Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет22/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
dissertation

тақырыптардың құрылуына алып келеді. Сондықтан қазіргі таңдағы 
жаңартылған білім беру бағдарламасы бастауыш білім беру пәндерін пәнаралық 
байланыста жүзеге асыру және пәнаралық байланыстағы білімдердің 
ықпалдасуын талап етеді. 
Атап айтсақ: 
– пәнаралық байланыс негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға 
берілетін білімдер жиынтығы пәннің артықшылығы негізінде құрылған;
– білімді ықпалдастыру арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруда әр 
түрлі білім беретін пәндердің бір-бірімен тең дәрежеде жүруі және оқу 
материалдарының мазмұны жағынан қамту мәселесі қамтылған; 
– берілетін білім жағынан бір-біріне жақын туыс келетін пәндерді қамту 
қарастырылған және олардың біреуі өзіндік ерекшелігі жөнінен жетекші 
орынға ие болып, ал екіншісі оған көмекші ретінде кірістіріп оқыту орын алған; 
– пәндердің оқу материалдарының мазмұнында бір-бірінен алшақ 
білімдерді ықпалдастыруда, яғни пәнаралық байланысты жүзеге асыру 
мақсатын көздегені анық білінеді; 
– бастауыштағы білім берудің пәнаралық тәртібін олардың мазмұндық 
заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту 
қажеттілігі;
оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің 
орындылығы;
оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз 
ету;


55 
ерекшелігіне сай жүргізу көзделген; 
– пәнаралық байланыс негізінде білімдерді ықпалдастыру бағытымен 
танымдық тапсырмаларды орындау, шешімін табу басшылыққа алынған [60,б. 
75-76]. 
Олай болса, жаңартылған білім беру бағдарламасының бір ерекшелігі - 
«ортақ тақырыптар» негізінде пәнаралық байланыстарды барынша тиімді 
ұйымдастыруға бағытталғандығында.
Ортақ тақырыптар - пәндер, бөлімдер, тақыптарды кіріктіру және пәндер 
арасындағы байланысты орнатудың құралы болып табылады. Олар барлық 
пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен 
байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ 
тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың 
сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс. Мұғалім әрбір ортақ 
тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне 
байланысты өзі өзгертеді [130]. 
Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптарды төменде ұсынамыз 
(кесте 4). 
Кесте 4 - Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар 
1 – сынып
2 – сынып
3 – сынып
4 – сынып
Өзім туралы 
Өзім туралы 
Тірі табиғат 
Менің Отаным
Қазақстан 
Менің мектебім 
Менің отбасым және 
менің достарым 
Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен 
Адами 
құндылықтар 
Менің отбасым 
және достарым 
Менің мектебім 
Уақыт 
Мәдени мұра 
Бізді қоршаған 
әлем 
Менің туған 
өлкем 
Сәулет 
Мамандықтар 
әлемі 
Саяхат 
Дені саудың - жаны сау 
Өнер 
Табиғи құбылыстар 
Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Салт- дәстүр және ауыз
әдебиеті 
Атақта тұлғалар 
Қоршаған ортаны 
қорғау 
Тағам және сусын 
Қоршаған орта 
Су-тіршілік көзі 
Ғарышқа саяхат 
Дені саудың – 
жаны сау 
Саяхат 
Демалыс мәдениеті. 
Мерекелер 
Болашаққа саяхат 
«Ортақ тақырыптар» пәнаралық мазмұнды анықтауға және оқушылардың 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін сөз, сөз тіркесін, мәтіндерді және әр 
түрлі стильде, жанрда қолдануға мүмкінік береді. Олай болса, мәтінді дайындау 
мен таңдауда ортақ тақырыптардың байланысына ерекше мән берілуі тиіс. 
Ортақ тақырыптар бойынша жұмыс жеке оқу қызметін ұйымдастыруды қажет 
етпейді, керісінше, пән бойынша және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізу үшін 
оқыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Жоғарыда аталып өткен ортақ тақырыптар пәнаралық байланысты 
орнатуға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Алайда, өткен бөлімдерде атап 
өткеніміздей, пәнаралық байланыс арқылы оқыту - сөйлеу процесін 
оңтайландырудың, оқушылардың вербальды қабілеттерін дамытудың маңызды 


56 
факторы, өйткені қоршаған шындық туралы барлық білімнің жиынтығы 
қатысымдық қарым-қатынастың негізінде пәндік білімдерді меңгерту болып 
табылады. Пәндерді пәнаралық байланыста оқытуда пәндік білімді беріп 
қоймайды, танымдық тапсырмаларды орындау, шешімін табу сияқты танымдық 
біліктер мен дағдыларды меңгертеді. Оларға мыналар жатады:
- ақпараттық әрекеттер, сондай-ақ ақпаратты қайта өңдеу дағдылары 
(мағыналы оқу, мәтінмен жұмыс); 
- ақпаратты әр түрлі тұрғыдан сыни бағалау және түсіндіру, ақпараттық 
дереккөздердегі қайшылықтарды тану және белгілеу; 
- логикалық амал-тәсілдерді қолдану дағдылары (талдау, жинақтау, 
салыстыру, интропретация және т.б.); 
- ғылыми 
ұғымдармен іс-әрекеттер және дәлелдемелерді жалпы 
қабылдауды игеру. 
Пәнаралық байланыста оқытудың бір артықшылығы – оқушылардың жеке 
тұлғасының дамуын, диалектикалық ойлау тәсілін қалыптастырады.
Жаңартылған білім мазмұны аясындағы оқулықтағы тапсырмалар 
пәнаралық байланыста оқытуда үлкен маңызға ие. Шынында да, осы 
тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың қоршаған орта туралы тұтас 
бейнесі қалыптасады. Біз пәнаралық байланыстарды жалпы педагогикалық 
тұрғыдан кешендік қатынастық оқытуға және тәрбиелеуге деген құралы ретінде 
қарастырамыз. Пәнаралық байланыстарды дидактикалық зерттеу оқыту 
үдерісінің бүтіндік идеялары, ішкі байланыстарды және оның әрбір деңгейіне 
қатысты тәуелділікті ең алдымен оқытудың барлық білім беру, тәрбиелеу және 
дамыту қызметін есепке алып, ішкі байланыстарды және тәуелділікті ашу 
негізінде мүмкін болады. Алайда, осы тұста «Пәнаралық байланыста ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын жаңартылған білім мазмұнында жүзеге асырудың 
мүмкіндіктері қандай?» деген сұрақтың қойылуы заңды. Осы сұрақтың 
жауабын анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларына арналған 
Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақастың авторық бірлестігіндегі «Қазақ 
тілі» оқулығына [131], З.Мүфтибекова, Ә.Рұсқылбекованың авторлық 
бірлестігіндегі «Әдебиеттік оқу» оқулығына [132], Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, 
М.Ж.Мыңжасарованың авторлық бірлестігіндегі «Математика» оқулығына 
[133], Б.Тұрмашева, С.Салиш, В.Пугач авторлық бірлестігіндегі «Дүниетану» 
оқулығына 
[134], 
П.К.Бигазина, 
А.Ж.Жаманкулова, 
Э.А.Кажекенова, 
Г.А.Тураканова, М.К.Хонтайдың «Жаратылыстану» [135], Ш.Құлманова, 
Б.Сүлейменова, 
Тоқжановтың 
«Музыка» 
[136], 
Р.О.Ізғұттынова, 
Ә.Қ.Оралбекова, Қ.Ж.Тәттімбетованың «Өзін-өзі тану» оқулықтарына талдау 
жасадық [137]. 
Мәселен, 4-сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығында (1,2 бөлім) тілдік 
білім мен сөйлеу негізге алынған. Оқулық мазмұнының жүйелілігі, 
сабақтастығы, логикалық бірізділігі, пәнаралық және пәнішілік байланыстар 
сақталған. Пәнді оқытуда айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын 
дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімдерді меңгертуге және оны күнделікті 
өмірде қолдануға мүмкіндік жасау көзделген. Сөйлеу әрекетін дамытуда сөз, 
сөйлем, мәтін сияқты сөйлеу бірліктері мен сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем 


57 
мүшелері сияқты грамматикалық категориялар берілген. Сондай-ақ, ойлау 
дағдыларын қалыптастыратын ақпараттарды салыстыру, өз бетінше талдау, ой-
қорытындысын жасай алуға бағытталған тапсырмалар бар екенін аңғардық. 
Оқулықтағы пәнаралық түсінік, ұғымдарды меңгеруде өзіндік ой-қорытынды 
жасауға мүмкіндік беретін тапсырмалардың болуы пәнаралық байланыстың 
көрініс тапқанын көрсетеді. Оқулық мазмұнында оқушылардың тілдік 
сауаттылығын қалыптастыруға арналған тілдік дағды түрлері: диалогтік 
сөйлеу, көпшілік алдында сөйлеу, топтық қарым-қатынасқа түсу, жазбаша 
қарым-қатынасқа түсуге бағытталған тапсырмалар мен сөйлеу материалдары 
берілген [131].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет