2.3 Тапсырысты халықаралық шығыс бандерольдерді өңдеу
Өңдеуге қабылданған тапсырысты бандерольдер мына топтарға бөлінеді: жергілікті, басқа қалалық, үкіметтік, соның ішінде 20н. анықтамасы бар әрі қарай жіберу және қайтару бандерольдері. Почтамттар бандерольдерді Қазақстан Республикасынан тыс топтарға (ТМД және Қ/Ш) қосымша бөледі.
Бандерольдер саналады, «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есеп жүргізу Тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісі толтырылады.
Топ бойынша сұрыпталған тапсырысты бандерольдер «16н.жүкқұжатына» тіркеліп жазылады.
«16н.жүкқұжаты» екі данада жасалынады және бір ай бойына реттік нөмірімен нөмірленеді.
Тапсырысты бандерольдерді, алынғандығы туралы тапсырысты хабарламаларды, тапсырысты постпакеттерді «16н.жүкқұжатына» жазу нөмірлерін (ШПИ) және тиісті орынын көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын тапсырысты бандерольдер 11н. тізіліміне «Белгілер» бағанына «ӘҚЖ» және «Қ» әріптерін көрсете отырып жеке-жеке жазылады: берілген нөмірі (ШПИ), берілген орыны және әрі қарай жіберілген орыны.
Жазудан бұрын асты сызылған «т/б», «т/хаб», «тап. п/п» қысқартылған тақырып атаулары көрсетіледі және әр жазудан кейін олардың қорытындысы цифрмен жасалынады.
11н.тізілімін жасаған жұмыскер:
өз лауазымын, фамилиясын көрсетеді, анық қолын қояды;
екі данаға ПМ анық бедерін қояды;
тапсырысты постпакетке 11н. тізілімнің бірінші данасын салады.
103н. тізімі бойынша қабылданған тапсырысты бандерольдер «16н.жүкқұжатын» алмастыратын 103н. тізімнің бір данасында тапсырысты постпакеттерге бітеледі.
Автоматтандырылған сұрыптау және өңдеуде «16н.жүкқұжаты» ұқсас деректермен автоматты түрде жасалынады. ПМ бедері қойылмайды.
Тапсырысты үкіметтік бандерольдер жазылған және осындай бандерольдері бар постпакеттердің барлық тізілімдерінің жоғарғы бөлігінде «Үкіметтік» деген мөртабанның анық бедері қойылады.
Тіркеліп жазылған тапсырысты бандерольдер «16н.жүкқұжатымен» бірге постпакет құрайтын бумаларға айқастыра байланады. Сонымен қоса, бандерольдер буып-түю кезінде зақымдану мүмкіншілігін тудыртпайтындай тәртіпте салынады.
Бөлек постпакеттерге бөлінеді:
үлкен көлемдегі бандерольдер;
кәдімгі көлемдегі бандерольдер;
үкіметтік бандерольдер;
таратылмағандар.
Тапсырысты постпакеттер осы Ережелердің 472 тармағына сәйкес құрастырылған «16н.жиынтық жүкқұжатына» тіркеліп жазылады. Егер қапта бір тапсырысты постпакет тасымалданатын болса, онда бұл постпакеттің тізілімі жиынтық ретінде ресімделеді.
Жиынтық тізілім нөмірленбейді, «Жиынтық» сөзі көрсетіледі. Жиынтық тізілімінде қаптың нөмірі көрсетіледі. Жиынтық тізілім екі данада толтырылады және оны толтырған өндірістік объектінің жұмыскері өз лауазымын көрсете отырып қол қояды. Тізілімнің екі данасына да ПМ бедері қойылады. Тапсырысты постпакеттері бар әр қапқа 11н. жиынтық тізілімі салынады. Бірінші данасы тапсырысты постпакеттердің біреуінің байлам астына салынады.
Бір іріленген пакетке байланған тапсырысты постпакеттер қапқа жай постпакеттердің үстіңгі бөлігіне салынады.
Автоматтандырылмаған өңдеу барысында 11н. адрес жапсырмасы,тапсырысты белгісі,укімет белгісі,халықаралық белгісі тіркеліп көрсетіледі.Автоматтандырылған өңдеу кезінде қап өлшенеді, 11н. адрес жапсырмасы автоматты түрде ұқсас деректерімен қалыптастырылады.
11н. жапсырмасы бір ай бойы реттік нөмірлермен нөмірленеді, жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 11н. жапсырмасына анық ПМ бедері қойылады.
Тапсырысты бандерольдер салынған қаптар штаты бойынша бір жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ–ін есептемегенде, міндетті түрде екі жұмыскермен жабылады.
Жай және тапсырысты бандерольдер салынған қап осы Ережелердің 315 тармағында қарастырылған тәртіпте байланады және пломбыланады (сүргіленеді), 11н. жапсырмасы байламның астына салынады.
Басқа почта жөнелтімдерімен бірге жинақталған және сүргіленген қаптар екі данада нөмірлері көрсетілген 16н. жүкқұжатына жазылады.
Тапсырысты қызметтік бандерольдер белгіленген тәртіпте өңделеді.
Жерүсті көлікпен тасымалданатын үлкен көлемді тапсырысты бандерольдер зақымдалуын болдырмау мақсатында «крафт» қағазында буып-түйіледі және қапқа жабылмай 16н. жүкқұжатына жеке-жеке жазылып жіберіледі.
Халықаралық тапсырысты бандерольдер ішкі тапсырысты бандерольдерге арналған тәртіпте өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |