Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы


-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі334.5 Kb.
#170576
1   2   3   4   5

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК
ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР

      44-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ұғымы және


               олардың негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне:
      1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;
      3) экологиялық ағартушылық
      4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;
      5) Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;
      6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;
      7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

      45-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағын


               аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағы:


      1) қорық режимi;
      2) экологиялық тұрақтандыру;
      3) туристiк және рекреациялық қызмет;
      4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi.
      2. Қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.
      3. Реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi.
      4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
      Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетiн көлiк түрлерi мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерiн құруды ұйымдастыруға жол берiледi.
      5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтiру iс-шаралары жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      46-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және


               рекреациялық қызметтi жүзеге асыру

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi өздерiнде туроператор қызметiне лицензия болған кезде тiкелей мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.


      2. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерi 5 жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi пайдалануға және 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiледi. Аталған мақсаттар үшiн осы учаскелердi беру, сондай-ақ оларды құрылыс объектiлерi үшiн пайдалануға рұқсаттар беру мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерiн құрылыс объектiлерiне пайдалануға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн учаскелер мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазiргi инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшiн де туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында ғана берiледi.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      46-1-бап. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру


                 үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық
                 табиғи парктер учаскелерiндегi объектiлер
                 құрылысы

      1. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiндегi объектiлер құрылысы уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде және уәкiлеттi органмен келiсiлген сызбаға (сызбалық жобаға) сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүргiзiледi.


      2. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiн құрылыс объектiлерiне пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
      3. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзiне туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскенi пайдалану шартының қолданылу мерзiмi өткен соң шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
      4. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскенi және ондағы құрылыс объектiлерiн пайдалану құқығының ауысу мәселелерi туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру шартында айқындалады.
      5. Уәкiлеттi органның жазбаша хабардар етуiне сәйкес құрылыс объектiлерi басқа тұлғаға берiлген не шартта өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген жер учаскесiн пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға жүктелетiн учаскенi мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру мiндетi сақталады.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен учаскелердегi объектiлердi бөлшектеп, сыртқа шығаруға мiндеттi.
      Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      47-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi


               шаруашылық қызметiнiң ерекшелiктерi

      1. Шектеулi шаруашылық қызметi аймағында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлерiне рұқсат етедi:


      1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау);
      2) шектеулi дәстүрлi пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру;
      3) өтпелi ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзу және бұл ретте алынған сүректi өңдеу;
      4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру;
      5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерiн өсiру;
      6) жылжымалы бал ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелi бал ара шаруашылығы;
      7) әуесқойлық (спорттық) аң аулау;
      8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      9) мелиорациялық аулау;
      10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
      11) өсiмiн молайту мақсатында аулау.
      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi шаруашылық қызметi мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiрудi ескере отырып және өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк органдардың тиiстi рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсiмiн молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiне берiлген уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаттары бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеменiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      48-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң күзет


               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағында:


      1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi түрлерiне рұқсат етiледi;
      2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгiленген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң экологиялық жүйелерiне терiс әсер ететiн табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтiң түрлерiне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.
      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң күзет аймағындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.

      49-бап. Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер

      Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР

      50-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттар ұғымы, негiзгi


               қызметi және оларды аймақтарға бөлу

      1. Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың негiзгi қызметiне:
      1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi сақтау және қалпына келтiру;
      2) мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет режимiн қамтамасыз ету;
      3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципi негiзiнде аумақтың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қолдау;
      4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргiзу;
      5) мемлекеттiк табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
      3. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимiнiң түрлерi әртүрлi аймақтарға бөлiнедi:
      1) қорық режимi аймағы (бұдан әрi - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзiм сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жеткiлiктi көлемi бар ұйытқы аймақ
      2) аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметтi жүргiзу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшiн пайдаланылатын аумақ учаскесi.

      51-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi


               аймағының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi аймағында, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйiне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргiзiледi, экологиялық-ағартушылық мақсатында iс-шаралар жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және аумақты рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.

      52-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймақ


               режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймағында шектелетiн, реттелетiн және ұйытқы аймағының экологиялық жүйелерiне терiс әсер етпейтiн мынадай әртүрлi қызмет нысандары жүзеге асырылуы мүмкiн:


      1) ғылыми зерттеулер және мамандар оқыту және даярлау орталықтарын ұйымдастыру;
      2) қоршаған орта мониторингi және экологиялық жүйелердiң өзгеруiн бақылау;
      3) орман шаруашылығы қызметi, өртке қарсы iс-шаралар және орман алаптарын қорғау;
      4) ұйытқы аймағының биологиялық саналуандығын ұзақ мерзiм сақтауды және оның зақымданбауын және тұтастай алғанда мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберiнде дәстүрлi жер пайдалану;
      5) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды кеңiнен жүргiзу;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың кiру тәртiбiмен белгiленген, рекреациялық жүктемеге сәйкес бақыланатын және реттелетiн туризм, рекреациялық пайдалану;
      7) минералды сулар мен шипалы ресурстарды пайдалану;
      8) экологиялық ағартушылық, оқыту бағдарламаларын жүргiзу, көрсету учаскелерiн және экологиялық тұрғыдан алғанда жанашырлықпен табиғат пайдалану менеджментiн ұйымдастыру;
      9) әуесқойлық (спорттық) аңшылық
      10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      11) мелиорациялық аулау;
      12) ғылыми-зерттеулiк аулау;
      13) өсiмiн молайту мақсатында аулау.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың аралық аймағында ұйытқы аймағының экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер етуi мүмкiн қызметке, атап айтқанда:
      1) жаңа елдi мекендер құруға;
      2) өнеркәсiп объектiлерiн орналастыруға және пайдалануға;
      3) өндiрiстiк объектiлер салуға және пайдалануға;
      4) геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзуге және пайдалы қазбаларды игеруге;
      5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге;
      6) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге;
      7) ұйытқы аймақ пен аралық аймақ аумағының гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;
      8) ұйытқы аймақтың экологиялық жүйесiне әсер етуi мүмкiн өзге де қызметке тыйым салынады.
      3. Мемлекеттiк табиғи резерваттарда осы Заңның 41, 42 және 46-баптарында белгiленген тәртiппен экологиялық-ағарту, ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер жүзеге асырылады.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың күзет


               аймақтарының режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет аймағында:


      1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi түрлерiне рұқсат етiледi;
      2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгiленген мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне терiс әсер ететiн табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтiң түрлерiне тыйым салынады немесе шектеу қойылады;
      3) мемлекеттiк табиғи резерваттарда жүзеге асыратын мұндай қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың бөрене кесетiн құрылғыларды пайдалану жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет аймағындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

10-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР

      54-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ұғымы және оның


               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және әдеттегi, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

      55-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi аймақтарға


               бөлу және оларды күзету ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер:


      1) экспозициялық - жануарларды ұстау және өсiру, сондай-ақ келушiлердiң көруi үшiн;
      2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн;
      3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
      4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде олардың мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда күтiп-бағылатын жануарлардың өлiм-жiтiмiне әкеп соғатын кез келген әрекетке тыйым салынады.

      56-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарлар


               өсiру

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүниежүзiлiк фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.


      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн өсiруге арналған питомниктер құрылады.

      57-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану


               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады.


      2. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарларды, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды қамауда немесе жартылай қамау жағдайларында ұстау және өсiру саласында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банктерiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және басқа да әдебиет шығаруға құқылы.
      4. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi мен осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызметi үшiн қажеттi басқа да объектiлерi болуына құқылы.

11-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАР

      58-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы және оның


               негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.


      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың негiзгi қызметiне Қазақстанның өсiмдiктер дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флора ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

      59-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу


               және оларды қорғаудың ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар:


      1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшiн;
      2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргiзу және оларды сақтау үшiн;
      3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
      4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған мiндеттерiн орындауға байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылып кетуiне әкеп соғатын кез келген iс-әрекеттерге тыйым салынады.

      60-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер


               өсiру

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флора өсiмдiктерiнiң коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.


      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, өсiмдiктермен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды ботаникалық бейiндегi басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

      61-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдаланудың


               ерекшелiктерi

      1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.


      2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзiлiк флораны жерсiндiру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның өсiмдiктер әлемiн зерттеу, сақтау және тиiмдi пайдалану жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
      Өсiмдiктердiң коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөнiндегi ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тапсырыстар негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша ғылыми, ғылыми-көпшiлiк әдебиет шығаруға құқылы.
      4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгiзу мақсатында ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктер мен олардың репродукцияларын өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құруға құқылы.
      5. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы ұйымдардың бейiнiне сәйкес келетiн, бiрақ олардың негiзгi қызметiне жатпайтын шаруашылық қызмет үшiн қажеттi басқа да объектiлерi болуына құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет