Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет27/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
dissertation

П
ӘН
А
Р
А
Л
Ы
Қ
 О
Р
Т
А
Қ
 
Ұ
Ғ
Ы
М
 
Менің Отаным - Қазақстан: Отан, ел, жер, Қазақстан, тау, табиғат, байлық,
Түркістан, темір, облыс, отбасы, ана, қазына, қала, ауыл, мемлекет, астана,
Алматы, сыпайы, ұлттық, кең, әдемі, бай және т.б
Адами құндылықтар: сыйлау, құрметтеу, отбасы, сәлем, отан, тәртіп, ата-
ана, қасиет, адал, ұмытшақ, еріншек, бата және т.б.
Мәдени мұра: мұражай, мәдениет, музей, найза, ескерткіш, мұра, алтын,
әшекей, керуен, археолог, өлке, өлкетану, халық, ғылым, табиғат, жәдігер,
баба, қазақ, тарих және т.б.
Мамандықтар әлемі: мамандық,
кәсіби
мереке,
мұғалім,
ұшқыш,
роботехника және т.б.
Табиғи құбылыстар: күн, бұлт, жаңбыр, жылы, жел, боран, кемпірқосақ,
қырау, салқын, мұз, аяз, тұман, қар, сел, қырау және т.б.
Қоршаған ортаны қорғау: өсімдік, экология, орман, су, глобус, карта,
климат, градус және т.б.
Ғарышқа саяхат: ғарыш, аспан, адамзат, ғарышайлақ, жер, Байқоңыр,
ғарышкер, жұлдыз және т.б.
Болашаққа саяхат: болашақ, алда, жыл, робот, Нұр-Сұлтан, компьютер,
мәдени, теңіз, ежелгі, ерте, автобус, еңбек және т.б.


63 
тақырыбында «Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел 
бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады»; «Музыка» оқулығында 78 бет, 
«Музыкадағы табиғат құбылыстары» тақырыбында «Жел бір кетсе бұрқанып, 
Жапырақты жылытар. Бірақ мені долы жел, Құлата алмай келеді» деп 
оқушылар «жел» сөздің мағынасымен толық танысады (сурет 13).
Сурет 13 –Пәнаралық байланыстың көрінісі 
Осылайша, пәнаралық байланыстар оқу пәндерінің мазмұны мен 
құрылымына әсер етеді, ал әр пән пәнаралық байланыстың бір немесе бірнеше 
түрінің көзі болып табылады. 
Сонымен, 4 сыныпқа арналған оқулықтардың мазмұнын талдау 
нәтижесінде, оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың, 
пәнаралық байланысты жаңартылған білім мазмұнында жүзеге асырудың 
мүмкіндіктерін қарастыра келіп, төмендегідей қорытынды жасадық: 
1.Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқушы әлемінің 
тұтас бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушысы 
қоршаған әлемді тұтастай қабылдайды, өйткені ол үшін жеке пәндердің 
атаулары жоқ. Демек, оқушының ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру 
үшін пәнаралық байланыстарды қолданған жөн, себебі, пәнаралық 
байланыстардың 
қажеттілігі 
жоғары 
жүйке 
қызметінің 
объективті 
заңдылықтарымен, психология мен физиология заңдылықтарынан туындайтын 
ойлаудың табиғатында жатыр, ескі мен жаңаны байланыстыра отырып оқытуды 
ұйымдастыру, әр түрлі оқу пәндерінің («Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», 
«Музыка», «Жаратылыстану») бөлімдері арасындағы педагогикалық мақсатқа 
сай өзара байланыстарды жүйелі түрде дамыту ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі болып табылады.
2. Оқу үдерісінде пәнаралық мәтіндерді, әдеби шығармаларды, 
кескіндемелерді, көркем еңбек оқулықтарының иллюстрацияларын, музыкалық 
сүйемелдеуді пайдалану есебінен сабақта шығармашылық ахуал туғызу ойлау 
ЖЕЛ 
«Қазақ тілі» 
оқулығында (2бөлім) 
10бет, «Табиғаттың 
таңғажайып 
құбылыстары» 
тақырыбында 
«Шөлде жел үңгіген 
тас қуыстар, үңгірлер 
бар. Құм бетінде 
желдің салған неше 
түрлі өрнегі бар».
«Жаратылыстану» 
оқулығында (1бөлім) 
64бет, «Желдің 
пайдасы мен зияны»
тақырыбында «Желдің 
көмегімен өсімдік 
тұқымы таралып, 
көбейеді. Жел бұлтты 
айдап, жаңбыр 
жауғызады».
«Музыка» оқулығында 
78 бет, «Музыкадағы 
табиғат құбылыстары» 
тақырыбында «Жел бір 
кетсе бұрқанып, 
Жапырақты жылытар. 
Бірақ мені долы жел, 
Құлата алмай келеді». 


64 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 
пәнаралық ортақ ұғымдардың мазмұны мен мағынасын талдау сөйлеу 
дағдыларын дамыта отырып, пәнаралық лексикаға негізделген жаттығулар 
ойлауды қалыптастырады.
3. Диалогтік сөйлеу, көпшілік алдында сөйлеу, топтық қарым-қатынасқа 
түсу, жазбаша қарым-қатынасқа түсуге бағытталған және өз бетінше іздеуді
салыстыру, дәлелдеу, пікір білдіру, пікірталасты, оларды шешудегі белсенді 
ұстанымды талап ететін тапсырмаларды енгізу арқылы қажетті оқу ақыл-ой 
әрекеттерін, оқушының шығармашылық әлеуетін, оның сөйлеу мен ойлау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет