«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы. Түсінік хат



бет9/10
Дата07.02.2024
өлшемі70.02 Kb.
#491064
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету дамыту жаттығуларының бағдарламасы

«Есте сақта және суретін сал»
1-нұсқа
Балаларға 6 сурет ұсынылады. Бір суреттің көрсету уақыты – 3 секунд. Балалар кезекпен ол суреттерді дәптерлеріне түсіреді. Орындалған тапсырманың дұрыстығын, суретті тақтаға салып тексеруге болады.
2-нұсқа
Балаларға 6-10 сөз оқылады. Балалардың мақсаты сөзді есінде сақтап, одан кейін суретін салу.
3-нұсқа
Балаларға мәтін оқылады және сол мәтіннің мазмұнын ашатын сурет салу ұсынылады.
Жексенбі күні керемет үш аққаланы қардан домалаттым. Біреуі үлкен болып шықты, екіншісі – кішірек, ал үшіншісі – мүлдем кішкентай. Бірінші мен екіншісінің қолы – қарлы түйір, ал үшіншінікі – бұтақ. Мұрнының орнына сәбіз тағылған. Көздері үшбұрыштан.


«Көңілді кестелер» жаттығуы.
Балаларға әртүрлі заттардың суреті бейнеленген 4 торкөзден тұратын кесте беріледі, олар осы суретті естерінде сақтауы тиіс. Одан кейін әртүрлі заттардың суреттері бейнеленген 9 торкөзден тұратын кесте ұсынылады, оның ішінде бірінші кестедегі суреттер де кездеседі. Балалардың мақсаты осы заттарды атау, есінде сақтау. Содан соң 16 торкөзден тұратын кесте ұсынылады, балалардың мақсаты 9 суретті атау.


«Зейін қойып тыңда және қайтала»
Психолог сөйлемді оқиды. Балалар оны қайталауы тиіс.
Сөйлем 3-4 сөзден басталып, әлсін-әлсін ұлғаюы қажет.
Ойынның алдында мақсатын айту қажет: «Зейін қойып тыңда және есте сақтауға тырыс».


«Суретке қара, одан кейін сөздерді есіңе сақта»
Нұсқау: "Мен қазір сөздерді оқып тұрамын, есте сақтау оңай болу үшін, сол аталған заттың суретін көрсетіп тұрамын".
Тәрелке – Сорпа
Пошта – Хат
Қыс – Қар
Ұн – Нан
Қарындаш – Қағаз
Жол – Машина
Мультфилм – Теледидар
Әріптер – Кітап
Етік – Аяқ
Балық – Су
Содан кейін балалардың еске түсірулеріне оңай болу үшін суреттер ұсынылады.


«Мазмұндау»
Балаларға мәтін оқылады.
Ертеде балалар өмір сүріпті. Оларға анасы ағаш ат сыйлапты. Балалар әлгі ағаш атқа мысық пен итті отырғызып, тербетіпті. Жақсылап тербетіпті. Бір күні ағат ат мүлдем тербелмей қалыпты. Балалар қараса аттың аяғы сынып қалған екен. Олар үйге Арман ағаны шақырды, ол атты жөндеп берді.
Содан кейін мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет