Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы


-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі334.5 Kb.
#170576
1   2   3   4   5

5-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ КҮЗЕТУ ЖӘНЕ
ҚОРҒАУ, ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ КҮЗЕТ
ҚЫЗМЕТI МЕМЛЕКЕТТIК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI

      28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету


               режимiнiң түрлерi

      Түрiне және функционалдық аймақтарға бөлiнуiне байланысты бүкiл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлiнген аймақтары мен учаскелерiнде мынадай күзет режимiнiң түрлерi енгiзiледi:


      1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтiн қорық режимi;
      2) шаруашылық және өзге қызметтiң жекелеген түрлерiне белгiлi бiр мерзiмге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеудi көздейтiн қаумалдық режим;
      3) табиғи кешендердi шектеулi пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтiң дәстүрлi түрлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiне зиянды әсер етпейтiн тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуiн көздейтiн шаруашылық қызметтiң реттелмелi режимi.

      29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және


               қорғау

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердiң алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау жүргiзiлуi мүмкiн.


      2. Күзету:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның iшiнде жер және әуе көлiгiн қолданып қарауылдауды;
      2) өрттердiң алдын алуды, оларды байқауды және сөндiрудi;
      3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды.
      3. Қорғау:
      1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды;
      2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесудi (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту);
      3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi;
      4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды.
      4. Өрттердiң алдын алу, оларды байқау және сөндiру Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      5. Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерiн ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қарауында осы аумақтар бар орталық атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

      30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы


               мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру мақсатында мынадай iс-шаралар:


      1) бұдан бұрын бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
      2) су айдындарының қолайлы режимiн сақтау;
      3) эрозиялық процестердiң алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсiру;
      4) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн табиғи ортада көбейту, өсiру және қалпына келтiру жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтiру iс-шаралары күзету режимiнiң түрлерiн ескере отырып, тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.

      31-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк


               табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен
               объектiлерiн қорғау

      1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды олардың штатына кiретiн күзет қызметiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.


      2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
      Табиғат қорғау мекемелерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, осы бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Осы бапта көрсетiлген лауазымды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

      32-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң,


               мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк
               қорық аймақтарының мемлекеттiк табиғи-қорық
               қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

      1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының мемлекеттiк табиғи-қорық қорының мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде және оларға iргелес жерлерде орналасқан табиғи кешендер мен объектiлерiн қорғауды мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметтерi, басқа санаттағы жерлерде табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи қаумалдарды және мемлекеттiк қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемелерiне, табиғат қорғау мекемелерiне бекiтiп беру уәкiлеттi органның, өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен жүргiзiледi.

      32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы



      1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жай-күйi, оларды зерттеу, қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралар туралы мәлiметтер жиынтығын қамтитын, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi тiзбелерiнiң суреттермен безендiрiлген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен бiр мезгiлде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркiндiк жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер (биiк және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлерi (кiшi түрлерi, таралымдары) енгiзiледi.
      3. Саны және орнықты тiршiлiк ету жағдайлары табиғи еркiндiк жағдайында олардың өсiмiн молайтуға және генетикалық қорын сақтауға қатер төнудi болдырмайтын шекке дейiн қалпына келтiрiлген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi (кiшi түрлерi, таралымдары) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан шығарылуға жатады.
      4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзудi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Қызыл кiтапқа енгiзiлген сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлардың суреттермен безендiрiлген тiзбелерi ресми жарияланады, сондай-ақ уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Мыналар:
      1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) селекция үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер түрлерiн алып қою жүзеге асырылады.
      6. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген санатына жатқызылған өсiмдiктер түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету уәкiлеттi орган берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзу және одан шығару жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау үшiн құрамы мен ережесiн уәкiлеттi орган бекiтетiн ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.
      Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      33-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк


               инспекторлары

      1. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:


      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында табиғат қорғау мекемесiнiң және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектiлерiне баруға;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұруға;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар.
      2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және олардың шешiмдерiне жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      3. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
      4. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары өз құзыретiне сәйкес мынадай актiлер:
      1) тексеру өткiзу нәтижелерi бойынша акт;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
      4) мынадай:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
      сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнiмдi, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-тарау. EPEКШE ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
ЖYЙЕСI

      34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру


               көздерi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:


      1) бюджет қаражаты;
      2) табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары және қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.

      35-бап. Табиғат қорғау мекемелерiн дамыту және күтiп


               ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтiп-ұстауға олардың санатына байланысты бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:


      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын, табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларын, осы аумақтарды құру мен кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеуге;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшiн жерлердi резервте қалдыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу жөнiндегi залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн жүргiзуге;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудiң жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерiнде бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
      6) әкiмшiлiк-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
      7) штат санын ұстауға;
      8) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзетуге, қорғауға және қалпына келтiруге;
      9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристiк және рекреациялық қызмет жүргiзуге жұмсалады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      36-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат


               қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау
               жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтiп-ұстау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      37-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын
               табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
               объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру
               жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруды оларға бекiтiп берiлетiн табиғат қорғау мекемелерi, орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi өздерiне осы мақсаттарға бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

      38-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты

      1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:


      1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде:
      туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiк тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру;
      әуесқойлық (спорттық) аң және балық аулауды өткiзу;
      мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру;
      пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер;
      қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер;
      көлiк қызметтерiн көрсету;
      2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде:
      кәдесый өнiмдерiн өндiруден;
      аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден;
      жанама орман пайдаланудың өнiмдерiн өткiзу (шектеулi мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық жинау);
      ормандарды молайту және елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар;
      шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетiн табыстар;
      балық шабақтарын өсiруден;
      жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
      орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);
      3) рәмiздердi (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;
      4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар;
      5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары;
      6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
      7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттiк табиғи-қорықтық қор объектiлерiне залал келтiрген жеке және заңды тұлғалардан түсетiн түсiмдер есебiнен құралады.
      2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      3. Табиғат қорғау мекемелерi осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiнен табыс табу мақсатында мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ
ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

      39-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ұғымы және олардың


               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.


      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне:
      1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;
      2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;
      4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;
      5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

      40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимi



      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:
      1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;
      3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;
      4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;
      5) орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажет санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоспағанда, өсiмдiк қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде тағамдық, дәрiлiк және техникалық өсiмдiктер, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне;
      6) аң аулау мен балық аулауға;
      7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;
      8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;
      9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;
      10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;
      11) үй жануарларын айдап өтуге;
      12) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де дыбыстық әсерлерге;
      13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.
      3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттiк табиғи қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгi тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегiн рұқсат етуi мүмкiн.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      41-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi


               ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен уәкiлеттi орган бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етiлетiн ғылыми қызметкерлердiң тиiстi штаты бар ғылыми құрылымдық бөлiмшелер жұмыс iстейдi.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми бөлiмшелерi осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми қызметтен басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргiзедi.
      4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумақтарында уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорықтың әкiмшiлiгiмен шарттық негiзде ғылыми зерттеулер жүргiзе алады.
      5. Ғылыми зерттеулердiң жоспарларын, ғылыми қызметкерлердiң есептерiн қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi мен мамандары кiре алады.
      6. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзiмсiз сақталуға жатады.
      7. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың өздерiнiң ғылыми еңбектерiн басып шығаруға құқығы бар.
      8. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргiзу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлiм-жiтiмге ұшырататын және өсiмдiктердi, соның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнгендерiн жойып жiберетiн зерттеулердiң қатыгез әдiстерi қолданылмай жүзеге асырылуға тиiс.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      42-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың


               экологиялық-ағартушылық қызметi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi:


      1) мемлекеттiк табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;
      2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргiзу үшiн мұражайлар, экспозициялар, көрсетiлiм жасау учаскелерi және басқа да объектiлер құрылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол берiледi.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      43-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет


               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:


      1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
      3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
      4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбалар өндiруге;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға;
      7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
      8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);
      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
      10) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне терiс әсер етпейтiн шаруашылық қызметтiң мынадай әртүрлi нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:
      1) орман шаруашылығы қызметi;
      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;
      3) туристiк және рекреациялық қызмет;
      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
      7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
      8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
      10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

      43-1-бап. Жекелеген мемлекеттiк табиғи қорықтардың


                 күзет режимiнiң ерекшелiктерi

      1. Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеменiң негiзiнде арнайы бөлiнген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергiлiктi халықтың мұқтажы үшiн әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол берiледi.


      2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негiздеме негiзiнде балықтың қырылуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге жол берiледi.
      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет