Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы



бет35/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45

басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80 және 84-баптарына сәйкес мұнай саласындағы ынтымақтастық негіздерін, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру қағидаттарын, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.


      Осы Хаттама 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып және мүше мемлекеттердің отын-энергетика әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ ұлттық экономикаларды мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын мұнай және мұнай өнімдері тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру;
      «мұнай және мұнай өнімдері» - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифіне сәйкес айқындалған тауарлар;
      «мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы»  - мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, жеткізу, қайта өңдеу және өткізу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүше мемлекеттер аумақтарында мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті сауда-экономикалық қатынастарының жиынтығы;
      «Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) балансы» - газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің иңдикативті (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасында айқындалған болжамдық көрсеткіштердің жүйесі;
      «мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау» - мұнай және мұнай өнімдерін кез келген тәсілмен, оның ішінде оны жөнелтушіден қабылдап алу пунктінен алушыға тапсыру пунктіне дейін құбыр көлігін пайдалана отырып жылжытуға, оған қоса ағызуға, құюға, басқа көлік түріне аударып құюға, сақтауға, араластыруға бағытталған әрекеттерді жасау.
      3. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер мынадай негізгі қағидаттарды негізге алады:
      1) өзара саудада сандық шектеулерді және кедендік әкету баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбау. Мұнай және мұнай өнімдерін Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету кезінде оларға кедендік кету баждарын төлеу тәртібі мүше мемлекеттердің жекелеген, оның ішінде екіжақты келісімдерінде айқындалады;
      2) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін басымдықпен қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      4) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      5) Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ақпараттық қамтамасыз ету.
      4. Мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бойынша мынадай шаралардың кешенін, оның ішінде:
      1) көліктің барлық түрлерімен мұнай және мұнай өнімдерінің жеткізілімдері, экспорты және импорты туралы мәліметтерді қамтитын кедендік ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құруды;
      2) осы Хаттаманың талаптарын бұзуды болдырмайтын бақылау тетіктерін жасауды;
      3) мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіруді жүзеге асырады.
      5. Осы Хаттаманың 4-тармағында көрсетілген шаралар мүше мемлекеттердің немесе олар уәкілеттік берген органдардың тиісті халықаралық шарттар шеңберінде әдістемелерге немесе қағидаларға қол қоюы жолымен іске асырылады.
      6. Мүше мемлекеттердің арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес, мүше мемлекеттер қолда бар техникалық мүмкіндіктер шегінде:
      1) өндірілген мұнайды және одан шығарылған мұнай өнімдерін мүше мемлекеттердің аумақтарында жұмыс істеп тұрған тасымал жүйесі бойынша, оның ішінде магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары жүйелері бойынша ұзақ мерзімді тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндігінің кепілдік берілген;
      2) мүше мемлекеттердің аумақтарында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін аумақтары арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне арналған дәл сондай жағдайларда әрбір мүше мемлекеттің аумағында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз етеді.
      7. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелері бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтер әрбір мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтер аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтерден аспайтын деңгейде белгіленеді.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтер аумағы арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін белгіленген тарифтерден төмен белгілеу мүше мемлекеттер үшін міндеттеме болып табылмайды.
      8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасына сәйкес Комиссияның қатысуымен:
      жыл сайын 1 қазанға дейін Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің келесі күнтізбелік жылға арналған индикативті (болжамды) баланстарын;
      қажет болған кезде мүше мемлекеттердің мұнай өндіруінің, мұнай өнімдерін шығару мен тұтынуының нақты өзгеруін ескере отырып, түзетіле алатын Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ұзақ мерзімді индикативті (болжамды) баланстарын әзірлейді және келіседі.
      Бір мүше мемлекеттің аумағында өндірілген мұнайды басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдаудың көлемі мен бағыттары жыл сайын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасындағы хаттамалармен айқындалады.
      9. Мүше мемлекеттердің ішкі мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын реттеуді мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жүзеге асырады. Мүше мемлекеттер мұнай және мұнай өнімдерінің нарықтарын ырықтандыру жөніндегі іс-шараларды әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      10. Осы Хаттама мүше мемлекеттердің өздері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      11. Шарттың XVIII бөлімінің ережелері мұнай және мұнай өнімдерінің тасымалын жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне осы Хаттамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      12. Шарттың 84-бабының 3-тармағында көзделген Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңде, егер тиісті мүше мемлекеттер өзгеше туралы уағдаласпаса, мүше мемлекеттер арасында мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында жасалған екіжақты келісімдер, кедендік әкету баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) анықтамасы және оларды төлеу тәртібі қолданылады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 24 ҚОСЫМША     

Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы


ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 86 және 87-баптарына сәйкес үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «азаматтық авиация» - халықтың және экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын авиация;
      «бірыңғай көліктік кеңістік» - мүше мемлекеттердің көлік жүйелерінің жиынтығы, оның шеңберінде мүше мемлекеттердің көлік саласындағы үйлестірілген заңнамасына негізделген жолаушылардың кедергісіз қозғалысы, жүктерді және көлік құралдарын өткізу, олардың техникалық және технологиялық үйлесімділігі қамтамасыз етіледі;
      «мүше мемлекеттердің заңнамасы» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық заңнамасы;
      «көліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығы» - өзінде көліктік қызметтер көрсетудің тең және паритетті жағдайлары жасалатын, олардың көлік түрлері бойынша нарықтың жұмыс істеу ерекшеліктері осы Хаттамада, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалатын экономикалық қатынастар нысаны.
      3. Осы Хаттаманы іске асыру мүше мемлекеттердің әрқайсысы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде, сондай-ақ өзге де халықаралық шарттар шеңберінде қабылдаған өз міндеттемелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

II. Автомобиль көлігі

      4. Мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылар орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары:
      1) аумағында тасымалдаушылар тіркелген мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
      2) басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
      3) басқа мүше мемлекеттер арасында рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.
      5. Мүше мемлекеттер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын орындаудың 2016-2025 жылдар аралығындағы мерзімге кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын бұл ырықтандырудың дәрежесі мен шарттарын айқындай отырып қабылдайды.
      Мүше мемлекеттерде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген автомобиль жүк тасымалдары ырықтандыруын жүргізудің әртүрлі деңгейлері мен жылдамдығына рұқсат беріледі.
      6. Осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын Жоғары Кеңес бекітеді.
      7. Одақ шеңберінде жүк автомобиль көлігі көрсетілетін қызметтерін реттеу мәселелері бойынша үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізу ерекшеліктері халықаралық шарттармен айқындалады.
      8. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде халықаралық автомобиль қатынастарын дамытуға және автомобиль көлігі көрсетілетін қызметтерін қалыптастыруға ықпал ететін кедергілерді (тосқауылдарды) жою жөнінде келісілген шараларды қолданады.
      9. Көліктік (автомобильдік) бақылау осы Хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

III. Әуе көлігі

      10. Одақта әуе көлігін дамыту әуе көлігі көрсетілетін қызметтерінің ортақ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру арқылы жүргізілетін үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.
      Мүше мемлекеттер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдануға бірыңғай тәсіл бойынша күш-жігерін үйлестіреді.
      11. Әуе көлігі көрсетілетін қызметтерінің ортақ нарығын үйлестіру мынадай:
      1) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
      2) мүше мемлекеттердің заңнамасын азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес үйлестіру;
      3) әділ және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
      4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына және ұсынылатын практикасына сәйкес әуе кемелері паркін жаңартуға, әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғыртуға және дамытуға жағдайлар жасау;
      5) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      6) мүше мемлекеттердің авиациялық компанияларының авиациялық инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      7) мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарын кеңейту қағидаттарына негізделеді.
      12. Мүше мемлекеттер әрбір мүше мемлекет өз аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендікке ие екенін таниды.
      13. Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің әуе кемелерінің ұшуы мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаттар негізінде орындалады.
      14. Осы бөлімнің ережелері азаматтық авиацияға қатысты ғана қолданылады.

IV. Су көлігі

      15. Одақта су көлігін дамыту жүргізіліп жатқан үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады.
      16. Мүше мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің порттар арасындағы тасымалдау мен тіркеп сүйретуді және басқа мүше мемлекеттің порттарына/нан тасымалдауды және үшінші елдердің тасымалдауын қоспағанда, жүктерді, жолаушыларды және олардың багажын тасымалдауды, аралас ішкі су жолдарында кеме туы мемлекеті мен басқа мүше мемлекет арасында тіркеп сүйретуді, басқа мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша транзиттік өтуді осы Хаттаманы орындау үшін мүше мемлекеттермен жасасқан мүше мемлекеттердің кеме қатынасы туралы халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асыруға құқығы бар.
      17. Мүше мемлекеттің ішкі су жолдары бойынша жүзуді жүзеге асыратын кемелер мүше мемлекеттің кемелер тізілімінде тіркелуге тиіс және кемені өзінің кемелер тізілімінде тіркеген мүше мемлекет резидентінің иелігінде болуға тиіс.

IV. Теміржол көлігі

      18. Мүше мемлекеттер өзара тиімді экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына жәрдемдесе отырып, мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді және осы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді мемлекеттік реттеуге келісілген тәсілдерді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, егер мұндай реттеу мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, мынадай мақсаттарды айқындайды:
      1) теміржол көлігі саласында көліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру;
      2) әрбір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттер тұтынушыларының теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне осы әрбір мүше мемлекеттің тұтынушылары үшін жасалған жағдайлардан қолайлығы кем емес жағдайларда қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің тұтынушылары мен теміржол көлігі ұйымдары арасында экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау;
      4) бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің теміржол көлігі көрсетілетін қызметтерінің ішкі нарығына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      5) Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібіне (осы Хаттамаға № 2 қосымша) № 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мүше мемлекеттер инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне тасымалдаушылардың қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ету.
      19. Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу осы Хаттамаға № 2 қосымшада, сондай-ақ халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Үйлестірілген (келісілген)   


көлік саясаты туралы хаттамаға
№ 1 қосымша          

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік


(автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) 9-тармағына сәйкес әзірленген және Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.


      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «көлік құралының салмақтық және габариттік параметрлері» - көлік құралының жүкпен немесе жүксіз массасының, білікке түсетін жүктемесінің және габариттерінің (ені, биіктігі және ұзындығы бойынша) мәндері;
      «Одақтың сыртқы шекарасы» - мүше мемлекеттердің аумақтары мен Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарын межелейтін Одақтың кедендік аумағының шегі;
      «бақылау пункті» - мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған стационарлық немесе жылжымалы пункт (бекет), сондай-ақ көліктік (автомобильдік) бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті;
      «көліктік (автомобильдік) бақылау органдары» - мүше мемлекет аумағында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға мүше мемлекет уәкілеттік берген құзыретті органдар;
      «тасымалдаушы» - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көлік құралын пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      «көлік құралы»:
      жүктерді тасымалдау кезінде - жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, автомобильдік (ершікті) тартқыш немесе жартылай тіркемесі бар автомобильдік (ершікті) тартқыш, шасси;
      жолаушыларды тасымалдау кезінде - жүргізушінің орнын қоса алғанда, 9-дан астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, оның ішінде багажды тасымалдауға арналған тіркемесі бар автомобильдік көлік құралы;
      «көліктік (автомобильдік) бақылау» - халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды бақылау.
      Осы Тәртіпте арнайы айқындалмаған өзге де ұғымдар халықаралық шарттарда, оның ішінде Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген мәндерінде пайдаланылады.
      3. Осы Тәртіп Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының мүше-мемлекеттердің аумағына келетін (кететін, транзитпен өтетін) көлік құралдарына көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруына бірыңғай тәсілдерді айқындайды.
      4. Бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы жүретін көлік құралдары аумағы арқылы көрсетілген көлік құралдары жүретін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарына сәйкес Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан бақылау пункттерінде көліктік (автомобильдік) бақылауға жатады.
      5. Көліктік (автомобильдік) бақылаудың мақсаты үшін Көлік құралдарын қажетті құжаттарды тексеру және оның нәтижелерін ресімдеу Одақтың сыртқы шекарасында олар аумағын кесіп өтетін мүше мемлекеттің заңнамасына және осы Тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
      6. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелері бойынша өздері ресімдеген құжаттарды өзара таниды.
      7. Мемлекеттік шекарасы арқылы Одақтың кедендік аумағына келу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пункттерінде көрсетілген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (автомобильдік) бақылау жөніндегі іс-қимылдардан басқа мыналарды:
      1) көлік құралының салмақтық және габаритті параметрлерінің аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленгенге ұқсас нормаларға, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға не ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді;
      2) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы жүріп өтуге рұқсаттардың болуын, олардың орындалатын тасымалдар түріне сәйкестігін және көлік құралы сипаттамаларының осындай рұқсаттарда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
      3) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау немесе жүріп өту жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсаттардың, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттардың болуын тексеруді;
      4) тасымалдаушыда аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын басқа мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауға арналған рұқсаттардың (арнайы рұқсаттардың) болуын тексеруді;
      5) егер басқа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тасымалдауды жүзеге асыруға басқа мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатсыз жол берілетін болса, сондай-ақ егер тасымалдау көпжақты рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын болса, көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысанда тасымалдаушыға есепке алу талонын беруді жүзеге асырады.
      8. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары Одақтың сыртқы шекарасы арқылы көлік құралының шығуы кезінде бақылау пункттерінде осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген іс-қимылдардан басқа, мыналарды:
      1) тасымалдаушыда аумақтары арқылы жүріп өту жүзеге асырылатын мүше мемлекеттердің автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдар төлеу туралы түбіртектің болуын, егер осындай алымды төлеу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті болса;
      2) егер мүше мемлекеттің біреуінің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатта немесе есепке алу талонында көліктік (автомобильдік) бақылау органының тасымалдаушыға (жүргізушіге) осындай айыппұл салғаны туралы белгісі болса, тасымалдаушыда (жүргізушіде) мүше мемлекеттің аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын түбіртектің немесе тасымалдаушыға (жүргізушіге) тиісті әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға шағымды қанағаттандыру туралы сот органдары шешімінің болуын;
      3) мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары көлік құралдарының халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты болуын;
      4) басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органынан осы Тәртіптің 9-тармағында көрсетілген хабарламаны алған жағдайда, тасымалдаушыда қажетті құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады.
      9. Осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген бақылау іс-қимылдары барысында көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген құжаттардың болмауы немесе сәйкессіздігі анықталған кезде бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы жүргізушіге мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарымен келісілген нысан бойынша мынадай:
      анықталған сәйкессіздіктер туралы;
      басқа мүше мемлекеттің аумағына келгенге дейін жетіспейтін құжаттарды алу қажеттігі туралы;
      көлік құралының жүру маршрутын ескере отырып, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының жақын арадағы бақылау пункті туралы ақпаратты қамтитын хабарлама береді, онда тасымалдаушы көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігін жою дәлелдемелерін және (немесе) хабарламада көрсетілген құжаттарды ұсынуға тиіс.
      10. Хабарлама беру туралы ақпарат басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына жолданады және сәйкессіздікті анықтаған көліктік (автомобильдік) бақылау органының ақпараттық базасына енгізіледі.
      11. Егер бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы тасымалдаушыға осы Тәртіптің 9-тармағына сәйкес хабарлама берген болса, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы бақылау пунктінде осы хабарламаның орындалуын тексеруді жүзеге асыруға және негіздемелер болған кезде, осы басқа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тасымалдаушыға (жүргізушіге) шаралар қолдануға құқылы.
      12. Одақ аумағынан көлік құралын шығару - болуы осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды тасымалдаушы ұсынғанға дейін жүзеге асырылмайды.
      13. Көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген құжаттардың болмауын немесе сәйкессіздігі анықталғаны туралы бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органы көлік құралының осы мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына Одақтың сыртқы шекарасы арқылы шығуы кезінде осы басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органына хабар береді.
      14. Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде өз заңнамасын, Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру әдістері мен технологияларын үйлестіру жөнінде мынадай:
      1) халықаралық көлік дәліздерінің құрамына кіретін ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша қозғалыс кезінде көлік құралдарының салмақтық параметрлеріне қойылатын талаптар;
      2) басқа мүше мемлекеттің ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының жүріп өтуіне алымдардың толық төленуіне бақылау жүйесін жасау;
      3) үшінші елдердің тасымалдаушыларымен даулы ахуалдар туындаған кезде, оларды реттеу тетігін әзірлеу;
      4) Одақ аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдары шарттарын орындау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзған жағдайда көлік құралдарын қайтару (ұстау) тетігін әзірлеу бөлігінде шаралар қабылдайды.
      15. Рұқсаттар (арнайы рұқсаттар) мынадай жағдайларда:
      1) мұндай рұқсаттар оларды құзыретті органдары берген мүше мемлекеттің заңнамасын бұза отырып ресімделсе немесе пайдаланылса;
      2) көлік құралының арнайы рұқсатта көрсетілген салмақтық және (немесе) габаритті параметрлері көлік құралының салмағын және габариттерін өлшеу нәтижелеріне сәйкес келмесе;
      3) көлік құралының сипаттамасы мүше мемлекеттердің аумағы бойынша жүріп өтуге арналған рұқсатпен көзделген көлік құралы сипаттамасына сәйкес келмесе, жарамсыз болып табылады.
      16. Бақылау іс-қимылдары барысында көлік құралы параметрлерінің (сипаттамаларының) рұқсатта көрсетілген параметрлерге (сипаттамаларға) сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, бір мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органының басқа мүше мемлекеттің көліктік бақылау органынан жедел тәртіппен рұқсаттың жарамдылығын растауды сұратуға құқығы бар.
      17. Осы Тәртіпті іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары:
      1) жекелеген хаттамалар жасасады, басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарына өз мемлекеттерінің көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін назарына жеткізеді, көрсетілген актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер туралы бір-біріне хабар береді, сондай-ақ осы Тәртіпке сәйкес көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың үлгілерімен алмасады;
      2) көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпаратпен өзара және тұрақты түрде алмасады. Көрсетілген ақпарат алмасудың нысаны мен тәртібін, сондай-ақ оның құрамын мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдары айқындайды;
      3) бір мүше мемлекеттің аумағы арқылы басқа мүше мемлекет аумағына транзитпен жүретін көлік құралдары туралы дерекқор жүргізуді ұйымдастырады және осы қорда қамтылған ақпаратпен өзара алмасады.
      18. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған ақпарат алмасу электрондық түрде жүзеге асырылады.
      19. Көліктік (автомобильдік) бақылау органдары көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижесінде алынған тауарды өткізетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары туралы өзге де ақпаратты беруі мүмкін.
      20. Көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелерін және көлік құралдарын ресімдеу және есепке aлу мақсатында көліктік (автомобильдік) бақылау органдары осы Тәртіптің 7-9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын көліктік (автомобильдік) бақылау бойынша қосымша әрекеттердің нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстарды пайдаланады, сондай-ақ осы ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды қамтамасыз етеді.
      21. Мүше мемлекеттер Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің өзгеруі туралы белгіленген тәртіппен хабар береді.

Үйлестірілген (келісілген) көлік


саясаты туралы хаттамаға   
№ 2 қосымша          

Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет