Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім



бет48/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
clco 31122015 187 doc

6.1. Ақпараттық дизайн.


ҚП құрастыру және жобалауда тәжірибе көліміне тәуелсіз өтініш берушілердің ақпараттық дизайнның үздік практикасы туралы хабардар болуына қолдау білдіреді. Кең мағынада ақпараттық дизайн (қызметтің жеке бағыты бола отырып) мыналарды қамтиды:
6.1.1. Ақпараттық архитектура.
Құжатта ақпараттың орналасу тәсілі – ақпараттық дизайнның, атап айтқанда мәтінде бағдар алуға көмектесетін элементтерді пайдалануды көздейтін маңызды құрамдас бөлігі. Осы факторды ескеру құжатты ретке келтіруге және құрылымдауға ықпал етеді. Пациент немесе оған күтімді жүзеге асыратын тұлға ақпаратты басынан аяғына дейін сирек оқып шығатындығына байланысты ақпаратты ұйымдастыру тәсілі мәтінде бағдар алу қабілетін, яғни ұсынылған ақпаратты жеңіл пайдалануды қамтамасыз ететін маңызды аспект болып табылады.
6.1.2. Баспахана.
Баспахана деп ұсынылатын ақпаратты шрифтік безендіру түсіндіріледі. Гарнитураны және графикалық орындаудың өзге элементтерін, мысалы, мәтіннің түсін таңдауды мақсатты аудиторияға бағыттап жүзеге асыру қажет. Тиісінше пайдаланған кезде бұл аспектілер ақпаратты оқырманның сұранысын қанағаттандыратын тәсілмен ұйымдастырады және жеткізеді. Егер баспахана параметрлері оқылымды қиындататын болса, ҚП-да мәтінді баяндаудың сапасына қарамастан пациенттер оны оқуды қалауы екіталай.
Мәтін бөліктері арасындағы интервалдар ұсынылатын ақпараттың ашықтығын сезінуге мүмкіндік береді. Көпшілікке газет материалдарынан жақсы таныс мәтін бағандарын пайдалану оқырманның ақпаратты жеңіл меңгеруіне мүмкіндік береді. Жолдың ұзындығы және жоларалық интервал – дизайнның ыңғайлы беттеуді таңдау кезінде ескерілуі қажет маңызды аспектілері.
Дәрілік препараттарды медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасына қойылатын Талаптардың № 17 қосымшасында қолайлы оқылуда шрифтің ең төмен рұқсат етілген кегліне қатысты егжей-тегжейлі ұсынымдар қамтылған.
6.1.3. Түсінікті баяндау.
Түсінікті баяндау мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ҚП-ға қойылатын талап болып табылады. Осы Талаптарды4 4-тарауында ақпараттың түсінікті болуы және қолайлы оқылуы көзделген. Егер ҚП тартымды көрінетін, бірақ оны баяндау сапасы төмен немесе техникалық етрминдер кең пайдаланылатын болса, онда ақпаратты пациентке жеткізу қайтадан жоғалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет