Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
dissertation

ақиқатты зерттеу, зияткерлік әрекет, танымдық іс-әрекет, сөйлеу мен 
тілдің арасындағы қарама-қайшылық, белсенді процесс, мақсатты әрекет, 
жалпы және жанама көрініс, тілден бастау алатыны, тіл мен ойдың, ойлау 
мен сөйлеудің бірлігі, абсолюттік идея, белсенді процесс және т.б. қамтамасыз 
етілетіндігін көрсетеді (сурет 1).


24 
Сурет 1 – «Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымының философиялық мәні 
Философтар сөйлеу мен ойлаудың тығыз байланысын алға қойып
зерттеулерінде тұлғаның дүниені тануы мен пайымдауы тіл арқылы жүзеге 
асатындығы туралы пікірлері арқылы көрсетіп, ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыруды философиялық тұрғыда негіздеді. Сонымен қатар бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру 
педагогикалық-психологиялық негіздерге сүйенеді. Жұмысымызда бұдан әрі 
осы мәселелерге тоқталатын боламыз.
 
1.2 Ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесінің 
психологиялық-педагогикалық еңбектерде қарастырылу жайы 
Қандайда оқытудың тиімді әдістемесін жасау педагогика мен 
психологияның заңдылықтарына негізделетіні сөзсіз.
Барлық когнитивті процестердің арасында ойлау ең күрделісі болып 
есептеледі. Ойлау мен сөйлеу өзара тығыз байланысты, сонымен қатар оларды 
бір мағынада айтуға болмайды. Сондай-ақ, біреу екіншісінен шығады деп те 
айтуға болмайды, бірақ бір-бірімен байланысын жоққа шығармау керек. Ұғым 
проблемалары психологиялық мәселелер шеңберіне жатады, онда әртүрлі 
психологиялық функциялар мен сананың әр түрлі түрлерінің өзара байланысы 
туралы мәселе туындайды. Бұл мәселенің басты сәті, әрине, ойдың сөзге деген 
қатынасы туралы мәселе болып табылады [84,б. 602].
«Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдарының мәнін ашып, ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру 
мәселесінің 
психологиялық-педагогикалық 
еңбектерде қарастырылуы білім беру үдерісіндегі қажеттіліктен туындап отыр. 
Осы мәселе тұрғыдан алғанда зерттеуіміздің негізгі міндеті бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау ман сөйлеу ерекшеліктеріне, ғылыми көзқарастар мен 
ой-пікірлерге талдау жасау. 
Ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесін педагогикалық 
және психологиялық тұрғыдан талдаудан бұрын «ойлау», «сөйлеу», «дағды» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет