«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы. Түсінік хат



бет7/10
Дата07.02.2024
өлшемі70.02 Kb.
#491064
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету дамыту жаттығуларының бағдарламасы

«Не болмай қалды?»
Ұсақ заттар үстелге орналыстырылады (өшіргіш, қарындаш, блокнот, және т.с.с. 10-15 зат). Балаға 30 секундтың ішінде заттарды қарап, есінде сақтау ұсынылады; содан кейін 1-2 зат алынып тасталынады. Заттарды қарауға тағы да 30 секунд уақыт беріледі. Балалардың мақсаты қандай зат алынып тасталғанын анықтау.


«Құс — құс емес».
Балалардың мақсаты мәтінді мұқият тыңдау, егерде құсты білдірмейтін сөзді естісе қол шапалақтауы тиіс.
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
Масалар мен қарлығаштар... 
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
Аққұтандар, қарға, 
Көбелектер, кеспелер…
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
аққулар, мысықтар,
Ұзақтар мен қарлығаштар
Шағалалар мен пингвиндер…
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
Сауысқандар, шымшықтар, 
Сиырлар мен масалар…
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар,

Шағалалар, бірқазан, 
Бұғылар мен сұңқарлар… 
Құстар ұшып келді:

Көгершіндер, шымшықтар, 
Көкқұтандар, бұлбұлдар, 
Алабұға мен торғайлар… 
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
Үйректер, аққулар, жапалақтар, 
Қарлығаштар, сиырлар… 
Құстар ұшып келді: 
Көгершіндер, шымшықтар, 
Таяқтар мен қарлығаштар, 
Көбелектер, шымшықтар, 
Аққұтандар, көкектер, 
жапалақтар да,

аққулар мен үйректер де, 
- рахмет осы әзілге.

«Құс, балық, аң» ойыны (нұсқа: «Гүл, ағаш,саңырауқұлақ», «Ыдыс, жиһаз, киім»)
Жүргізуші ойынға қатысушының әрбіреуіне кезекпен көрсетеді «құс, балық, аң». Одан кейін
жүргізуші кез-келген ойыншыға тоқтайды, қатысушы айтылған сөзге қатысты объектінің атын
атауы қажет.
«Дәл солай таяқшаларды орналастыр» жаттығуы
Балаларға үлгі ретінде санау таяқшаларынан жасалынған өрнек беріледі. Балалардың мақсаты үлгі бойынша өрнекті орналастыру. (нұсқасы есте сақтау бойынша)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет