Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


саласына елеулі залалды немесе осындай залал келу қаупін анықтау



бет15/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45

саласына елеулі залалды немесе осындай залал келу қаупін анықтау

      12. Одақтың кедендік аумағына өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалдың келу қаупін анықтау мақсатында тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:


      1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлеміне;
      2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттер нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесіне;
      3) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын импорттық тауарға мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейіне;
      4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруіне;
      5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттар жүктемесінің, пайда мен зиян мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгертуіне әсер ететін объективті факторларды бағалайды.
      13. Өскен импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал немесе оны келтіру қаупі іске қатысты және тергеп-тексерулер жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде анықталуға тиіс.
      14. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган үдемелі импорттан басқа, сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе оны келтіру қаупі туындайтын басқа белгілі факторларды талдайды. Аталған залал мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін елеулі залалға немесе Одақтың кедендік аумағына үдемелі импорт салдарынан оған келтіретін қаупіне жатқызылмауға тиіс.

3. Алдын ала арнайы бажды енгізу



      15. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру мүше мемлекеттердің экономика саласына кейіннен жойылуы қиын болатын залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін күрделі жағдайларда, Комиссия тиісті тергеп-тексеру аяқталғанға дейін, тергеп-тексеруді жүргізетін органның алдын ала қорытындысының негізінде оған сәйкес тексеру объектісі болып табылатын тауардың үдемелі импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіргенінің немесе келтіру қаупін төндіргенінің айқын дәлелдемелері болғанда күнтізбелік 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы баж енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тергеп-тексеруді жүргізетін органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеп-тексеру жалғасуға тиіс.
      16. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органын, сондай-ақ басқа да оған белгілі мүдделі тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      17. Экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының алдын ала арнайы бажды енгізу мәселесі бойынша консультациялар өткізу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Комиссия алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешімді қабылдағаннан кейін басталуға тиіс.
      18. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені анықталған не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені туралы не Комиссияның арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      19. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын (оның ішінде импорттық немесе арнайы квотаны енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен осы Хаттаманың 20 және 21-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      20. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
      21. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      22. Алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешім, әдетте, тергеп-тексеру басталған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей қабылданады.

4. Арнайы қорғау шарасын қолдану

      23. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін болғызбау немесе жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайларға мүше мемлекеттердің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
      24. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін жою үшін импорттық квотаның аз мөлшерін белгілеу қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының (сандық немесе құндық мәнінде) орташа жылдық көлемінен төмен болмауға тиіс.
      25. Одақтың кедендік аумағына тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.
      26. Егер осы Хаттаманың 25-тармағында көзделген консультацияларды жүргізу, мүмкін болмайтын немесе оларды жүргізу барысында мұндай бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, импорттық квота сандық немесе құндық мәніндегі осындай тауар импортының жалпы көлемі негізінде алдыңғы кезең ішінде осы экспорттаушы үшінші елдерден осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан пропорцияда тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды Одақтың кедендік аумағына экспорттауға мүдделілігі бар экспорттаушы үшінші елдердің арасында бөлінеді.
      Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.
      27. Егер жекелеген экспорттаушы үшінші елдерден тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының пайыздық қатынастағы өсуі тексеру жүргізу туралы өтінішті беру күнінің алдындағы 3 жыл үшін осындай тауар импортының жалпы өсуіне қатысты пропорционалды емес ұлғайған жағдайда, Комиссия осындай экспорттаушы үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін есепке ала отырып, мұндай экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
      Осы тармақтың ережелері тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың болуын анықтаған жағдайда ғана қолданылады.
      28. Импорттық квота нысанындағы арнайы қорғау шарасын қолдану тәртібі Комиссия шешімімен белгіленеді. Егер мұндай шешім импортты лицензиялауды көздейтін жағдайда, лицензиялар осы Шарттың 46-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
      29. Егер арнайы қорғау шарасы арнайы квотаны белгілеу арқылы қолданылған жағдайда, мұндай квотаның мөлшерін айқындау, бөлу және қолдану осы Хаттаманың 24 - 28-тармақтарында импорттық квота үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау



      30. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауға тиіс.
      31. Осы Хаттаманың 30-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін жою үшін арнайы қорғау шарасын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласының өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне ықпал ететін шаралар қолдануы туралы дәлелдемелер бар екенін анықтаса, Комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      32. Комиссияның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасына қарағанда неғұрлым шектелген болмауға тиіс.
      33. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 1 жылдан асқан жағдайда, Комиссия оның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасын біртіндеп жеңілдетеді.
      Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін кешіктірмей тергеп-тексерулер жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеп-тексеруді жүргізеді.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның немесе арнайы квотаның көлемін ұлғайту не арнайы баждың мөлшерлемесін төмендету түсініледі.
      34. Осы Хаттаманың 33-тармағында көрсетілген қайта тергеп-тексеруден басқа, тергеп-тексерулер жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
      1) өзгерген мән-жайларға, оның ішінде арнайы қорғау шарасының объектісі болып табылатын тауарды нақтылауға байланысты, егер мұндай тауар осы арнайы қорғау шарасын қолдану барысында Одақта өндіріле алмайды деп болжауға негіздер болса, арнайы қорғау шарасын өзгертудің, ырықтандырудың немесе күшін жоюдың орындылығын айқындау;
      2) Одақтың кедендік аумағына тауар импортының жалпы көлемінде дамушы немесе аз дамыған үшінші елдердің үлесін белгілеу;
      3) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарт тарапы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет үшін көрсетілген Шарттың 8-бабында айқындалған критерийдердің орындалу фактісін анықтау мақсаттарында қайта тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
      35. Осы Хаттаманың 34-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда қайта тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті, егер арнайы қорғау шарасын енгізгеннен кейін кемінде 1 жыл өтсе, тергеп-тексерулер жүргізетін орган қабылдауы мүмкін.
      36. Тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қайта тергеп-тексерулер жүргізу кезінде тергеп-тексеру жүргізуге жататын ережелер қолданылады.
      37. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданысының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауға тиіс.
      38. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылмайды. Бұл ретте арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болмайды.
      39. Осы Хаттаманың 38-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан, қолданылу мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспайтын күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде 1 жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің алдындағы 5 жыл ішінде 2 реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.

IV. Демпингке қарсы шаралар

1. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары

      40. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы оның қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың нысанасы болып табылады.


      41. Демпингтік импорттың болуын айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілейді. Бұл ретте мұндай кезең, әдетте, статистикалық деректері бар, тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда бұл кезең 6 айдан кем болмауға тиіс.

2. Демпингтік маржаны айқындау



      42. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мыналарды:
      1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
      2) жеке мәмілелер бойынша тауардың қалыпты құнын жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларымен;
      3) сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі айырмашылықтар болған жағдайда тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
      43. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайларына қатысты жүзеге асырылады.
      44. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде бағаның салыстырмалылығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларының, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағалардың салыстырмалылығына олардың әсер етуіне дәлелдемелер берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды есепке ала отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган аталған айырмашылықтар ескерілген түзетулер бір-бірін қайталамайтындығына және тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін осылайша бұрмаламайтындығына көз жеткізеді. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісінше салыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.
      45. Егер экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілелері болмаған не сауданың әдеттегі барысы кезінде ұқсас тауарды сату көлемінің төмен болуына байланысты немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісінше салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен (ұқсас тауардың бағасы репрезентативті болып табылған жағдайда) немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және пайданы есепке ала отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығындарымен салыстырылады.
      46. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
      Тауардың экспорттық бағасы, егер осы тауар Одақтың кедендік аумағына экспортталып, үшінші ел арқылы қайта жіберілсе ғана немесе оны өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылуы мүмкін.
      47. Егер тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдалана отырып жүргізіледі.
      Егер шетел валютасын сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы пайдаланылады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган валюта бағамдарының ауытқуын ескермейді және тергеп-тексеру барысында экспорттаушыларға тергеп-тексеру кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін есепке ала отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік 60 күннен береді.
      48. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.
      49. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тауарды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әртүрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санына сүйене отырып, жеке демпингтік маржаны айқындау шектеуін пайдалануы не статистикалық репрезентативтік болып табылатын және тергеп-тексеру барысын бұзбай зерттелуі мүмкін, тергеп-тексерулер жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
      Жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсатында мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациялары негізінде және олардың келісімімен тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүзеге асырады.
      Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган осы тармаққа сәйкес шектеуді пайдаланса, ол шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының тым көптігінен жеке қарау тергеп-тексерулер жүргізетін органның тиісті тергеп-тексеру жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.
      Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеп-тексерулер жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
      50. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган осы Хаттаманың 49-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ таңдауға қатысуға өз еркін білдірген және тергеп-тексеру барысында осы үшін қажетті құжаттарды белгіленген мерзімге ұсынған, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауға тиіс.
      51. Егер тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылар немесе өндірушілер тергеп-тексерулер жүргізетін органға сұратылған ақпаратты талап ету түрінде және белгіленген мерзімде бермесе немесе олар берген ақпарат тексеруге келмейтін не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тергеп-тексерулер жүргізетін орган өзінің иелігіндегі қолда бар басқа ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
      52. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында айқындалған анағұрлым жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылары және (немесе) өндірушілері үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.

3. Тауардың қалыпты құнын айқындау



      53. Тауардың қалыпты құнын тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға тергеп-тексеру кезеңінде сату кезінде, сауданың әдеттегі барысында экспорттаушы үшінші елдің кедендік аумағында пайдалану үшін ұқсас тауар бағаларының негізінде айқындайды.
      Қалыпты құнды айқындау мақсатында экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушыларға сату кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіні анықталған жағдайда, ұқсас тауардың бағалары есепке алынуы мүмкін.
      54. Экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына тауар экспорты жалпы көлемінің кемінде 5 пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті көлем ретінде қаралады.
      Сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың әлдеқайда төмен көлемі, егер мұндай көлем сауданың әдеттегі барысында тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісінше салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген дәлелдемелер болса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
      55. Осы Хаттаманың 53-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушыларға экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеп-тексеру кезеңі ішінде сатып алушыларға сатылған ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе оны осы кезең шеңберінде сатып алушыларға әрбір жеке сату бойынша тауар бағасы болып табылады.
      56. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеп-тексеру кезеңінде жүзеге асырылатынын анықтаса ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
      57. Егер ұқсас тауарды сату кезінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеп-тексеру кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеп-тексеру кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
      58. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауардың бірлігін өндірудің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен немесе бағалар бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 пайызын құрайды.
      59. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы үшінші елдегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келуі және тауарды өндіруге және сатуға байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.
      60. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган шығындарды мұндай бөлу әдетте, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға капитал салуға және басқа да шығындарды жабуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық дәлелдемелерін есепке алады.
      61. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты біржолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын операциялар тергеп-тексеру кезіндегі шығындарға әсер ететін мән-жайларды есепке ала отырып түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеп-тексеру кезеңінен асып кеткен болса, тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуге тиіс.
      62. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды өндіру және сату туралы нақты деректердің негізінде айқындалады. Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
      1) экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында тауардың сол санатын өндіруге және сатуға байланысты тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сомалар;
      2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында ұқсас тауарды өндіруге және сатуға байланысты алған және жұмсаған орташа өлшемді нақты сомалар;
      3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығындағы сол санаттағы тауарды сату кезінде, әдетте, басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезіндегі өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
      63. Демпингтік импорт ішкі нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы үшінші елден болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнына (көрсетілген экспорттаушы үшінші елмен тергеп-тексеру мақсатында салыстырылатын) не мұндай үшінші елден экспортқа жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде айқындалуы мүмкін.
      Егер осы тармаққа сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Одақтың кедендік аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және пайданы есепке ала отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.

4. Тауардың экспорттық бағасын айқындау

      64. Тауардың экспорттық бағасы тергеп-тексеру кезеңінде оны сату туралы деректердің негізінде айқындалады.
      65. Демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеп-тексерулер жүргізетін органның осындай тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің дұрыстығына негізді күмәні пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы байланысты тұлғалар болып табылатын (оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай) не осындай тауардың экспорттық бағасына қатысты уағдаласу нысанында шектеулі іскерлік практика болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Одақтың кедендік аумағына импортталған түрінде қайта сатылмаса, тергеп-тексерулер жүргізетін орган қандай да бір әдіспен айқындайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін. Бұл ретте тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру мақсатында тауардың импорты мен қайта сату арасындағы кезеңде төленген шығыстар (оның ішінде кедендік баждар мен салықтар), сондай-ақ пайда да есепке алынады.

5. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет