Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауды бақылауды жүзеге



бет31/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауды бақылауды жүзеге
асырған кездегі өзара іс-қимылы

      57. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияның қарауына бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді берген кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қараған кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, сондай-ақ өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.


      Құқық қолдану практикасының, ақпарат алмасудың неғұрлым өзекті мәселелерін және мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру проблемаларын талқылауда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара мүдделілігі болған кезде, Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының басшылары мен бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасы мүшесінің деңгейінде кеңестер өткізеді.
      Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      58. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияның қарауына бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініш беру туралы шешімді өтініш беруші мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылатын, оны қараудың кез келген сатысында қабылдайды.
      Мұндай шешімді қабылдаған кезде мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға тиісті жазбаша жолданым дайындайды.
      Жолданымда:
      өтінішті жіберген органның атауы;
      әрекеттерінде (әрекетсіздікте) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
      бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
      бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары;
      мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша, Шарттың 76-бабының бұзылған ережелері көрсетіледі.
      Жолданымға қаралуы барысында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілері анықталған және, мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша, Комиссияның жолданымды қарауы үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органының Комиссияға жолданым жіберуі Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу не өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы не өтінішті кері қайтару туралы шешім қабылдағанға дейін мүше мемлекеттің уәкілетті органының өтінішті қарауды тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады.
      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті Комиссияға жіберген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өтінішінің Комиссияға берілгені туралы хабарлайды.
      Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және өтініш берушіні өтініштің қарауға қабылдағаны туралы хабардар етеді.
      59. Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы не трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы шешім қабылдауы мүше мемлекеттің уәкілетті органының өтінішті қарауды тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
      60. Егер Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу мүше мемлекеттің уәкілетті органының құзыретіне жататынын анықтаған жағдайда, Комиссияның өтінішті (материалдарды) мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауына беру туралы шешімі оны қараудың кез келген сатысында қабылданады.
      Мұндай шешім қабылданған жағдайда, Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттің уәкілетті органына тиісті жолданым дайындайды, оған бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасының мүшесі қол қояды.
      Жолданымда:
      әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) атауы;
      бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар әрекеттердің (әрекетсіздіктің) сипаттамасы;
      бұзушылық белгілері анықталған тауар нарығының шекаралары көрсетіледі.
      Жолданымға қаралуы барысында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілері анықталған және, Комиссияның пікірі бойынша, жолданымды мүше мемлекеттің уәкілетті органының қарауы үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.
      Өтініш жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Комиссия өтініш берушіні өтініштің мүше мемлекеттің уәкілетті органына берілгені туралы хабардар етеді.
      61. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде, егер сұрау салу бойынша алынған ақпарат шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына мынадай процестік әрекеттерді жүргізу:
      өздеріне қатысты тергеп-тексерулер немесе тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәлардан сұрақ алу;
      іс бойынша тергеп-тексеру немесе іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыру;
      өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан немесе бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы ісі қаралып жатқан тұлғаның аумақтарын, үй-жайларын, құжаттары мен заттарын (осындай тұлғаның тұрғынжайын қоспағанда) қарап-тексеру;
      тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс ету;
      сараптама жасау және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жіберуге құқылы.
      Комиссия оған қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан немесе бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс қаралып жатқан бұзушы тіркелген мүше мемлекеттік аумағында жүргізілетін процестік әрекеттер Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің, сондай-ақ аумағында бұзушылық жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілінің көзінше және (немесе) қатысуымен жүзеге асырылады.
      Бұзушылық жасалған және (немесе) бәсекелестік үшін келеңсіз салдарлар басталған мүше мемлекеттің аумағында процестік әрекеттерді жүргізу кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері және аумағында бұзушы тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органының өкілі қатысады.
      Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің және (немесе) мүше мемлекеттің мүдделі уәкілетті органы өкілінің Комиссияның уәжді ұсынуын орындайтын процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, мұндай әрекеттерді жүргізу кезінде қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарлама оларды жүргізу басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын алынған кезде мүше мемлекеттің уәкілетті органы процестік әрекеттерді дербес жүргізуге құқылы.
      62. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
      1) ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірі (ол болған кезде), құқық бұзушылықтың және оған жататын өзге де фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, Шарттың 76-бабына сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы;
      2) өздеріне қатысты Комиссия тиісті істі қарап жатқан немесе тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалардың аттары, әкелерінің аттары және тектері, куәлар, олардың тұрғылықты немесе болатын жері, азаматтығы, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері (егер мұндай ақпарат болса);
      3) алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы (құжатты табыс ету қажет болған кезде);
      4) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттердің тізбесі (сұрақ алуды жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуға және нақтылануға тиіс екенін көрсету, сондай-ақ сұрақ алынатын тұлғаға қойылуға тиіс сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдалуын көрсету қажет) қамтылады.
      63. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуда сондай-ақ:
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
      2) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
      3) ұсынуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде болатын, сондай-ақ, егер бұл сұрау салынатын мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысатын Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің аты, әкесінің аты және тегі;
      4) ұсынуды орындауға байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуы мүмкін.
      64. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуға бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасының мүшесі қол қояды. Көрсетілген уәжді ұсынуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ оны тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
      65. Орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияның уәжді ұсынуында санамаланған процестік әрекеттерді өзінің мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес және тұратын орны орындаушы мүше мемлекеттің аумағы болып табылатын тұлғаларға ғана қатысты жүргізеді.
      66. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар мен басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында шығыстарды өтеу мәселесі келісілгеннен кейін орындалады.
      67. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну ол алынған күннен бастап 1 ай ішінде не Комиссия мен өзінің атына ұсыну жіберілетін мүше мемлекеттің уәкілетті органы арасында күні бұрын келісілген өзге де мерзімде орындалады.
      Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе орындаушы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш жасау қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
      68. Орындаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы уәжді ұсынуда көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ ол уәжді ұсынуда көзделмеген, оны орындауға байланысты әрекеттерді өз бастамасы бойынша жүргізуге де құқылы.
      69. Уәжді ұсынуды орындау мүмкін болмаған не оны осы Хаттаманың 67-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комиссияға көрсетілген ұсынуды орындаудың мүмкін еместігі не оны орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлайды.
      70. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсынуды орындаудан, егер оны орындау орындаушы мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін жағдайларда, толықтай немесе ішінара бас тартылуы мүмкін, бұл туралы мүше мемлекет Комиссияға жазбаша түрде хабардар етеді. Комиссия Алқасы мүше мемлекеттің уәкілетті органының уәжді ұсынуды орындаудан бас тартуының құқыққа сыйымдылығы туралы мәселені Комиссия Кеңесінің қарауына шығаруға құқылы.
      71. Мекеме немесе осыған арнайы уәкілеттік берілген лауазымды адам өздерінің құзыреті шегінде дайындаған немесе куәландырған және уәкілетті органына уәжді ұсыну жіберілген мүше мемлекеттің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемделген құжаттарды Комиссия қандай да бір арнайы куәландырусыз қабылдайды.
      72. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы ұсынуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы қайтадан уәжді ұсыну жіберуге жол беріледі.
      73. Егер жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы уәжді ұсыну трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы бір істі қарау шеңберінде мүше мемлекеттердің екі және одан да көп уәкілетті органына жіберілетін болса, онда Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері Комиссия мен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады.
      74. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына олардың ақпарат пен құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
      75. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жазбаша нысанда ресімделеді және онда:
      сұрау салудың мақсаты;
      ақпарат сұратылып отырған тиісті істің нөмірі (ол бар болған кезде), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, Шарттың 76-бабына және Хаттамаға сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы;
      өзіне қатысты тиісті іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет (мұндай ақпарат қолда бар болса);
      жеке тұлғалар үшін - тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, туған жері және күні;
      заңды тұлғалар үшін - атауы және орналасқан жері;
      барысында, бірақ сұрау салу алынған күннен бастап кемінде 10 жұмыс күнінен аз болмайтын, ақпарат ұсынылуға тиіс мерзім;
      ұсынылуға тиіс мәліметтердің тізбесі қамтылады.
      Сұрау салуға оның мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
      76. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда белгіленген мерзімде өзінің қолында бар ақпаратты береді.
      77. Сұрау салуды орындау мүмкін болмаған жағдайда (егер оны орындау мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келетін болса) мүше мемлекеттің сұрау салынатын уәкілетті органы ақпаратты беру мүмкін болмаған себептерді көрсете отырып, бұл туралы Комиссияға сұрау салу алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарлайды, ал егер ақпарат Комиссия белгілеген мерзімде берілмеген жағдайда ол ұсынылатын уақыт мерзімі көрсетіледі.
      78. Комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулер жүргізген кезде және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде мүше мемлекеттердің билік органдарына, мүше мемлекеттің заңды және (немесе) жеке тұлғаларына олардың ақпарат және құжаттар ұсынуы туралы сұрау салу жіберген жағдайда, Комиссия мұндай сұрау салудың көшірмесін сонымен бір мезгілде өзінің аумағында сұрау салынатын билік органы өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын, сұрау салынатын заңды тұлға тіркелген, сұрау салынатын жеке тұлға уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.
      79. Қосымша мәліметтер алу немесе алдыңғы сұрау салуды орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, мүше мемлекеттің уәкілетті органына ақпарат пен құжаттарды ұсынуы туралы қайтадан сұрау салу жіберілуі мүмкін.
      80. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға ұсынатын және құпия ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Мүше мемлекеттердің аумағында тауарлар мен көрсетілетін


қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу

      81. Мүше мемлекеттердің табиғи монополия жағдайында емес тауар нарықтарына бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі өзіне, оның ішінде төтенше жағдайларға және дүлей зілзалаға, ұлттық қауіпсіздік пайымдауларына қатысты айрықша жағдайларда, туындаған проблемаларды бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын тәсіл арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады.


      82. Мүше мемлекеттер уақытша шара ретінде мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен белгілі бір мерзімге жекелеген аумақтардағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жекелеген түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі мүмкін.
      Осы тармақта көзделген жекелеген аумақтағы әлеуметтік маңызы бар тауардың бір түрі бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді қолданудың жалпы мерзімі 1 жыл ішінде күнтізбелік 90 күннен аспауға тиіс. Осы мерзімді ұзарту Комиссиямен келісу бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      83. Мүше мемлекет осы Хаттаманың 81 және 82-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде Комиссияны және басқа мүше мемлекеттерді хабардар етеді.
      84. Осы Хаттаманың 81 - 83-тармақтарының ережелері табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін қоса алғанда, барлық көрсетілетін қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және тауар интервенциялары салаларына қолданылмайды.
      85. Осы Хаттаманың 84-тармағында санамаланған қызметтерді қоспағанда, осы Хаттаманың 81 - 83-тармақтарының ережелері мына тауарларға:
      1) табиғи газға;
      2) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған сұйытылған газға;
      3) электр және жылу энергиясына;
      4) араққа, күштілігі 28 пайыздан асатын ликер-арақ және басқа да алкоголь өніміне (ең төменгі баға);
      5) тамақ шикізатынан алынған этил спиртіне (ең төменгі баға);
      6) қатты отынға, пеш отынына;
      7) ядролық-энергетикалық цикл өніміне;
      8) тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған керосинге;
      9) мұнай өнімдеріне;
      10) дәрілік препараттарға;
      11) темекі бұйымдарына бағаны мемлекеттік реттеу жағдайларына қолданылмайды.
      86. Комиссияға бір мүше мемлекеттен екінші мүше мемлекеттің осы Хаттаманың 81 және 82-тармақтарында көзделген бағаны мемлекеттік реттеу енгізуі туралы шешіміне келіспейтіні туралы жолданым келіп түскен жағдайда, Комиссия осы Хаттаманың 87-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдауға құқылы.
      87. Егер бағаны мемлекеттік реттеу бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде:
      нарыққа кіруге кедергілер жасауға;
      мұндай нарықта бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) санын қысқартуға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, Комиссия бағаны осы мемлекеттік реттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте, екінші мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласушы мүше мемлекет бағаны мемлекеттік реттеуді енгізудің мақсаттарына бәсекелестіктің жай-күйі үшін теріс салдары аз болатын өзге де тәсіл арқылы қол жеткізуге болатынын дәлелдеуге тиіс.
      Комиссияға осы Хаттаманың 86-тармағында көзделген жолданым келіп түскен күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде Комиссия бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігінің бар немесе жоқ екені туралы шешім қабылдайды.
      88. Комиссия екінші мүше мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуі туралы шешіміне дауласу туралы мүше мемлекеттің жолданымын өзі белгілеген тәртіппен қарайды.
      89. Комиссияның осы Хаттаманың 87-тармағының негізінде қабылданған бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігі туралы шешім ол қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің органына жіберіледі және бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындалады.
      Егер мүше мемлекет Комиссияның бағаны мемлекеттік реттеудің күшін жою қажеттігі туралы шешімімен келіспейтін болса, мәселе Жоғары кеңестің қарауына енгізіледі. Бұл жағдайда Комиссияның шешімі оны Жоғары кеңес қарағанға дейін орындалуға жатпайды.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 20 ҚОСЫМША     

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің


бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы
ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 78-бабына сәйкес әзірленді және ол осы Хаттамаға № 1 қосымшада көрсетілген салаларда мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қолдану үшін құқықтық негіздер жасауға бағытталған.
      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «ішкі нарық» - табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтері айналымда болатын мүше мемлекеттердің нарығы;
      «табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - табиғи монополиялар субъектілері саласына жататын көрсетілетін қызметтерді бір мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің екінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына техникалық мүмкіндігі болған кезде қолайлылығы осындай көрсетілетін қызмет бірінші мүше мемлекеттің тұтынушыларына ұсынылатыннан кем болмайтын жағдайда көрсетуі;
      «табиғи монополия» - көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайларын жасау көрсетілетін қызметтердің осы түрін жүргізу мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне орай мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі;
      «мүше мемлекеттердің заңнамасы» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының табиғи монополиялар салаларына қатысты ұлттық заңнамасы;
      «мүше мемлекеттердің ұлттық органдары» - мүше мемлекеттің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын органдары;
      «қызметтер көрсету» - азаматтық айналым объектісі болып табылатын көрсетілетін қызметтерді ұсыну, тауарларды өндіру (өткізу);
      «тұтынушы» - табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген азаматтық құқық субъектісі (жеке немесе заңды тұлға);
      «табиғи монополия субъектісі» - мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қызметтер көрсететін шаруашылық жүргізуші субъект;
      «табиғи монополиялар саласы» - тұтынушы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып ала алатын, табиғи монополияға заңды түрде жатқызылған көрсетілетін қызметтер айналымының саласы.

II. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің жалпы қағидаттары

      3. Мүше мемлекеттер осы Хаттамаға № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және (немесе) бақылау кезінде басшылыққа алатын қағидаттар:
      1) көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тұтынушылар үшін олардың сапасының тиісті деңгейін, табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің тұтынушылары мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау;
      2) табиғи монополиялар салаларын осы салаларда бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау есебінен кейіннен қысқартуға бағытталған реттеу тиімділігін арттыру;
      3) табиғи монополиялар субъектілерінің салалық ерекшеліктерін, қызмет ауқымдарын, нарықтық конъюнктураны, орта мерзімді (ұзақ мерзімді) макроэкономикалық және салалық болжамдарды ескере отырып, оларды икемді тарифтік (бағалық) реттеуді, сондай-ақ осы субъектілерді тарифтік (бағалық) реттеу шараларын қолдану, оның ішінде тұтынушының (тұтынушылар топтарының) кез келген мүше мемлекетке тиесілілік қағидаты бойынша белгіленбейтін, сараланған тариф белгілеу мүмкіндігін қолдану;
      4) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде, осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы белгілі болған жағдайларда, реттеуді енгізу;
      5) ішкі нарықтарға қол жеткізу кедергілерін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен азайту;
      6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін, сабақтастығын, ашықтығын, объективтілігі мен айқындығын қамтамасыз ететін рәсімдерін қолдану;
      7) Егер Шарттың XX және XXI бөлімдерінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық мүмкіндік болған кезде, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен өздеріне қатысты реттеу қолданылатын қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының міндеттілігі;
      8) табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларын табиғи монополиялар субъектілерінің сақтауын қамтамасыз ету;
      9) реттеудің нақты табиғи монополия субъектісіне бағытталуы;
      10) реттеу қолданылатын табиғи монополиялар салаларындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына белгіленетін тарифтердің (бағалардың) сәйкестігін қамтамасыз ету;
      11) тұтынушылардың мүдделерін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша тарифтерді (бағаларды) қолдануға байланысты әр түрлі бұзушылықтарынан қорғау;
      12) табиғи монополиялар субъектілеріне шығасыларды қысқарту, жаңа технологияларды енгізу, инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру пайдалы болатын кезде экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

III. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлері мен әдістері



      4. Мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің түрлерін (нысандарын, тәсілдерін, әдістерін, құралдарын) мүше мемлекеттер осы Хаттамада белгіленген табиғи монополияларды реттеудің жалпы қағидаттары мен қағидалары негізінде қолданады.
      5. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру кезінде реттеудің мынадай түрлері (нысандары, әдістері, тәсілдері, құралдары):
      1) тарифтік (бағалық) реттеу;
      2) осы Хаттамада белгіленген реттеу түрлері;
      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген реттеудің өзге де түрлері қолданылады.
      6. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қосылу (бірігу) құнын белгілеуді қоса алғанда, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін тарифтік (бағалық) реттеу:
      1) ұлттық органның табиғи монополиялар субъектілері үшін реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды), оның ішінде олардың шекті деңгейлерін ұлттық орган бекіткен әдіснаманың (формуланың) және оны қолдану қағидаларының негізінде, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тарифтерді (бағаларды) қолдануына ұлттық органның тиісті бақылауын белгілеуі (бекітуі);
      2) ұлттық органның табиғи монополия субъектісі тарифтерді (бағаларды) белгілейтін және қолданатын әдіснаманы және оны қолдану қағидаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды) белгілеуі мен қолдануына ұлттық органның бақылауын белгілеуі (бекітуі) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      7. Тарифтік (бағалық) реттеуді жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің ұлттық органдары, оның ішінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тарифтік (бағалық) реттеудің мынадай әдістерін:
      1) экономикалық негізделген шығындардың әдісін;
      2) индекстеу әдісін;
      3) инвестициялық капитал табыстылығының әдісін;
      4) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін салыстырмалы талдау әдісін немесе оларды ұштастыра отырып қолдануға құқылы.
      8. Тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде:
      1) реттелетін қызметті жүзеге асыруға байланысты экономикалық негізделген шығындарды табиғи монополиялар субъектілеріне өтеу;
      2) экономикалық негізделген пайданы алу;
      3) табиғи монополиялар субъектілерін шығыстарды төмендетуге ынталандыру;
      4) көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру ескеріледі.
      9. Тарифтерді (бағаларды) белгілеу кезінде:
      1) табиғи монополиялардың мүше мемлекеттердің аумақтарында жұмыс істеу ерекшеліктері, оның ішінде техникалық талаптардың және регламенттердің ерекшеліктері;
      2) мемлекеттік дотация және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары;
      3) нарық конъюнктурасы, оның ішінде нарықтың реттелмейтін сегменттеріндегі бағалар деңгейі;
      4) аумақтардың даму жоспарлары;
      5) мемлекеттік салық, бюджет, инновациялық, экологиялық және әлеуметтік саясат;
      6) энергия тиімділігі және экологиялық аспектілер жөніндегі іс-шаралар ескерілуі мүмкін.
      10. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды) реттеу кезінде табиғи монополия субъектісінің шығындарын қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шығыстарды, оның ішінде инвестицияларды, сондай-ақ кірістерді, қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алудың жүзеге асырылатыны көзделеді.
      11. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу ұзақ мерзімді реттеу параметрлерінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, оларға оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің сенімділігі мен сапасының деңгейі, тиісті көрсетілетін қызметтерді жеткізуге байланысты шығыстардың өзгеру динамикасы, табыстылық нормасы, инвестицияланған капиталды қайтару мерзімдері және өзге де параметрлер жатқызылуы мүмкін.
      Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді, (бағаларды) реттеу мақсаттары үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігіне салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып алынған ұзақ мерзімді реттеу параметрлері де қолданылуы мүмкін.
      12. Осы Хаттаманың 4 - 11-тармақтарын табиғи монополиялардың нақты салаларында қолданудың ерекшеліктері осы Шарттың XX және XXI бөлімдерінде анықталуы мүмкін.

IV. Табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет