Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет19/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
dissertation

құрылымын: танымдық компонент (жаңа материалдарды түсіндіруде де және 


46 
қайталауда да басқа пәндердегі алған білімдерге сүйену), мазмұндық 
компонент (бірнеше пәндердің арасындағы бірізділікте оқыту үшін пәндерді 
жақындату, бірқатар пәндер үшін жалпы болатын ғылыми идеялар мен 
танымдық шеберлікті байланысты түрде дамыту), әдістемелік компонент (әр 
түрлі ғылымдар арасындағы байланыстарды қамту қабілеттілігіне орай, мектеп 
оқулық пәндердің бөлімдері мен оқытуды деңгейлеп жүргізілуі, олардың 
мазмұндық байланысын орнатуда әдіс-тәсілдерді қолдану) деп қарастырамыз. 
Пәнаралық байланыс ұғымының компоненттік құрылымы 9-суретте 
берілді.
Сурет 9 - Пәнаралық байланыс ұғымының компоненттік құрылымы 
Ендігі кезекте, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру түсінігінің келесі категориясы «ойлау мен сөйлеу дағдылары» 
ұғымы болады.
Біз, 1.1, 1.2 бөлімшеде ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
философиялық, психологиялық, педагогикалық категориясын анықтадық: 
- ойлау мен сөйлеу ұғымдарының түпкі категорияларының философиялық 
бағыты: логикадан бастау алатыны, логика грамматиканың бір бөлігі ретінде, 
танымдық іс-әрекет, белсенді процесс, мақсатты әрекет, жалпы және жанама 
көрініс, тілден бастау алатыны, тіл мен ойдың, ойлау мен сөйлеудің бірлігі 
және т.б. түсініктермен қамтамасыз етілген; 
- ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық бағыты: 
тұлғаның танымдық процесі, шындықтың жалпыланған және жанама түрдегі 
көрінісі, 
шығармашылық 
белсенділігінің 
жоғары 
нысаны, 
білімді 
интеллектуалдық тұрғыда қолдану, қорытынды шығару, когнитивті іс-әрекет, 
рефлекс жүйесі ретінде көрініс табады. 
- ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық бағыты: 
қатысымдық әрекет, тілдік дағдылар (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), 
К
О
МПО
Н
ЕН
Т
ТАНЫМДЫҚ
пәндік білім 
жиынтығы
ескіні жою, жаңаны 
туындату 
МАЗМҰНДЫҚ
мазмұнына сәйкес 
келетін элементтер 
тобы 
пәндік ортақ 
түсініктерді меңгеру 
ӘДІСТЕМЕЛІК
түрлі ғылымдар 
бойынша байланыс 
деңгейі 
әдіс-тәсілдерді 
қолдану


47 
ұғым қалыптастыру, дағды икемділіктері, тілдік дағдыларды орынды қолдануда 
қарастырылады.  
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдылары білім 
берудің барлық деңгейлерінде өз алдына дербес мәселе ретінде үнемі 
жетілдіруді, дамуды, меңгеруді қажет етеді. Ендеше біз, «ойлау мен сөйлеу 
дағдылары» ұғымының әдіскер ғалымдардың теориялық талдаулардағы 
сипаттамаларын ұсынамыз.
Ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сатыларын әдіскер ғалымдар 
әр түрлі жолдармен көрсетеді. Мәселен, бастауыш сыныпта тіл дамыту 
әдістемесінің негізін салған С.Рахметова ойлау сөйлеуден әлде қайда кең 
екенін, бақылау, байқау және басқа да әрекеттер кезінде ойлау күрделене 
түсетінін және тілдің дамуының өзі ой дамуына жағдай жасайтынын көрсетті. 
Ғалымның пікірінен, баланың меңгерген жаңа сөздері шындықтағы мәнді 
білдіруге тиіс. Мұның өзі ойлау мен сөйлеуді қамтамасыз етеді [67,б. 92]. 
Алайда оқушыда жаңа сөздер туралы ұғым қалыптаспаса ол сөздер жай ғана 
дәні жоқ қауыз сияқты бала ойында меңгеріледі. Демек, мұнда тіл қызмет 
атқарады, ал ой қызметсіз қалады. Оқушының ойлауын дамытуда ұғым 
маңызды рөль атақарады. Әдіскер ғалым «ұғымда шындықтағы заттар мен 
құбылыстардың жалпы және негізгі белгілері бейнеленеді. Бұл белгілер ұғымда 
жалпыланады, сондықтан кез келген ұғым – жалпылай алудың нәтижесі» [67,б. 
22], - деп анықтама бере отырып, бастауыш сынып оқушысы жалпылау арқылы 
құбылыстардың сыртқы ұқсастықтарына мән береді. Мысалы, «жаңбыр», «үй», 
«қалам» ұғымдарын түсіндіргенде «жаңбыр жауды», «үйге кел», «қаламды ал» 
деп заттың сыртқы белгілерін келтіріп, ішкі белгілеріне мән берілмейді. Олай 
болса, заттың ішкі белгілерін анықтауда оқушылардың ойлауын дамыту 
қажеттілігі туындайды.
А.Жапбаров қазақ тілін оқыту үдерісінде мектеп оқушыларының ойлау 
және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесін арнайы ғылыми зерттеу 
деңгейінде қарастырды. Ғалым оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу 
дағдыларын, қазақ тілін пәнаралық байланыста оқыту арқылы оқушылардың 
тілін дамытудың ғылыми әдістемелік негіздерін, қазақ тілін дамыта оқытудың 
логикалық амал-тәсілдерін зерттеді [68,б. 89].
Г.И.Уәйісованың зерттеуінде: «сөз мағыналарының сырлары, оларды 
мағыналық реңктеріне сәйкес талғап қолдану шеберлігін адам бірте-бірте 
меңгереді. Сондықтан оқушыларға өз беттерімен іздену дағдысын 
қалытастырудың маңызы зор. Оқушыларды сөздіктермен жұмыс істей білуге 
ерте бастан баулу – оларға лексикалық ұғымдар мен дағдыларды жақсы 
меңгертудің кепілі болып табылады, - деп көрсетті [69,б. 191]. Ғалымның 
пікірінен, лексикалық дағдылар мен ұғымдарды қалыптастыруда оқушылардың 
сөздік қорын байыту, көп мағыналы сөздер туралы хабар беру, тұрақты 
тіркестердің дұрыс қолдану сияқты бағыттарын көруге болады. Біз ғалымның 
құнды пікірін оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда басшылыққа 
алу қажет деп санаймыз.
А.Е.Жұмабаева қазақ тілі сабақтарында синтаксис материалдарын оқыту 
барысында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту 


48 
жолдарын анықтап, оны жүйелі түрде қарастырып, логикалық ойлау 
операцияларын қалыптастыру жолдарын төмендегідей: 
1) заттардың, сөздердің қасиеттерін сипаттау;
2) берілген қасиеттерге сай заттарды тану;
3) заттардың, сөздердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау;
4) заттардың мәнді қасиеттерін белгілеу;
5) заттарды, сөздерді өзара салыстыра білуге үйрету;
6) заттарды, сөздерді топтау;
7) оқиғаның тізбектілігін анықтау;
8) қарама-қарсы құбылыстар жайлы пайымдау;
9) әр түрлі ұғымдарға анықтама беру», - деп тізбектеді. Бұл пікір бойынша, 
логикалық амал-тәсілдерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының 
теориялық ойлауын дамытуға негіз болатыны сөзсіз [70,б. 160]. Бастауыш 
сынып оқушысы 1-сыныпта сөйлеммен танысу үстінде логикалық амал-
тәсілдерді (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, нақтылау) қолданса; 2-
сыныпта мәтіндегі сөйлемдерді талдап, білімін тәжірибеде қолданады; 3-
сыныпта өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей алады; 4-сыныпта «тұжырымға 
сүйен», «пайымда», «ұғымдар байланысын анықта» сияқты сөздер 
пайдаланады. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын дамыту 
ерте кезден бастау алғаны жөн деп санаймыз. 
Ғалым Ұ.Молдабек ойлау мен сөйлеудің бірлігін былай түйіндейді: 
«Баланың ой-әрекетімен ашылған заңдылық, байланыс, тілдік қатынастар тілдің 
сөздік және грамматикалық формаларында өмір сүреді. Ол танымның жоғары 
сапасы ретінде де, үдеріс ретінде де ойлау мен сөйлеудің бірлігінен туындайды. 
Осы бірліктің, тұтастықтың нәтижесінде жүзеге асатын тіл дамыту, ой дамыту 
болып табылады. Ой дамыту сөйлеу әрекетін туғызады, нәтижесінде тілдік 
қатысым жүзеге асады» - деген қорытынды жасаған [71,б. 265]. Ғалымның бұл 
қорытындысынан біз, оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілеттерін арттырып, 
қоршаған ортаны тану тілдік қатысым арқылы іске асырылатынын айта 
кеткеніміз жөн. Тілдік қатысым барысында оқушының ойлау әрекеті талдау, 
жинақтау, нақтылау арқылы жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларына 
тілдік қатынасты меңгертуде ойлаудың амал-тәсілдерін ескеру керек. Бұл амал-
тәсілер арқылы игерілген білім ой қорытынды жасауға негіз болатыны сөзсіз. 
Ғалым бұған қоса есімді сөз тіркестері мен етістікті сөз тіркестерін оқытуда 
пәнаралық байланыстың рөлін және математика, дүниетану пәндерін қазақ тілі 
пәндерімен байланыста оқытудың тиімділігін көрсетті.
Ғалым Н.М.Сламбекова «шағын комплектілі бастауыш сыныпта жазбаша 
шығармашылыққа негізделген тіл дамыту – оқушыларды шығармашылыққа 
әрекетке ынталандыра отырып, қиялына, сезіміне ерік бере отырып, өз 
туындысын түрлі сипаттағы мәтіндерді түзу заңдылықтары туралы жүйелі әрі 
қарапайым теориялық, іс жүзілік тұрғыда алған білімі мен мәнді мағыналық, 
грамматикалық, композициялық және стильдік жағынан дұрыс құрастыра білу 
біліктілігіне сүйену арқасында жарыққа шығара білуге үйрету», - дей келе 
[72,б. 70], тіл дамыту жұмысына ертегі құрастыру, өлең-жаңылтпаш шығару, 
жұмбақ құрастыру, диафильм жасау сияқты шығармашылық жұмыстарды 


49 
жатқызды. Бұл шығармашылық жұмыстар оқушының ойы мен тілін дамытуда, 
өз пікірін толық, тиянақты, жүйелі жеткізуде маңыздылығы басым деп 
санаймыз.
М.Ә.Ермекбаев «Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздік қорын 
молайту әдістемесі» атты кандидаттық диссертациясында: «бастауыш мектеп 
оқушыларының сөзік қорын байыту жұмыстарын жүргізген кезде ең алдымен 
оған қанша сөз беру, қандай сөз беру керектігін ескеру керек. Бастауыш мектеп 
оқушыларының сөздік қорын байыту жұмыстарына лексикалық минимум беру 
арқылы оқушылардың жаңа сөздерді игеру, сирек қолданылған сөздерді 
меңгеру жұмыстарын мақсатты, жоспарлы жүргізуге болады. Бұл үшін 
бастауыш мектеп оқушыларының сөз байлығын жетілдіруге ықпалы бар 
лексикалық тұлғаларды сабақ барысында жете түсіндіріп отыру қажет. Оқулық 
мәтініндегі сирек қолданылған сөздерді жеке-дара ұғындырмай, оны өтілген 
тақырыппен, сөз тіркесімен және сөйлеммен байланыстыру қажет», - деп 
түсіндіреді [73,б. 47]. Бұдан шығатын қорытынды оқушының ойы мен тілін 
дамытуда оқушылар сөздердің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдана білу 
қажет, ал оны сөздік қорын молайту аясында іске асырылатынын айта 
кеткеніміз жөн. Сөздік қоры дамыған оқушы өз ойын еркін түрде жеткізеді. 
Сонымен, автор: «сөздік қорды молайту дегеніміз – оқушылардың өздерінің 
сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын түсініп, оны дұрыс қолдану 
қабілеттеріне ие болу, белсенді пайдалануы», - деп анықтама береді [73,б. 154].
Н.Ж.Құрманова сөз тіркесін дамыта оқыту арқылы оқушылардың 
логикалық ойлауын дамытатын жаттығуларды: «теориялық ұғым қалыптастыру 
дағдыларын 
дамыту 
жаттығулары
ғылыми 
байымдау 
жасауға 
машықтандыратын жаттығулар, ой қорытулар жасау машық-дағдыларын 
дамыту жаттығулары, логикалық символдармен жұмыс жасауға дағдыландыру 
жаттығулары» деп бөліп қарастырды [74,б. 283]. Автор сөз тіркесі синтаксисін 
дамыта оқытуда логикалық операцияларға негізделген жаттығулар жүйесін 
ұсынды. Зерттеуді талдау барысында теориялық анықтамаларды, ережелерді, 
теоремаларды дәлелдеуге үйрету тек математика, физика, химия пәндеріне ғана 
тән сияқты, бірақ логикалық әдістерді қазақ тілі пәнінде де қолдануға 
болатынына көз жеткіздік. Мысалы, балалық аңқаулық – бала аңқаулығы сөз 
тіркестерінің жұмсалуын қарастырған М.Серғалиевтің ізімен оқушыларға 
тапсырма берілді. Оқушыларға ұғымның жалпы және жеке қасиеті туралы 
түсінік беріп, талдау жасау ұсынылды. Нәтижесінде оқушылар балалық 
аңқаулық – жалпы ұғым, ал бала аңқаулығы - жеке ұғым болуы мүмкін деген 
болжам жасап, оны сөйлемге салып тәжірибе арқылы ойларын дәлелдеді [74,б. 
240]. 
Р.О.Ізғұттынова «Мектептің бастауыш сатысында қазақ халық ауыз 
әдебиеті үлгілерін оқыту әдістемесі» атты кандидаттық диссертациясында: 
«Баланың ойын өсіріп, ақыл-парасатын, дүниетанымын баулуда ауыз әдебиеті 
үлгілері кешенді тәрбиенің таптырмас құралы. Мәселен, ойын өлеңдері арқылы 
балғын жастың денесі мен ойын қатар өсіру көзделсе, төрт түлік малмен 
байланысты өлеңдер оларды еңбекке тәрбиелеуді мақсат етті. Жұмбақтар 
баланың ақыл-ойын өсіріп, тапқырлыққа тәрбиелесе, ертегілер мен аңыз 


50 
әңгімелер 
олардың 
ой-қиялын 
қарыштатып, 
сана-сезімін 
дамытып, 
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірудің құралы болды» - деп 
қорытындылайды [75,б. 37]. Р.О.Ізғұттынованың пікіріне қосыла отырып, 
тақырыбымызға орай қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері бастауыш сынып 
оқушыларының ойлауы мен тілін дамытуға негіз болады деп есептейміз.
С.Жораева «Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын 
қалыптастыру» атты кандидаттық диссертациясы бойынша оқушылардың 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы ойлары мазмұны жағынан жақын келеді. 
Ғалымның пайымдауынан, «бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру деп – оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік 
қатынаста өз ойын анық, тілдік нормаларға сай толық, дәлелді және тіл 
тазалығын сақтай сөйлеуін айтамыз» деп анықтама береді [76,б. 60]. Ғалым 
кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 
мынадай дағдыларды: оқушы айтатын ойын толық және жинақы жеткізу 
дағдысы+тілдің 
таза 
болу 
дағдысы+тілдік 
қатысымда 
орфоэпиялық 
заңдылықтарды сақтауын қалыптастыру дағдысы+оқушы сөзінің әсерлігінің 
болу дағдысы+өз ойын, пікірін жан-жақты дәлелдеу дағдылары деп атап өтті. 
Бұл 
әрине 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыруға әкеледі.
Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып 
сөйлеуге үйрету әдістемесін қарастырған ғалым Р.Ж.Базарбекованың еңбегінде: 
«Мәтін – жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі. Мәтін 
лингвистикалық бірлік ретінде сөйлемдердің мағына жағынан жүйелі 
байланысынан тұрады. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып 
сөйлеуге үйретуде мәтінге тән байланыстылық, жүйелілік, аяқталғандық, 
бөлікке жіктеушілік сияқты белгілерін оқыту қарастырылды» [77,б. 126]. Бұдан 
шығатын қорытынды, «мәтін құру» + «мәтінді талдау» + «мәтінді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет