Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже


Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын



бет11/31
Дата19.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#148266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын

есепке жатқызу және бөлу туралы

ереже
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі – Шарт) ІХ бөліміне сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасын есепке жатқызу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін белгілейді. Көрсетілген тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасына есептелген өсімақы (пайыз) сомаларына да қатысты қолданылады.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 5 қосымша), Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық Экономикалық одақтың Кеден кодексінде анықталған мағыналарда қолданылады.


II. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын

есепке жатқызу және есепке алу


3. Одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты оларды төлеу бойынша міндет көрсетілген шараны қолдану басталған күннен пайда болған Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомасы (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) осы Ережеде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 5 қосымша) анықталған тәртіппен және нормативтер бойынша мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есепке жатқызуға, бөлуге және аударылуға жатады.

4. Басқа мүше мемлекеттердің бюджетіне бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын белгіленген мерзімде аудармаған немесе толық аудармаған және осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жоқ екендігі туралы ақпарат түспеген кезде Кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (Шартқа № 5 қосымша) кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және мүше мемлекеттердің арасында бөлу үшін белгіленген 20 – 28-тармақтарының ережелері қолданылады.

5. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы, оның ішінде осы баждарды өндіріп алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылуы тиіс.

6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушілер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс уәкілетті органның бірыңғай шотына бөлек есеп айырысу (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтарымен) төлейді.

7. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы төлеушілердің кеден төлемдерін төлеу бойынша берешегін өтеу есебіне есепке алудан басқа, өзге төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) өтеу есебіне (бұдан әрі – берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу) есепке жатқызыла алмайды.

8. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес сонда төленуі тиіс мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен салықтар мен алымдар, өзге төлемдер (кедендік әкелу баждарын, сондай-ақ шикі мұнайға және Одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын мұнайдан (мұнай өнімдерінен) жасалатын жекелеген тауар санаттарына қатысты кедендік әкету баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін.

Төлеушілердің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі берешегін өтеу есебінен кедендік әкелу баждары есепке жатқызылуы мүмкін.

9. Уәкілетті органдар:

1) уәкілетті органның бірыңғай шотындағы арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының (берешекті өтеу есебіне қайтарулар, есепке жатқызулар) түскен сомасын;

2) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын;

3) мүше мемлекеттің бюджетіне есепке жатқызылған арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын осы мүше мемлекеттің бөлуінен түсетін соманы;

4) мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттерден түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын;

5) мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен соманы аудару жөніндегі міндеттемелерін орындамауына, толық және (немесе) уақтылы орындамауына алып келген осы Ережені бұзғаны мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түскен пайыздардың сомасын;

6) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылуы тоқтатып қойылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын оқшаулап есепке алады.

10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген түсімдердің сомасы әр мүше мемлекеттің бюджетті атқару туралы есептілігінде оқшаулап көрсетіледі.

11. Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепті жылдағы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

12. Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішіндегі арнайы, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарының сомалары мүше мемлекеттің ағымдағы жылғы екінші жұмыс күнінен кешіктірмей, осы мүше мемлекеттің бюджетіне және басқа мүше мемлекеттердің шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жылдағы бюджетті атқару туралы есепте көрсетіледі.

13. Мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

14. Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражатқа кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу жөніндегі берешекті өндіріп алу жағдайларын қоспағанда, сот актілерін орындау тәртібімен немесе басқа қандай да бір тәсілмен өндіріп алудың қолданылуы мүмкін емес.

15. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждары кеден органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын алатын мүше мемлекеттің заңнамасында анықталған шотқа ұлттық валютада төленеді (өндіріп алынады).

16. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда төленген (өндіріп алынған) алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (ұзарту, тауардың құрамдас бөлігіне және (немесе) туындыларына) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есептелуге және олар төленген мүше мемлекеттің бірыңғай шотына есепке жатқызылуы тиіс.

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда демпингке қарсы баждардың төленуін қамтамасыз ету сомасы Комиссияның демпингке қарсы шараны қолдану туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей демпингке қарсы баждарға есептелуге және олар төленген мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуы тиіс.


III. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының

сомасын қайтару


17. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарының сомаларын алу үшін белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын төлеушіге қайтару көрсетілген баждардың түрлері төленген (өндіріп алынған) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) белгіленген жағдайларда (егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде өзгеше белгіленбесе), мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

18. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару осы Ережені есепке ала отырып, көрсетілген баждар төленген (өндіріп алынған) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде өзгеше белгіленбесе).

19. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын төлеушіге қайтару, оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу ағымдағы күні уәкілетті органның бірыңғай шотынан уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, сондай-ақ осы Ереженің 20-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, есепті күні мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі орындауға қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын есепке ала отырып, есепті күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке жатқызылған сома шегінде жүзеге асырылады.

20.  Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын төлеушіге қайтару, оларды берешекті өтеу есебіне жатқызу Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан есепті күні қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру күні Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы шегінде жүзеге асырылады.

21. Ағымдағы күні қайтаруға және (немесе) берешекті өтеу есебіне есепке жатқызылуы тиіс арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасын анықтау түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.

22. Осы Ереженің 19 және 20-тармақтарына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды және (немесе) берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде көрсетілген қайтаруды (есепке жатқызуды) мүше мемлекет келесі жұмыс күндері жүзеге асырады.

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушіге уақтылы қайтармағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге тиісті мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.
IV. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

арасында ақпарат алмасу


23. Уәкілетті органдар арасында осы Ережені іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу Комиссияның осындай ақпарат алмасу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін анықтайтын шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

________________



Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 9 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде

техникалық реттеу туралы

ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың Х бөліміне сәйкес әзірленді және Одақ шеңберінде техникалық реттеу тәртібін, қағидалары мен рәсімін анықтайды.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

«аккредиттеу» - аккредиттеу жөніндегі органның белгілі бір саладағы сәйкестікті бағалау жұмысын орындауда сәйкестікті бағалау жөніндегі органның (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органның, сынау зертханасының (орталығының)) құзыреттілігін ресми тануы;

«қауіпсіздік» - зиян келтіру және (немесе) зардап шектіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;

«айналымдағы өнімді шығару» – өнімді Одақтың аумағында тарату мақсатында коммерциялық қызмет барысында өтеусіз немесе өтеулі негізде жеткізу немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға салмай тиеу);

«Одақтың техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау (қадағалау)» - мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының заңды тұлғалардың, олардың басшыларының және өзге лауазымды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың, олардың уәкілетті өкілдерінің жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғаларды, жеке тұлғаларды тексеруді ұйымдастыру және өткізу, мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген анықталған бұзушылықтардың алдын алу және (немесе) салдарын жою жөніндегі шараларды қабылдау арқылы Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын бұзуының алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі, сондай-ақ мүше мемлекеттердің көрсетілген уәкілетті органдарының жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың қызметін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің көрсетілген талаптардың орындалуын қадағалау, Одақтың техникалық регламенттері талаптарының орындалу жағдайын талдау және болжамдау жөніндегі қызметі;

«Одақтың техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы декларация» - өтініш беруші онымен айналымға шығарылатын өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

«сәйкестікті декларациялау» - айналымға шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;

«Одақтың нарығында өнімдер айналымының бірыңғай белгісі» - сатып алушылар және тұтынушылар үшін айналымға шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі туралы хабардар етуге пайдаланылатын белгі;

«өнімді сәйкестендіру» - өнімді Одақтың техникалық регламентті қолдану саласына жатқызу және осы өнімге арналған техникалық құжаттамаға өнімнің сәйкестігін белгілеу рәсімі;

«дайындаушы» - жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен сатуды жүзеге асыратын және оның Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне жауапты шетелдік дайындаушы;

«мемлекетаралық стандарт» - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған өңірлік стандарт;

«халықаралық стандарт» - халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым қабылдаған стандарт;

«ұлттық (мемлекеттік) стандарт» – мүше мемлекеттің стандарттау жөніндегі ұлттық органы қабылдаған стандарт;

«техникалық реттеу объектісі» - өнім немесе өнім және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестері;

«сәйкестікті міндетті растау» - өнімнің және жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін құжатты түрде куәландыру;

«міндетті сертификаттау» - сертификаттау жөніндегі органның техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;

«аккредиттеу жөніндегі орган» – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аккредиттеу жүргізуге уәкілеттік берілген орган немесе заңды тұлға;

«сәйкестікті бағалау» - техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама түрде анықтау;

«өнім» - материалдық-зат түрінде берілген және шаруашылық және өзге мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

«өңірлік стандарт» - өңірлік стандарттау жөніндегі ұйым қабылдаған стандарт;

«тіркеу (мемлекеттік тіркеу)» - мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асыратын техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысаны;

«тәуекел» - адам өмірі немесе денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіру ықтималдығы мен осы зиян зардаптарының қиюласуы;

«тіркеу (мемлекеттік тіркеу) туралы куәлік» – техникалық реттеу объектісінің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

«Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік сертификаты» - сертификаттау жөніндегі орган онымен айналысқа шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламент(тер) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

«стандарт» - бірнеше рет пайдалану мақсатында өнімнің сипаттамалары, жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету процестерін жүзеге асыру қағидалары, зерттеу (сынау), өлшеу қағидалары мен әдістері, үлгілерді таңдау қағидалары, терминологияға, символикаға, орамға, таңбалауға немесе зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар белгіленетін құжат;

«Одақтың техникалық регламенті» (техникалық регламент) – Комиссия қабылдаған және Одақ аумағында қолдану және орындалуы үшін міндетті техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін құжат;

«техникалық реттеу» – өнімге немесе өнімге және жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату өнімдеріне қойылатын талаптармен байланысты міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласында қарым-қатынастарды құқықтық реттеу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеу;

«дайындаушы уәкілеттік берген тұлға» - мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Одақтың аумағында айналымға шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-әрекеттерді жүзеге асыратын,, сондай-ақ өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға.

3. Оларға қатысты Одақтың техникалық регламенттері күшіне енбеген техникалық реттеу объектілері үшін мүше мемлекеттер заңнамасының немесе Комиссия актілерінің нормалары қолданылады.

Техникалық реттеу ерекшеліктері, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін қорғаныс өнімдеріне (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалуға жатқызылатын қол жетімділігі шектеулі өзге ақпаратты қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын өнімге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), атом энергиясын пайдалану саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты талаптар белгіленетін өнімдерге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге), сондай-ақ көрсетілген өнімді және көрсетілген объектілерді жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестеріне қатысты сәйкестікті бағалау, стандарттау және аккредиттеу мүше-мемлекеттер заңнамасымен белгіленеді.

Одақтың техникалық регламенттерінде техникалық реттеу объектілеріне қойылатын міндетті талаптар, сондай-ақ өнімді сәйкестендіру қағидалары, сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері белгіленеді.

Техникалық регламенттерді әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті құжаттар жоқ, Одақтың техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына, оның ішінде климаттық пен географиялық факторлар немесе технологиялық және басқа ерекшеліктер салдарынан сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, тиісті халықаралық стандарттар (қағидалар, директивалар мен ұсынымдар және стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар қабылдаған өзге құжаттар) қолданылады. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда өңірлік құжаттар (регламенттер, директивалар, шешімдер, стандарттар, қағидалар және өзге құжаттар), ұлттық (мемлекеттік) стандарттар, ұлттық техникалық регламенттер немесе олардың жобалары қолданылады.

Одақтың техникалық регламенттерінде сондай-ақ терминологияға, орамға, таңбалауға, зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар, санитариялық талаптар мен рәсімдер, сондай-ақ жалпы сипатқа ие ветеринарлық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптар қамтылуы мүмкін.

Одақтың техникалық регламенттерінде мүше мемлекеттер үшін тән климаттық және географиялық факторлармен немесе мүше мемлекеттердің аумағында ғана қолданылатын технологиялық ерекшеліктермен байланысты ерекшеліктерді көрсететін ерекше талаптар қамтылуы мүмкін.

Одақтың техникалық регламенттерінде тәуекел дәрежесін есепке ала отырып өнімге немесе өнімге және өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (ізденуді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, құрастыру, күйге келтіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процестеріне қойылатын арнайы талаптар, терминологияға, орамға, азаматтардың жеке санаттарын (кәмелеттік жасқа толмағандар, жүкті, емізулі баласы бар әйелдер, мүгедектерді) қорғауды қамтамасыз ететін таңбалауға немесе зат белгілерге және оларды басу қағидаларына қойылатын талаптар қамтылуы мүмкін.

Одақтың техникалық регламенті Комиссия бекітетін Одақтың техникалық регламентінің мазмұны мен типтік құрылымы жөніндегі ұсынымдарды есепке ала отырып әзірленеді.

Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Одақтың техникалық регламент талаптарын орындау мақсатында Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін бекітеді, оларды ерікті негізде қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Ерікті негізде көрсетілген тізбеге енгізілген тиісті стандарттарды қолдану Одақтың тиісті техникалық регламентінің талаптарын сақтаудың жеткілікті шарты болып табылады.

Көрсетілген тізбеге енгізілген стандарттарды қолданбау Одақтың техникалық регламент талаптарын сақтамау ретінде қарастырыла алмайды.

Көрсетілген тізбеге енгізілген стандарттарды қолданбаған жағдайда сәйкестікті бағалау тәуекелдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.

Одақтың техникалық регламент талаптарына техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер жүргізу мақсатында Комиссия халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесін бекітеді.

Стандарттардың көрсетілген тізбелерін әзірлеу және қабылдау Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленгенге дейін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда - зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде қабылданған техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіне мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аттестатталған (расталған) және бекітілген зерттеулер (сынау) және өлшеу әдістемелері енгізілуі мүмкін. Көрсетілген зерттеулер (сынаулар) және өлшеу әдістемелерінің тізбесін мүше мемлекеттің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынады.

Халықаралық және өңірлік стандарттар оларды мүше мемлекеттердің мемлекетаралық немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттары ретінде қабылдағаннан кейін қолданылады.

5. Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленетін техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестігін растау, сараптау нысандарында және (немесе) өзге нысанда жүргізіледі.

Сәйкестікті міндетті растау сәйкестікті декларациялау және сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.

Сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері Комиссия бекітетін сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары негізінде Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленеді.

Айналысқа шығарылатын өнімнің Одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау оны айналысқа шығарғанға дейін жүзеге асырылады.

Сәйкестікті міндетті растау Одақтың тиісті техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда ғана және Одақтың техникалық регламент талаптарына сәйкестікке ғана жүргізіледі.

Сәйкестікті бағалау кезінде өтініш білдіруші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттік берген жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға бола алады.

Өтініш берушілер шеңбері Одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленеді.

Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.

Сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдері Интернет желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылады. Көрсетілген бірыңғай тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Одақтың техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдар (оның ішінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар, сынау зертханалары (орталықтары) Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілуі тиіс. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды осы тізілімге енгізу, сондай-ақ оны құру мен жүргізу қағидалары Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

Техникалық реттеу объектілерін тіркеуді (мемлекеттік тіркеуді) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті органдары жүзеге асырады.

6. Өнімге қолданылатын Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін және Одақтың техникалық регламенттерімен белгіленген сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен осы өнім Одақтың нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісімен міндетті түрде таңбалануға жатады.

Одақ нарығында өнім айналымы бірыңғай белгісінің кескінін және оны қолдану тәртібін Комиссия бекітеді.

Өнім Одақ нарығында айналымда болған кезде өнімді таңбалау орыс тілінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде аумағында өнім сатылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (тілдерінде) басылуы тиіс.

7. Одақтың техникалық регламенті күшіне енген күнге дейін, оларға қатысты мүше мемлекеттер бірдей міндетті талаптар, бірдей сәйкестікті растау нысандары мен схемаларын белгілеген, сәйкестікті растауды жүргізу кезінде өнімге зерттеу (сынау) және өлшеудің бірдей немесе салыстырмалы әдістері қолданылатын сәйкестік сертификаттарын және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар бере отырып, сәйкестікті міндетті түрде растауға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнім егер мынадай талаптар сақталып, мүше мемлекеттің аумағында сәйкестікті растаудың белгіленген рәсімдерінен өтсе, Одақ аумағында айналысқа жіберіледі:

сертификаттауды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі органның жүргізуі;

сынауларды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізбесіне енгізілген сынау зертханаларында (орталықтарында) жүргізу;

сәйкестік сертификаттарын және сәйкестігі туралы декларацияларды бірыңғай нысан бойынша ресімдеу.

Өнімнің көрсетілген бірыңғай тізбесін, көрсетілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын Комиссия бекітеді.

8. Одақтың кеден аумағында сәйкестігі міндетті түрде бағалануға жататын өнімді әкелу Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.

9. Мүше мемлекет өздерінің заңды мүдделерін қорғауды басшылыққа алып, қауіпті өнімнің айналымға шығарылуының алдын алу жөнінде шұғыл шаралар қабылдай алады. Бұл жағдайда мүше мемлекет қабылданған шұғыл шаралар туралы басқа мүше мемлекеттерді дереу хабардар етеді және осы мәселе бойынша консультациялар мен келіссөздер процесін бастауға кіріседі.

10. Комиссия Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын техникалық реттеу саласында ақпараттық жүйені қалыптастырады.



____________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 10 ҚОСЫМША


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет