6.2. Мақсатты аудитория және дәрілік препарат туралы ақпаратта осы аудиторияның сұранысын тиісінде қанағаттандыру үшін қажетті мәліметтер.
Мәтінді жазу және оның ҚП-ға орналастыру алдында препаратты қолдану саласын, мақсатты топтарды және шешуді талап ететін жеке мәселелерді белгілеу қажет. ҚП құрастырудың ерте кезеңінде процеске әлеуетті пациенттерді тарту кейін тестілеудің сәттілігін және ҚП қолданылуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Осы мәнмәтінде ересек жастағы тұлғалардың, мүше мемлекеттің ресми тілі ана тілі болып табылмайтын тұлғалардың, оқуда қиындықтары бар тұлғаларға, сондай-ақ көзбен көрудің бұзылуына алып келуге қабілетті аурулары бар (мысалы, қант диабеті) тұлғалардың сұранысын ескеру қажет. Пациенттердің назар аударылуы қажет негізгі топтары төменде тізіп көрсетілген.
6.2.1. Балалар және жастар (жас ересектер).
Егер дәрілік препарат осы санаттағы пациенттерге арналған болса, ҚП олардың ақпараттық сұраныстарын қалайша қанағаттандыратынын анықтау қажет.
Кейбір жағдайларда оқырманға оның жас ерекшелігі тобы үшін арнайы құрастырылған басқа ақпарат дереккөздеріне жүгінуді ұсыну немесе ҚП-да дәрілік препаратты қауіпсіз қолдану бойынша ақпаратқа жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей ұсынылған негізгі мәліметтерді қамтитын кесу түбіртегін қарастыру керек.
6.2.2. Госпиталь препараттары.
Егер дәрілік препарат аурухана мекемесінде енгізілетін немесе қолданылатын болса, дәрілік препаратты қолдану бойынша тарауда осы тұлғаларды оларға қажетті ақпаратпен хабардар етуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерге және пациентке арналған мәліметтерді бөлу тәсілін анықтау қажет.
Медициналық қызметкер үшін олар препаратты енгізу кезінде ескеруі тиіс мәліметтерді ҚП жеке кесу бөлігінде ұсыну қажет.
Пациентке ҚП-да қамтылған және осы пациентте оны сақтау мүмкіндігімен дәрілік препаратты қауіпсіз қолдану үшін қажетті ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну қажет.
6.2.3. Офтальмологиялық препараттар.
Егер дәрілік препарат офтальмологиялық болып табылатын болса, мәтін шрифтінің кеглі жеткілікті үлкен және көзбен көру өткірлігі бұзылған пациенттерге онымен жеңіл танысуға мүмкіндік беретініне көз жеткізу қажет. Бұл ҚП қолжетімді алаңды арттыру мақсатында үлкен көлемді немесе альтернативті дизайндарды (мысалы, беттің альбом бағыты) пайдалану мүмкіндігін көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |