтiлімі;

  • кәдімгі сәлемдеме - салым құнын бағаламай қабылдап алынатын сәлемдеме;

  • курьер – тіркелетін пошта жөнелтілімін өндірістік объектілерден тыс жерде жөнелтушіден қабылдайтын және осы жөнелтілімді пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша адресатқа немесе жөнелтушіге табыс ететін пошта операторының жұмыскері немесе пошта операторымен жасасқан шарты бар жеке тұлға;

  • курьерлік пошта байланысы көрсететін қызметтер – курьерді пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерін қабылдау, тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетін қызметтер;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – Ұлттық пошта операторы) – уәкілетті орган айқындайтын, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн және арнаулы байланыстың көрсетілетін қызметтерiн ұсыну жөнiндегі мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет