Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібі



бет36/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45

көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібі

      1. Осы Тәртіп Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) № 24 қосымша) сәйкес әзірленген, тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібін айқындайды және теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері саласындағы теміржол көлігі ұйымдары, тұтынушылар, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы қатынастарға қолданылады.


      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - бір мүше мемлекеттің теміржол көлігі ұйымдарының басқа мүше мемлекеттің тұтынушыларына осыған ұқсас көрсетілетін қызметтер бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына көрсетілетін жағдайлардан қолайлығы кем емес жағдайларда қызмет көрсетуі;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» - тасымалдаушылардың осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларға сәйкес қағидаларға орай тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі;
      «инфрақұрылым» - магистральдық және станциялық жолдарды, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықты, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді қоса алғандағы теміржол көлігінің инфрақұрылымы;
      «теміржол көлігі ұйымы» - тұтынушыларға теміржол көлігі қызметтерін көрсетуші мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
      «тасымалдау процесі» - теміржол көлігімен жолаушылар, жүк, багаж, жүк-багажы және пошта жөнелтілімдері тасымалдарын дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы;
      «тасымалдаушы» - жүкті, жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті лицензиясы бар, меншік құқығында не өзге де заңды негізде тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы составты иеленуші теміржол көлігінің ұйымы;
      «тұтынушы» - теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген мүше мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тариф» - теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері құнының ақшалай мәні;
      «теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтері» - теміржол көлігі ұйымдарының тұтынушыларға көрсететін (орындайтын) қызметтері (жұмыстары), атап айтқанда:
      жүктерді тасымалдауды және жүктерді тасымалдауды (соның ішінде бос жылжымалы составты) ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
      жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау және осындай тасымалға байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар);
      инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер» - тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдалануға байланысты көрсетілетін қызметтер және осы Тәртіпке № 2 қосымшада көрсетілген басқа да көрсетілетін қызметтер.
      3. Теміржол көлігі ұйымдары сол немесе өзге мүше мемлекет тұтынушысының тиесілігіне, оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, осы Тәртіптің және мүше мемлекеттердің заңнамасын ескере отырып, оның теміржол көлігі көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      4. Мүше мемлекеттер осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген қағидаттар мен талаптарды сақтай отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге мүше мемлекеттер тасымалдаушыларының қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      Осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшалардың ережелері мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары арасындағы мүше мемлекеттердің инфрақұрылым учаскелерінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай тасымалдаушылар арасында жасалатын шарттар (келісімшарттар) негізінде берілетін локомотивтер мен локомотив бригадаларын пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қатынастарға қолданылмайды.
      5. Көліктік көрсетілетін қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру шеңберінде теміржол көлігінің өзге де көрсетілетін қызметтерінің тәртібі мен шарттары қажет болған кезде Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен айқындалады.
      6. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер және (немесе) олардың шекті деңгейі (бағалық шегі) мүше мемлекеттердің заңнамасына және өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес тарифтерді саралау мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, халықаралық шарттарға сәйкес мына қағидаттар сақтала отырып белгіленеді (өзгертіледі):
      1) теміржол көлігі көрсетілетін қызметтеріне тікелей қатысты экономикалық негізделген шығындарды өтеу;
      2) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес теміржол көлігінің дамуын қамтамасыз ету;
      3) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің ашықтығын, сондай-ақ экономикалық жағдайлар күрт өзгерген кезде мүше мемлекеттерге алдын ала хабар бере отырып, мұндай тарифтерді және (немесе) олардың шекті деңгейін (бағалық шегін) қосымша қайта қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
      4) теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді белгілеу туралы шешімдерді қабылдаудың жариялығын қамтамасыз ету;
      5) жүктер номенклатурасын және табиғи монополиялар жағдайларында көрсетілетін теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер белгілеу қағидаларын айқындауға үйлесімді тәсілді қолдану;
      6) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес әр мүше мемлекетте теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер валютасын айқындау.
      7. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер немесе олардың шекті деңгейлерін (бағалық шегін) белгілеу (өзгерту) өз мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы Тәртіптің ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.
      8. Жүктерді теміржол көлігімен мүше мемлекеттер аумақтары бойынша тасымалдаған кезде қатынастар түрлері бойынша біріздендірілген тарифтер (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер) қолданылады.
      9. Мүше мемлекеттердің теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, бұрын теміржол көлігімен жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту, теміржолдар бойынша жүктерді тасымалдаудың тартылмаған немесе аз тартылған маршруттарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің теміржолдар бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің өсуін ынталандыру, теміржол көлігі ұйымдарының жаңа техника мен технологияларды енгізуін ынталандыру мақсатында экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделе отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары белгілеген немесе олар келіскен шекті деңгейлер (бағалық шегі) шеңберінде жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдерді қабылдау құқығы беріледі.
      10. Теміржол көлігі ұйымдары өздеріне берілген жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің деңгейін өзгерту құқығын мүше мемлекеттердің нақты тауар өндірушілері үшін артықшылық жасауға жол бермеу негізгі қағидатын сақтай отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бекітетін (айқындайтын) әдіснамаға (әдістеме, тәртіп, қағидалар, нұсқаулықтар немесе өзге де нормативтік актілер) сай шекті деңгейлер (бағалық шегі) шеңберінде іске асырады.
      11. Жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту туралы шешімдер, олар күшіне енген күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес ресми жариялануға, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға міндетті түрде жіберілуге жатады.
      12. Теміржол көлігі ұйымдарының жүктерді тасымалдау бойынша теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту жөніндегі әрекеттерімен тұтынушылардың құқықтары мен мүдделері бұзылатын болса, тұтынушылар өздері аумағында орналасқан немесе тұратын мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына өздерінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      Егер әрекеттеріне тұтынушы шағым жасаған теміржол көлігі ұйымы тұтынушының орналасқан немесе тұратын жері бойынша орналасқан болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішін өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес қарайды.
      Егер тұтынушы өтінішті тұтынушының орналасқан немесе тұратын жерінде орналаспаған теміржол көлігі ұйымының әрекеттеріне берген болса, мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органы тұтынушының өтінішінде көрсетілген талаптардың негізділігін анықтағаннан және мойындағаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш жібереді, бұл туралы Комиссияға өтініш жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тұтынушыға және шекті деңгейлер (бағалық шегі) шеңберінде жүктерді тасымалдау жөніндегі теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер деңгейін өзгерту кезінде бұзушылыққа жол берген теміржол көлігі ұйымы аумағында орналасқан мүше мемлекеттің ұлттық монополияға қарсы органына хабарлайды.
      Комиссия көрсетілген жолданым негізінде тұтынушының өтінішін қарайды және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген қағидаларға сәйкес шешімдер қабылдайды.
      13. Мүше мемлекеттер арасында теміржол көлігімен жүктерді басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдаған және мүше мемлекеттердің аумақтары арасында басқа мүше мемлекеттің теміржолдарын қатыстыра отырып тасымалдаған кезде, сондай-ақ жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы үшінші елдерге мүше мемлекеттердің теңіз порттары арқылы және кері бағытта тасымалдаған кезде мүше мемлекеттердің әрқайсысы әрбір мүше мемлекеттің біріздендірілген тарифін қолданады.
      14. Жүктерді бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге және кері бағытта тасымалдаған кезде (жүктерді мүше мемлекеттердің теңіз порттары арқылы тасымалдауды қоспағанда), сондай-ақ жүктерді үшінші елдерден үшінші елдерге мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен тасымалдаған кезде 1996 жылғы 18 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігінде келісілген тарифтік саясатты белгілеу тұжырымдамасына сәйкес үйлестірілген (келісілген) тарифтік саясат жүргізіледі.
      15. Мүше мемлекеттер осы Тәртіпті іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдарды тағайындайды.
      16. Мүше мемлекеттер бір-біріне және Комиссияға Шарт күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей өздерінің уәкілетті органдарының тағайындалғаны және ресми атаулары туралы хабар береді.

Тарифтік саясат негіздерін қоса


алғанда, теміржол көлігінің 
көрсетілетін қызметтеріне қол
жеткізуді реттеу тәртібіне 
№ 1 қосымша        

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің


инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу
қағидалары

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Одақ шеңберіндегі инфрақұрылым учаскелерінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділікті беру саласында тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттейді.
      2. Осы Қағидалардың 1-тармағында көзделген қатынастарды қоспағанда, бір мүше мемлекеттің аумағы шекарасында инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беру саласында тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттеу осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

II. Анықтамалар



      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «пойыздардың қозғалыс графигі» - инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінде барлық санаттағы пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәуліктердегі масштабты торда пойыздардың жүруін график түрінде көрсететін, нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және жедел (ағымдағы жоспарлы тәулікке) болып бөлінетін нормативтік-техникалық құжаты;
      «инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт» - инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 жыл кезеңге жасалған инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт;
      «қосымша өтінім» - пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің қолданысы кезеңінде қосымша тасымалдауларды жүзеге асыру үшін тасымалдаушыдан келіп түскен инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті беруге арналған өтінім;
      «инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу» - тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерді тасымалдаушылардың алу мүмкіндігі;
      «ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы» - жүктерді, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және мүше мемлекеттің бүкіл инфрақұрылымында пойыздарды құрастыру жоспарының іске асырылуын, оның ішінде арнаулы және әскери тасымалдар бойынша іске асырылуын қамтамасыз ететін тасымалдаушы. Ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушы мәртебесі мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады;
      «график тармағы» - пойыздардың қозғалыс графигінде пойыздың жөнелту, межелі және баратын пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ пойыздың басқа да техникалық және технологиялық параметрлері көрсетілген жүру маршрутының графикалық бейнеленуі;
      «инфрақұрылым операторы» - инфрақұрылымы бар және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсететін теміржол көлігі ұйымы;
      «пойыздарды құрастыру жоспары» - тасымалдаушылардың пойыздарды құрастыру жоспарлары жобаларының негізінде инфрақұрылым операторы бекіткен және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, теміржол станцияларында құрастырылатын пойыздардың санаттары мен тағайындалымын белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;
      «инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті» - инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне, жылжымалы составқа және түрлі санаттағы пойыздардың өткізілуін ескере отырып, пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін пойыздардың және пойыздар жұптарының ең көп саны;
      «пойыздардың қозғалыс кестесі» - пойыздардың қозғалыс графигінің негізінде белгілі күнтізбелік күндер бойынша пойыздар қозғалысы туралы ақпарат қамтылған құжат;
      «қауіпсіздік сертификаты» - тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген құжат;
      «уәкілетті орган» - құзыретіне теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу және (немесе) басқару мәселелері кіретін, мүше мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттің атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органы;
      «инфрақұрылым учаскесі» - мүше мемлекеттердің шектес екі инфрақұрылымының түйіскен жеріне іргелес жатқан, локомотив айналатын учаскенің инфрақұрылым операторы белгілеген шектегі теміржол көлігі инфрақұрылымының бір бөлігі.
      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада, Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді реттеу тәртібінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық қызметтерін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қызмет көрсету қағидалары) айқындалған мағыналарында түсініледі.

III. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің жалпы қағидаттары

      5. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік инфрақұрылым учаскелерінде беріледі және:
      1) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті шегінде техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ескеріле отырып, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, тасымалдаушыларға қойылатын талаптардың теңдігі;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтер саласында тасымалдаушыларға қатысты бірыңғай баға (тариф) саясатын қолдану;
      3) инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтердің тізбесі, оларды көрсету тәртібі, осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері, төлемақысы мен алымдары туралы ақпараттың қолжетімділігі;
      4) инфрақұрылымның өткізу қабілетін тиімді пайдалану және тасымалдау процесінің үздіксіз жүргізілуін, технологиялық процестердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында инфрақұрылымды жөндеу, күтіп-ұстау және оған қызмет көрсету бойынша жұмыстардың ұтымды жоспарлануы;
      5) тасымалдау қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және инфрақұрылым қызметтерін көрсету процесінде белгілі болған, коммерциялық немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуы;
      6) пойыздар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес инфрақұрылымның өткізу қабілеті шектеулі болған жағдайларда, тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік);
      7) тасымалдаушылар пайдаланатын теміржол жылжымалы составының техникалық жай-күйінің тиісінше болуын олардың қамтамасыз етуі қағидаттарына негізделеді.
      6. Тасымалдаушыларға инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік берудегі басымдық (кезектілік) қағидаты мынадай іріктеу деңгейлері арқылы іске асырылады:
      1) басымдығы (кезектілігі) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес немесе аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерімен айқындалатын пойыздың санатын айқындау;
      2) пойыздардың санаты бірдей болған жағдайда:
      тасымалдау көлемдері бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуы ескеріле отырып, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарттардың болуына;
      тасымалдаушының инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін пайдалану қарқынына;
      инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған қолданыстағы шарттың болуына қарай;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер бірдей болған жағдайда, аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру.

IV. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру шарттары

      7. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларда:
      1) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тасымалдау қызметін жүзеге асыруға лицензиялар;
      2) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген қауіпсіздік сертификаттары;
      3) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өздерінің біліктілігі мен кәсіптік даярлығын растайтын құжаттары бар, тасымалдау процесін ұйымдастыруға, басқаруға және жүзеге асыруға тартылған білікті қызметкерлер штаты болған кезде береді.
      8. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік:
      1) инфрақұрылым учаскесі шегінде пойыздардың жүрісі мен маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері;
      2) жүк пойыздарын құрастыру жоспары және пойыздардың қозғалыс графигі;
      3) инфрақұрылымның қолда бар өткізу қабілеті және тасымалдаушылардың инфрақұрылым учаскелерін пайдалану жөніндегі ұсыныстары және инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін осы Қағидалардың III бөлімінде айқындалған инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу қағидаттары негізінде бөлуі;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес теміржол тасымалын жүзеге асыруға кедергі келтіретін тыйым салулар мен шектеулердің болмауы;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайларда, тасымалдаушыда басқа органдармен және ұйымдармен келісулердің болуы негізге алына отырып беріледі.
      9. Графиктің белгілі бір тармақтары бойынша инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу құқығы тасымалдаушыларға, ұзақ мерзімді шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, пойыздардың қозғалыс кестесінің қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге берілуі мүмкін.

V. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру

      10. Инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін әзірлеуі және жариялауы;
      2) тасымалдаушының Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік алу үшін қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі - өтінім) беруі;
      3) инфрақұрылым операторының өтінімді қарауы;
      4) пойыздардың қозғалыс графигін және пойыздардың қозғалыс кестесін бекіту;
      5) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекетің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасасу.
      Егер тасымалдаушы бір мезгілде пайдалану үшін жоспарланып отырған инфрақұрылым операторы болып табылса, өтінім беру және шарт жасасу талап етілмейді.
      11. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

VI. Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктері

      12. Инфрақұрылым операторы жыл сайын, өтінімдерді қабылдау басталған күнге дейін 3 айдан кешіктірмей аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген тәртіппен, инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін жасайды, бекітеді және жариялайды.
      13. Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде:
      1) пойыздардың жүрісін және маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін қажетті, инфрақұрылым учаскелерінің ұзақтығы мен тартқыш түрі, пойыздар составтарының салмағы мен ұзындығының нормалары, түрлі санаттағы пойыздардың жүріс жылдамдықтары көрсетілген инфрақұрылым учаскелері мен станциялардың техникалық сипаттамалары;
      2) халықаралық жолаушылар қатынасы үшін пойыздардың қозғалыс графигі тармақтарының жобалары;
      3) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен айқындалған әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк пойыздарын қабылдау-тапсырудың (алмасудың) болжамды уақыты;
      4) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес, ұлттық (жалпыжелілік) тасымалдаушыға тасымалдауды орындау үшін қажетті инфрақұрылым участкелерінің өткізу қабілетін қоспағанда, инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті көрсетілуге тиіс.
      14. Инфрақұрылым операторы инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде өзге де мәліметтерді және инфрақұрылым учаскелерінде тасымалдауды жоспарлауға және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға арналған шарттарды көрсетуі мүмкін.

VII. Өтінімді беру және қарау



      15. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына өтінім береді.
      16. Өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау, оларды қарау, пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыру мерзімдері, сондай-ақ осы Қағидалардың 24 және 26-тармақтарында көзделген ақпаратты беру мерзімдері аумағында инфрақұрылым орналасқан мұше мемлекеттің заңнамасында және (немесе) аумағында инфрақұрылым орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленеді.
      17. Өтінімге:
      1) жоспарланып отырған график тармақтарының жобасы;
      2) тасымалдаулардың жоспарланып отырған жылдық көлемдері туралы ақпарат (тоқсандар мен айлар бойынша, сондай-ақ жүк түрлері бойынша бөліп көрсете отырып);
      3) тасымалдауға жоспарланған пойыздар саны туралы ақпарат;
      4) тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары туралы ақпарат;
      5) тасымалдаушының осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      18. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына қағаз жеткізгіштерде беретін өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:
      тігілуге, нөмірленуге және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен куәландырылуға тиіс;
      орыс тілінде не инфрақұрылым операторының заңды тіркелген жеріндегі мемлекеттің тілінде ұсынылады және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмауға, ал олар өзге тілде ұсынылған жағдайда, белгіленген тәртіппен куәландырылған орыс тіліне аудармасымен қоса беріледі.
      Өтінімге қоса берілетін құжаттар түпнұсқа немесе олардың көшірмелері болуға тиіс. Құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда, өтінімге қол қоятын басшы не ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығын және толықтығын жазбаша түрде растауға тиіс.
      19. Электронды түрде берілетін өтінім осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес электрондық құжат айналымының талаптары ескеріле отырып ұсынылады және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуға тиіс.
      20. Өтінімді инфрақұрылым операторы өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылдау күні және қабылданған құжаттар тізбесі көрсетілетін құжатты тасымалдаушыға бере отырып тіркеуге тиіс.
      21. Инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдердің осы Қағидалардың 17 - 19-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
      22. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тасымалдаушыны бас тарту себебін көрсетіп, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      23. Өтінімдерді қарау кезеңінде (бірақ өтінімдерді қарауды аяқтау мерзімі біткенге дейін 1 айдан кешіктірмей) инфрақұрылым операторының қажет болған жағдайда тасымалдаушыдан пойыздар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыру үшін қажетті қосымша мәліметтерді (деректерді) сұратуға құқығы бар.
      Инфрақұрылым операторы сұратқан қосымша мәліметтерді (деректерді) тасымалдаушы инфрақұрылым операторынан сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінімді беруге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ұсынуға тиіс.
      24. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушылардың қарауға қабылданған өтінімдерін және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануды ескере отырып, пойыздар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын жасайды.
      Инфрақұрылым операторы тасымалдаушының өтінімін қараудың нәтижелері туралы оны инфрақұрылым операторы айқындаған мерзімдерде хабардар етеді.
      25. Тасымалдаушылар өтінімді қараудың бастапқы нәтижелерімен келіспеген жағдайда, инфрақұрылым операторы келіссөздер жүргізу арқылы мүдделі тасымалдаушылар арасындағы келіспеушіліктерді (қақтығыстарды) шешуге бағытталған келісудің үйлестіру рәсімдерін ұйымдастыра алады, соның барысында инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға графиктің өтінім берілгендерден ерекшеленетін басқа тармақтарын ұсынуға құқылы.
      26. Инфрақұрылым операторы осы бөлімде көзделген барлық рәсімдер өткізілгеннен кейін түзетулерді (болған жағдайда) ескере отырып, өтінімнің келісілгені (келісілмегені) туралы тасымалдаушыға хабар береді.

VIII. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигін және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет