Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже



бет9/31
Дата19.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#148266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

2) залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде елеулі өскен демпингтік импортпен келтірілгенін, ол ұзақтығы мен көлемдерін, сондай-ақ басқа жағдайларын (оның ішінде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуі) есепке ала отырып демпингке қарсы бажды енгізуден қалпына келтіру тиімділігін осы тауардың импорттаушыларына түсініктемелер беру мүмкіндігі берілген жағдайда айтарлықтай азайтуы мүмкін.

105. Тексеру жүргізетін орган тексеру басталғаннан кейін Шартта көзделген ресми көздерде осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты демпингке қарсы бажды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.

Мұндай хабарламаны жариялау туралы шешімді тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика салаларының осы Хаттаманың 104-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуының жеткілікті дәлелдемелерін қамтитын өтінімі бойынша немесе тексеру жүргізетін органның қолында осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.

Демпингке қарсы баж осы тармақта көрсетілген хабарлама ресми жарияланған күнге дейін орналастыру шарты демпингке қарсы баждарды төлеу болып табылатын, кеден рәсімдеріне байланысты орналастырылған тауарларға қатысты қолданыла алмайды.

106. Мүше мемлекеттердің заңнамасымен осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға демпингке қарсы баждың қолданылу мүмкіндігі туралы хабарлаудың қосымша тәсілдері белгіленуі мүмкін.


9. Демпингке қарсы шараның қолданылу

мерзімі және қайта қарау


107. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде Комиссияның шешімі бойынша қолданылады.

108. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және мүше мемлекеттердің экономика саласына келген залалға байланысты немесе демпингке қарсы іс-қимыл мерзімінің өтуіне байланысты өткізілген қайта тексеру аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.

109. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру осы Хаттаманың 186-198-тармақтарының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не тексеру жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.

Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданысын тоқтату кезінде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.

Демпингке қарсы шараның  қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тексеру жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның  қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.

Қайта тексеру демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тексеру аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану Комиссияның шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде қолданылу мерзімі қайта тексеру жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараны қолдануға байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.

Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тексеру жүргізетін орган қайта тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараларды қолдануға негіз болмаған жағдайда не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес демпингке қарсы қолдану туралы шешім қабылданса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.

Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараларды қолданудың негізі жоқтығы туралы не Комиссияның демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.

Демпингке қарсы шараның қолданылуын Комиссия, егер тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тексеру жүргізуінің нәтижесінде мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың жалғасуы және қайта қауіп келтірілуі мүмкіндігі анықталатын болса, ұзартылады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы Комиссия актісі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомалары демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.

110. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде 1 жыл өткен жағдайда немесе тексеру жүргізетін органның бастамасы бойынша демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) өзгерген жағдайларға байланысты оны қайта қарау (оның ішінде жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайта тексеру жүргізілуі мүмкін.

Қайта тексеруді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларға байланысты:

демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе

демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе

қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуы тиіс.

Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тексеру басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.

111. Қайта тексеру тексеру жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін. Тексеру жүргізетін орган мұндай қайта тексеруді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тексеру объектісі болып табылатын тауарды Одақтың кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Одақтың кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.

Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тексеру жүргізу кезінде Одақтың кеден аумағына тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы бажды мұндай қайта тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданғанша осы экспорттаушы немесе өндіруші төлемейді. Бұл ретте Одақтың кеден аумағына әкелінген (кіргізілген) мұндай тауарға қатысты қайта тексеру жүргізу кезеңінде осы тармақта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, кіргізу кедендік баждарын төлеуді қамтамасыз ету үшін демпингке қарсы бажды төлеуді Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен қамтамасыз ету беріледі.

Тексеру жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын қайта тексерудің басталатын күні туралы уақтылы хабардар етеді.

Демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету осы Хаттаманың 103-тармағына сәйкес белгіленген демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасының мөлшерінде ақшалай қаражатпен (ақшамен) беріледі.

Егер қайта тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда демпингке қарсы баж мұндай қайта тексеру жүргізу кезеңі үшін төлеуге жатады. Қамтамасыз ету сомасы қайта тексеру нәтижелері бойынша қабылданған демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып, айқындалған мөлшерде демпингке қарсы бажды төлеу есебінен есепке алуға және осы тармақтың ережелерін есепке ала отырып осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.

Егер қайта тексеру нәтижелері бойынша одан демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету мөлшерінен айқындалған мөлшерлемеге қарағанда демпингке қарсы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, қайта тексеру нәтижелері бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомалары мен демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі арасындағы айырма алынбайды.

Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан артық қамтамасыз ету сомасы Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.

Осы тармақта көзделген қайта тексеру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.

112. Дәлелдемелерді ұсыну мен демпингке қарсы тексеру жүргізуге қатысты осы хаттаманың VI бөлімінің ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың 107-113-тармақтарында көзделген қайта тексеруге қолданылады.

113. Осы Хаттаманың 107-112-тармақтарының ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Хаттаманың  90-99-тармақтарына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қолданылады.


10. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді белгілеу
114. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін демпингке қарсы шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өту үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.

115. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тексеру мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не тексеру жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.

116. Осы Хаттаманың 115-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуы тиіс:

1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;

2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;

3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша Комиссия тиісті түзетулерді есепке ала отырып, демпингке қарсы шара енгізген тексеру барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады.

117. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуы тиіс.

118. Осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексеру кезеңінде Комиссия экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.

119. Егер осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексерудің нәтижелері бойынша тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілемесе, осы Хаттаманың 118-тармағына сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.

Тексеру жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленбегені туралы уақтылы хабардар етеді.

120. Демпингке қарсы шара осы Хаттаманың 115-120-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттамаға сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту анықталған жағдайда Комиссия демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына импортталатын  құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Одақтың бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сомалар осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
V. Өтемақы шаралары
121. Мыналар:

1) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін, оның ішінде:

ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;

экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждардан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы үшінші елдің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну арқылы қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;

жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды не қызметтерді қоспағанда, тауарларды не қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;

тауарларды жеңілдікпен сатып алу нысанындағы;

2) субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың эспорттаушы үшінші елден тауар экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы үшінші елге ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысанындағы қаржылық жәрдемдесу субсидия деп түсініледі.

1. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын

ерекше субсидияға жатқызу қағидаттары
122. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы үшінші елдің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады.

123. Осы бөлімде жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы үшінші ел экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы үшіншің елдің экономика салаларын білдіреді.

124. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.

125. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасымен немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті критерийлерді не субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын жұмыскерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.

126. Кез келген жағдайда экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:

1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;

2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;

3) жекелеген ұйымдарға субсидияның тепе-тең емес үлкен сомасын ұсынуымен;

4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (артықшылық) тәсілін таңдап алуымен сүйемелденсе, ерекше субсидия болып табылады.

127. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы, егер:

1) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың ұғымында тауар экспортына байланысты субсидияны ұсынуды білдірмейді;

2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса ерекше субсидия болып табылады.

128. Тексеру жүргізетін органның экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын ерекше субсидияға жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуі тиіс.
2. Ерекше субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары

129. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.

130. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай қағидаттар негізінде айқындалады:

1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін қатысу ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;

2) субсидиялайтын орган берген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырма пайда болып саналады;

3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлеуі мүмкін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмада осы екі соманың арасындағы түзетуі бар айырма пайда болып саналады;

4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы, егер тек тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайда беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, өтелімділікті, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, сол кездегі нарықтық жағдайларға сүйене отырып айқындалады.
3. Субсидияланатын импорттың салдарынан

мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды белгілеу


131. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі бәсеңдету түсіндіріледі.

132. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал субсидияланатын импорттың көлемін және субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауардың бағасы мен осындай импорттың мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.

133. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тексеру кезеңін тексеру жүргізетін орган белгілейді.

134. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган субсидияланатын импортта айтарлықтайі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе мүше мемлекеттердің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).

135. Егер бір уақытта жүргізілген тексерулердің мәні қандай да бір тауарды көп дегенде бір эспорттаушы үшінші елден Одақтың кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тексеру жүргізетін орган, егер:

1) осы тауарға әрбір экспорттаушы үшінші елдегі субсидияның мөлшері оның құнының 1 пайызынан астамын құрайды, ал әрбір эспорттаушы үшінші елден субсидияланатын импорт көлемі осы Хаттаманың 228-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;

2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылатыны анықталса, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады.

136. Мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тексеру жүргізетін орган:

1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан айтарлықтай төмен болғандығын;

2) субсидияланатын импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгендігін;

3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.

137. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін әсерін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласынының жағдайына қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:

1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;

2) мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.

138. Мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен пайдасы сияқты критерийлердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.

Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.

139. Субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеу кезінде тексеру жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:

1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға келтіруі мүмкін әсерін;

2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;

3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушысында жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін есепке ала отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың  ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;

4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет