өндiрiстiк объект – пошта операторы көрсететін қызметтерді ұсынуға арналған және сол үшiн жабдықталған ғимарат, ғимараттағы үй-жай;
пошта – Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторларының Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін ұсынуын қамтамасыз ететiн байланыс бір түрі;
пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды және қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
пошта байланысының көрсетілетін әмбебап қызметтері – пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің уәкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;
пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері – тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерiн, пошталық ақша аударымдарын, гибридтік жөнелтілімдерді жiберу, мерзімді баспа басылымдарын тарату, пошта төлемі белгілерін және филателиялық өнімдерді іске асыру бойынша пошта операторының қызметі;
пошта байланысының құралдары – пошта байланысы көрсететiн қызметтерді ұсыну үшiн қолданылатын техникалық құралдар, жабдықтар және технологиялар;
пошта жәшiгi – тіркелмейтін хаттар мен пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк;
пошта желiсi – пошта операторы пошта байланысы көрсететін қызметтерді ұсынған кезде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы;
пошта жөнелтілімiн жiберу – пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;
пошта жөнелтілімiн жеткiзу – пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
Достарыңызбен бөлісу: |