Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет16/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
dissertation

Бір пәндік саладан 
алған білімі;
Басқа пәндік саладан 
алған білімі;
Оқыту үдерісіндегі 
байланыстар арқылы 
жалпыланған білімі;


36 
И.Г. Пестолоцци дамыта оқытудың идеяларын насихаттай отырып, оқу
пәндерінің өзара байланыстарының көп түрлілігін ашты. Ол келесі талаптарға 
сүйенеді: «Өзінің сана-сезімінде барлық өзара байланысты заттарды олардың 
табиғатта шын мәнінде болатын байланысына алып келеді». Онда жоғарғы 
сыныптарда бір пәннің келесі пәнмен байланысының үзілуі қауіпті деп атап 
көрсеткен [42,с. 175].  
К.Д. Ушинский әр түрлі оқу пәндерінің жалпы ұғымдары мен жетекші 
идеяларды анықтау арқылы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдарын 
әзірлеп оның дүниетанымдық негіздемесін анықтап, «әрбір ғылымға тән 
болатын арнаулы түсініктерден басқа, көп ғылымдарға, ал кейде барлық 
ғылымдарға жалпы болатын түсініктер бар» - деп тұжырымдады [43,с. 35]. 
Зерттеушінің тұжырымдамасынан, жалпы ұғымдар арқылы пәндер арасындағы 
байланысты жүзеге асыру білімді тереңдете отырып дүниетанымдық жүйеге 
айналдыруға және оқушының ойлау мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруда 
белгілі бір пәнаралық үйлесімділікті құрайтындығын пайымдауға болады.
Н.К.Крупскаяның пайымдауынша, мазмұны жағынан жақын пәндердің 
өзара байланысы оқушылардың білім сапасын арттыруды қамтамасыз етіп қана 
қоймай, сонымен қатар оқушылардың практикаға дайындауға, олардың жан-
жақты ғылыми көзқарасын дамытуға ықпал ететінін атап өтті [44,с. 137]. Автор 
нақты мысалдарды келтіре отырып пәнаралық байланыстардың әсерін ашып, 
олардың танымдық белсенділікті ынталандыратынын, оқушылардың жан-
жақты дамуына ықпал ететінін, ғылымның түрлі салаларында ой-өрісін 
кеңейтетінін, ең бастысы, оқушылар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсінуге 
диалектикалық көзқараста болатынын қалыптастырды. 
Пәнаралық байланысты жүйеліліктің жалпы әдіснамалық ұстанымдарының 
нақты формаларының бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше типін жүйелі ақыл-ойды 
детерминацияға түсіреді, - деп И.Д.Зверев және В.Н.Максимова өз еңбектерінде 
тұжырымдайды 
[45,с. 
158]. 
М.М.Левина 
пәнаралық 
байланыстарды 
педагогикалық зерттеулерде өзіндік кешенді бағыт ретінде қарастыру керек деп 
есептеді, себебі олар бұл мәселені тәрбиелеу, оқыту теориясы тұрғысынан 
қарастыра келіп, оның барлық негізі жалпы педагогикалық, дидактикалық, жеке 
әдістемелік және психикалық аспектілерінде дамып келе жатқан тұлғаға 
бүтіндей кешенді әсер ету тұрғысында түсіндіреді [46,с. 137].
Елімізде пәнаралық байланыс мәселесін алғашқы зерттеген ғалымдардың 
бірі А.А.Бейсенбаева болды. Оның докторлық диссертациясында: «пәндердің 
байланысы барлық жастағы оқушылардың білімін ізгілендіру мақсатында 
пәндер арасында байланысты орнатуға мүмкіндік жасау үшін қажетті шарт 
болып табылады» - деп тұжырымдайды [47,с. 220]. Автор «пәнаралық 
байланыс», «интеграция» категорияларының қызметіне аса мән бере отырып: 
«...пәнаралық байланысты, яғни жеке пәндерге тән ортақ қасиеттерді білу,
саналы меңгеру – оқушылардың білім танымының жоғары дәрежелігін 
көрсетеді, дүниетанымдық көзқарасының орнықты қалыптасу үдерісін 
танытады»; ал «...ғылымдар интеграциясы – бұл екі ғылым элементтерінің жай 
қосылуы емес, ол табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік
беретіндей дәрежеде олардың жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі», - деп 


37 
анықтама 
береді 
[47,с. 
439]. 
Ғалымның 
еңбегінен 
оқушылардың 
дүниетанымдық көзқарасын, оқу үдерісінде ортақ пәнаралық ұғымдарды 
мағынасын білу ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда негіз 
болатынын байқадық.
Біздің зерттеуімізге мазмұны жағынан жақын келетін еңбектердің бірі 
Н.А.Оразахынованың кандидаттық диссертациясында: «пәнаралық байланыс – 
жеке пәндерді терең меңгеруде оқушылардың білім деңгейін барынша кеңейте 
беру мақсатында аралас, сабақтас пәндермен байланыстыру, осының 
нәтижесінде оқушының белгілі бір пәннен алған білім шеңберінің кеңінен басқа 
пәндерден алған білімін пайдалана білу мүмкіншілігін, іскерлігін, дағдысын 
қалыптастырады» - деп анықтама береді [48,б. 73]. Автор өз зерттеуінде 
пәнаралық байланысты оқыту мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үдерісінде 
өз алдына жеке принцип ретінде және пәндер арасындағы өзара 
байланыстардың болуы ғылым мен білім жүйесі дамуының алғы шарты деп 
қарастырды. 
А.М. Мұханбетжанова «Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы 
оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-
әдіснамалық негіздері» атты докторлық диссертациясында: «...Ғылымның 
интеграциясы «қиылысушы» және «өтпелі» ғылымның пайда болуында 
байқалады. Ал білімнің синтезі неғұрлым жалпылама ұғымдарда, қағидаларда, 
теорияларда, тұжырымдарда, дүниенің локальдық бейнесін құруда,
дүниенің жалпы ғылыми бейнесін жасауда көрініс табады», - деп пікір білдіреді 
[49,б. 37].
Ғалым А.Д.Болтаевтың пікірінше, «пәнаралық байланыс табиғаттың 
танымдық материалдық, адамгершілік-эстетикалық салаларын ашу міндетімен 
ғана шектеліп қоймай, табиғатты сұлулық, адамгершілік заңдылығымен қайта 
құру, жақсарту әрекетімен жұмылдырудағы жасампаздық қасиетіне теориялық 
талдау жасалып, экологиялық тәрбие проблемасын шешудегі пәнаралық 
байланыстың өзіндік орны, ерекшелігі анықталады» - деп қорытындылады 
[50,б. 131]. Автордың зерттеуінен біздің тұжырым, пәнаралық байланыс 
экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың және тәрбие үдерісін 
ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде қызмет ететіндігінде.
Д.С.Байғожанова өзінің еңбегінде: «Бастауыш мектепте информатика 
элементтерін пәнаралық негізде оқытуды жүзеге асыру оқушылардың 
информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, 
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, 
ана тілі, қазақ тілі, математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін 
нақтылап бекітуге мүмкіндік беретінін» пайымдады [51,б. 37]. Ғалым 1-3 
сыныптарда сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану және пәнаралық 
байланыс негізінде оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жолдарын 
көрсетті. Автордың еңбегінен оқушы информатика элементтерін меңгере 
отырып басқа да пәндерге деген қызығушылықтары артатынын көреміз. 
Д.Ж.Кішібаева пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдарын: 
пәнаралық іскерліктерді, шығармашылық іскерліктерді талдау; пәнаралық 
байланыс негізінде шығармашылық іс-әрекетті мазмұндық аспектіде 


38 
қамтамасыз ететін оқу материалдарын іріктеу; процессуалдық аспектіде жүзеге 
асыру; пәнаралық байланысқа негізделген оқытудың әдістері мен құралдар 
жүйесін тиімді пайдалану, - деп көрсетеді [52,б. 65]. Біз ғалымның ұсынған 
пәнаралық байланысқа негізделген оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу 
жұмысымызда қолданатын боламыз.
Г.К.Шолпанкулова «...пәнаралық байланыс – ғылымдар арасындағы
интегративті фактор бола отырып, оқыту процесінің функциялары негізінде
жеке тұлғаның гумандық қарым-қатынасты қалыптастырушылық қызмет
атқарады» деп анықтама береді [53,б. 59]. Ғалымның гумандық қатынасты 
қалыптастыруда пәнаралық байланыс көрініс табатынын көрсетті. 
Р.А.Дарменова студенттердің эстетикалық талғамын дамытуда пәнаралық 
байланыстың педагогикалық шарттарының маңыздылығын, оның әдістемелік 
жолдарына 
ғылым 
салаларының 
жетістіктері 
және 
педагогикалық 
технологияның тиімді тәсілдерін оқу-тәрбие процесіне ендіру қажет, - деп 
қорытындылады [54,б. 144]. Ғалымның еңбегінде оқу-тәрбие үдерісінде «еңбек 
пен өнер» деген қағиданы пәнаралық байланыста студенттердің эстетикалық 
талғамын дамыту мақсатында сабақтастық жүйеде қарастырылғанын 
байқадық.
Ә.М.Шарзадин пәнаралық байланыстың құрылымын келесі ерекшеліктер 
арқылы негіздейді: біріншіден, пәнаралық байланыс ерекше орынға және 
жалпы педагогикалық маңызға ие болуда; екіншіден, пәнаралық байланыстың 
классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар, 
сонда да пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде 
жаңа мәнмен енгізіле бастады; үшіншіден, пәнаралық байланыс ұғымы 
«табиғат-қоғам-адам ойы» жүйесінде білім негізін, пәнішілік қатынастарды 
және ғылымдардың кіріктірілуін әдіснамалық және реттеуші қызметін жүзеге 
асырады; төртіншіден, пәнаралық байланыстың өзіндік құрылымы үш 
компонентті қамтиды (құрамы, амалы, бағыттылығы); бесіншіден, пәнаралық 
байланыс маңызды дидактикалық ұғым ретінде бұрынғы алынған біліммен 
кейінгі білім арасындағы байланыс болып табылады [55,б. 31]. Бұдан шығатын 
қорытынды пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселесі оқыту үдерісін 
дамытудың бірден бір жолы болып табылады.
Г.С.Квасных бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін пәнаралық 
байланыста қалыптастыруды ұсынды. Оның пікірінше,
пәнаралық байланыстар 
оқу пәндерінің құрамы мен құрылымына әсер етеді, ал әр пән пәнаралық 
байланыстың (танымдық, лексикалық немесе тақырыптық) бір немесе бірнеше 
түрінің көзі болып табылады. Пәнаралық - бұл бірқатар пәндердің оқу 
материалын іріктеу мен құрылымына әсер ететін, оқушылардың білім 
жүйелілігін 
күшейтетін, 
оқыту 
әдістерін 
белсендіретін, 
оқытуды 
ұйымдастырудың кешенді формаларын қолдануға бағытталған, оқу процесінің 
бірлігін қамтамасыз ететін оқытудың заманауи принципі [77,б. 45].
Жаңа форматта дайындалған еңбектің бірі А.А.Куралбаеваның «Бастауыш 
сынып пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыру» атты (PhD) 
философиялық диссертациясында: «біз оқытуда, білім сапасын арттыруда 
пәнаралық 
интеграциялаудың 
психологиялық-педагогикалық 
негізін 


39 
құраушысының бір элементтеріне оқушылардың логикалық ойлау тәсілдерін 
(логикалық методологиялық білімдерді, пәнаралық іскерліктерді) жатқызамыз. 
Логикалық ойлау - білім сапасын арттырудағы оқушының ойлау қызметін 
қалыптастыру (ойлау тәсілдері) және оқу материалдарындағы негізгіні, 
маңыздыны бөлу; себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алу; салыстыру; 
талдау; жинақтау; талдап қорыту және т.б. оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдері», - 
деп тұжырымдайды [56,с. 61]. Демек, оқушының ойлау дағдысын 
қалыптастыруда пәнаралық байланыстың алатын рөлін байқадық.  
А.Ш.Доспенбетованың «Пәнаралық байланыстар негізінде оқушылардың 
экономикалық мәдениетін қалыптастыру» атты монографиясында бастауыш 
сынып оқушыларының экономикалық мәдениетін қалыптастыруда «пәнаралық 
байланыс», «интеграция» ұғымдарына аса мән бере отырып: «пәнаралық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет