Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім



бет47/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
clco 31122015 187 doc

5.3. Шаблондарды пайдалану.


Шаблон талап етілетін мәліметтерді дұрыс тәртіпте (осы Талаптардың 4-тарауы) ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бірақ дизайнның және сөздердің орналасуының көмегімен пациенттер оқыуы және түсінуі мүмкін жоғары сапалы құжатты алуға мүмкіндік бермейді. Сәйкес нұсқаулар аннотацияланған шаблонның преамбуласында беріледі (дәрілік препараттарды медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасына қойылатын Талаптардың № 16 қосымшасы).
Зерттеу нәтижелері пациенттер шаблонның тақырыптарының және тақырыпшаларының тұжырымдауларын түсінбеуі мүмкін екенін көрсетеді. Тестілеуге арналған ҚП макетін дайындау кезінде ҚП мәтіні пациент үшін түсінікті тілдегі терминологияға аударуды қамтамасыз ету мақсатында өзгертіліп берілгеніне көз жеткізу қажет.
ҚП-ның қарсы көрсеткіштер, айрықша нұсқаулар және сақтық шаралары, сондай-ақ жағымсыз реакциялар берілген тарауларына айрықша мұқиятпен қарау қажет. Олар, әдетте, тым үлкен және күрделі тілде баяндалған болып табылады. Тестілеу кезінде қиындықтардың туындауы ықтималдылығын төмендетуге мүмкіндік беретін дизайн бойынша төменде берілген нұсқауларды пайдалану қажет.

6. Дизайн және ақпараттың орналасуы (беттеу)


Дизайны қарапайым ҚП пациенттердің ең көп саны препаратты неңұрлым қауіпсіз және тиімді тәсілмен қолдану туралы шешім қабылдауы үшін қажетті ақпаратты пайдалануы мүмкін екенінің кепілі болып табылады.
Ұсынылатын деректерді ұйымдастыру (ақпараттық дизайн) күрделі ақпаратты пайдалану жеңілдігін және түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл құжатты әзірлеу кезіндегі негізгі аспектілердің бірі: қате түсіну тәуекелі қауіпті салдарларға алып келуі мүмкін, бұл дәрілік препараттар туралы ақпаратты ұсыну саласында өте жиі орын алады. Ақпараттық дизайнды әзірлеу – нақты ҚП үшін дизайнның бірнеше нұсқасын және оларды түрлендіруді қарастыру талап етілетін процесс.
Мамандандырылған ұйымдар ҚП құрастыру сапасын арттыру және пайдаланушылық тестілеудің сәтті өтуі ықтималдығын арттыру мақсатында ҚП талдау және дизайнын жетілдіру және ақпаратты орналастыру бойынша қызметтер көрсетуді ұсынады. ҚП құрастыру кезінде мұндай ұйымдардың қызметтерін пайдалануға жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет