14
1
ПӘНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТА
БАСТАУЫШ
СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ОЙЛАУ
МЕН
СӨЙЛЕУ
ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың философиялық
генезисі
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындауда
«ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдары ең алдымен философиялық тұжырымдардан
бастау алатындығын айтуға болады.
Философия – бұл тек ойлау туралы ғылым ғана емес, онымен бірге дүниені
оймен ұғыну, ойдың тарихи белгілі бейнесі. Философия әр заманның өзіне
лайық өмір-салтына қарай түрлі бағыттарда өрістегенмен, оның ең басты
мәселесі – адам, адам болмысының өмірлік мәнді мәселелері болып келгені аян.
Сондықтан да адамның бүкіл өміртанымының өзегі, тіршілігінің тірегі
саналатын оқытуға қатысты кез-келген мәселенің негіздерін ашу үшін
философияға жүгіну қажет деп саналады. Әсіресе, адамның ойлау мен сөйлеу
дағдыларын жетілдіру, тұлғалық тәрбиелеу бағытындағы әрекеттерді дұрыс
бағыттау үшін де оның философиялық негіздерін айқындап алу шарт [68,б. 48].
Ендеше, «ойлау мен сөйлеу дағдылары» ұғымдарының мәні философиялық
болмысқа бағытталған тұжырымдарға тыңғылықты талдаулар мен логикалық
пайымдаулар жасағанда ашылмақ. Сондықтан біз, ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру жайындағы философиялық көзқарастарға тоқталуды
жөн деп санаймыз. Зерттеу мәселесі ойлау, сөйлеу, тіл ұғымдарын сөздік
анықтамалары мен ғылыми түсіндірмелерді қарастыруды талап етеді.
Философиялық сөздікте: «ойлау – объективтік дүниені ұғым, пікір, теория
мен т.б. формасында бейнелеудің белсенді процесі; бұл процесс белгілі бір
мәселелерді шешумен, шындықты жанама бейнелендіру тәсілдерімен және
оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады; айрықша түрде ұйымдасқан
материя – мидың жоғарғы жемісі», ал, «сөйлеу – адамдардың материалдық
өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл арқылы
болатын қарым-қатынас нысаны», - деп анықтама береді [83].
Зерттеу барысында философ ғалымдар сөйлеуді тілдік әрекет ретінде
қарастырады. Сөйлеу тіл арқылы қарым-қатынас жасайтын процесс. Тіл мен
сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты екі түрлі құбылыс. Философ
ғалымдардың зерттеулерін талдау барысында ойлау мен тілді байланыста
қарастырғанын байқадық. Сөйлеудің тілден айырмашылығы, тілдік құралдар
жүйесі емес, қатысымдық байланыстарды шешетін тілдік әрекет екенін
байқадық. Оның басты мақсаты тілдік бірліктерді зерттеу емес, тілдік
бірліктерді ақпараттық мазмұн құруда, ақпаратты мәтін түрінде беру және
сақтауда қолдану. Олай болса, тілдік әрекет ойлау әрекетімен бірге болады [84].
Адамзат философиясының тарихында алғаш рет ойлау процесін зерттеп,
оны бір жүйеге келтірген ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д.384-322)
«логика ақиқатты ұғыну, дәлелдеу туралы, оны тиянақтау, негіздеудің әдістері
жайлы ғылым. Ақиқат дегеніміз, оның пікірінше, ойдың шындыққа дәл сәйкес
15
келуі. Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ал, тіл деп
информацияны қалыптастыру, сақтау, тарату қызметін атқаратын кез келген
таңбалық ақпараттық жүйені айтады. Тіл – белгілі бір ойды білдіретін белгілер
жүйесі. Адам тілінің қалыптасуы ойлаудың қалыптасуымен бір мезгілде
болатын құбылыс. Ойлау тілмен тығыз байланысты. Тіл ойдың тікелей
шындығы болып табылады», - деп түсіндіреді [5,с. 68]. Шындығында адам ойы
тіл арқылы туындап, тіл арқылы жүзеге асырылады.
К.Энтони өзінің еңбегінде Аугистиннің тіл біліміндегі орнын талдап
көрсетті. Аугустин (б.з.д.354-430) өзінің бала күнінде тілді қалай үйренгені
туралы былай дейді: «Үлкендер қандай да бір заттың атын атап, соған қарап
сөйлеген кезде, мен де олардың әрқайсысын есімде сақтап отырдым. Сол затты
көрсеткен кездегі олардың дыбыстаған сөзі арқылы заттардың қалай аталатыны
түсінікті болды. Адамдар бір затты сұрағысы немесе алғысы келгенде қандай да
бір ишара, белгі, яки қимыл жасайды. Сол арқылы заттың атауы белгілі болады,
демек, кез келген халықтың табиғи тілі олардың бет-бейнесінен, ымдауынан,
түрлі дене қозғалыстарынан және дыбыстардан тұрады. Бірте-бірте осындай
белгілер арқылы сөздерді есімде сақтай бастадым және жиі естіген сөздерді әр
сөйлемдегі тұрған орнына сәйкес қайталап отырдым. Сол арқылы өзімнің
ойымды, қалауымды, тілегімді білдіруді үйрендім», - деп көрсетеді [6,б. 155].
Философ бұл үзіндіде, тілді үйренуде сөздің мағынасын түсінудің
маңыздылығын көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, латынтілді логиктердің көрнекті өкілдерінің бірі Боэциий
(б.з.д.480-524) логика мен тілдің тығыз байланысын көрсете алды. Ол:
«Логиканың барлық қыры сөйлеумен байланысты» десе, француз философы
логик-диалект Абеляр (1079-1142): «логика мен грамматика өзара тығыз
байланысты және логиканы лингвистиканың бір бөлігі (ars sermocinalis) деп
есептеді. Грамматика сияқты логика да сөздерді зерттейді, бірақ сөздер жай
ғана дыбыс (voces) ретінде емес, мағыналы (sermones) бірлік ретінде
қарастырылады. Дегенмен бізге дәлелді логика қажет болса, онда
грамматиканы бастауыш және баяндауыш сияқты маңызды сөз таптарынан
бастауымыз керек», - деп тұжырымдайды [6,б. 159]. Философтардың
тұжырымын талдау барысында, біз логиканы грамматиканың бір бөлігі екенін
құптай отырып, грамматика сөз арасындағы байланыстың бар екенін зерттесе,
ал логика сөз арасындағы байланысты дәлелдеу, ой қорыту арқылы ойлау
кеңістігінің көлемін кеңейту деп қарастырамыз.
Ұлы философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (870-950) «Философиялық
трактаттар» атты еңбегінде: «ойлаушы күшті алатын болсақ, басқа мүшелерде
оның өз түріндегі қоректендіруші немесе қызмет етуші күштері жоқ бәрінен
бұрын ол барлық басқа күштерге үстемдік жүргізеді, ал бұлар қиялдау күштері
бола ма, әр түрлі негізгі күштер бола ма, яғни ішінде үстемдік етушілері де,
бағыныштылары да бар күштер бола ма, бәрі бір. Ол (ойлаушы күш) қиялдау
күші мен сезімдік күш пен қоректендіргіш күш сияқты үстем күштерді билеп-
төстейді», - деп тұжырымдайды [7,б. 286]. Ұлы философ ойлаушы күшті басқа
күштермен салыстыра отырып, оның басымдылығын ерекше атап көрсетті.
16
Диалектикада кез-келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып
тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Ол терістеуді
терістеу заңдылығы болады. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу
белгілі бір зат пен құбылыстың қарама-қайшылықтарын ашу, олардың шешу
жолдарын анықтау, жаңа сапаның орын алуына мүмкіндік туғызу. Жалпы
алғанда, дамуға кедергі келтіретін компоненттер жойылады, оның орнына
жаңалары пайда болады [59,б. 19].
Сөйлеу әрекеттері және ойлау әрекеттерін әртүрлі жолмен топтастыруды
ұсынған А.Томас (1225-1274) болды. Тіл мен ой арасындағы байланыс
қаншалықты жақын? Әртүрлі интеллектуалдық іс-әрекеттер мен соған тиісті
сөйлеу актілерінің арасындағы байланыс қандай? Ол әр шешім сөйлем арқылы
беріле алады деп есептеді. Бұл әр шешім көпшілік алдында немесе жеке қиялда
сөз арқылы беріледі дегенді білдірмейді. Тіпті әрбір ой тіл арқылы жеткізіле
алатынына қарамастан, ойдың аз бөлігі ғана тіл туралы бола алады [6,б. 183].
«Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» француз тілінің ең әйгілі сөз
тіркесінің авторы Р.Декарт (1596-1650) «ойлау – адамның өмір сүретінін
дәлелдейтін талассыз іргелі факт» деп сендірді. Бұл – алдын-ала белгілі
жалғыз дәлел, әрі қарайғы пайымдаулардың бастапқы нүктесі. Осылайша
дүниедегі бүкіл болмыс өмір сүрудің адам түсінігіндегі ең қарапайым
формасы болып есептелетін ойлаудың бар болуына тәуелді», – деп түсіндірді
[8,б. 84-85]. Философтың бұл ойынан, біздің қабылдауымыздағы түсіну, қалау,
елестету, тіпті сезіну де ойлаумен бірдей екенін көрсетуге болады.
Танымал ағылшын философы Дж.Локк (1632-1704) «Адам ақыл-ой
парасаты туралы тәжірибе» еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным
теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі –
зерттеудің негізгі обьектісі. Сондықтан да ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін
зерттей отырып, оны қайда пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай
жолмен пайда болады? Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп
жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы әсер
етіп білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр [9,б. 90]. Ғалымның
ойынша, ақыл ойлау қабілетінің сатысы, ал ойлау процесінің қабілеті ақиқатты
зерттеуге бағытталған.
Г.Гегельдің (1770-1831) айтуынша, ойлау өзінің әдеттегі субъективті
мағынасында басқалармен қатар рухани іс-әрекеттің немесе сенсорлық
қабылдау, сезім, қиял және қалау және т.б. қабілеттің бірі. Ойлау адамдардың
бірлескен шығармашылығының барысындағы зияткерлік әрекеттерінің тұтас
жиынтығы
болып
табылады.
Жекелеген
адам
ұжымдық
рухтың
шығармашылығына, баршаға ортақ ойлаудың жұмысына, қоғамдық сананың
дамуында іске асатын, шын бар ойлаудың заңдарына сәйкес қатысады [10,с.
112].
Философтың идеясын негізге ала отырып, бастауыш сынып
оқушыларының
ойлау
әрекетін
ұжым,
сынып
болып
атқаратын
интеллектуалдық іс-әрекеттер арқылы дамытуға болады деген тұжырым
жасаймыз.
Л.Фейрбах (1804-1824) философиясы ойлауды дұрыс түсіндіруге қосылған
елеулі үлес болды, оның философиясында тұңғыш рет адам шындық
17
тұрғысынан қаралды, идеалды бейнелер жүйесі адамның шын жағдайының
әсерленген формасы екендігі көрсетілді. Жалпы ойлау дегеніміз, Фейрбахша
айтқанда, ақыл-оймен анықталған және шектелген іс-әрекет, қиялы шексіз: ол
мағынасыз орган, ол үшін заң да, шындық та жоқ адамдардың қиялы ғана [11,с.
12]. Философтың пікірінше, философияның негізі ойлау емес қиял болып
табылады.
В.Г.Афанасьев (1922-1994) адам санасының қалыптасуында тілдің, анық
сөздің үлкен маңызы болды. Адам іштей ойласын, ойларын естірте айтсын
немесе жазба түрде баяндасын, - бәрін де ол сөзбен бейнелейді. Ой тілдің
арқасында қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар білдірілетін,
қабылданатын болады. Тіл, жазба болмаса адамдардың көптеген ұрпақтарының
бағалы тәжірибесі түзсіз жоғалып, әрбір жаңа ұрпақ дүниені зерттеудің қиын
процесін жаңадан бастауға мәжбүр болар еді [12,б. 70]. Бұдан шығатын
қорытынды тіл мен жазбаның адам өміріндегі маңызы, адамның ойы тіл
арқылы шығатынын, тіл ой-сананы қалыптастыратын, ой-сананы жарыққа
шығаратын құрал ретінде қарастырды.
Ойлау мен сөйлеудің маңыздылығы туралы тұжырымдар қазақ
философиясының тарихынан бастау алғаны бәрімізге мәлім. Олай болса, қазақ
үшін «ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам»
деп саналады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға негіз болатын тұжырымдарды айқындауда
бабалар дәртүрі мен ұлттық философиялық білімдерді бағамдау қажет.
Ой мен тілдің бірлігіне қатысты ой тұжырымдар қазақ мақалдарында
айтылғандай, «Ойы байдың тілі бай», «Тіл – асыл ойдың бұлағы» деген
тұжырымдар болуға тиіс. Өйткені дәл осы ойлар тіл мен ойды дамытудың
философиялық бағытымен сәйкес келеді. Олай болса, тіл мен ойды бір-бірімен
бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас құрылым болып саналады.
Ой тіл арқылы жарыққа шығады. Оқушылардың ойлау мен сөйлеу
дағдыларын дамытуда тіл сабақтарында қалыптасқан білім, білік, дағды ықпал
етеді. Бұл даму тіл пәнінде игерілетін тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым
дағдылары арқылы оқушының ойлауын дамыта отырып, қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ондай деңгейге көтерілу үшін
оқушының тілді дамытуға деген саналы көзқарасы бала кезінен сезілуі шарт.
Оқушы өз пікірін білдіріп, ойын тұжырымдай алған да ғана тілге деген танымы
айқындала бастайды. Бұл танымды қалыптастыруда оқушы тілді әртүрлі
қырынан қарастыруға болатын феномен ретінде тани бастағанда ғана
оқушының тіл жайындағы пайымдаулары пайда болады.
Демек, таным теориясы адам болмысымен, яғни, дүние туралы
пайымдауы – философиямен, санасы – психологиямен, сөйлеу тілі –
лингвистикамен байланысатын күрделі құбылыс. Таным барысында адам
қоршаған ортаны игеріп, ол туралы білімі тереңдей түседі. Таным арқылы
дүниетанымы қалыптасады. Әлеуметтік түсіндірме сөздігі бойынша
«дүниетаным» ұғымына былай анықтама берілген: «дүниетаным дегеніміз –
адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның
жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам
18
мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып қоршаған ортамен қатынас
қалыптастырудағы негізгі өлшем». Тақырыбымыз тұрғысынан талдайтын
болсақ, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруда тіл
мен ойдың адамзат өміріндегі маңызы мен мәнін түсінуінен, қоршаған ортамен
қарым-қатынас қалыптастырудың және тұлғаның дамуына әсер ететін құрал
ретінде танылады. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының дүниенатымын
қалыптастыру ойлау мен сөйлеудің тек теориялық білімдері мен танымдық
көзқарастарын жүйелеп берумен шектелмейді. Өйткені, дүниетаным адамның
өзіне деген қажеттіліктерін, қоршаған орта туралы білімді, сонымен қатар
болып жатқан нәрсені және адам мен қоршаған орта арасындағы байланыс
қалай жүзеге асатынын, адамның ортада қандай орын алатынын бағалауды
қамтиды [85].
Қазақ
дүниетанымының
ерекшеліктері
туралы
М.С.Орынбеков:
«философиялық тұрғыдан алғанда дүниетаным барлық уақытта адам өмірінің
орнықты негіздерін анықтауға, әлемдік тәртіптің жалпы байланыстарын
жіктеуге, адам болмысының абсалюттік шекараларын айқындап, пайымдауға
бағытталған», - деп түсіндіреді [86].
Қазақтың ғұлама философы, бас ақыны Абайдың қарасөздері адамның
дүниетанымын көзбен және сөзбен тану мәселесіне назар аудартады. Абайдың
он тоғызыншы қара сөзінде: «Ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден естіп білген жақсы
нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонды іске жарайды, сонда адам
десе болады» - деп тұжырым жасаған [13,б. 31]. Философ ақынның пікірінше,
адамның есті болуы, ішкі рухани қазынасының молығуы тікелей өзіне
байланысты екенін байқатты. Ақыл, сана күнделікті өмір тәжірибе барысында
қалыптасатынын көрсетті.
Қазақ халқының дүниетанымында ойлау мен сөйлеудің бірлігіне қатысты
тұжырымдар үлкен мәнге ие. Мысалы: «Ми ойлағанды тіл тындырады», «Тіл-
асыл ойдың бұлағы», «Сөз – сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады» деп
ойдың жарыққа шығуына тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі
үшін қарым-қатынастың да соншалықты маңызды екенін пайымдатады. Ол
жайында А.Салқынбай тіл ойдың нақты көрінісі болғандықтан, ойдың
жарыққа шығып іске асырылуы үшін тілдік материалдарға негізделуі
қажет. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер, мәтін
арқылы көрініс табады деп есептейді [87]. Бұл әрине тіл мен ойдың
байланысын көрсетеді. Сонымен қатар халық дүниетанымы оны «Ойдағыны тіл
айтады», «Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл
жетілу қатар жүреді» деп ойдың шығуына тілдің маңыздылығын көрсетеді.
Бұл жерде А.Байтұрсыновтың тамаша сөздерін мысалға келтірген жөн:
«Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығара да
алмайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазынасында қайнап,
пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» бұл тілді безеп,
жолға, жөнге салып өсіреді... Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп, ел аузындағы
19
тіл алынбаса, ол тіл адасып кетпек. Оған жұмбақ, мақал-мәтелдер, ертегі,
аңыздар жатады», - дейді [14,б. 407]. Ғалымның еңбегінен, қазақтың тілі жазба
мәдениеттің жетекші құралы екенін, тіл мен ойлау әлеуметтік кеңістіктің
маңызды мәселесін шешуде өзара байланысатынын баса көрсетеді.
Сонымен бірге, Ж.Баласағұн оқу процесінде сөз әдебінің, ойды көркем әрі
тұжырымды жеткізе білу шеберлігінің айқын мысалы бола алатын нақты
үлгілерін көрсетті. Сондықтан жоғары сыныпта ғана емес, жалпы мектепте
оқытылатын қазақ тілі сабақтарының оқу материалдарында ғалымның даналық
ойлары мол беріліп отырылады. Себебі Ж.Баласағұн шығармаларында халық
фольклорының мүмкіндіктері жазба тіл мәдениетімен шебер қиюласқан. Бұл да
оқушылардың өз қорындағы түрлі аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, өлең-
жырларды сөз арқауымен сабақтастыра өруіне үлгі етіп пайдалануына айқын
жол бола алады [15,б. 130].
Алайда, ойлауды өркендету жолдарын М.Жұмабаев: «ойлау - жанның өте
бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен, басқыштап, іс істеу керек. Өркендету
жолдары мыналар: біріншіден, баланың жанында дұрыс әсерленулер hәм ашық
суреттеулердің көп болуын қамтамасыз ету керек; екіншіден, бала заттарды,
көріністерді ұқсас белгілері бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін; үшіншіден,
бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды тауып, олардың қайсысы
қайсысына себеп екенін біліп үйрену керек», - деп бөлді [16,б. 113].
М.Жұмабаевтың пікірін түйіндейтін болсақ, бала сыртқы сезім құралдары
арқылы әсер алып, әсер арқылы заттың өзін суреттеп, және суреттерден жаңа
бір сурет жасап, оймен саралап, олардан ұғым, ұғымнан қиял жасайды.
Кез-келген халықтың тілінде ойлау мәдениетінің көріну дәрежесі
шеберлікпен бөлініп қойылған: ақыл мен парасат («парасатсыз ақыл –
бақытсыздық»), даналықпен ойлау және данасыну, данасу («ақылгөйсіп кету»);
тауып айту және ақылсыну, ақылдымсу; тапқыр ойлы, айлакер («айлакер
Одиссей») немесе кеще болу (дөрекі, ебедейсіз ойлау), т.б. Сонымен бірге
кейде: «Қанша бас болса сонша ақыл» деп те айтады [88]. Олай болса, ақыл,
данышпан, парасат ұғымдарын қорытындылайтын болсақ, адам ойлауының бұл
сипаттамаларынан бірдей анықтама беруге болатындай біреуін бөліп
қарастыруға болмайтындығына көз жеткіземіз.
Осы тұрғыдан Әл-Фараби мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі
табиғи қабілеттің бірі - ой парасатын бөле қарастырады. Адам бойындағы сол
үш қасиеттің үшіншісі адамның ойлау қабілетін дамытудың басты құралы сөз
болғандықтан, тіл мен ойдың, ойлау мен сөйлеудің бірлігіне бағытталған оқыту
жүйесін дұрыс таңдаумен сабақтасып жатыр. Ал сөз мәдениетіне қатысты
материалдардың кез келгені осы қабілеттерді шыңдауға, жетілдіруге, шынайы
тілдік қарым-қатынас барысында тіл дамыту, тіл ұстарту, шығармашылық
жұмыстар арқылы әрі оқушыны ойландыруды, әрі сөйлеу әрекетіне
төселдендіруді көздейді [7,б. 133].
Адам мен адамды, қазіргі мен болашақты байланыстыратын, адамның
ойын жеткізетін, білімді жинақтайтын құрал – тіл. Тіл арқылы мәдениеттің
өркендеуі туралы мәлімет аласын. Халықтың тілін зерттеу арқылы мәдениетін,
20
табиғатын, өмір сүрген кезең мен қоғамды танып білуге болады. Демек,
қазақтың сөздік қоры бай, мағынасы мен мазмұны терең, өміршең тілін зерттеу
арқылы ұлтымыздың этнос ретінде ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Г.Нұрышева адам болмысының дамуында тілдің рөлін былайша
түсіндіреді: «Адамдардың қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоққа шығаруға
болмас, бірақ адамның қоғамдық тіршілік етуші ретінде нағыз мәні
басқалармен араласуда екендігі, ал бұл функцияны негізінен тіл атқаратыны
шындық. Тілдің интериндивидуалдық деп аталатын бұл функцияның маңызы
зор, себебі жеке адам тіл арқылы басқа адамды түсіне алады, өз кезегінде оған
өзінің ойын жеткізеді, онымен араласып, сыр алмасады, яғни, өзін қоғамдық
тіршілік етуші ретінде қалыптастырады. Адам болмысының өзі үнемі дамып,
өзгеріп және жаңарып отыратын араласу үрдісі, ол адамның мәндік ерекшелігі.
Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық
жағдайда толық ашуды, көрсете алуы мүмкін емес. Адам болмысы оның өзіндік
«Менінің» «Басқамен» үздіксіз жүріп отыратын вербальдық диалогында ғана
айқындалады [17,б. 255]. Ғалымның тұжырымын талдай келе, адамдар сөйлеу
арқылы қарым-қатынас жасағаннан кейін ғана сөз бен ойдың мағынасы мен
бірлігі айқындалады. Адамдар арасындағы түсінік - пікір алысу, қорытынды
жасау, пайымдау арқылы қалыптасып, өзара келісімге келеді. Сондықтан да,
диалогтік, полиглоттік сипаттағы жұптық, топтық тапсырмаларды орындау
оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді
деп ойлаймыз.
Қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеген ғалым
О.А.Сегізбаев қазақтардың ой қызметінің алғашқы кезеңдерінде дүние мен оны
түсіну туралы информацияны жинап, сақтайтын және жалғастыратын
коммуникативті функцияны атқарған модельдік-бейнелеу мен символдық-
белгілік жүйелердің орнын басқан вербальды-дискурсивты ойлау орта
ғасырларда қалыптасқанын айтып, «енді басты рөльді халықтың ауызекі тілі
атқара бастады. Вербальды-дискурсивті дамудың негізгі құралы – «тіл,
дыбыстық сөз» деп атап көрсетеді. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің
функциясымен шектелмей, дискурсивті, яғни, пайымдық, пкірталастық сипатта
болды. Дискурс ұғымын ең алғаш рет неміс философы Юрген Хабермас ХХ
ғасырдың 70 жылдары енгізді. Батыс философиясында кеңінен қолданылып
жүрген бұл ұғымды қазақ халқының сөз өнерінің ерекшеліктерін талдау ісіне де
пайдалануға болатын секілді. Хабермастың ойынша, адам қоғамы осы қоғамда
өмір сүріп отырған адамдардың бір-бірімен араласуы мен өзара, бірлесіп әрекет
жасауы үшін жаралған, индивидтің қалыптасуы да осы араласуға тікелей
байланысты [17,б. 254]. Автор тілге негізделген қарым-қатынасты еңбектен де
жоғары қойып, ерекше бағалап, біріншіден, дискурспен толықтыру қажет,
екіншіден, дискурс арқылы адамдар арасында түсінік пайда болады деп
пайымдайды. Өйткені, тіл адамның қарым-қатынас жасауының қызметін
атқаратын нағыз құралы.
А.В.Птушенко «Культура речи – культура мышления» деген еңбегінде:
«Культура речи: норма и выразительность. Ее компоненты: мировоззрение,
логическая культура, психологическая культура, коммуникационная культура,
21
лексика, стилистика, грамматика, фонетика, художественные средства», - деді
[89]. Автор оқушының мәдениетті сөйлеуге үйрететін көрсеткіштерін нақтылай
түсіп, оқушының сөйлеу дағдыларын дамытудың шешімі ретінде
дүниетанымының дамуы мен логикалық, психологиялық және қарым-қатынас
мәдениетінің бірлікте жасалатынын тұжырымдайды. Сондықтан бастауыш
сынып оқушыларының сөйлеу мен ойлау дағдыларын қалыптастырудағы басты
талабы олардың дүниетанымы мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
арқылы жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырумен сабақтас қаралуы шарт.
Демек, оқушының ойы мен тілін дамытуда оқу үдерісінде ұсынылатын пәндік
мәтіндер, диадактикалық тапсырмалар, танымдық жаттығулар бір мақсатқа
бағытталады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруда даналық сөздердің мағынасын ашып, тәрбиелік
мәнін сипаттап түсіндірудің маңызы зор. Мұндай тапсырмалар оқушыны
ойландыру, сөздік қорын байыту, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Шындығында
тілдің, сөздің қадірі мен құдыретіне қатысты тұжырымдардың қазақтың
шығармаларында берілуі тіл мен сөздің рөлін анықтауға мүміндік береді.
Мысалы, оқушылар Бөлтірік шешеннің «Сөз мәнісі» атты өлеңімен таныса
отырып, ондағы философиялық тұжырымдарды талдауға үйретудің маңызы
зор. Бөлтірік шешен:
Сөз мәнісін білмеген –
Ел мәнісін білмейді.
Ел мәнісін білмеген –
Жер мәнісін білмейді [90], – десе, Нұржан Наушабаевтың «Тақпақ» деп
аталатын өлең жолдарында:
Білмей шалқып сөйлеуден
Сөйлемей тұру бес артық.
Байлауы жоқ шешеннен
Үндемеген есті артық [15,б. 151], - деп сөз қадірін айта кетті. Сондықтан да
халқымыздың сөз байлығын, сөз бейнелігін, ой қуаттылығын көрсететін
сөздердің мағынасын, мазмұнын ашатын танымдық тапсырмалардың берілуі
оқушының ойы мен тілін дамытуға негіз болады. Мұндай ұлттық таным
аясындағы қамтылған тапсырмалар сөздің рөлі мен орнын тануға мүмкіндік
береді.
Философия тарихы көрсетіп отырғандай, түрлі философиялық бағыттар
ойлау мен тілдің табиғатының белгілі бір түсінігін ұсынып қана қойған жоқ,
сонымен бірге ойлау мен сөйлеу дағдылары мен оны дамытудың түсініктерін де
қалыптастырды.
Олай болса, «ойлау» және «сөйлеу» ұғымдарына философиялық тұрғыда
анықтама берген ғалымдардың пікірлеріне контент-талдауды ұсынамыз (кесте
1).
22
Кесте 1 – «Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдарына берілген философиялық
анықтамалардың контент-талдауы
Автор, алынған
әдебиеттер көзі
Философиялық анықтама
Негізгі
комментарий
1
2
3
Реферовская
Е.А.
Философия
лингвистики Гюстава
Гийома.
Санк-
Петербург, 1667. – 128
с.
Сөйлеу әрекеті – адамның санасында
мұраланған толық құрылыстың бір түрі
ретінде пайда болатын тілден басталады
және одан әрі оның нәтижесі болып
табылатын сөйлеудің пайда болуына дейін
дамиды [91].
тілден басталады
Грицанов
А.А.
Новейший
философский словарь.
Минск, 1999. - 896 с.
Ойлау – сананың жұмыс істеуінің
процесуалдық сипатын (танымдық іс-
әрекетті) білдіретін категория-философия
пайда
болған
сәттен
бастап оның
құрылымында
кездесетін
дәстүрлі
философиялық пән [92].
танымдық іс-әрекет
Қазақ
халқының
философиялық мұрасы.
Таным
теориясы.
Жиырма томдық. 18-
том. Астана: Аударма,
2006. – 504 б.
Ойлау – тікелей пайымдау арқылы
алынған
мәліметтерді
құрастырып
түрлендіруді қамтитын мақсатты әрекеттің
күрделі үдерісі болып табылады [93].
мақсатты әрекет
Бибихан В.В. Язык
философии.
Издание
третье,
стереотипное.
Санк-Петербург, 2007.
– 394 с.
Ойдың қаруы бар. Оның құралы – тіл,
сөйлеу, сөз. Тіл оны қалыптастыру үшін
оймен жұмыс істемейтін сияқты, бірақ ой
оны құрал ретінде пайдаланады [94].
тіл + сөйлеу + сөз
Амринова
М.С.
Философиялық сөздік.
Өскемен, 2012. – 167 б.
Ойлау – объективтік дүниедегі ұғым, пікір,
теория және т.б. формасында бейнелеудің
белсенді процесі; бұл процесс белгілі бір
мәселелерді шешумен, шындықты жанама
бейнелендіру тәсілдерімен және оларды
жалпылаумен байланысты жүзеге асады
[95].
ұғым+пікір+теория,
белсенді процесс,
жанама,
жалпылама
бейнелендіру
Әбдіғалиева
Г.Қ.,
Қаңтарбаева
Ж.О.
Философия
тарихы.
Алматы, 2013. – 221 б.
Ойлау жүйесі – абсолюттік идея, яғни
қарама-қайшылықтардың қатынасы мен
олардың қосындысы, мәнділіктің иесі [96].
абсолюттік идея
Иманқұл И., Бөрібай
Т.Қ. Іліми философия.
Алматы, 2014. – 364 б.
Ойлау – практика барысында шындықты
тікелей,
жалпылай
және
жанамалай
бейелеудің белсенді процесі [97].
белсенді процесс
Турысжанова
Р.К.
Основы
философии:
учебное пособие (2-е
издание).
Караганда,
2014. – 250 с.
Ойлау – бұл сананың танымдық іс-
әрекетінің белсенді процесі. Ол объективті
қызметпен
тікелей
байланысы
жоқ
деңгейде әрекет етеді. Бұл адамның
санасында
шындықтың
маңызды
қасиеттері мен қатынастарының мақсатты,
жанама және жалпыланған көрінісі [98].
белсенді процесс,
жанама
және
жалпыланған
көрініс
23
1 – кестенің жалғасы
1
2
3
Иманқұл Н., Иманқұл
Ж.
Қазақия
философиясы. Астана,
2018. – 448 б.
Ойлау
(категориялар)
–
заңдылық
қызметінің идеалдық формасы [99].
идеалдық форма
Декарт Р.
Ниеттену, тілеу, ойша сипаттауға сезіну,
осының бәрі – ойлау деген сөз [8,б. 57].
ниеттену + тілеу
+сезіну
Дидро Д.
Ойлау – бұл куәгердің айғақтарын
салыстыратын және түпкілікті қорытынды
шығаратын судья [8,б. 82].
қорытынды
шығаратын судья
Кестеде ойлау мен сөйлеуге берілген анықтамалардың негізінде бастауыш
сынып оқушы болмысының, оның мәдениетінің жоғары деңгейде көрініс
табуымен сипатталатын үрдіс деп білеміз.
Философтар тұлғаны түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын,
идеясын, білімін түсіну қажет деп санайды. Қазіргі таңда ойлау мен сөйлеу
ұғымдарын танымның, мәдениеттің, қоғамның байланысы деп қарастырамыз.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру философиялық көзқарасқа негізделіп жүргізіледі. Ойлау мен
сөйлеу ұғымдарының мәнін тереңінен түсінген философ ғалымдардың ой-
тұжырымдарын талдау бүгінгі бастауыш сынып оқушы тұлғасының дамуына
елеулі үлес болып қосылады. Философтар ойлау мен сөйлеудің табиғатын
түсіндіру барысында тіл мен ойдың байланысын, қарым-қатынастың ойлаумен
байланысын, сөздің тілден көрініс тауып ой арқылы жарыққа шығуын қамтып,
зерттеулеріне арқау еткенін көреміз.
Жоғарыдағы талдаулар көрсеткендей, ойлау мен сөйлеу ұғымы көне
замандардан бері зерттеліп келеді, ойлау мен сөйлеудің байланысын, тілді
үйренудегі сөздің мағынасы, логика мен грамматиканың байланысы, ойлаушы
күштің басымдылығы және т.б. тұжырымдар қарастырған.
Қорыта келгенде, философия тарихын зерттеу барысында, ойлау мен
сөйлеу ұғымдарының түпкі категорияларының философиялық бағыты логика,
Достарыңызбен бөлісу: |