«Этнопсихология» ПӘні бойынша


Тақырыбы: Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде



бет3/5
Дата17.07.2016
өлшемі455 Kb.
#206087
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде

Сұрақтары:

    1. Ұлттық мінез, ұлттық өзіндік сана, оның негізгі типтері, ұлттық өзіндік сананың трансформациясы

    2. Ұлттық сезім

    3. Ұлттық дәстүрлер, менталитет ұғымдары

Психика – бұл объективті әлемнің субъективті бейнесі, индивидуалды көріністің нәтижесі және адамдардың санасына ортақ ықпал ету мен қоршаған әлемнің пайда болуы. Қабылдаудың объективтілігі тек қана психология деңгейінде (бір адам және адамдар тобы) қарастырылмайды, ол дегеніміз сезім формасында, көңіл-күйдің көтерілуі, өзара қарым-қатынас және салт-дәстүрлер. Сонымен қоса, идеология деңгейінде идея, теория, түсіністік, әлемдік көз-қарас ретінде қарастырылады.

Психология және идеология – адамның және адам топтарының екі құрылымдық деңгей санасы болып табылады.

Бір ғана адамның психологиясында оның ішкі өмірі мен қоршаған ортаның индивидуалды қабылдауы жүзеге асырылады. Қоғамдық психологияда адамдар тобы, қалыпты өмірдегі реакцияларға, көз-қарас, көңіл-күй, индивид арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Ұлт психологиясы өзінің құрылымы бар және ұлттық-психологиялық ерекшеліктер формасында қарастырылады. Ұлттық психологияның құрылымы жүйелік пайда болумен (статистикалық) және динамикалық (функционалды) компонеттерін (жақтарын) қосады.

Ұлт психологиясын қалыптастыратын компоненттерге мыналар жатады:



  • Ұлттық мінез;

  • Ұлттық темперамент;

  • Ұлттық ақыл-ой;

  • Ұлттық сезім мен көңіл-күй;

  • Ұлттық салт-дәстүр мен әдеттер.

Ұлттық мінез этнологтар мен социологияның ойынша, ежелден бері қалыптасатын психологиялық сипаттамалардың тұрақты бірлігі, жиыны болып табылады. Олар әдеттегі әрекет-қылыққа, еңбекке, қарым-қатынасқа, қоршаған ортаға, т.б. этникалық жиынтықтарға деген қатынасынан көрінетін белгілі бір ұлт өкілдерінің әрекеттері.

Ұлттық мінез сипатына консерваттылықты, нәсілділікті, оптимизмді, пессимизмді жатқызуға болады. Бұл қасиеттер өмірге деген қатынас жағынан көрініс береді.

Еңбекке деген қатынаста ұлттық мінез жауапты, ұйымдастырушы, кешікпеушілік, ұқыпты, тәжірибелі, пассивтілік, ұйымдастыра алмаушылық сияқты қасиеттерінен көрінеді. Дүниежүзілік ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарда әр түрлі көрініс береді. Жапондықтардың еңбекқорлығына – төзімділік, қырсықтық, табынушылық, шапшаңдылық, ұқыптылық, нақтылық, тәртіптіліктен, ал американдықтардікі – энергияға толықтықтары, азарттылықтары, инициативтіліктері, қауіптен қорықпайтындығынан, рационалдылығынан көре аламыз.

Ұлттық темперамент – белгілі бір этникалық жиынтыққа жататын адамдардың әрекет-қылықтары мен әрекеттердің эмоционалды экспрессивті сипатын анықтайды. Олардың әрекет-қылықтық белсенділігін сипаттайды.

Кейбір ұлт өкілдері (француздар, итальяндықтар, испандықтар) эмоционалды, қабылдағыш болып келеді. Оларда бір сәтті энергия, көңіл-күйі пайда болады, бір сәтте жоқ болып кетеді.

Келесі ұлт өкілдерінде (скандинавтықтар, ағылшындықтарда) әрекет-қылықта логикаға сүйенеді, көңіл-күйінің өзгеруіне тәуелді емес келеді.

Темперамент жесттен көрінеді. Зерттеушілердің ойынша, бір сағат әңгімелескенде финдықтар тек бір жест қана қолданылады, ал итальяндықтар 80-нен кем емес, француздар 120-дан кем емес, мексикандықтар 180 рет жест пайдаланады екен. Темперамент түсінігі этникалық психологияда жалпы психологияға қарағанда басқа мағынада пайдаланады. Ұлттық темперамент, ол жеке тұлға темпераменті емес.



Ұлттық ақыл-ой (склад ума) – философтар мен социологтардың ойынша, белгілі бір ұлт өкілдерінің ойлау, ойлай алу ерекшеліктері. Ойлау механизмі әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей, бірақ ол бір заңдылықтарға бағынып, ежелгі әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталатын спецификасы бір болып табылады. Немістер абстрактілі ойлайды, ағылшындар тәжірибелі, француздар ақылды, ойлау қабілеттері жақсы дамыған келеді.

Ұлттық ментальды қайталап бастаған табиғатпен қарым-қатынас, адамдар мен қарым-қатынас нормаларынан көрінеді.

Ұлттық ойлау ерекшеліктері философиялық жүйеден көрінеді.

Шведтіктер басқа ұлт өкілдеріне қарағанда эмоцияны көрсетпейді, компромисті шешім іздейтін, рационалды адамдар болып келеді (А.Даун).



Ұлттық сезім мен көңіл-күй – бұл адамдардың ұлттарға деген, қызығушылықтарға, өмірге, құндылықтарға, басқа ұлттарға деген эмоцияға толы қатынас болып табылады. Ұлттық сезімдер ұзақ өмір сүреді. Тәжірибе негізінде қалыптасады. Оның позитивті және негативті жақтары болады.

Ұлттық салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар – ұзақ тәжірибе нәтижесінде қалыптасатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін заңдылықтар, нормалар, стереотиптер, әрекет-қылықтар, қарым-қатынас формалары болып табылады.

Ағылшындар жұмыстарын дәстүрге қарап сай шешеді, кез келген жерде салт-дәстүрлер, әдет-ғұраптар ұстауға тырысады.

Әр ұлттың өзінің ұлттық санасы болады, әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық, эстетикалық, философиялық және т.б. көз қарастарының бар болуы және оның рухани қалыптасу деңгейімен анықталады.

Ұлттық сананың ядросы ұлттық өзіндік сана болып табылады. Ұлттық сананың негізгі элементтер қатарына ұлттық саналы қарым-қатынасы оны материалды және рухани бағалықтарын қосады; көбею үшін шығармашылыққа деген қабілеті; өзінің ұлттық қызығушылықтары мен басқа ұлттық-этникалық топтармен деген сәтті қарым-қатынас жасау саналы түрді жүргізіледі.

Ұлттық сана қоғамдық-саяси сана сияқты да өзімен бірге бір-бірімен тығыз байланысты екі негізді құрайды: қарапайым және теориялық сана.

Қарапайы ұлттық сана – құрылымы және механизмі бойынша өте күрделі, көпқабатты, инерционды-консерватты болып келеді. Бұл бұрынғы ұрпақтан қалған тарихи табиғи-биологиялық синтез болып табылады. Сол уақытта көптеген ұлттың әлеуметтік тұрмысын көрсетеді және де ұзақ уақыттаға тарихи қалыптасудың азығы болып табылады.

Қарапайым ұлттық сана үш қабатты құрылымнан тұрады: біріншілен, ұлттық сананың күнделікті қажеттіліктері, қызығушылықтары, бағалы жүйелер және құрылымдар. Осы этаптың қалыптасуын және тарихи ғана емес, нақты қазіргі кездегі өзіндік қалыптасудың қайнар көзі ретінде. Екіншіден, негізгі жүйеде құрылған стереотип көріністері, қарапайым нормалар мен әрекет-қылықтың элементарлы нұсқалары, сонымен қоса салт-дәстүрлер, тарихи сияқты әлеуметтік тамырлары бар. Үшіншіден, эмоционалды элементтер және бейнелі, дыбысты, бояу формасындағы көріністердің детерминациясы. Осының барлығы күнделікті өмірдегі ұлттық ерекшеліктерді құрайды, бұл көбінесе ұлттық мінезбен байланысты және одан шығып ұлттық санаға ауысады.



Теориялық ұлттық сана - өзімен бірге криссталды, ғылыми безендіру және бұқаралық ұлттық сананың әлеуметтік элементтері. Осының барлығы нақтылы әлеуметтік позициясын қалыптастырады. Бұл ұлттық-этникалық топтың идеологиясы өзімен бірге өткен тарихтағы өзіндік бағаны қосады, сонымен қоса бүгінгі жағдай және ұлт қалыптасуының мақсаты, негізгі құрылған қатардың және барлық деңгейдегі қолжеткізушілік бағдарламалары. Сонымен бірге криссталды нормалар, бағалар және әрекет-қылық нұсқалары әрбір индивидке қасиет – ұлттық-этникалық қоғамның лояльды мүшесіне де қатысты болып табылады.

Осындай идеологиялық құрылымның ортасында ұлттық-этникалық топтың өзіндік идеясы жатыр, сонда барлық құрылым ұлттық және этноорталық мінезден бастап, ұлтшылдық пен расизмнің апологетикалық түріне дейін барады.



Ұлттық өзіндік сана – көзқарастар мен бағалар жиынтығы, ойлар мен қатынас, мазмұны бар ұлттық-этникалық қоғамның өзінің тарихы мен деңгейі және мүшелер негіздері, және де басқа аналогиялық қоғамдар арасында өзінің орны және олармен өзара қарым-қатынас мінезі. Оның рационалды (ұлтқа өзінің (әлеуметтік-этникалық) толық жатуын саналы түрде білу) және эмоционалды (өзінің әлеуметтік-этникалық басқа топпен өз бірлігін санасыз түрде болуы) компоненттері.

Ұзақ тарихи процесі бар, көп деңгейлі және өзіндік дамуда тең емес. Ол әлеуметтік психологиялық механизмімен байланысты, психикада «біз» және «олар» антитеза қалыптасуымен байланысты.

Тұрмыс психологиялық деңгейде консолидация механизм стереотипі сақталған. Мұндай стереотиптер – эмоционалды, суретті, ашық, бірақ ішкі абстрактілі қарым-қатынасты, бағалық образды, «типтік өкілдердің» басқа ұлттық-этникалық топтардың. Бұған классикалық мысал ретінде – Қытай халқының санасында қалыптасқан европеец стереолтипі – «долгоносика». Екі ракус шығыс физиогномикасын салыстырайық: жіңішке мұрын – қаттылық пен мақтаншақтықты білдіреді, ондай мұрын иттерге тән және керісінше кең және кішкентай мұрын нәзіктілік пен жұмсақтылықты білдіреді және де осындай мұрын бұзауға тән.

Ұлттық өзіндік сананың дамуын жылдамдататын катализаторлар болып келесі факторлар болған, сыртқы агрессия, колонизация, ассимиляция қатерін алатын, ұлттық қоғамның мәдени және толық физикалық жойылуы осындай жағдайда ұлттық өзіндік сана ратты және экономикалық қоғамның құрылуынан артып өтті.

Өзіндік сананың дамуы әртүрлілікпен ерекшеленеді. Оның негіздері аталған факторлармен анықталады. Қоғам кіші болған сайын, ондағы ұлттық өзіндік сана проблемалары аз болады, ал керісінше ондай қоғам үлкен болған сайын, олардың шиеленістерінің болу мүмкіндігі аз. Үлкен ұлттар өкілдері ереже бойынша, өздерінің ұлттық өзіндік сананың өзіндік нұсқауын да керек етпейді.

Ұлттық өзіндік сана екі саяси түрде болады. Бір жағынан, ол прогрессивті процесс бола алады, басқа жағынан, ұлттық өзіндік сана дамуы керісінше болуы мүмкін.

Ұлттың өмірінде негізге роль атқаратын ұлттық қызығушылықтар болып табылады. Ұлттық қызығушылықтар этникалық қоғамның сапалығын көрсетеді және оның сақталуын талап етеді. Олар әрекет-қылық күштерінің қозғалмалы және жеке тұлғаның іс-әрекеті болып табылады.

Ұлттық қызығушылықтардың негізгісі болып ұлттық бағалық болып табылады – ол рухани идеалдардың бар болуы және оның сақталып қалуы.

Ұлттық қызығушылық спецификасына ұлттық талғам жатады. Ұлттық талғам тұрмыстық мәдениетте, өмірлік бейнеде, киім-кешекте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста, әдебиетте, белгілі бір этникалық қоғамда қолданылады.

Ұлттық дәрежесін және сақталуын ұлттық тілмен ерекшеленеді. Ұлттық тілдің негізінде бірін-бірі ұнату, сену, қарым-қатынас, барлық ұлттардың қаншалықты ұқсас екенін анықтайды.

Ұлттық өзіндік бағалауды А.Д.Карнышев әлеуметтік психолог былай бөлді:


  1. Төмендетілген – адам өз ұлтының мұқтаждықтарын (достоинство) белгілейді.

  2. Адекватты төмен – адам өзінің ұлтының қаншалықты бағалы екеніне көз жеткізу.

  3. Адекватты жоғары - өз ұлтымен мақтаныш етеді.

  4. Жоғары – басқа ұлттардан қарағанда өз ұлтын тым жоғары бағалау.

Психика функциясының проблемасы қазіргі психологияда ең күрделі болып табылады. Осы проблеманың шешілуіне когнитивті, герулятивті және коммуникативті функциялары болып табылатын субъект әрекетін детерминациялайды.

Оның маңызды функциялары болып этникалық специфика объективизациясы. Объективизация әсерімен ұлттық специфика әрекетте көрінеді. Әрекеттер адамдарда ұқсас еңбек қабілеттерінде тең, бірдей болып келеді. А.А.Бодалев зерттеулері бойынша әр түрлі кәсіп иегерлері бұл тенденцияны өздерінше қабылдайды. Басқаша айтқанда адамдардың келбетін қабылдау.

Этникалық специфика объективизациясы әр қоғамға тән, әлеуметтік тәжірибе құрады, оның саяси, экономикалық және мәдени дамулары бар.

Ұлттық психология әрекетті және регулятивті функцияны орындайды. Ұлттық психологиялық регуляция ұлттық спецификадан, қабылдау мінезіне ойлау, бағалықтары, дәстүрлі формалардан және тәсілдерден болады.

Үшінші функция бақылаушы, ол ұлттық әр түрлілікте, адаптация процестерінде, стабилизация және стимулдан тұрады.

Бейімделу. Адамдардың әрекетке ұлттық психологиялық негіздерін дамытуға немесе кедергі жасайды. Бейімделу адамға қиыншылықтармен күресуге, жетістіктерге жетуге көмектеседі. Мысалы, француздар белгілі бір жағдайға оңай кіреді, өздерінің энергиетикасымен, жеңілдіктерімен, жылдамдылығымен ерекшеленеді. Ал ағылшындар үшін көп уақыт керек.

Стабилизация. Әр халықтың бейімделулері түрлі болғанмен, соңында әрекетке бейімделеді. Мысалы, француздарда зерттеулер бойынша энергетикалығы жылдам төмендейді, белсенділігі төмендейді, өзінің сенімі жоғала бастайды, ал ағылшындарда ереже бойынша барлығы басқаша болады. Олар еңбек нұсқаларына бейімделгеннен кейін, нақты, сенімді әрекеттер орындайды.

Стимуляция. Әрекетте байқалады. Нақты динамикаға негізделген, нақты этникалық қоғамның психологиялық белсенділігі. Стимуляция белсенділікті жоғарылатады және стабилизацияны әрекетке жан-жақтылық кері беріледі.

Әлеуметтік ғылымдарда ұлттық мінездің бар екені мәлім. Ол туралы өте жақсы көлемді түсіндірген Г.Д.Гачев «Халықтың ұлттық мінездемесі, ойлауы, әдебиеті өте «қу» және қиын «материя» болып табылады. Оның бар екенін сезгенімізбен, сөздерін айыруға тырысамыз. Бұл қауіптен қашып құтылуға болмайды, тек әрдайым түсінуге және онымен күресуге болады – бірақ жеңе алмайсың». Алғашқы «ұлттық мінездеменің» сипаты, яғни түсінігі алғашқыда әдебиеттерде, халықтардың өмір сипатын зерттеу мақсатымен барған саяхатта пайда болды. Айта келгенде авторлар ұлт мінездемелерін қорытындылай келе, ең алдымен темпераментке және басқа да жеке тұлғаларына, үшіншіден, құндылық қарым-қатынасына көңіл бөледі. Мәдениетті болжауда, «толық паттернді» зерттеуде ең басты мәдениеттегі жеке тұлғаның жаңа терминдері (мәдениеттің конфигурациясы, жеке тұлғаның ерекшелігі және модальдық ерекшелік) пайда болады, одан ол қайтадан «ұлттық мінездеменің» түсінігіне оралды. Бірақ қазір қайткенмен де әр түрлі көзқарас кездеседі. Дегенмен де олар өте құнды болып есептеледі ме, жеке тұлғаның элементі яғни әлемдегі барлық адамдарды біріктіреді немесе диференттік бір-біріне ұқсас жеке тұлға болып табылады.



Жағдайдың қиындығының себебі, біздің кезіміздегі мінездің ерекшелігі, психолог түсінігі немесе жеке тұлғаның түсінігі. Дегенмен де ұлттық мінездеменеі қарстыра келе, зерттеуші мынадай түсінік береді - өзінің методологиялық, және теориялық көзқарасында – сондағы психологиялық ерекшелікетер бір елдің екіншісінен айырмашылығын анық принципппен көрсетеді. Біріншіден, мүлдем анық этностық мінезді көрсетсе – басқа көрсеткіштер мүлдем басқандайын көрсетеді. Сондықтан И.С. Кон дұрыс айтады: «Халықтың інезін түсіну үшін, оның арихын білу керек»,- дейді. Екіншіден, еңбекқорлық Жапонияда ең бірінші дәрежеде қарастырылады, сонымен бірге неміс халқында. Бірақ немістер жұмыс уақыын, көлемдеп, экономдап, бір-бірімен қарастыра отырып орындайды. Жапондар жұмыс орындағанда оны жан тәнімен беріліп орындап, сол жұмысты орындау кезінде өзіне керемет қуат алып оны анық көрсете біледі. Сонымен қатар ұлттық мінездің құндылығын әлеуметтік, экономикалық және географиялық ортадан да байқауға болады. Мұнда тағы да еңбекқорлық халықтың ортақ құндылығы болап табылады, бірақ та сол елдің тарихи құндылықтары сол елдің санасына, мәдениетіне әсер етеді. Әлеуметтік-тарихи интерпретация ұлттық мінездің бізге белгілі «Мәдениет және тұлға» жұмысында орын алды. Мысалы базалық тұлғаның түп тамыры, жеке тұлғаның әр түрлі мәдениет ортасына әсер етеді. Толық мысалда келтірілетін «құпия орыс жанының» зерттеу жұмыстарында алынған. Себебіне қарай оңай түсіндіруге келетін, орыс ұлтарының мнездері екінші дүниежүзілік соғыста, яғни соғыс заманында байқалған.

Оның ерекшеліктері жоғарыда айтылғандай британдық мәениет антропологы Дж. Горердің жалғасу болжамынан шығады. Бірақ та, болжамды жақтаушылар нәрестелерді қатты байлап қою тәжірибесін патшалық және сталиндік кездегі автократтық саяси интитуттың негізгі себебі болып табылатынын және осы құбылыс орыс халқының маниакалды-депрессивті базалық тұлғанң қалыптасуына әкелетіндігін айтпайды. Керісінше, олар себептің бір жақты тізбегімен ектелмеуін сұрайды. Ал Эриксон, қатты байлап қою әлеуметтік мәдениеттердегі әмбебап дәстүр екендігін түсініп, оны дәл сол Ресейде одан сайынғы алға бас қандығын айтады. Осылайша, оның ойы бойынша, орыс адамдардың қалыптасуына шаруа өмірлерінің суық климаттағы тлық пассивтілік пен қызметсіздік әсер ететіндігін айтады. Н.А. Бердяев «орыс жанының формалды негізіне» екі қарама-қарсы бастау: «табиғи, тілдік дионистік стихия мен аскеттік-монахтық православие» әсер ететіндігін айтады. Неміс философ В.Шубарт та орыс мәдениетінің соңын батыс мәдениетінің ортасымен салыстыра отыра, орыс жанының негізін православие ерекшеліктерінен аңғарады. Психологиялық антропологияда тек қана орыс емес, сонымен қатар басқа да ұлттық мінездердің зертте тәсілдері бар екендігін ашты (балаларды тәрбиелеутәсілі және балалардың тәжірибелерінің ерекшеліктерін бөліп шығару арқылы). Осылайша, Р. Бенедикт жапондық мінездің қарама-қарсылығын өзінің «Хризантема және қылыш» кітаптарында түсіндіруге тырысы. Бұның себебеін ол Жапониядағы әлеуметтену ерекшеліктерінен тапты. Мәдениантропологтар ұлттық мінезді зерттеу кезінде неғұрлым «объективті» әдістер (терең интервью мен психологиялық тестілеу) қолданғанда, олар халық мінезі туралы жалпы түсінігін жоғалтып, психологтар сияқты қасиеттердің жиынтығын құрастырды. Соңғы кезде «ұлттық мінез» түсінігі базалық және модальдық тұлға түсінікері сияқты психологиялық жәене мәдениантропологиялық әдебиеттер беттерінен жоғала бастады. Оның орнына этникалық коғамдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін «менталдылық» түсінігі енді. Менталдылық – бұл «адамның әлем туралы және ондағы өзінің орны туралы түсінікер негізінде жатқан образдар жүйесі». («әлемді түсіну» - фр. «mentahte»). Егер де этносты адамдардың оған жататындығын саналы түрде түсіндіру болып табылатын ядрлық сипат ретінде топ сияқты қарастырсақ, онда ол этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі пәні болуы керек. Сонымен қатар этнопсихологияның қалыптасуының алғашқы қадамдарынан-ақ оның ірі өкілдері дәл сол ментаолдылықты зерттеп, бірақ басқа атпен атаған. Мысал ретінде О.Даунның «Швед менталдығы» кітабын қолдануға болады. Бұнда сандық (психологиялық тест және репрезентативті таңдауларда алынған сұраулар) және сапалық (терең интервью, мәдени-антропологиялық бақылау) әдістері арқылы алынған мәліметтер бірін-бірі толықтырады. Талдау жасау нәтижесінде Даун шведтерді сипаттайтын белгілерді мұқият түрде сипаттады: коммуникация орнатудан қорқу, жасқаншақтық, ұстамдылық, шындарлық, тәуелсіздік, эмоционалды суықтық және мұң. Бірақ «Анналдар» мектеінің тарихшылары менталдылықты қасиеттердің жиынтығы емес, оны бір-бірімен байланысқан түсініктер жүйесі ретінде түсіндірген.

Қалыптылық және ауытқу мәселесі

Бұл мәселені зерттеу кезіндегі туындайтын алғашқы сұрақ – индивидтің қандай әрекет-қылықтарын қалпты емес деп санауға болады? Бүгінгі таңда зерттеушілердің көбі «қалыптылық» пен «ауытқуды» - мәдениеттің детерминизацияланған түсініктері деп санайды. Мәдени релятивизм жақтаушылары, Р.Бенедиктен бастап, берілген қоғамдағы ұстанымдарға сәйкес келетін нәрседердің барлығын қалыпты деп санау керек дейді. Бірақ та бұған қарсы бірқатар сұрақтар туындайды: адамдарды жеу, расизм сияқты «мәдениет» құндылықтарын сыйлау талап етіледі ме? Абстрактілі функционализм тұрғысынан – бұл мәдениеттің өмір сүруінің қажетті элементтері ме? Қазіргі кезеңдегі ортақ көзқарас – психопатологияны мәдениеттен абсолютті түрде бөліп қарастыру мәнсіз болып табылады.біз белгілі бір спихикалық ауытқуды тек мәдени контексіні есепке ала отыра ғана түсіне аламыз. Алайда универсалистік және релятивистік тәсідерді жақтаушылар арасында мәдениеттің психикалық ауытқулырадың түрлі аспектілеріне әсер ету деңгейіне байланысты дау-дамайлары бітпейді. Мысалы үшін, шизофрения және депрессияның зерттеулері универсалистік көзқарастың неғұрлым негізделгендігін көрсетеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы көлемінде 9 елде (Ұлыбртания, Дания, Индия, Колумбия, Нигерия, СРО, АҚШ, Чехословакия, Тайвань) шизофренияның таралғандығы мен симптоматикасы езрттелді. Зерттекшілер шизофрения - әмбебап психикалық ауытқу және барлық мәдениеттерде бірдей белгілермен көрінеді деген қорытындыға келді. Бірақ та кейбір мәдениет аралық айырмашылықтар да табылды. Дамушы елдердегі ауруларда неғұрлым жеңіл формада және ремисссияның неғұрлым ұзақ кезеңдерімен сипатталады. Сонымен қатар этнопсихологияда шизофрения өркениет ауруы болып табылады деген көзқарас қалыптасқан: Ж.Девре оны «батыс елдерінің психозы» деген. Бұл аурудың негізгі себебін тұлғаның жалғыз қалу әне қарым-қатынас орнату қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауында дейді. Оған қарағанда дәстүрлі қоғамдардың бұл қажеттіліктерді әр түрлі деңгейде қанағттандыратыны даусыз. Бірақ та қарым-қатынас орнау мен жалғыз қалудың балоансын қамтамасыз ететін механизмдер ылғи да бар болады. Алайда мәдениантропологтар қазіргі кездегі психиатриямен шизофрения себептері туралы келіссе де, олар тәжірибенің кейбір түрлері аурудың даму темпін жылдамдатуы мүмкін деген ойда. Мысалы, қазіргі кездегі адамдарға лап ететін құрылымсыз және күрделі ақпараттың үлкен көлемінің әсерін айтуға болады. Ақпаратты беру үрдісінің дәл сол этномәдени ерекшелігінде Ұлыбританиядағы ағылшындарға қарағанда ирландықтардың көбірек ауыратыны анықталған. Ирландық мәдениетте сөйлеу жылдамдығы және екі мағыналы қалжың бар, бұл ақпараттың күрделілігін арттырып, нақтылығын төмендетеді. Салыстырмалы-мәдени зерттеулерде тағы бір психикалық ауытқудың – депрессияның негізгі белгілерінің әмбебаптылығы дәлелденген. Алайда жалпы картинаға кейбір мәдениет аралық ерекшеліктер бар: индивидуалдық мәдениеттер өкілдері көбінесе жалғыздық және оқшаулылық сезіміне шағымданады, ал ұжымдық мәдениет мүшелеріне соматикалық шағымдар, мысалы бас ауруы тән.

-Публокток немесе арктикалық истерия – Гренландия мен Аляскадағы полярлы қыс кезінде үйден қашып, киімді шешудің басқарылмайтын талаптары. Бұл аурудың себептерін ғалымдар ұзақ оқшаулылық пен күн мен түн өзгерісінің ерекшеліктерінен, ағзада кальцийдің жетіспеушілігімен түсіндіреді.

-Сусто – Анд тауларының тұрғындарындағы, көбінесе балалардағы ұйықтай алмау, депессия, үрейлілік. Жергілікті наным бойынша, ауру адамдардың жоғарғы күштермен кездесідің нәтижесінде пайда болады. Ал зерттеушілер сустоны гипогликемиямен байланыстырады – қандағы глюкозаның жетіспеуі.

-Витико – канадалық индеец ауруы, күнделікті тамақтан жиіркену, депрессия мен үрейлілік сезімдері, өлтіру және каннибализмге бейім болу. Жергілікуті тұрғындар ауру себебін – витико рухымен – адамдарды жейтін үлкен жында дейді. Мәдениантропологтар ауру себебін аш өлімнен қорқудың ең шеткі формасы ретінде қарастырады.

Айтылған және басқа да этникалық психоздардың беліглері – еуропалық бақылаушы үшін экзотикалық қасиеттер, интерпретация мүмкіндігі тек олард туғызған мәдениеттен екендігі.

Мәденит психикалық ауытқуларды толғанудың формасын береді, әмбебап аурулардың белгісін шарттай отыра және мәдени-спецификалық аурулар пайда болуына жол береді. Қалыпты емес мінез-құлық сферасындағы мәдениет рөлін мойындау диагностика тәсілдері мен индивидтерді емдеуді қайта қарастыруы қажет.



Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта ұлттардың өз тұрмысын сақтауы, тұрмыстық мәдениеттің қайталанбастығының және психологиялық құрылымның ерекшеленуіне, адамның белгілі бір этникалыққа жататындығы – ұлттық ана-сезім немесе этникалық иденттілікке ұмтылыс үрдісі басталды.

Барлық континенттердегі көптеген елдердің тұрғындарына әсер ететін бұл құбылыс басында қазіргі күндегі этникалық парадокс атауына ие болды, себебі ол өсе келе жатқан рухани және материалдық мәдениеттің унификациясымен бірге жүреді. Бірақ қазіргі күндегі этникалық қайта тірілу XX ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі белгілерінің біреуі деп қарастырылады. Өз тамырларына деген қызығушылық бөлек адамдар мен бүкіл халықтарда сан алуан формада көрініс табады: байырғы заманғы дәстүрі қайта тірілту тәсілінен бастап, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, «құпия ұлттық жанның» ізденісі мен өз ұлт мемлекеттілігін құру және қайта құруға дейін.

Өкінішке орай, бұл заңдық мүдделер басқа ұлттық мүдделермен кездескенде, біз этноаралық конфликтілер жағдайына куә боламыз.

Бірақ та егер бүкіл әлемде әр түрлі ғылымдардың өкілдері 30 жылдан аса этникалық қайта тірілуді зерттесе, бұрынғы КСРО-да процесс қарама-қарсы бағытта өтті: ұлттар, қоғамдастықтар керісінше бір-біріне жақындаған, ал ұлттық сұрақ толығымен шешілді деген. Шын мәнінде біздің еліміздегі жағдай әлемдегіден ерекшеленген жоқ, мысалы:



  1. империялық колониалды мұра;

  2. адамзатқа қарсы зорлық көрсету;

  3. мемлекетті этно-территориялық түрде бөлу.

Алайда қазіргі кездегі адам өмірінде белгілі бір ұлтқа жататындығын түсіну, оның ерекшелігін іздестіру – соның ішінде психикалық ерекшелігін – онда этникалық фактордың психологиялық аспектісін зерттеу қажет. Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты (этноәлеуметтану, этносаясаттану) дамуы қажет.

Этнопсихологтар түрлі ұлттардың өкілдерінің байланыс орнатуы кезінде бірін-бірі түсінбеу себептерін қайдан табу керек екендігін, мәдениетпен шарталған психикалық ерекшеліктер бар ма, этноаралық конфликтілер өсуін қамтамасыз ететін психологиялық құбылыстар бар ма екендігін анықтайды. Көптеген осы сұрақтардың шінде этникалық иденттіліктің өсуінің психологиялық себептері туралы сұрақ та бар.

Әлеуметтік ғылымдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілудің бірнеше түсіндірмелік концепциялары бар. Түрлі әлеуметтік мектептер этникалық иденттіліктің өсуін: а) дамыған халықтың экономикалық және техникалық экспансиясына халықтың дамуы арттта қалғандарының реакциясы; б) бүкіл әлемдік әлеуметтік бәсеке; в) үлкен әлеуметтік топтың экономикасында және саясатта әрекет-қылықтың жоғарылауы. Бұнда дәл сол этникалық қоғамдар басқа топтар не кластарға қарағанда неғұрлым тиімді жағдайларда болатыны анықталды.

===============================

ХХ ғасырдың екінші жартысында психиканың этникааралық түрінің негізгі факторы болып мәдениет табылатындығында ешкімнің күмәні жоқ. Мәдениет көп аспектілі ғана емес, сонымен қатар көп құрылымды болып келеді.Оның атқаратын көптеген функцияларының қатарына кіретін ең маңызды факторының бірі – ол адам мінез - құлығын анықтайтын қызметі.Адам құлықын анықтауда мінез-құлығын жекелеу дәрежесінде реактивті және белсенді компонентерін қарастырады. Ю.М.Лотман ескерген бір жайы ол – қоғам үшін жеке тұлғаның барлық мінез – құлықтары емес, тек мәдениетте кейбір қоғамдық мағынасы бары ғана жазылады.

Басқа сөзбен айтқанда әлеуметтік мінез – құлыққа әсерін тигізуде мәдениетте бар мінез – құлықтарын ғана анықтайды. Адамның мінез –құлығының әлеуметтік типін Асмов деп атайды.Бұл мінез – құлық мәдениеттің типтік бағдарламасын көрстеді және де мінез – құлыққа жалпылы жағдайда стандартты реттейді, жеке тұлғаны шешілген дара шешімдерден босатады. Әлеуметтік – типтік мінез- құлық белгілі бір өмір жағдайына қабылданған,ол тек адам басқа мәдениет ортасына түскен жағдайда жойылады.

Адам мінез– құлығының реттейтін мәдениеттің жаңа бағдарламасы қандай? Біздің көз қарасымыз бойынша әлеуметтік типті реттейтін міне – құлықтарды біріктіріп салтқа айналдыруға болады. Салттардың әр түрлері бар.Пост – бұл тамақтан шектеу салтының басқа түріне жатады. А.К.Байбуринның айтуы бойынша «стереотиптік жоспар мәні, жоспар мазмұны әсіресе мәдениеттің түпкілікті құрылымында стереотип мінез – құлқы пайда болады» Мұндай салт түрі көп компонетті құбылыс болып саналады, сонымен қоса ол стереотип түрінде жалпылама мүшелердің мінез – құлқын түзетеді. Сол сияқты ежелгі орыс елінде маңызды рольді «көмек» (асар) атқарған; ол көптеген әр түрлі мүшелі элементтерден құралған, олар – шаруашылық – еңбектік тұрмыстық, фальклорлық, діни мінезде – «салт, орталығында- крестяндарды атқарған жұмысы үшін төленбеген еңбек ақысы белгілі бір қожайынның бір жедел орындалатын жұмысы үшін»

Қазіргі жаңа этнопсихологияда осындай салттардың элементтерін зерттеу соның ішінде бағалықтары мен нормаларын зерттеу кеңінен тарап орын алып отыр. Үлкен көлемді әдебиеттерді көріп жоспарлап У.К.Стефан әр түрлі авторлар ұсынған мәдениет туралы 11 ұсыныстарды ерекше атап көрсетті;



  • индивидуализм (жеке тұлғалық) ұжымдық немесе жекеленген топтық мақсаттағы бағыттар

  • Мәдениетте қабылданған нормаларға қарсылық толеранттылық деген.

  • Іс жүзіндегі ережелерге қажетті анықталғандықтың жалтыру сатысы.

  • Мәдениеттегі саалы анықтау.

  • Адам жаратылысын бағалау мысалы, жақсы, жаман аралас.

  • Мәдениеттің қиыншылығы.

  • Эмоциялық тексеру.

  • Байланыс жақындығы, араласу кезінде ара қашықтығы.

  • Жеке тұлға мен басқарушы мен ара қатынасы.

  • Жоғары контекстностік.

  • Дихотомиялық адам.

Әрине бұлар негізгі психологиялық типті анықтайтын барлық өлшемі, емес.

Американдық зерттеушілердің тексеруі бойынша мәдениеттік айырмашылығы уақытта демек, өткен шақ және осы шақ, сонымен қатар болашақ.

Көптеген қазіргі жаңа зерттеулердің пікірі бойынша (Дж.Берри, Г.Грианди, Г.Хофстед және де тағы да басқалары.) мәдениет бір бірлестікке немесе жекелікке бағытталуы керек.

Бұл мәселені зерттеу кезіндегі туындайтын алғашқы сұрақ – индивидтің қандай әрекет-қылықтарын қалпты емес деп санауға болады? Бүгінгі таңда зерттеушілердің көбі «қалыптылық» пен «ауытқуды» - мәдениеттің детерминизацияланған түсініктері деп санайды. Мәдени релятивизм жақтаушылары, Р.Бенедиктен бастап, берілген қоғамдағы ұстанымдарға сәйкес келетін нәрседердің барлығын қалыпты деп санау керек дейді. Бірақ та бұған қарсы бірқатар сұрақтар туындайды: адамдарды жеу, расизм сияқты «мәдениет» құндылықтарын сыйлау талап етіледі ме? Абстрактілі функционализм тұрғысынан – бұл мәдениеттің өмір сүруінің қажетті элементтері ме? Қазіргі кезеңдегі ортақ көзқарас – психопатологияны мәдениеттен абсолютті түрде бөліп қарастыру мәнсіз болып табылады.біз белгілі бір спихикалық ауытқуды тек мәдени контексіні есепке ала отыра ғана түсіне аламыз. Алайда универсалистік және релятивистік тәсідерді жақтаушылар арасында мәдениеттің психикалық ауытқулырадың түрлі аспектілеріне әсер ету деңгейіне байланысты дау-дамайлары бітпейді. Мысалы үшін, шизофрения және депрессияның зерттеулері универсалистік көзқарастың неғұрлым негізделгендігін көрсетеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы көлемінде 9 елде (Ұлыбртания, Дания, Индия, Колумбия, Нигерия, СРО, АҚШ, Чехословакия, Тайвань) шизофренияның таралғандығы мен симптоматикасы езрттелді. Зерттекшілер шизофрения - әмбебап психикалық ауытқу және барлық мәдениеттерде бірдей белгілермен көрінеді деген қорытындыға келді. Бірақ та кейбір мәдениет аралық айырмашылықтар да табылды. Дамушы елдердегі ауруларда неғұрлым жеңіл формада және ремисссияның неғұрлым ұзақ кезеңдерімен сипатталады.

Сонымен қатар этнопсихологияда шизофрения өркениет ауруы болып табылады деген көзқарас қалыптасқан: Ж.Девре оны «батыс елдерінің психозы» деген. Бұл аурудың негізгі себебін тұлғаның жалғыз қалу әне қарым-қатынас орнату қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауында дейді. Оған қарағанда дәстүрлі қоғамдардың бұл қажеттіліктерді әр түрлі деңгейде қанағттандыратыны даусыз. Бірақ та қарым-қатынас орнау мен жалғыз қалудың балоансын қамтамасыз ететін механизмдер ылғи да бар болады. Алайда мәдениантропологтар қазіргі кездегі психиатриямен шизофрения себептері туралы келіссе де, олар тәжірибенің кейбір түрлері аурудың даму темпін жылдамдатуы мүмкін деген ойда. Мысалы, қазіргі кездегі адамдарға лап ететін құрылымсыз және күрделі ақпараттың үлкен көлемінің әсерін айтуға болады. Ақпаратты беру үрдісінің дәл сол этномәдени ерекшелігінде Ұлыбританиядағы ағылшындарға қарағанда ирландықтардың көбірек ауыратыны анықталған. Ирландық мәдениетте сөйлеу жылдамдығы және екі мағыналы қалжың бар, бұл ақпараттың күрделілігін арттырып, нақтылығын төмендетеді.

Салыстырмалы-мәдени зерттеулерде тағы бір психикалық ауытқудың – депрессияның негізгі белгілерінің әмбебаптылығы дәлелденген. Алайда жалпы картинаға кейбір мәдениет аралық ерекшеліктер бар: индивидуалдық мәдениеттер өкілдері көбінесе жалғыздық және оқшаулылық сезіміне шағымданады, ал ұжымдық мәдениет мүшелеріне соматикалық шағымдар, мысалы бас ауруы тән.

-Публокток немесе арктикалық истерия – Гренландия мен Аляскадағы полярлы қыс кезінде үйден қашып, киімді шешудің басқарылмайтын талаптары. Бұл аурудың себептерін ғалымдар ұзақ оқшаулылық пен күн мен түн өзгерісінің ерекшеліктерінен, ағзада кальцийдің жетіспеушілігімен түсіндіреді.

-Сусто – Анд тауларының тұрғындарындағы, көбінесе балалардағы ұйықтай алмау, депессия, үрейлілік. Жергілікті наным бойынша, ауру адамдардың жоғарғы күштермен кездесідің нәтижесінде пайда болады. Ал зерттеушілер сустоны гипогликемиямен байланыстырады – қандағы глюкозаның жетіспеуі.

-Витико – канадалық индеец ауруы, күнделікті тамақтан жиіркену, депрессия мен үрейлілік сезімдері, өлтіру және каннибализмге бейім болу. Жергілікуті тұрғындар ауру себебін – витико рухымен – адамдарды жейтін үлкен жында дейді. Мәдениантропологтар ауру себебін аш өлімнен қорқудың ең шеткі формасы ретінде қарастырады.

Айтылған және басқа да этникалық психоздардың беліглері – еуропалық бақылаушы үшін экзотикалық қасиеттер, интерпретация мүмкіндігі тек олард туғызған мәдениеттен екендігі.

Мәденит психикалық ауытқуларды толғанудың формасын береді, әмбебап аурулардың белгісін шарттай отыра және мәдени-спецификалық аурулар пайда болуына жол береді. Қалыпты емес мінез-құлық сферасындағы мәдениет рөлін мойындау диагностика тәсілдері мен индивидтерді емдеуді қайта қарастыруы қажет.
6-ші дәріс Тақырыбы: Этнопсихология дамуының тарихи кезеңдері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет