Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
dissertation

жалпыланған және жанама түрдегі көрінісі, шығармашылық белсенділігінің 
жоғары нысаны, білімді интеллектуалдық тұрғыда қолдану, қорытынды 
шығару, когнитивті іс-әрекет, рефлекс жүйесі ретінде көрініс табады. Ал, 
педагогика ғылымында: қатысымдық әрекет, тілдік дағдылар (тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым), ұғым қалыптастыру, дағды икемділіктері, 
тілдік дағдыларды орынды қолдануда қарастырылады.
Қорыта айтқанда, оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру психологиялық, педагогикалық зерттеулерде орын алады. 
Зерттеу жұмысымыздың келесі тараушасында «пәнаралық байланыс», 
«ойлау мен сөйлеу дағдылары» ұғымдарының мәні мен құрылымын 
талдайтын боламыз. 
 
1.3 «Пәнаралық байланыс», «ойлау мен сөйлеу дағдылары» 
ұғымдарының мәні мен құрылымы 
«Пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» 
түсінігін нақтылауда «пәнаралық байланыс», «ойлау мен сөйлеу дағдылары» 
ұғымдарының мәні мен құрылымын айқындаймыз. Ол үшін ғылыми ілімдер, 
пікірлер мен тұжырымдарға талдау жасайтын боламыз.
«Пәнаралық байланыстар» терминін анықтауда жалпы зерттеушілер әр 
түрлі көзқараста болды, көбінесе бұл түсінікті, бірнеше мәнде түсіндіреді 
(оқыту жағдайында, жүйелік бөлігінің ұстанымында және құрамында, 
жүйесінде т.б.), бұның себебін біз әр ғылым саласындағы терминдерді жүйесіз 
пайдалануда деп есептемейміз, оны пәнаралық байланыстардың өзінің көп 
қызметтік сипатының нысанды түрде орын ала алмағандығынан деп санаймыз.


35 
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: «пәнаралық байланыс – тәрбие 
мен оқытуға кешенді көзқарасты көрсетеді, олар білім беру мазмұнының негізгі 
элементтерін де, пәндер арасындағы қатынасты да ажыратуға мүмкіндік береді. 
Пәнаралық байланыс білім алушылардың нақты білімін қалыптастырады, 
гносеологиялық мәселелерді ашып көрсетеді, онсыз ғылым негіздерін жүйелі 
түрде игеру мүмкін емес. Пәнаралық байланыс оқушыларды жалпы ғылыми 
сипаттағы танымдық әдістермен (абстракция, модельдеу, аналогия, жалпылау 
және т.б) жұмыс істеуге дағдыландырады», - деп анықтама берілген [100,с. 35].
Пәнаралық байланыстарды дидактикалық шарт деп түсіну кең таралған, 
ол тек қана оқушылардың білім жүйесін қамтамасыз етіп қоймай, оның 
танымдық қабілеттілігін, белсенділігін, мүдделерін, ойлау әрекетін 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, байланыстарды оқулық бағдарламалардың 
және пәндер бойынша оқулықтардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін құрал 
ретінде түсінетін тар әдістемелік түсінік орын алған.
Бұл түсініктің мағыналық мәнін жөнге келтіру пәнаралық байланыстардың 
да түрлерін жөнге келтіру сияқты тек жүйелілік амал негізінде ғана болады.
«Пәнаралық байланыстың» үш элементтен тұратын жүйесі бар (сурет 5). 
Сурет 5 – Пәнаралық байланыстың үш элементтен тұратын жүйесі 
Жалпы көптеген зерттеулерге сүйене келе, пәнаралық байланыста оқыту 
мәселесі оқыту үдерісінде оқушылардың білім жүйесін дамыту ретінде ғана 
емес, сондай-ақ білім беру жүйесінің сатылары ретінде қарастырылады. Олай 
болса, біз оқу үдерісіндегі білім сапасын арттыруда пәнаралық байланысқа 
басымдық береміз. Ендеше, «пәнаралық байланыс» ұғымының мәнін аша 
отырып, талдау жүргізейік. 
Оқушылардың білім беру жүйесін қалыптастыру және оқу үдерісінің 
тұтастығын қамтамасыз ету үшін оқу пәндері арасында байланыс орнатудың 
қаншалықты маңызды екенін Я.А.Коменский өзінің «Таңдаулы педагогикалық 
шығармалар» (Москва, 1954) атты еңбегінде: «...өзара байланыста 
болатындардың барлығы сондай байланыста оқытылуы тиіс» - деп көрсетті 
[41,с. 287].
Пәнаралық байланыс идеясын дамытуға ары қарай көптеген педагог, 
психолог ғалымдар (И.Г. Пестолоцци, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, В.Н. 
Максимова, И.Д. Зверев, М.М. Левина т.б.) үлес қосты. Олардың зерттеулерінде 
пәнаралық байланыстың мәні, оны жүзеге асыру жолдары, ортақ түсініктер, 
пәнаралық байланыстың қызметі, пәнаралық байланыстың психологиялық-
педагогикалық негіздері зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет