Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Тапсырысты халықаралық бандерольдерді жеткізу



бет46/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.5 Тапсырысты халықаралық бандерольдерді жеткізу

Тапсырысты бандерольдер, тапсырысты хабарламалар адресаттарға тұратын жері бойынша, абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» арқылы 8н. кітабында алу датасы көрсетіліп, абоненттік жәшіктер арқылы адресаттың жазбаша өтініші бойынша жеткізіліп (егер көлемі сәйкес келсе), өндірістік объектілерде адресаттың өтінішімен сақтау мерзімі 30 күнге ұзартылып табыс етіледі.


Егер тапсырысты бандерольдер, хабарламалар адресаттың жазбаша өтінішімен абоненттік почта жәшігіне салынған болса, онда почташы 8н. кітабында «А/ж салынды» белгісін қояды, датасын көрсетеді және қолын қояды.
Адресаттың немесе жөнелтушінің өтініші бойынша тапсырысты бандерольді сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін.
Адресаттың тапсырысты бандерольдерді, хабарламаларды пәтердегі (үйдегі) көршілеріне беруге келісуі туралы жазбаша өтініші арыздарды тіркейтін 25н. журналына жазылады.
Тұрғылықты жері бойынша табыс етілмеген тапсырысты бандероль, хабарлама өндірістік объектіде тапсырысты бандерольдерді, хабарламаларды беру үшін арналған 8н. кітабында қол қою арқылы өндірістік объектіде берілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеткізу учаскесінің 8н. кітабында «Өндірістік объектіде берілді» белгісі және берілген датасы қойылады.
Өндірістік объектісімен тапсырысты бандерольді табыс ету үшін екі әрекет жасалады.
Тапсырысты хаттар, хабарламалар осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткеннен кейін 8н. кітабына қол қою арқылы адресаттың өзіне табыс етіледі.
Тапсырысты бандерольдер табысталуы мүмкін:
1) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
2) адресаттың жазбаша өтініші бойынша пәтердегі (үйдегі) көршісіне;
3) нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға осы Ережелердің 45 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткенде;
4) кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде;
5) қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
6) мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Абоненттік жәшікке қандай да бір себептермен адресатқа бірінші жеткізуде табыс етілмеген тапсырысты бандерольдер, хабарламалар туралы абоненттік жәшікке тапсырысты бандерольді, тапсырысты хабарламаны алуға 22н. бастапқы хабарлауы салынады. Хабарлауда табыс етілмеу себептері қолмен немесе арнайы мөртабандармен өндірістік объектінің мекен-жайы, атауы, оның жұмыс тәртібі және телефоны көрсетіледі.
Бірінші жеткізуде табыс ету мүмкіндігі болмаған әр тапсырысты бандероль, тапсырысты хабарлама 5 күннен кейін қайта жеткізіледі.
Екінші рет табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда абоненттік жәшікке «Қайталама» белгісі бар, өндірістік объектіде тапсырысты бандерольді сақтау мерзімі және сақтауға алынатын ақысы көрсетілген 22н. қайталама хабарлауы салынады. Қайталама хабарлау жазылған датасы туралы тапсырысты бандерольдің қабында және 8н. кітабында белгі қойылады. Мұндай тапсырысты бандерольдер, тапсырысты хабарламалар өндірістік объектіде табыс етіледі.
Абоненттік жәшік болмаған не бұзылған жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері адресатқа телефон (егер болса) арқылы хабар береді.
Заңды тұлғаның атына жіберілген тапсырысты бандерольдер, тапсырысты хабарламалар почтаны қабылдауға заңды тұлғамен белгіленген уәкілетті тұлғаға беріледі немесе заңды тұлға өзі орналасқан ғимараттың бірінші қабатында немесе тікелей өндірістік объектіде орналасқан абоненттік жәшікке салынады.
Заңды тұлғалардың өкілдері 8н. кітабына «16н.жүкқұжатына» жазылған бірнеше тапсырысты бандерольдер, хабарламалар алар кезде жалпы санын жазбаша көрсетеді, қолын қояды, фамилиясын және ұйымның атауын толық көрсетеді.
Тапсырысты бандерольдерді жайылымдағы малшыларға, айдындағы балықшыларға, орман учаскелеріндегі қызметкерлерге, геологиялық партиялардағы (экспедициядағы), фермалар мен өндірістік учаскелерде және бригадаларда жүрген ауылшаруашылық жұмыскерлеріне, темір жол бойындағы жұмыскерлерге, еңбекпен түзеу мекемелерінде жазалау мерзімін өтеп жатқандарға, елді мекендерден тыс жерлердегі басқа адресаттарға жеткізу осы адресаттар қарауында жұмыс істейтін заңды тұлғалар арқылы Қоғаммен табыс етіледі.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген тапсырысты бандерольдер жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
ҚПҚ жүйесі бойынша заңды тұлғаға қызмет көрсету кезінде тапсырысты бандерольдерді «16н.жүкқұжатында» қол қою арқылы табыс етуге рұқсат беріледі. Тізілімдерде 8н. кітабында жазылған деректер көрсетіледі. Тізілімнің соңында қорытындысы шығарылады. Тізілім екі данада жасалады және өндірістік объектінің қызметкерімен қол қойылады. Тапсырысты бандерольдер табыс етілгеннен кейін он күндіктер, айлар немесе басқа кезеңдер бойынша және тапсырысты бандерольдердің көлемдеріне байланысты бумаға түптеледі.
Абонементтік жәшіктерге жіберілген бандерольдерге жазылған 22н. хабарлаулар абонементтік жәшіктер бойынша жіктеледі.
5 күннен кейін тапсырысты бандероль алынбаған жағдайда қайталама 22н. хабарлауы жазылады және абонементтік жәшікке салынады.
Сақтау мерзімі (30 күн) аяқталғаннан кейін кері мекен-жайы болған жағдайда бандероль кері мекен-жайы бойынша қайтарылады, мекен-жайы болмаған жағдайда таратылмағандарға беріледі.
Өндірістік объектіде тапсырысты бандерольдердің екінші рет хабарлау тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) сақталған күндері үшін белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.
«Талап етілгенге дейін» тапсырысты бандерольдер адресаттың өзіне жеке басын куәландыратын құжат, не сенімхат бойынша беріледі. Тапсырысты бандерольдер туралы анықтама телефон арқылы берілмейді. «Талап етілгенге дейін» жіберілген тапсырысты бандерольдерді сақтау үшін төлем алынады,егер оны қайтарған жағдайда жөнелтушіден белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.
Хабарламасы бар тапсырысты бандерольдерді табыстау кезінде 119н. және CN 07н. хабарлама бланкілерінде адресаттың қолы қойылуға тиіс.
Егер тапсырысты бандероль жеке тұлғаға сенімхат бойынша табыс етілсе, онда хабарламада сенілген адамның қолы және фамилиясы көрсетіледі, заңды тұлғаға табыс ету кезінде хабарламада уәкілетті тұлғаның фамилиясы, қолы және ұйымның атауы көрсетіледі.
Полиэтилен қабында түскен бандерольді табыстау кезінде 119н. (CN 07н.) хабарламалары бандероль ашылғаннан кейін адресаттың көзінше шығарылады.
Тапсырысты бандерольді табыс еткеннен кейін почташы 119н. және CN07н. хабарламаларды өндірістік объектінің бақылаушы тұлғасына тексеруге береді. Өндірістік объектінің басшысы тексерілген хабарламаларға қолын және жөнелту датасымен ПМ бедерін қояды, ресімделген хабарлама көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
Почташы хабарламаларды жөнелту уақыты туралы 8н. кітабында тиісті бағанына белгісін және қолын қояды.
Тапсырысты ішкі бандерольдің алынғандығы туралы тапсырысты хабарламасы жеке-жеке нөмірлері (ШПИ) көрсетіліп, «16н.жүкқұжатына» жазу арқылы жөнелтуге беріледі. Ішкі және халықаралық тапсырысты бандерольдің алынғандығы туралы жай хабарламалары табыс етілген өндірістік объектілерден тіркелмей жіберіледі.
Жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің атына түскен тапсырысты бандерольдер мен хабарламалардан бас тартқан жағдайда, олар 8н. кітабында «16н.жүкқұжатында» «Алудан бас тартамын» белгісін қоюға тиіс.
Хабарламасы бар халықаралық тапсырысты бандерольдер адресаттарына ішкі тапсырысты бандерольдер үшін белгіленген тәртіпте табыс етіледі.
«Қызметтік» белгісі бар тапсырысты бандерольдер өздері тіркелген «16н.жүкқұжатында» немесе 8н. кітабы, ірі өндірістік объектілерде арнайы жасалған тізілімі бойынша қол қою арқылы беріледі.
Мына себептерге байланысты табыс етілмеген тапсырысты бандерольдер кері мекен-жай бойынша қайтарылады:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресаттардың бандерольді алудан түрде бас тартуы;
3) адресат қайтыс болған жағдайда;
4) абонементтелетін абоненттік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
5) өндірістік объектінің өз міндеттемелерін орындауын мүмкіндігін айыратын өзге жағдайларда.
Олар 20н. анықтамасымен қайтарылады немесе әрі қарай жіберіледі, онда әрі қарай жіберу/қайтару себептері көрсетіледі. 8н. кітабында және «16н.жүкқұжатында» әрі қарай жіберу/қайтару туралы белгі жасалынады.
«Талап етілгенге дейін» жіберілген тапсырысты бандерольдердің мекен-жайы өзгергені жайлы немесе үйге жеткізу туралы арызы үшін қолданыстағы тариф бойынша төлемақы алынады.
Тапсырысты бандерольдерді сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару үшін әрі қарай жіберу немесе қайтару кезіндегі қолданыстағы тарифтер бойынша ақы алынады. Жөнелтушінің өтінішінде арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
Адресаттың мекен-жайын оқуға мүмкін болмаған жағдайда (жуылған, үзілген және т.б.) тапсырысты бандерольдердің қайтарылғандығы үшін төлемақы алынбайды.
Тапсырысты бандерольдерді сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару ақысын қабылдау кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі. Алынған ақшаның сомасы және түбіртектің нөмірі 8н. кітабында көрсетіледі.
Адресат (жөнелтуші) өтініші бойынша тапсырысты бандерольді әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлар, ал қайтару барысында алушының мекен-жайы сызылып тасталады және тапсырысты бандерольдің мекен-жай бетінде жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және тапсырысты бандероль жіберілетін пункттің атауы.
Ішкі тапсырысты бандерольдерді әрі қарай жіберу кезінде жаңа толық мекен-жайы оның мекен-жай бетіне берік тіркелген 20н. анықтамасына жазылады.
Полиэтиленді қабында әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын тапсырысты бандерольдер қағазға оралады (байланады және мөрленеді), барлық қажетті деректер жаңа қабына көшіріледі.
Тапсырысты бандерольді әрі қарай жіберу немесе қайтару кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті түрде тексеруге тиіс:
1) тапсырысты бандерольді табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (адресаттың толық мекен-жайы болған жағдайда);
2) оны әрі қарай жіберу немесе қайтару үшін негізі қанағаттанарлық па.
Тапсырысты бандерольдердің әрі қарай жіберу (қайтару) дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде тапсырысты бандерольдің әрі қарай жіберілу (қайтарылу) себебі туралы белгілеріне қол қояды. Бақылаушы тұлғаның қолы қойылмаған жағдайда әрі қарай жіберуді (қайтаруды) жүргізуге тыйым салынады.
Егер жөнелтушіге әлі тиісті орнына жіберілмеген тапсырысты бандероль қайтарылатын болса, онда ол 8н. кітабына немесе бір данада толтырылатын «16н.жүкқұжатында» қайтару себебін көрсете отырып жазылады және кіріс тапсырысты бандерольдерді беруде қарастырылған тәртіпте беріледі.
Алынғандығы туралы хабарламамен қабылданған тапсырысты бандерольдердің қайтып оралғаны үшін белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден салмақ ақысы алынады, бұл кезде хабарламаның ақысы алынып тасталады.
Табыс етілмеген тапсырысты бандерольдер жөнелтушінің мекен-жайы болған жағдайда кері мекен-жайы бойынша қайтарылады. Кері мекен-жайы болмаған жағдайда жөнелтушіге табыс етілмеген тапсырысты бандерольдер сақтау мерзімдері өткеннен кейін таратылмағандар қатарына беріледі.
Тапсырысты бандероль таратылмағандар қатарына келесі жағдайларда беріледі:
1) адресаттың және жөнелтушінің қажетті мекен-жай деректері дұрыс көрсетілмеген немесе болмаған жағдайда;
2) адресат және жөнелтуші тапсырысты бандерольді алудан бас тартқан жағдайда;
3) белгіленген сақтау мерзімі аяқталған және пайдаланушы алмаған жағдайда.
20н. анықтамасында көрсетілген табыс етпеу себебі негізінде бандерольдер таратылмағандар қатарына беріледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі және қол қойылады. Тапсырысты бандерольдің мекен-жай бетінде «Таратылмаған» жазылу тиіс.
Таратылмаған тапсырысты бандерольдер айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ-на бөлек постпакеттерде жіберіледі (кез-келген көлемде). Тапсырысты бандерольдер «16н.жүкқұжатымен» жіберіледі, онда нөмірі (ШПИ), қабылдау орынның атауы және таратылмаған қатарына берілгенге дейін сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару үшін жөнелтушіден алынбаған төлем сомасы көрсетіледі. Тізілімдер екі данада жасалады және өндірістік объектісінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады,«16н.жүкқұжатының»жоғарғы бөлігінде «Таратылмаған» белгісі қойылады.
Мекен-жай және берілген деректер болмаған жағдайда тапсырысты бандерольдер есеппен жазылады.
«Таратылмаған» қатарына жіберілген күні 8н. кітабында, «16н.кіріс жүкқұжатында» көрсетіледі.
«Үкіметтік» белгісімен тапсырысты бандерольдер бірінші кезекті тәртіпте жеткізіледі.
Халықаралық тапсырысты бандерольдер адресаттарға тапсырысты бандерольдерді беру тәртібінде табыс етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет