Бақылау сұрақтары:
1. ХVІІІғ. аяғы мен ХХғ. басындағы қоғамдағы саяси ахуал
2. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
3. Кіші жүз территориясындағы ұлт-азаттық көтерілістердің мазмұны, тарихи мәні
4. К.Қасымов көтерілісінің тарихтағы ролі
5. Қазақ жеріндегі Ресей әскери шептерінің салынуы
Әдебиеттер:
1. История Казахстана: белые пятна. -Алма-Ата, 1991.
2. Казахско-русские отношения в ХҮІІ-ХҮІІІ веках. Сборник документов и материалов. - Алма-Ата, 1961.
3. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. -Алматы, 1996.
4. Кенесарин А. Кенесары и Садык. - Ташкент, 1988.
5. Кенжалиев И. Исатай - Махамбет. - Алматы, 1991.
6. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы, 1992.
7. Козыбаев М.К. История и современность. -Алма-Ата, 1991.
8. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. - Алматы, 1994.
9. Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХҮІІІ-начале XX веков.-Алма-Ата, 1991.
10. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. - Алматы, 1994.
11. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. - Алматы, 1996.
ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Лекция № 16
Ресейдің Қазақ жерін қосып алуының аяқталуы және ХІХ ғ. 60-90 жж. әкімшілік реформалар, капиталистік қатыстарының дамуы
Жоспар:
1. Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы және Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігінен айырылуы
2. Патша өкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалары
3. Орыс шаруаларының қоныс аударуы
Ресей мемлекеті аймақты зерттеу мақсатымен, сондай-ақ ағылшындардың ықпалын әлсірету үшін Орта Азия мен Қазақстанға екі миссия ұйымдастырады. 1858 жылы Шығыс Иран мен Гератқа шығыстанушы Н.П.Ханыков басшылық еткен ғылыми миссия, Хиуа мен Бұхараға полковник Н.П.Игнатьевтің дипломатиялық елшілігі аттандырылды. Оларға Орта Азия мемлекеттерінің саяси және экономикалық жағдайын зерттеу міндеті қойылған еді.
Патша өкіметі Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспансиялық мақсаттарын екі бағытпен жүзеге асырды:
-біріншіден, қазақ даласына бірқатар әскери-барлау және жазалау экспедицияларын ұйымдастыру;
-екіншіден, дала арқылы өтетін «стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер шебін» салу арқылы.
XlX ғасырдың бірінші жартысының аяғына қарай Орта жүз бен Ұлы жүз аумақтарында Сібір жағынан бастап Ақтау (1835), Ұлытау (1835), Қапал (1846), Сергиополь ( Аягөз, 1831) бекіністері салынып, олар Рессейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынған Үлкен Орда преставының қызметі белгіленіп, ол Ұлы жүздің жаулап алынған аудандарын басқаруды жүзеге асырды. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды. Сонымен Қазақстанның батысынан оңтүстік-шығысын дейінгі болған әскери шептердің жалпы саны 96 ға жетіп, әскери линия қалыптасты. Бұнымен Ресейдің Шу алқабы арқылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Қоқан бекіністерін басып алу жөніндегі соғыс қимылдары басталды.
Іле өлкесінде Ресей жағдайының нығая түсуі, Қоқан хандығының терең түкпірлеріне шабуылды күшейту үшін Гасфордтың ұсынысы мен Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамында 1856 жылы орталығы бастапқыды Қапал қаласында болған, ал 1862 жылдан Верный қаласында болған Алатау округі құрылады.
Қоқан ханының Ресейге қарсы жүргізетін соғысына, әсіресе, ағылшындар, француздар және түрік сұлтаны құлшына кіріседі. Мұның түрлі себептері болды:
-біріншіден, бұл кезеңде Англия мен Ресей арасындағы басекелес-тік күшейе түскендігі;
-екіншіден, ағалшындардың Шығыс базарына өздерінің дара қожа болуы үшін талпынысы.
Орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді соғыс қымылдары 1860 жылы басталды. Оның натижесінде 26 тамызда қоқандықтардың Жетісудағы тірені Тоқмақ бекінісі, 4 қыркүйекте Пішпек бекінісі құлады. Ал 24 қазанда Ұзынағашқа жақын жерде қоқандықтардың едәуір күштерін (30 мыңдай әскер) ірі жеңіліске ұшыратты.
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу 1864 жылдың мамырында полковник Н.А.Веревкинның Сауран, Шорнақ бекіністерін қиратып Түркістан қаласына жорығымен басталды. Полковник М.Г.Черняевтің отряды Верныйдан шығып, ол 4 шілдеде Мерке бекінісін ұрыссыз алып, екі күннен кейін Әулиеата бекінісін бағындырды.
1864 жылы 21 қыркүйекте Шымкентті бағындырды. Сол күннен бастап Шымкент Черняев қаласы деп аталды.
1865 жылдың басында Қазақстанның оңтүстігінде жаңадан Түркістан обылысы құрылды. Оның орталығы Черняев қаласы болып, ол Орынбор генерал-губернаторлығы құрамына енгізілді. Әскери губернаторы болып генерал-майор М.Г.Черняев бекітілді.
1865 жылы Ташкент шахары басып алынды. 1867 жылдың маусымында орталығы Ташкент қаласында болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Оңтүстік Қазақстан аумағында жаңадан құрылған Жетісу және Сырдария облыстары кірді.
Сөйтіп, бір жарым ғасырға сөзылған Қазақстанды жаулап алу аяқталды. Қазақстан ұзақ уақыт бойы Ресейдің отарлық аймағы болып қалды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60—90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге бөліп, ұлт жанды елді тұтастықтан айырды. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы—1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір.
1822 жылдан патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталып, 1867 жылға дейін созылды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейден жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
1868 жылдан бастап жаңа тәртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын, сайлау дегенді шығарды. Соның салдарынан шен-шекпен үшін болатын тайпалар арасындағы бұрынғы алауыздылық оты өршіп, енді ол рулас, аталас адамдар арасында лаулады.
Жаңа реформа бойынша Қэзақстан жері үш генерал-губернаторлыққа : Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібіргенерал-губернаторлықтарына бөлінді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал- губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары енді. Бурынғы Бөкей хандығының территориясы 1872 жылы Астра-хангуберниясына қосылды. Маңғышлақ приставтығы 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына берілді.
Уезд бастықтарын облыстардың әскери губернаторларының ұсынуы бойынша офицерлерден генерал-губернаторлар тағайындап отырды. Уезде орналасқан әскери бөлімдер, мекемелер мен бекіністер де уезд бастықтарына қарады.
Әрбір уезд рулық емес, жер аумақтық принцип бойынша қүрылған болыстарға, ал болыстар 100—200 шаңырақтан құралған әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыстар 1000 шаңырақ пен 3000 шаңыраққа дейінгі ауылдарды қамтыды.
1867—1868 жылдардағы реформалар бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Бұл "Ережелер" екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл "тәжірибе" 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы ереже", 1891 жылғы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді. Сырдария облысы Амудария бөлімінен және Қазалы, Перовск, Шымкент: Әулиеата және Ташкент атаулы 5 уезден құралды. Ал Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губер наторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. 1897 жылы Жетісу облысы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
1886 және 1891 жылдары патша өкіметі Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы жаңа "Ережелер" қабылдады. Ол бойынша Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі әлемдік судьялар, болыстық соттар және Жоғары сот инстанциясы қалыптасты. Бұл реформалардың барлығы да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
Патша өкіметінің аграрлық саясатынын ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Ресейдің орталық аудандарында шаруалар толқулары тоқтамады. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс, Орталық және оңтүстік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне тірек жасамақ болды.
Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер" бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер бөлінді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына "керек-жарақтар алу үшін" ақшалай көмек берілді. Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде "Село тұрғындары мен мешандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы" арнаулы ереже бекітті.
Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі — Сібір темір жол комитеті болды. Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең еріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында жүргізілді.Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33 064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884—1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды.
Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді, Сібірден, Орта Азиядан, Польшадан, Кавказдан, Финляндиядан.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен бірге рухани-адамгершілік мүддесін де қысымға салды. Орыс шаруаларын қоныстандыру арқылы орыс миссионерлері қазақтарды бірте-бірте орыстандырып, шоқындырып, Мордва, Шуваш, Коми т.б. халықтары сияқты халге түсірмекші болды.
Достарыңызбен бөлісу: |