«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы. Түсінік хат



бет8/10
Дата07.02.2024
өлшемі70.02 Kb.
#491064
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету дамыту жаттығуларының бағдарламасы

«Сандық кесте» жаттығуы
Балаларға әртүрлі тәртіппен орналасқан 1-ден 9-ға дейінгі сандар жиынтығы бар кесте көрсетіледі. Балалардың мақсаты 1-ден 9-ға дейінгі сандарды тауып, дауыстап айтып, көрсетуі қажет. Көбінесе 5-7 жастағы балалар бұл тапсырманы 1,5-2 минуттың ішінде және қатесіз орындап шығады..



«Сөздер топтамасы»
Тапсырма: тыңдап, одан кейін сөздер қатарын қайталау.
1) тақта;
2) терезе, түтін;
3) шелек, құмыра, қарындаш;
4) мотоцикл, ванна, салат, қасық;
5) алма, тышқан, айран, қасық, еден;
6) автобус, үйрек, маса, әріп, көкеніс, бал;
7) қабырға, сүлгі, бала, ара, үстел, жауын, орамал;
8) трамвай, әпке, сусын, жер, ай, шана, шегіртке, қолғап;
9) бақ, тұрба, шаңсорғыш, паровоз, себет, сахна, шаңғы, пошта;
10) жол, комбайн, тікұшақ, алмұрт, ас бөлме, қамыр, бор, түйме, кілем, антенна.
1) от;
2) үй, сүт;
3) ат, саңырауқұлақ, ине;
4) қораз, күн, асфальт, дәптер;
5) шатыр, ағаш, су, шам, мектеп;
6) қарындаш, машина, әке, бор, құс, нан;
7) бүркіт, ойын, емен, телефон, стақан, пәлте, бала;
8) тау, қарға, сағат, үстел, қар, сурет, емен, бор;
9) доп, алма, сәбіз, үстел, көбелек, метро, балапан, қолғап;
10) машина, тас, жеміс, сөмке, шыны, орындық, балға, дастархан, қарбыз, ескерткіш.


«Суретті есіңде сақта»
Дидактикалық материал: таныс заттың суреттері бейнелеген 5 сурет: үстел, алмұрт, стақан, көйлек, бас киім.
Балалар 5 суретте не бейнелегенін 10 с. ішінде қарап шығуы тиіс. Одан кейін суретті теріс қаратып қояды. Психолог баладан теріс қарап жатқан суретте не бейнеленгенін есіне түсіріп, айтуын сұрайды.


«Тыңда бәрін есіңде сақта – сұрақтарға жауап бер»
Балаларға мәтінді мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
Арай бүгін балалардан тартып алды ұшақты,
Қонжықты, тотықұсты, паровоз бен пароходты...
Ал балалар болса былай деп жауап қатты:
«Бәрін алып кетсең де болады,
Керек емес қонжық та, керек емес пароход.
Мысық пен тышқан ойнаймыз: мүмкін мен – мысық, мүмкін тышқан болармын...»
Барлығы көңілді ойнап, күліп, шулап жүр,
Ал Арайдың ойынға зауқы соқпай тұр...
Көзіндегі жасты тоқтата алмай, төмен қарап қалды,
Оның ойыншықтары бір қорап, бірақ ойнауға көңіл-күйі жоқ!
(Е. Серов)
Сұрақтар:
Арай балалардан қандай ойыншықтарды тартып алды?
Неліктен Арай жылады, оның ойыншықтары көп еді ғой?
Неліктен басқа балалардың көңіл-күйі көтеріңкі?
Балалар қандай ойынды ойнай бастады?
Қандай ойынды бірге ойнауға болады?


«Қарлы кесек»
Бірінші ойыншы кез-келген бір заттың атын атайды. Келесі қатысушы аталған заттың атын қайталап, өзі тағы да бір жаңа заттың атын қосып айтады. Солай барлығы бірінен соң бірі кезекпен заттың атын қосып айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет