Ойлау дағдылары
Теориялық білімдерін қолдану
Болжам жасау
Талдау/ қорытындылау
Сәйкестендіру, ұқсасты құрастыру
Бұрын алған білімдерін жаңғырту
Себеп – салдарды зерделеу
Жалпы сұрақтар
Мысал келтіріңіз...
Егер .... болса, не болады?
... мықты/әлсіз тұстары қандай?
... неге ұқсайды?
....бұрын оқығанымызбен қалай
байланысты?
Сіздің ойыңызша,... себебі қандай
және неге?
31
Мұғалім сабақ барысында пәннің мазмұнына сәйкес ойлауды дамытуға
арналған сұрақтарды жаңартып, әркез қолданудың арқасында оқушылардың
ойлау деңгейлері жоғарылай түседі. Бұл жағдайға дағдыланған оқушы кез-
келген осы тараптан берілген сұрақтарды таныс емес кездейсоқ жағдайда
жүзеге асыра алады.
Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесін
зерттеген отандық (Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев,
Ж.И.Намазбаева) ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
М.Мұқановтың пайымдауынша, ойлау деп адамның сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап
сөзбен бейнелеуін айтады. Ой әдетте бір қалыпта болмай, бірінен соң бірі
үздіксіз еске келіп тұратын болғандықтан, процесс болып саналады. Демек ой
үдерісі ұғыммен тікелей байланысты [37,б. 58]. Әсіресе Ә.Алдамұратовтың
зерттеуінде ұғымдарды меңгерудің психологиялық негіздері жөніндегі айтқан
пікірлері баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға қатысты деп
тұжырымдаймыз [38,б. 85].
Қ.Жарықбаевтың ғылыми еңбегінде: «ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп,
бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар
жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту
мақсаттарына пайдаланды», - деп тұжырымдайды [39,б. 184]. Ғалымның
пікірінше, ойлау мен сөйлеу әртүрлі генетикалық негіздерде дамығанына
қарамастан, бұл екі үдеріс бірлікте болатынын автордың тұжырымынан
байқауға болады.
Ж.И.Намазбаеваның пікірінше, ойлауды психологиялық тұрғыда зерттеу
дегеніміз - оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін
ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып
ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін
дамытып отыруға баса мән береді [40,б. 174]. Демек, оқыту үдерісінде ойлау
дағдыларын қалыптастыруда талдау, жинақтау, салыстыру амалдарын
қолданудың қажеттілігі көрінеді.
Ендігі кезекте сөйлеу барысындағы ойлау амалдарының жүйесіне
тоқталайық. Оқушылар оқу үдерісінде оқу материалдарын ұғынуда талдау мен
жинақтау маңызды рөль атқарады. Өйткені ойлау әрқашан талдау мен жинақтау
үдерісінен басталады. Талдау - ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың
мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану. Ал, жинақтау - ой
арқылы зат пен құбылыстардың барлық элементтері біріктіріледі. Мәселен,
оқушы дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрап,
тілдің күрделі бірлігін жасайды. Сондай-ақ, оқушының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын дамытуға салыстыру амалы да маңызды рөль атқарады [145,б. 174].
Ойлау амалдарын қолдану мәселесін Б.А.Тұрғынбаеваның еңбегінен
байқауға болады. Ғалым шығармашылық сәттерге тілдік материалдарды талдау,
тілдік құбылыстарды салыстыру, топтастыру, қорытындылау деп түсінік береді
[80,б. 125]. Демек, бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту үшін
32
тілдік материалдарды талдау, жинақтау, нақтылау, салыстыру арқылы жаңа
нәтижеге жетуде шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы қажет деп
ойлаймыз.
А.С.Амированың еңбегінде: «бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық іс-әрекеті дегеніміз – алған білімін өздігінен толықтырып,
кеңейтетін, жоғары деңгейде ойлайтын, өзіндік идеясын жүзеге асыруда пікірі
мен тұжырымын дәлелдей білетін, саналы түрде рефлексивті әрекетке түсе
алатын, өзі үшін жаңа болып табылатын нәтижеге жете білу», - деген
анықтама берді [81,б. 120]. Ендеше ғалымның еңбегімен танысу барысында
біздің пікірімізше, оқушы әр түрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмаларды
орындауда өзіндік ой білдіруді, ой қорытындысын жасауды, шешім
қабылдауды үйренеді. Олай болса, шығармашылық тапсырмалар оқушылардың
ойлау мен сөйлеу дағдыларының қалыптасуына жол береді.
А.Т.Туралбаева өзінің ғылыми еңбегінде баланың дарындылық
мәселесіндегі зерттеуінде дарынды бала қабілетінің сипаттамасына: бай сөздік
қор, ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу, күрделі ойларды аулай білу,
талқылай білу, болжам жасау, ойлау мен әрекетте икемділік, ойлау
жылдамдығы, өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу
қабілеті, - деп талдау жасаған [82,б. 44]. Демек, дарынды баланың қабілетінде
сипатталған
көрсеткіштерді
дамыту
ойлау
мен
сөйлеу
дағдысын
қалыптастыруда маңызы зор. Яғни, бала дарындылығын дамыту ең алдымен
ойлау дағдыларын қалыптастыруды қажет етеді.
Өзге де шетел ғалымдары (Ф.Гюнеш, О.Куру, Курудаоглу, Озбай,
Л.М.Садику, Уоллис, В.Е.Стариба, Г.Дж.Уолберг) сөйлеу дағдысын дамыту
мәселесіне қызығушылық танытып, көптеген еңбектер арнаған. Солардың
ішінде атап өтетін зерттеу – Түркия ғалымы Ф. Гюнеш еңбектері.
Түрік ғалымы Ф.Гюнеш оқушылардың сөйлеу, ақыл-ой, сөйлеу кезінде
сөздердің таңдалуы жайында зерттеу жүргізе келе: «сөйлеу тікелей тыңдаумен
байланысты. Балалар алдымен қоршаған ортадағы адамдардан сөйлеуді
үйренеді. Содан кейін олар жеке күш салу және әлеуметтік қарым-қатынас
арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Оқушылар өз ойын білдіру, қарым-
қатынас жасау, білім алу және ақыл-ой құрылымдарын дамыту үшін сөйлеу
шеберлігінің пайдасын көреді. Сөйлеу - оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы,
талқылауы, бірлесіп шешім қабылдауы және проблемаларды шешудің маңызды
саласы болып табылады», - деп түсіндіреді [31,р. 117]. Автор сөйлеу
дағдыларын жетілдіру мақсатында проблемаларды шешу және сыныптағы
ынтымақтастық сияқты сөйлеуге негізделген оқу әрекеттеріне көбірек көңіл
аударады.
О.Куру 4-ші сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру
мәселесін зерттесе [32,р. 32], С.Серен және Г.А.Эмель көп салалы сыныпта
оқитын бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
мультфильмнің көмегімен жетілдіруге болатынын қарастырды [33,р. 32].
Л.М.Садику мақаласында «тіл көптеген мақсаттарға қызмет етеді. Тілдің
болмауы, бұл қарым-қатынастың болмауы. Тілдің төрт дағдысы ретінде белгілі
– айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым - тіл үйренудің кез-келген
33
мәселесінде маңызды рөл атқарады. Төрт дағды – бұл сізді үлкен биіктерге
жетелейтін тілдің шыңдары. Олар бір-бірінен бөлек, бірақ ажырамас
белгілермен байланысты» дей келе:
- оқылым – бұл қоршаған ортаны танудың қызықты тәсілі. Оқу кезінде
сансыз дәйексөздер мен мақал-мәтелдерді оқиды, оқудың арқасында көп білім
жинақтап, яғни, тілдік шеберлікті қалыптастырады. Лексикаға бай адам, жақсы
тыңдайды, сөздердің мағынасын түсінеді, мәтін жазу кезінде сөздік қорға ие.
Әр түрлі жазу стильдері мен жаңа сөз туралы хабардар болу үшін күніне
кемінде жарты сағат оқыған жөн. Сондықтан оқу әдетін қалыптастыру
қажеттілігі өте маңызды. Мықты шынайы әдет пайда болғаннан кейін дағдылар
автоматты түрде пайда болады;
- жазылым – бұл адамның интеллектуалды деңгейін көрсететін, жазбаша
мәтін арқылы ойларды дұрыс білдіру қабілетінде көрінетін шеберлік. Мәтін
құруда үш қадам: бірінші қадам, тақырыпты тауып, идеясын жүзеге асыруға
тырысамыз; екінші қадам, алғашқы жобамызды жазамыз; үшінші қадам, қайта
қарау, ол дегеніміз «қайтадан көру» дегенді білдіреді. Әр қадам бір-бірін
алмастырады, білім алушылар кем дегенде үш қадам болуы керек екенін түсінуі
керек;
- тыңдалым – бұл тілдің тағы бір қажеттілігі. Қоғамның кез-келген мүшесі
сияқты, тыңдау қабілеті де маңызды дағдылардың бірі болып табылады,
өйткені жақсы тыңдау қарым-қатынас процесінің ажырамас бөлігі болып
табылады. Жақсы тыңдаушы дайын және дыбысты сөздерге және олардың
контекстік мағынасына айналдыра алады. Содан кейін жақсы тыңдаушы
берілген
мәндерді
басқа
тәжірибелермен
байланыстырады
және
жауапкершілікті спикермен бөліседі. Академиялық тұрғыдан алғанда, тыңдау
дағдылары оқыту циклінде маңызды рөл атқарады. Білім алушы жақсы тыңдай
алатын кезде жақсы үйренеді. Тыңдаушының көзқарасы – бұл шеберлікке
жетудің тағы бір қадамы;
- айтылым – оқылған сөздер, жазылған идеялар және естілген ойлар болса
сөзбен жеткізе білу. Сіздің айтқаныңыз сіздің экспрессивтілігіңізді анықтайды.
Статистика көрсеткендей, адам сөйлеген кезде секундына бес буынды
қолданады, ал бұл қырықтан астам түрлі сөйлеу дыбыстары бар. Сондықтан
дұрыс айтылу, дикция және жақсы лексиканы қалыптастыру сіздің
басымдықтар тізіміңізде болуы керек, - деп тұжырым жасайды [34,р. 30-31].
Автор еңбегінде, оқу үдерісінде сөйлеудің оқылым, тыңдалым, айтылым,
жазылым дағдыларын қолданудың маңыздылығын көрсетті. Бұл тілдік
дағдыларды әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асырды,
яғни, бұл дағдылар жеке салалар ретінде ерекшеленбейді, олар сөйлеу
әрекетінің бірыңғай циклін құрайды.
Шетелдік ғалымдар Т.Уоллис, В.Е.Стариба және Г.Дж.Уолберг «Teaching
speaking, listening and writing» атты еңбегінде: «мектепте және өмірде оқушылар
тілдік дағдыларды талап ететін түрлі жағдайларға тап болады. Осы себепті
мектепте тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларды игеру
жетістікке жету үшін көмектеседі. Олар, мысалы, әр түрлі жазуды үйренуі
керек. Мұғалімдер кез-келген жазуға жалпы ұсыныстар бере алады, бірақ
34
өлеңдер мен эсселер сияқты жазудың белгілі бір түрлері арнайы сабақтарды
қажет етуі мүмкін. Жазбаша жұмыстарда оқушылар өз сезімдері мен
тәжірибелерін білдіре білуі керек, сонымен қатар өз зерттеулерінің нәтижелерін
дұрыс сипаттауы керек Әр формада қолданылатын жазба жұмыстары әдетте
егжей-тегжейлі дайындықты, жиі тәжірибені және оқушыларға олардың
жетістіктері туралы ақпарат беруді қажет етеді», - деп түсіндірді [35,р. 9].
Ғалымдардың пікірін түйіндейтін болсақ, тыңдалым, айтылым, оқылым,
жызылым – бұл оқу бағдарламасының барлық салаларында маңызды болып
табылатын қарым-қатынас дағдылары. Демек, тілдік дағдыларды дамыту оқу
бағдарламасында басты орынға ие болуы керек деп санаймыз.
Ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі, білім берудегі
оқыту сапасының нәтижелі болуына қолайлы жағдай туғызу үшін қажет.
Жоғарыдағы талданған еңбектердің нәтижесінде, ойлау мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру
мәселесінің
психологиялық-педагогикалық
тұрғыда
зерттелінуінің көпқырлылығы әдіснамалық маңызы бар тақырыптардың бірі
екенін көрсетті. Ойлау мен сөйлеу дағдылары жеке маңыздылығы бар және
субъектінің танымдық іс-әрекетінде көрінетін мақсаттарға бағытталған таным
қажеттіліктерінің пайда болуымен байланысты болады.
Бізге талдаулар нәтижесі көрсеткендей, ойлау мен сөйлеу дағдылары
психологиялық тұрғыда: тұлғаның танымдық процесі, шындықтың
Достарыңызбен бөлісу: |