Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық



бет11/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық
өзара іс-қимыл туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама ақпараттық өзара іс-қимылдың негіз қалаушы қағидаттарын айқындау және оның Одақ шеңберінде жүзеге асырылуын үйлестіру, сондай-ақ интеграцияланған ақпараттық жүйе құру және дамыту тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 23-бабына сәйкес әзірленді.


      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «электрондық құжаттың қағаз көшірмесі» - мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесі;
      «сенім білдірілген үшінші тарап» — мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты тіркелген уақытта электрондық құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) тексеру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;
      «мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс беруші» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын, мүше мемлекеттің ұлттық сегментін құру, дамыту және пайдалану жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысының функцияларын орындайтын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;
      «ақпаратты қорғау» - ақпараттық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілері үшін қолданылмайтын тәуекелдерді болғызбау және барынша азайту мақсатында, ақпараттың және оны өңдеу құралдарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін айқындау, қол жеткізу және қолдау жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қабылдау және іске асыру;
      «Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі» - мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен және Комиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілген, уәкілетті органдардың аумақтық бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің ұйымдастырылған жиынтығы;
      «ақпараттық жүйе» - ақпараттық ресурстардың өңделуін қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдар жиынтығы;
      «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» - ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық процестерді іске асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы;
      «ақпараттық технологиялар» - ақпаратты іздестіру, жинау, жинақтау, жүйелендіру, сақтау, нақтылау, өңдеу, беру, тарату- және құрту (жою) процестері, әдістері, сондай-ақ осындай процестер мен әдістерді жүзеге асыру тәсілдері;
      «ақпараттық ресурс» - ақпараттық жүйелерде қамтылған құжатталған ақпараттың реттелген жиынтығы (дерекқор, ақпараттың басқа да ауқымдары);
      «сыныптауыш» - сыныптау объектілері атауларының жүйелендірілген, құрылымдалған және кодталған тізбесі;
      «мүше мемлекеттің ұлттық сегменті», «Комиссияның интеграциялық сегменті» - Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мен Комиссияның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер;
      «нормативтік-анықтамалық ақпарат» - уәкілетті органдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар және сыныптауыштар жиынтығы;
      «электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы» - Одақтың шеңберінде пайдаланылатын электрондық құжаттарға заңды күш беру мақсатында іске асырылатын ақпараттық-технологиялық және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, қағидалар мен шешімдердің жиынтығы;
      «ортақ ақпараттық ресурс» - орталықтандырылған жүргізу арқылы не мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын Комиссияның ақпараттық ресурсы;
      «Одақ шеңберіндегі жалпы процесс» - мүше мемлекеттердің біреуінің аумағында басталып, екінші мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын (өзгертілетін), халықаралық шарттармен және Одақтың құқығын құрайтын актілермен және мүше мемлекеттердің заңнамасымен регламенттелген (белгіленген) операциялар мен рәсімдер;
      «анықтамалық» - өзінің мазмұны немесе мәні бойынша біртекті ақпараттың жүйелендірілген, құрылымдалған және кодталған тізбесі;
      «электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілер» - электрондық құжаттарды, сондай-ақ электронды түрдегі ақпаратты құрастыру, жіберу, беру, алу, сақтау және пайдалану процесінде туындайтын қатынастар шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар, жеке немесе заңды тұлғалар;
      «трансшекаралық сенім кеңістігі» - уәкілетті органдар арасындағы мемлекетаралық деректер және электрондық құжаттар алмасу кезінде сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттермен келісілген құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шарттар жиынтығы;
      «ақпаратты сыныптау мен кодтаудың біріздендірілген жүйесі» - анықтамалықтардың, нормативтік-анықтамалық ақпарат сыныптауыштарының, сондай-ақ оларды әзірлеу, жүргізу және қолдану тәртібі мен әдіснамасының жиынтығы;
      «уәкілетті орган» - жекелеген салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру өкілеттіліктері берілген мүше мемлекеттің мемлекеттік органы немесе ол айқындаған ұйым;
      «есепке алу жүйесі» - электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің құқық белгілейтін құжаттарынан алынатын ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйе және оны пайдалану арқылы заңдық маңызы бар электрондық құжаттар жасалады немесе беріледі;
      «электрондық өзара іс-қимыл нысаны» - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық өзара іс-қимыл тәсілі;
      «құжаттың электрондық түрі» - электрондық есептеу машиналарын пайдалану арқылы адамның қабылдауы үшін, сондай-ақ форматы пен құрылымына қойылатын белгіленген талаптарды сақтай отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып беру және өңдеу үшін жарамды түрде ұсынылған ақпараттар, мәліметтер, деректер;
      «электрондық құжат» - электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңба) куәландырылған және электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы талаптарына сай келетін электронды түрдегі құжат.
      3. Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - интеграцияланған жүйе) құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жұмыстары жүргізіледі, ол мынадай мәселелер бойынша ақпараттық қолдауды:
      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді;
      2) кедендік реттеуді;
      3) техникалық реттеуді, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар қолдануды;
      4) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлуді;
      5) демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке жатқызу мен бөлуді;
      6) статистиканы;
      7) бәсекелестік саясатты;
      8) энергетикалық саясатты;
      9) валюталық саясатты;
      10) зияткерлік меншікті;
      11) қаржы нарықтарын (банк саласын, сақтандыру саласын, валюта нарығын, бағалы қағаздар нарығын);
      12) Одақ органдарының қызметін қамтамасыз етуді;
      13) макроэкономикалық саясатты;
      14) өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясатты;
      15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын;
      16) Одақтың өкілеттіліктері шегінде (интеграцияланған жүйенің дамуына қарай оның қамту саласына қосылатын) өзге де мәселелерді қамтамасыз етеді.
      4. Интеграцияланған жүйені қалыптастырудың негізгі міндеттері:
      1) біріздендірілген сыныптау және кодтау жүйесі негізінде Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін құру және жүргізу;
      2) Одақ шеңберінде мемлекетаралық деректер мен электрондық құжаттар алмасудың интеграцияланған ақпараттық құрылымын құру;
      3) мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстар құру;
      4) ортақ ақпараттық ресурстардың қалыптастырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру үшін Шарт ережелері негізінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
      5) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілердің және халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілер жобаларының мәтіндеріне, сондай-ақ ортақ ақпараттық ресурстар мен мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      6) ақпаратты электронды түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Интеграцияланған жүйе шеңберінде ортақ ақпараттық ресурстар қалыптастырылады, олар:
      1) мүше мемлекеттердің заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды және Одақтың құқығын құрайтын актілерді;
      2) дерекқорды орталықтандырылған жүргізу арқылы не мүше мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты;
      3) мүше мемлекеттер мен Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде қалыптасатын тізілімдерді;
      4) ресми статистикалық ақпаратты;
      5) мүше мемлекеттердің ақпараттық-әдістемелік, ғылыми, техникалық және өзге де анықтамалық-талдамалық материалдарын;
      6) интеграцияланған жүйенің дамуына қарай ортақ ақпараттық ресурстар құрамына кіретін өзге де ақпаратты қамтиды.
      6. Мүше мемлекеттер интеграцияланған жүйені қалыптастыру кезінде мынадай қағидаттар негізге алынады:
      1) мүдделердің ортақтығы және өзара пайда;
      2) деректердің жалпы моделі негізінде интеграцияланған жүйе үшін ақпарат дайындаудың бірыңғай әдіснамалық тәсілдерін қолдану;
      3) ақпараттың қолжетімділігі, анықтығы және толықтығы;
      4) ақпараттың уақтылы берілуі;
      5) заманауи ақпараттық технологиялар деңгейіне сәйкес келу;
      6) мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
      7) интеграцияланған жүйеде қамтылған ақпараттық ресурстарға мүше мемлекеттердің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      8) ұсынылған ақпаратты, оны ұсынған мүше мемлекетке залал келтірмей, мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалану;
      9) ақпаратты мәлімделген мақсаттарға сәйкес пайдалану талабының сақталуын ескере отырып, пайдаланушылардың барлық санаттары үшін интеграцияланған жүйенің ашық болуы;
      10) интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, уәкілетті органдар, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында ақпарат алмасуды өтеусіз негізде жүзеге асыру.
      7. Шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес нормативтік-анықтамалық ақпарат құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштардың құрамын және мазмұнын уәкілетті органдармен келісу бойынша Комиссия айқындайды.
      8. Интеграцияланған жүйені қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды басшылыққа алады.
      9. Ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, Одақ шеңберінде жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз ету және интеграцияланған жүйе құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік бақылаудың әр түрлерін тиімді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органдар, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында, сондай-ақ Комиссия мен интеграциялық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар арасында өзара іс-қимылдың электрондық нысаны қамтамасыз етіледі. Одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесін, Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру технологиясын, өзара іс-қимыл процесінде хабарламалар (сұрау салулар) жіберу және алу тәртібі мен регламентін, электронды түрдегі құжаттарға (электрондық құжаттарға) қойылатын талаптарды Шартта белгіленген тәртіппен Комиссия айқындайды.
      10. Өзара іс-қимыл процесінде электрондық нысанда ұсынылатын ақпарат тізбесі Шартта немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады.
      11. Уәкілетті органдарға мәліметтер ұсыну бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға тең жағдай жасау, уәкілетті органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық нысандарын келісілген түрде дамыту мақсатында Комиссия өзара іс-қимылдың көрсетілген түрлері үшін - электронды түрдегі құжаттарға (электрондық құжаттарға), өзара іс-қимыл процесінде хабарламалар (сұрау салулар) жіберу және алу тәртібіне қойылатын Одақ шеңберіндегі бірыңғай, біріздендірілген талаптарды айқындауға не оларды қолдануды ұсынуға құқылы.
      12. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып, электрондық нысандағы өзара іс-қимыл кезінде, сондай-ақ оларды ақпараттық жүйелерде өңдеу барысында мынадай қағидаттар сақталады:
      1) егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құжаттың қағаз жеткізгіште ресімделуі талап етілетін болса, онда Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат осы қағидалар мен талаптарға сәйкес келеді деп есептеледі;
      2) Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат қолтаңбамен не қолтаңба және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі осыған ұқсас құжатпен заңдық күші бойынша тең деп танылады;
      3) электрондық құжат нысанында жасалды деген негізбен ғана құжат заңдық күшінен айырыла алмайды;
      4) электрондық құжаттардан мәліметтер алған кезде, оның ішінде оларды ақпараттық жүйелерде өңдеу мақсатымен форматтары мен құрылымдарын қайта жасау кезінде олардың электрондық құжаттарда көрсетілген ұқсас мәліметтермен бірдейлігі қамтамасыз етіледі;
      5) халықаралық шарттарда және Одақ құқығын құрайтын актілерде не мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, есепке алу жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттардың қағаз көшірмелерін қалыптастыру қамтамасыз етілуі мүмкін.
      13. Трансшекаралық сенім кеңістігін дамытуды мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде заңдық күші бар электрондық құжаттар мен сервистерді пайдалану стратегиясы мен тұжырымдамасына сәйкес Комиссия мен мүше мемлекеттер жүзеге асырады.
      14. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы мемлекеттік құрамдастар мен интеграциялық құрамдастан тұрады.
      15. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық құрамдасының операторы ретінде Комиссия әрекет етеді.
      16. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының мемлекеттік құрамдастарының операторлары ретінде уәкілетті органдар немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар айқындаған ұйымдар әрекет етеді.
      17. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының интеграциялық құрамдасы - келісілген стандарттар мен инфрақұрылымдық шешімдер негізінде трансшекаралық электрондық құжат айналымын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін трансшекаралық сенім кеңістігі элементтерінің жиынтығын білдіреді.
      18. Трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып Комиссия әзірлейді және Комиссия бекітеді. Электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы құрамдастарының көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді мүше мемлекеттер мен Комиссияның өкілдерінен құралатын комиссия жүзеге асырады. Комиссияны қалыптастыру және оны қызметін жүзеге асыру тәртібін қамтитын Комиссия туралы ережені Комиссия Кеңесі айқындайды.
      19. Электрондық құжаттарды қорғаудың әртүрлі тетіктерін пайдаланатын электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілер арасында электрондық құжаттармен ақпарат алмасу электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының операторлары ұсынған сервистерді, оның ішінде сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.
      20. Сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін мүше мемлекеттер мен Комиссия ұсынады. Уәкілетті органдар немесе олар айқындаған (аккредиттеген) ұйымдар мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарапы сервистерінің операторлары болып табылады. Комиссияның сенім білдірілген үшінші тарапы сервистерінің операторы Комиссия болып табылады. Мүше мемлекеттер электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің сенім білдірілген үшінші тараптардың көрсетілетін қызметтерін пайдалану құқығын қамтамасыз етеді.
      21. Сенім білдірілген үшінші тараптың негізгі міндеттері:
      1) электрондық құжаттарды және тіркелген уақытта ақпараттық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын (электрондық қолтаңбаларын) заңдастыруды (төлнұсқалығын растауды) жүзеге асыру;
      2) халықаралық (трансшекаралық) электрондық құжаттар алмасуда сенім кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің заңнамасына және Комиссия актілеріне сәйкес электрондық шығыс және (немесе) кіріс құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаларды (электрондық қолтаңбаларды) қолданудың құқыққа сыйымдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      22. Есепке алу жүйесі шеңберінде ақпараттық ресурстарды жүргізу және пайдалану тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      23. Электрондық құжаттарды пайдалана отырып, электрондық нысандағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бөлігінде Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Комиссияның интеграциялық сегментінде ақпаратты қорғаудың мүше мемлекеттер үшін өзара қолайлы деңгейін қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің қол жеткізу құралдарын қоса алғанда, есепке алу жүйелеріндегі ақпараттың қорғалуын және электронды түрдегі ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін шешімдер әзірлеу;
      3) мүше мемлекеттердің мемлекетаралық стандарттары, халықаралық стандарттар мен ұсынымдар негізінде электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы құрамдастарының құрамын айқындау;
      4) электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымы шеңберінде үлгілік ақпараттық-технологиялық шешімдер мен бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеу мен сынамалауды үйлестіру;
      5) электронды түрде ақпаратты құжаттау қағидаларын, электронды түрде ақпаратты құжаттаудың жалпы инфрақұрылымының жекелеген құрамдастары мен қызметтерінің жұмыс регламенттерін, сондай-ақ оларды қолдану бойынша электрондық өзара іс-қимыл жасайтын субъектілерге арналған ұсынымдар әзірлеуді үйлестіру;
      6) Одақ шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде электрондық құжаттарды пайдаланған кезде мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, сондай-ақ есепке алу жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл интерфейстерін біріздендіру үшін ұсынымдар дайындау;
      7) трансшекаралық сенім кеңістігін қалыптастырудың жекелеген мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен өзара іс-қимылын үйлестіру болып табылады.
      24. Мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес, уәкілетті органдардың ақпараттық ресурстарында, ақпараттық жүйелерінде және ақпараттық-телекоммуникациялық желілерінде қамтылған ақпараттың қорғалуын мүше мемлекеттер қамтамасыз етеді.
      25. Мүше мемлекеттер заңнамасымен мемлекеттік құпияға (мемлекеттік жасырымға) немесе таралуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жатқызылған ақпаратпен алмасу мүше мемлекеттер заңнамасының оларды қорғау жөніндегі талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
      26. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік жасырымға) немесе таралуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жататын мәліметтерді қамтитын ақпаратпен алмасу тәртібі Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленеді.
      27. Интеграцияланған жүйені құруды Комиссия үйлестіреді, ол Комиссия әзірлейтін және Комиссия кеңесі бекітетін интеграцияланған жүйені дамыту стратегиясын ескере отырып, мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттеріне тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл барысында оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді. Интеграцияланған жүйені құруды, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл барысында Комиссия әзірлейтін және Комиссия Кеңесі бекітетін жоспарлар (Комиссияның интеграциялық сегментін құру, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету жұмыстарының мерзімдері мен құнын көрсете отырып) негізінде жүзеге асырылады.
      28. Комиссияның интеграциялық сегменті, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері сияқты интеграцияланған жүйенің құрауыштарына қатысты Комиссия меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ оларды жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, жұмыстардың нәтижелерін қабылдауды және одан әрі сүйемелдеуді ұйымдастырады.
      29. Комиссия тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстарды (сатып алуларды), тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстар (сатып алулар) жүзеге асырылған кезде берілген конкурстық ұсыныстарды бағалауды және осы Хаттаманың 28-тармағында көрсетілген интеграцияланған жүйенің құрауыштарына қатысты мүліктік құқықтарды иемденуді жүзеге асырады.
      30. Интеграцияланған жүйе сегменттерін құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі кезінде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдердің біріздендірілуін қамтамасыз ету, ақпараттың тиісінше қорғалу деңгейін қолдау мақсаттары үшін Комиссия техникалық, технологиялық, әдістемелік және ұйымдастыру құжаттарының жобаларын әзірлеуді үйлестіреді және оларды бекітеді.
      31. Мүше мемлекет оны құру, жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету құқықтарын жүзеге асыратын және міндеттерін орындайтын мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс берушіні айқындайды.
      32. Мүше мемлекеттер интеграцияланған жүйені тең пайдалану құқығына ие.
      33. Осы Хаттаманың 28-тармағында көрсетілген интеграцияланған жүйенің құрауыштарын құру, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру осы Хаттаманың 27-тармағында көрсетілген жоспарларды іске асыру үшін қажетті көлемдерді негізге ала отырып - бұл ретте оларды құру және дамыту жұмыстарына қатысты, Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      34. Уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерін құру, дамыту және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру - уәкілетті органдар қызметін қамтамасыз етуге көзделген мүше мемлекеттердің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 4 ҚОСЫМША      

Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық


ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 24-бабына сәйкес әзірленді.


      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты» - ұлттық статистикалық жұмыстар бағдарламаларының шеңберінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
      «Одақтың ресми статистикалық ақпараты» - мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты, халықаралық ұйымдардың ресми статистикалық ақпараты және мүше мемлекеттердің заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден алынатын өзге де ақпарат негізінде Комиссия қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
      «уәкілетті органдар» - мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру функциялары жүктелген ұлттық (орталық) банктерді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары.
      3. Мүше мемлекеттерді және Комиссияны өзара саудада мүше мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар туралы ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар басқа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізуді жүзеге асырады.
      4. Комиссия бекіткен әдіснамаға сәйкес уәкілетті органдар тауарлармен өзара сауда статистикасын жүргізуді жүзеге асырады.
      5. Уәкілетті органдар статистикалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын Комиссияға ұсынады.
      6. Мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін, ресми статистикалық ақпаратты беру мерзімдері мен форматтарын уәкілетті органдармен келісу бойынша Комиссия бекітеді.
      7. Комиссия уәкілетті органдардан статистикалық көрсеткіштер тізбесіне енгізілмеген мүше мемлекеттердің өзге да ресми статистикалық ақпаратын сұратуға құқылы.
      8. Уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын толық, анық және уақтылы Комиссияға ұсынуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, ресми статистикалық ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынудың мүмкін еместігі туралы Комиссияға хабарлайды.
      9. Осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, мемлекеттік құпияға (мемлекеттік жасырымға) немесе таратылуы (қолжетімділігі) шектеулі мәліметтерге жатқызылған мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараттарына қолданылмайды.
      10. Комиссия Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинауды, жинақтауды, жүйелендіруді, талдауды және таратуды, уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша көрсетілген ақпаратты ұсынуды, сондай-ақ осы Хаттама шеңберінде статистика саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық және әдіснамалық өзара іс-қимыл жасауын үйлестіруді жүзеге асырады.
      11. Мүше мемлекеттердің Комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпараты негізінде жасалатын Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасын Комиссия әзірлейді және бекітеді.
      12. Комиссия сыныптауыштар мен әдіснаманы қоса алғанда, уәкілетті органдардың бірыңғай, халықаралық деңгейде салыстырылатын стандарттарды қолданулары бойынша тиісті ұсынымдар қабылдауы арқылы мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын салыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.
      13. Одақтың ресми статистикалық ақпаратын таратуды - Комиссияның ресми басылымдарында жариялау және Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастыру арқылы, Комиссия бекітетін статистикалық жұмыстар бағдарламасына сәйкес Комиссия жүзеге асырады.
      14. Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп, статистика саласындағы интеграциялық даму бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 5 ҚОСЫМША      

Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет