«Есілбай жалпы орта білім беру мектебі»кмм «Математикалық сауаттылық негіздері» курсының бағдарламасы



бет2/14
Дата19.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477999
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Танжанова М.К. авторлық бағдарлама

Бағдарламаның мақсаты:
  Оқушылардың математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру. Математиканы түрлі мәнмәтінде қолдану, тұжырымдау қабілеттерін дамыту.
Танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру (мәтінді есептер шығару, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар).

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін нығайту;

  2. Есептер шығару арқылы оқушылардың өмірлік тәжірибелерін байыту;

  3. Математиканың өмірдегі орнын түсіну үшін, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйрету;

  4. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.



Бағдарламаның өзектілігі:
  Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, логикалық тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.


Бағдарламадан күтілетін нәтиже:





Ұйымдастыру формалары:
Оқушылардың жеке қабілеттері, танымдық қызығушылықтарына қарай мақсат-міндеттерді ескере отырып анықталады:
- ойын түрінде оқыту;
- дамытушы ойындар;
- тақырыптық тапсырмалар;
- практикалық сабақтар;
- әңгіме;
- викторина.


Бағдарламаның құрылымы: Түсінік хат, бағдарламаның мазмұны, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi, қосымшадан тұрады.

Бағдарламаның мазмұны (34 сағат)
1 бөлім - «Математикалық сауаттылыққа кіріспе» - 4 сағат

  • Оқу сауаттылығы туралы түсінік (функционалдық сауаттылықтың мағынасын ашу).

  • Математикалық сауаттылық (логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар).

  • Жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, экономика т.б. пәндерімен байланыс)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет