Қажет болған жағдайда «Симптомдар» немесе «Емдеу» («Артық дозалану симптомдарын жою тактикасы») секілді қосымша тақырыпшалар беріледі.
5. ФармакологиЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР 5.1. Фармакодинамикалық қасиеттер.
Фармакотерапиялық топ: {группа}, ATХ коды: [{код}, <әзірше берілмеген>]
Биобалама (биоұқсас дәрілік препарат) ретінде тіркелген дәрілік препарат үшін мынадай мәліметтерді қосу қажет:
<{(Саудалық) атау} биобалама (биоұқсас дәрілік препарат) болып табылады.>.
<5.1.4. Балалар>
Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті уәкілетті органдары дәрілік препараттың тіркеу куәлігін ұстаушыны педиатриялық популяциядағы клиникалық зерттеулер қажеттілігінен босатқан немесе оларды кейінге қалдырған болса, мыналарды көрсету қажет:
а) барлық кіші топтарда клиникалық зерттеулердің қажеттілігінен босату кезінде:
<Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары дәрілік препараттың тіркеу куәлігін ұстаушыны {қолдануға бекітілген көрсеткіш бойынша балаларда зерттеу жоспары бойынша шешімге сәйкес ахуал} кезінде балалардың барлық кіші топтарында {дәрілік препараттың атауын} зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен босатты. Балаларда қолдану бойынша 4.2-тарауды қараңыз.>;
б) кем дегенде бір кіші топқа қолданылатын кейінге қалдырылған міндеттемелер кезінде:
<Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары дәрілік препараттың тіркеу куәлігін ұстаушыны {қолдануға бекітілген көрсеткіш бойынша балаларда зерттеу жоспары бойынша шешімге сәйкес ахуал} кезінде балалардың бір немесе одан көп кіші топтарында {дәрілік препараттың атауын} зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды. Балаларда қолдану бойынша 4.2-тарауды қараңыз.>.
«Шарттарда тіркеу» рәсімі бойынша тіркелген дәрілік препараттар үшін мынадай пайымдауды көрсету қажет:
<Осы дәрілік препарат «шарттарда тіркеу» рәсімі бойынша тіркелген және ол бойынша қосымша деректер ұсыну күтіледі. {Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы} препарат туралы жаңа мәліметтерге жыл сайын сараптама жүргізетін болады, ал осы ДПЖС қажеттілігіне қарай жаңартылатын болады>.
<<{(Саудалық) атау} немесе жаңартылған дәрілік препараттар үшін: {әсер етуші заттың (әсер етуші заттардың) атауы} қамтитын референттікк дәрілік препарат> {қолдануға бекітілген көрсеткіш бойынша балаларда зерттеу жоспарына сәйкес талап} балалардың бір немесе бірнеше кіші топтарында зерттеуден өтпеген. Балаларда қолдану бойынша 4.2 кіші тарауын қараңыз>.
«Ерекше мән-жайлар» бойынша тіркелген дәрілік препараттарға қатысты мынаны көрсету қажет:
<Осы дәрілік препарат «ерекше мән-жайлар» бойынша тіркелген <сирек ауруларға, ғылыми ой-пікірлерге, этикалық ой-пікірлерге> байланысты осы дәрілік препарат туралы барлық қажетті мәліметтерді алу мүмкін емес. {Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы} жыл сайын пайда болуы мүмкін жаңа мәліметтерге сараптама жүргізетін болады, ал осы ДПЖС қажеттілігіне қарай жаңартылатын болады>.
Достарыңызбен бөлісу: |