Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


ерекшелікті субсидияға жатқызу қағидаттары



бет17/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

ерекшелікті субсидияға жатқызу қағидаттары

      122. Егер субсидиялаушы орган немесе экспорттаушы үшінші елдің заңнамасы субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдарды жіберетін болса, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады.


      123. Осы бөлімде жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы үшінші ел экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы үшінші елдің экономика салаларын білдіреді.
      124. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі белгілі бір географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
      125. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасы немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті критерийлерді не субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын жұмыскерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне қарай) айқындайтын  шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
      126. Кез келген жағдайда экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы, егер мұндай субсидияны ұсыну:
      1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
      2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықшылықпен пайдалануымен;
      3) жекелеген ұйымдарға субсидияның тепе-тең емес үлкен сомасын ұсынуымен;
      4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдікті (преференциялық) тәсілін таңдап алуымен сүйемелденсе, өзіндік ерекшелікті субсидия болып табылады.
      127. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы, егер:
      1) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не іс жүзінде жалғыз шарттың немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортына байланысты болмайтын беру практикада тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттық пайдамен байланысты болса, тауар экспортына іс жүзінде байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны беру фактісінің өзі осы тармақтың ұғымында тауардың экспортына байланысты субсидияны беруді білдірмейді;
      2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импортталатын тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде шығарылған тауарлар пайдаланыла отырып, іс жүзінде жалғыз шарттың немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде байланысты болса, өзіндік ерекшелікті субсидия болып табылады.
      128. Тергеп-тексерулер жүргізетін органның экспорттаушы үшінші елдің субсидиясын өзіндік ерекшелікті субсидияға жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуге тиіс.

2. Өзіндік ерекшелікті субсидияның мөлшерін айқындау қағидаттары

      129. Өзіндік ерекшелікті субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.
      130. Өзіндік ерекшелікті субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай қағидаттар негізінде айқындалады:
      1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін қатысу ретінде бағалануы мүмкін болмаса, пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
      2) субсидиялайтын орган берген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы сомалардың арасындағы айырма пайда болып саналады;
      3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлеуі мүмкін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, комиссиялық айырмада осы сомалардың арасындағы түзетуі бар айырма пайда болып саналады;
      4) субсидиялаушы органның тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы, егер тек тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді баламалы сыйақыдан кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы сыйақыдан асырып жүзеге асырылмаса, пайда беру ретінде қаралмайды. Сыйақының баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алудың және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, өтімділікті, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, сол кездегі нарықтық жағдайларға сүйене отырып айқындалады.

3. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше


мемлекеттердің экономика саласына залалды анықтау

      131. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласына залал деп мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал, оны келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі түсіндіріледі.


      132. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал субсидияланатын импорттың көлемін және осындай импорттың мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауардың бағасы мен мүше мемлекеттердегі ұқсас тауар өндірушілерге әсерін талдау нәтижелерінің негізінде анықталады.
      133. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тергеп-тексеру кезеңін тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілейді.
      134. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың субсидияланатын импортының айтарлықтай ұлғаюы болғанын не болмағанын айқындайды (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты).
      135. Егер бір мезгілде жүргізілетін тергеп-тексерулердің нысанасы қандай да бір тауарды көп дегенде бір экспорттаушы үшінші елден Одақтың кедендік аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тергеп-тексерулер жүргізетін орган, егер:
      1) осы тауарға әрбір экспорттаушы үшінші елдегі субсидияның мөлшері оның құнының 1 пайызынан астамын құрайтыны, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден субсидияланатын импорт көлемі осы Хаттаманың 228-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайтыны;
      2) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылатыны анықталса, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады.
      136. Мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган:
      1) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасы мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан айтарлықтай төмен болғандығын;
      2) субсидияланатын импорт мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін;
      3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын мүше мемлекеттер нарығында ұқсас тауардың бағасының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргенін анықтайды.
      137. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін әсерін талдау мүше мемлекеттер экономика саласының жағдайына қатысы бар барлық экономикалық факторларды, оның ішінде:
      1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, мүше мемлекеттер нарығындағы тауар үлесін, пайданы, өнімділікті, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудан түсетін кірістерді;
      2) мүше мемлекеттер нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
      3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, өндірістің өсу қарқынына және инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін қоса алғанда, бағалаудан тұрады.
      138. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен пайдасы сияқты критерийлердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
      Егер қолда бар деректер ұқсас тауарды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына ықпал етуі өзіне ұқсас тауар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлардың неғұрлым шағын тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
      139. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтау кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мыналарды:
      1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға ықтимал әсерін;
      2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;
      3) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін есепке ала отырып, осы тауардың субсидияланатын импорты ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
      4) егер мұндай баға деңгейі мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін төмендетуге немесе кідіртуге және субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субсидияланған импорттың нысанасы болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
      5) субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды ескереді.
      140. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екені туралы шешім, егер осы Хаттаманың 139-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру барысында тергеп-тексерулер жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларын қолданбаған жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіні туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
      141. Субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласына залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды іске қатысы бар және тергеп-тексерулер жүргізетін органның иелігіндегі барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдауға негізделуге тиіс.
      142. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
      Осы факторлардың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залал Одақтың кедендік аумағына субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылмауға тиіс.

4. Алдын ала өтемақы бажын енгізу



      143. Егер тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексерулер жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың болуы және осы импортқа негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына залал туралы куәландырса, Комиссия осы Хаттаманың 7-тармағында көрсетілген баяндаманың негізінде тергеп-тексеру жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды болғызбау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
      144. Алдын ала өтемақы бажы тергеп-тексеру басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмеуге тиіс.
      145. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
      146. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган өтемақы шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екенін анықтаса не осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдаса, алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені не Комиссияның өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      147. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі қаупінің болуы негізінде өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      148. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуы негізінде (алдын ала өтемақы бажын енгізбеу мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың болуын айқындауға алып келуі жағдайында) өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары өтемақы бажын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Хаттаманың 149 және 150-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      149. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда өтемақы бажының барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
      Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажы сомасынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      150. Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажы мөлшерлемесіне қарағанда өтемақы бажының барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажы мен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырма алынбайды.
      151. Алдын ала өтемақы бажы тергеп-тексеру бір уақытта жалғастырылған жағдайда қолданылады.
      152. Алдын ала өтемақы бажы осы Хаттаманың 164 - 168-тармақтарына сәйкес қолданылады.
      153. Алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы шешім, әдетте, тергеп-тексеру басталған күннен бастап 7 айдан кешіктірмей қабылданады.

5. Субсидиялаушы үшінші елдің немесе тергеп-тексеру


объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті
міндеттемелерді қабылдауы

      154. Комиссия тергеп-тексерулер жүргізетін органның мынадай ерікті міндеттемелердің бірін алғанын мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде (жазбаша нысанда) тергеп-тексеру өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкін:


      экспорттаушы үшінші ел субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға немесе субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі;
      тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы мұндай тауарға өзі белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (мүше мемлекеттердегі тұлғалар экспорттаушымен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жояды деген қорытындыға келеді.
      Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген өзіндік ерекшелікті субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.
      Тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген өзіндік ерекшелікті субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
      155. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган субсидияланатын импорт пен осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
      Комиссия тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының осы Хаттаманың 154-тармағының үшінші абзацында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылардың қабылдауына келісімі алынғанға дейін қабылдамайды.
      156. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылар санының көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе, Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді қабылдамайды.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың ерікті міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты түсініктемелер беруге мүмкіндік береді.
      157. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушының әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін олардың құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.
      158. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елге немесе тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оларды қабылдауды талап ете алмайды.
      159. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтемақылық тергеп-тексеру экспорттаушы үшінші елдің өтініші бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
      Егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган субсидияланатын импорттың немесе оған негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың жоқ екені туралы қорытындыға келген жағдайда, экспорттаушы үшінші ел немесе ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушылар, аталған қорытынды айтарлықтай дәрежеде мұндай мән-жайлардың болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, мұндай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде ерікті міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Комиссия мұндай мән-жайлар қажетті уақыт кезеңі ішінде күшінде қалуға тиіс деген шешімді қабылдауы мүмкін.
      160. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың немесе оған негізделген мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың бар екені туралы қорытындыға келген жағдайда, қабылданған ерікті міндеттемелер солардың шарттарына және осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес қолданысын жалғастырады.
      161. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаған экспорттаушы үшінші елден немесе экспорттаушыдан олардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімін сұратуға құқылы.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілеген мерзімде сұратылған мәліметтерді ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тергеп-тексеруге келісім бермеу экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының қабылданған ерікті міндеттемелерді бұзуы болып саналады.
      162. Экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған не мұндай міндеттемелерді кері қайтарып алған жағдайда, Комиссия алдын ала өтемақы бажын (егер тергеп-тексеру әлі аяқталмаса) немесе өтемақы бажын (егер тергеп-тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіздердің бар екенін куәландырса) енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Экспорттаушы үшінші елге немесе экспорттаушыға, олар қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осы бұзушылыққа байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі беріледі.
      163. Комиссияның ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімінде алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының мөлшерлемесі белгіленуге тиіс, олар осы Хаттаманың 162-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін.

6. Өтемақы бажын енгізу және қолдану



      164. Комиссия өтемақы бажын енгізу туралы шешімді, егер экспорттаушы үшінші ел өзіндік ерекшелікті субсидияны кері қайтарып алса, қабылдамайды.
      165. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім өзіндік ерекшелікті субсидияны беретін экспорттаушы үшінші елге консультациялар жүргізу ұсынылған, алайда бұл ел олардан бас тартқан немесе оларды жүргізу барысында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген соң қабылданады.
      166. Өтемақы бажы барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарға (ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда) қатысты қолданылады және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылады.
      Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты Комиссия өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін белгілеуі мүмкін.
      167. Өтемақы бажының мөлшерлемесі субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.
      Егер субсидиялар түрлі субсидиялау бағдарламаларына сәйкес берілетін жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.
      Өтемақы бажының мөлшерлемесі, егер мұндай мөлшерлеме мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
      168. Өтемақы бажының мөлшерлемесін айқындаған кезде мүше мемлекеттердің өтемақы бажын енгізу олардың экономикалық мүдделеріне әсер етуі мүмкін тұтынушыларының тергеп-тексерулер жүргізетін органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.
      169. Өтемақы бажы, егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты бір уақытта төмендегілерді анықтаған болса, алдын ала өтемақы бажы енгізілген күнге дейін күнтізбелік 90 күн бұрын, орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін:
      1) салыстырмалы қысқа уақыт ішінде едәуір өскен, оған қатысты өзіндік ерекшелікті субсидиялар төленетін немесе берілетін тауар импортымен келтірілген, кейіннен жойылуы қиын болатын залал;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген импортталатын тауарға қатысты залалдың қайталануын болғызбау мақсатында өтемақы бажын қолдану қажет.
      170. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру басталған күннен кейін Шартта көзделген ресми көздерде осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты өтемақы бажын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
      Мұндай хабарламаны жариялау туралы шешімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттер экономика саласының осы Хаттаманың 169-тармағында көрсетілген талаптар орындалуының жеткілікті дәлелдемелерін қамтитын сұрау салуы бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның иелігінде осындай дәлелдемелер болған кезде өз бастамасы бойынша қабылдайды.
      Өтемақы бажы осы тармақта көрсетілген хабарлама ресми жарияланған күнге дейін орналастыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын, кедендік рәсімдерге байланысты орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.
      171. Мүше мемлекеттердің заңнамасында осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға өтемақы бажының қолданылу мүмкіндігі туралы хабарлаудың қосымша тәсілдері белгіленуі мүмкін.

7. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау



      172. Өтемақы шарасы Комиссияның шешімі бойынша субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін қажетті мөлшер мен мерзім ішінде қолданылады.
      173. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі мұндай шараны қолданған күннен бастап немесе өзгерген жағдайларға байланысты және бір мезгілде субсидияланатын импорттың талдауына және оған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалға қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайталап тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.
      174. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру осы Хаттаманың 186 - 198-тармақтарына сәйкес берілген (жазбаша нысандағы) өтініш негізінде не тергеп-тексеру жүргізіп жатқан органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру өтініште өтемақы шарасының қолданылуы тоқтатылған жағдайда субсидияланатын импорттың қайта басталу не жалғасу және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болғанда жүргізіледі.
      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірмей беріледі.
      Қайталап тергеп-тексеру өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуы және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайталап тергеп-тексеру аяқталғанға дейін өтемақы шарасының қолданылуы Комиссия шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы бажын алып қою үшін белгіленген тәртіппен өтемақы бажының мөлшерлемелері бойынша өтемақы шарасының қолданылуына байланысты белгіленген өтемақы баждары төленеді, бұл шараның қолданылу мерзімі қайталап тергеп-тексерудің жүргізілуіне байланысты ұзартылады.
      Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелер жоқ деп белгілеген немесе осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын қолдану не Комиссия өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдау үшін негіздер жоқ екені туралы уақтылы хабардар етеді.
      Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың қайта басталу немесе жалғасу мүмкіндігін анықтаған жағдайда Комиссия өтемақы шарасының қолданысын ұзартады. Комиссияның өтемақы шарасын ұзарту туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасын қолдануға ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      175. Егер өтемақы шарасы енгізілгеннен кейін кемінде 1 жыл өткен жағдайда мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның бастамасы бойынша өтемақы шарасын қолданудың орындылығын анықтау және (немесе) өзгерген жағдайларға байланысты оны қайта қарау (оның ішінде өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау) мақсатында қайталап тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Өзгерген жағдайларға байланысты қайталап тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште мыналар:
      өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтіндігінің;
      өтемақы шарасының қазіргі мөлшерінің субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асып түсетіндігінің;
      қазіргі өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіздігінің дәлелдемелері болуға тиіс.
      Өзгерген жағдайларға байланысты қайталап тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.
      176. Осы Хаттаманың VI бөлімінің дәлелдемелерді ұсынуға және тергеп-тексеруді жүргізуге қатысты ережелері осы Хаттаманың 172 - 178-тармақтарында көзделген қайталап тергеп-тексеруге қатысты тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
      177. Осы Хаттаманың 172 - 178-тармақтарының ережелері осы Хаттаманың 154 - 163-тармақтарына сәйкес экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қатысты тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
      178. Қайталап тергеп-тексеру оған қатысты өтемақы шарасы қолданылып отырған, бірақ ынтымақтасудан бас тартудан басқа, өзге себептер бойынша тергеп-тексеру жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының дербес мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайталап тергеп-тексеруді аталған экспорттаушының өтініші бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган бастауы мүмкін.

8. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау



      179. Осы бөлімнің мақсаттары үшін өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден немесе қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
      180. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатында қайталап тергеп-тексеру мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
      181. Осы Хаттаманың 180-тармағында көрсетілген өтініште:
      1) өтемақы шарасын айналып өтудің;
      2) өтемақы шарасының (оны айналып өтудің салдарынан) өндіріс көлеміне және (немесе) мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауардың сатылуына және (немесе) бағаларына әсерін бейтараптандырудың;
      3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктерінің және (немесе) туындыларының) өндірушісінде және (немесе) экспорттаушысында өзіндік ерекшелікті субсидияны беру пайдасы сақталатындығының дәлелдемелері болуға тиіс.
      182. Осы Хаттаманың 179 - 185-тармақтарына сәйкес жүргізілетін қайталап тергеп-тексеру кезеңіне Комиссия алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың нысанасы болған, экспорттайтын үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған, сондай-ақ өзге экспорттайтын үшінші елден кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
      183. Егер осы Хаттаманың 179 - 185-тармақтарына сәйкес тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталмаған жағдайда, осы Хаттаманың 182-тармағына сәйкес алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шарасын айналып өту анықталмағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
      184. Осы Хаттаманың 179 - 185-тармақтарына сәйкес жүргізілген қайталап тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда, өтемақы шарасы субсидияланатын импорттың нысанасы болған, экспорттайтын үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың нысанасы болған, өзге экспорттайтын үшінші елден Одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Комиссияның осы тармақта аталған өтемақы шарасын енгізу туралы актісі күшіне енген кезден бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы шараларының сомалары осы Хаттамаға қосымшада көзделген тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
      185. Өтемақы шарасын айналып өтуді анықтау мақсатындағы қайталап тергеп-тексеру ол басталған күннен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.

VI. Тергеп-тексерулер жүргізу

1. Тергеп-тексерулер жүргізу үшін негіздер

      186. Үдемелі импорттың болуын және содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қаупін анықтау мақсатындағы, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және солардан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалды, осындай залалды келтіру қаупін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуін анықтау мақсатындағы тергеп-тексеруді жазбаша нысандағы өтініш негізінде не өз бастамасы бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізеді.


      187. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті:
      1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
      2) қатысушылары қатарына өндіру көлемінің айтарлықтай бөлігін, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірудің жалпы көлемінің кемінде 25 пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе осындай бірлестіктің уәкілетті өкілі береді.
      188. Осы Хаттаманың 187-тармағында көрсетілген өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тергеп-тексерулер жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері болуға тиіс.
      189. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішке мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды не ұқсас тауарды өндірушілер өтінішті қолдайтын дәлелдемелер қоса беріледі. Мыналар:
      1) өтініш берушімен бірге ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндіру көлемінің айтарлықтай бөлігін, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлемінің кемінде 25 пайызын өндіретін басқа өндірушілердің өтінішке қосылу туралы құжаттары (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      2) өтінішті қолдайтынын білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтынын немесе келіспейтінін) білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндірушілердің өндіру көлемінің 50 пайыздан астамын құрайды деген шартпен өтінішке қолдау білдірген, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндіру көлемінің кемінде 25 пайызын құрайтынын растайтын құжаттар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өтінішті жеткілікті түрде қолдау дәлелдемелері болып танылады.
      190. Осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтініш:
      1) өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы тікелей 3 жыл ішінде мүше мемлекеттер экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) сандық және құндық мәндегі өндіру көлемі туралы, сондай-ақ өтінішті қолдаған, мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірушілердің сандық және құндық мәндегі өндіру көлемі туралы және мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтерді;
      2) ЕАЭО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын Одақтың кедендік аумағына импортталатын тауардың сипаттамасын;
      3) кедендік статистика деректері негізінде, осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген тауарды шығарған немесе жөнелткен экспорттаушы үшінші елдердің атауын;
      4) экспорттаушы үшінші елдегі осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетілген тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары туралы және мүше мемлекеттерде осы тауардың белгілі импорттаушылары және негізгі белгілі тұтынушылары туралы мәліметтерді;
      5) оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Одақтың кедендік аумағына импорт көлемінің өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі өзгеруі туралы мәліметтерді;
      6) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) Одақтың кедендік аумағынан экспорт көлемінің өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі өзгеруі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      191. Осы Хаттаманың 190-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар, өтініште ұсынылатын шараға қарай өтініш беруші:
      1) тауардың үдемелі импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың үдемелі импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қаупі болуының дәлелдемелерін, осындай шараның қолданыста болу мөлшерін және мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасы қолданыста болатын мерзім ішінде мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, тауардың демпингтік импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтінішті берген кезде);
      3) экспорттаушы үшінші елдің өзіндік ерекшелікті субсидиясының болуы және сипаттамасы туралы және егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) көрсетеді.
      192. Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қаупі болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) және мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі болуының дәлелдемелері (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге тиіс және өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күні репрезентативтік статистикалық деректер (оның ішінде тауарды өндіру көлемі және оны өткізу көлемі, мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, жұмыспен қамту, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, мүше мемлекеттердің экономика саласына салған инвестициялар көлемі туралы деректер) қолжетімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуге тиіс.
      193. Өтініште берілген мәліметтер олар алынған дерек көздерге сілтемемен қоса берілуге тиіс.
      194. Өтініште қамтылған көрсеткіштерді көрсеткен кезде салыстыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.
      195. Өтініште қамтылған мәліметтерді мұндай мәліметтерді берген өндірушілердің басшылары, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін жауапты қызметкерлері осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігінде куәландыруға тиіс.
      196. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса), осы Хаттаманың 8-тармағына сәйкес тергеп-тексерулер жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуге жатады.
      197. Өтінішті тергеп-тексерулер жүргізетін орган тіркеген күн оны беру күні болып саналады.
      198. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш мынадай негіздер бойынша қабылданбайды:
      өтінішті берген кезде осы Хаттаманың 189 - 191-тармақтарында көрсетілген материалдарды ұсынбау;
      осы Хаттаманың 189 - 191-тармақтарында көзделген, өтініш беруші ұсынған материалдардың анық еместігі;
      өтініштің құпия емес нұсқасын ұсынбау.
      Өтініштің өзге негіздер бойынша қабылданбауына жол берілмейді.

2. Тергеп-тексерудің басталуы және оны жүргізу



      199. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін осы Хаттаманың 187 - 196-тармақтарына сәйкес дайындалған демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.
      200. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы Хаттаманың 189 - 191-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің жеткіліктілігі мен анықтығын зерделейді. Мұндай мерзім тергеп-тексерулер жүргізетін органға қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.
      201. Өтініш беруші тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып ала алады.
      Өтініш тергеп-тексеру басталғанға дейін кері қайтарылып алынса, ол берілмеген болып саналады.
      Егер өтініш тергеп-тексеруді жүргізу барысында кері қайтарылып алынса, тергеп-тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
      202. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.
      203. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган осы Хаттаманың 200-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеп-тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      204. Тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органын, сондай-ақ өзіне мәлім басқа мүдделі тұлғаларды қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабардар етеді және аталған шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруді бастау туралы хабарламаны Шартта көзделген ресми көздерде жариялауды қамтамасыз етеді.
      205. Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны жариялау күні тергеп-тексеруді бастау күні болып танылады.
      206. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган, оның қарамағында үдемелі импорттың және содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қаупі болуының не демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың, мұндай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі болуының дәлелдемелері болған жағдайда ғана тергеп-тексеруді бастау туралы шешімді (оның ішінде жеке бастамасы бойынша) қабылдауы мүмкін.
      Қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеп-тексеруді бастау мүмкін болмайды.
      207. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Хаттаманың 190 - 191-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің Одақтың кедендік аумағына тауардың үдемелі, демпингтік немесе субсидияланатын импортының және (немесе) содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе материалдық залалды келтіру қаупінің немесе демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуінің немесе Одақтың кедендік аумағына үдемелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің болуын куәландырмайтыны анықталса, тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
      208. Тергеп-тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде тергеп-тексерулер жүргізетін орган мұндай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда тергеп-тексеруді жүргізуден бас тарту себебі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
      209. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеруге қатысу туралы өз ниетін жазбаша нысанда және осы Хаттамада белгіленген мерзімде мәлімдеуге құқылы. Олар тергеп-тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті тергеп-тексерулер жүргізетін орган тіркеген күннен бастап тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.
      Өтініш беруші және өтінішке қолдау білдірген мүше мемлекеттердегі өндірушілер тергеп-тексеру басталған күннен бастап тергеп-тексеруге қатысушылар болып танылады.
      210. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тергеп-тексеруді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты) мұндай мәліметтер алынған дерек көзді көрсете отырып ұсынуға құқылы.
      211. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеп-тексеру мақсатында қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
      Сұрау салулар мүше мемлекеттердегі өзге ұйымдарға да жіберілуі мүмкін.
      Аталған сұрау салуларды тергеп-тексерулер жүргізетін органның басшысы (басшысының орынбасары) жібереді.
      Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне тапсырылған кезден бастап не сұрау салу почта байланысы арқылы жөнелтілген күннен бастап күнтізбелік 7 күн өткен соң мүдделі тұлға оны алған болып саналады.
      Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей тергеп-тексерулер жүргізетін органға берілуге тиіс.
      Егер жауап тергеп-тексерулер жүргізетін органға осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей келіп түссе, тергеп-тексерулер жүргізетін орган жауапты алды деп саналады.
      Көрсетілген мерзім өткен соң мүдделі тұлға берген мәліметтерді тергеп-тексерулер жүргізетін орган назарына алмауы мүмкін.
      Мүдделі тұлғаның уәжді және жазбаша нысанда баяндалған өтініші бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган жауапты беру мерзімін ұзартуы мүмкін.
      212. Егер мүдделі тұлға тергеп-тексерулер жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе анық емес ақпаратты беріп, осылайша, тергеп-тексерудің жүргізілуін айтарлықтай қиындатса, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын тұлға болып танылады және тергеп-тексерулер жүргізетін орган алдын ала немесе түпкілікті қорытындыларды өзіндегі қолда бар ақпарат негізінде жасай алады.
      Тиісті мүдделі тұлға тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салуында белгіленген ақпаратты ұсыну критерийлерін толық орындау мүмкін еместігін немесе оның елеулі материалдық шығындармен байланысты екенін дәлелдей алады деген шартпен тергеп-тексерулер жүргізетін орган сұратылған ақпараттың электронды түрде немесе тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салуында белгілеген электронды форматта ұсынылмауын ынтымақтасудан бас тарту ретінде бағаламауға тиіс.
      Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден өзгеше себептер бойынша мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты ескермесе, аталған тұлға мұндай шешімді қабылдау себептері мен негіздері туралы хабардар етілуге тиіс және осыған байланысты оған тергеп-тексерулер жүргізетін орган айқындайтын мерзімде өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі берілуге тиіс.
      Егер тауардың қалыпты құнын анықтауды қоса алғанда, тергеп-тексерулер жүргізетін органның алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындаған кезде (демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізген кезде) осы тармақтың бірінші абзацының ережелері қолданылса және ақпарат (оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат) пайдаланылса, онда мұндай қорытындыларды дайындаған кезде пайдаланылатын ақпарат мұндай тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеру барысын қиындатпайды және оны жүргізу мерзімдерінің бұзылуына әкеп соқпайды деген шартпен үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қолжетімді ақпаратты қолдана отырып тексерілуге тиіс.
      213. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап барынша қысқа мерзімде экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына және өзіне мәлім экспорттаушыларға өтініштің немесе (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса) оның құпия емес нұсқасының көшірмелерін жібереді, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларға олардың сұрау салуы бойынша осындай көшірмелерді ұсынады.
      Егер белгілі экспорттаушылардың саны көп болса, өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесі экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына ғана жіберіледі.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган арнайы қорғау тергеп-тексеруіне қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша өтініштің немесе егер өтініште құпия ақпарат қамтылса, оның құпия емес нұсқасының көшірмелерін береді.
      Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексерулер жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша кез келген мүдделі тұлға тергеп-тексеру нысанасына жататын дәлелдемелер ретінде жазбаша түрде берген мәліметтермен танысу мүмкіндігін береді.
      Тергеп-тексеру барысында тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушыларға тергеп-тексеруге қатысы бар және өзі тергеп-тексеру барысында қолданатын, бірақ құпия ақпарат болып табылмайтын өзге мәліметтермен танысу мүмкіндігін береді.
      214. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізіліп жатқан тергеп-тексерудің нысанасы бойынша консультациялар жүргізеді.
      215. Тергеп-тексеру барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатта тергеп-тексерулер жүргізетін орган барлық мүдделі тұлғаларға олардың сұрау салулары бойынша қарама-қарсы пікірлерін және жоққа шығаруларын ұсыну үшін кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндік ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып беріледі. Кездесуге барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне залал келтіруге әкеп соқпайды.
      216. Өнім өндіруде тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды қолданатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік (басқару) органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтерді тергеп-тексерулер жүргізетін органға беруге құқылы.
      217. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі:
      1) арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап 9 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган оны 3 айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады;
      2) демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тергеп-тексеру басталған күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган 6 айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.
      218. Тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты кедендік операциялардың жүргізілуіне кедергі келтірмеуге тиіс.
      219. Комиссияның осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша баяндаманы және Комиссия актісінің жобасын қарау күні тергеп-тексеруді аяқтау күні болып табылады.
      Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану, қайта қарау немесе одан бас тарту үшін негіздердің жоқ екені туралы түпкілікті қорытынды жасаса, тергеп-тексерулер жүргізетін органның тиісті хабарламаны жариялау күні тергеп-тексеруді аяқтау күні болып танылады.
      Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы бажы енгізілген жағдайда тергеп-тексеру тиісті алдын ала баждың қолданыста болу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуға тиіс.
      220. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында осы Хаттаманың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көзделген негіздердің жоқ екенін анықтаса, тергеп-тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен аяқталады.
      221. Егер тергеп-тексеру басталған күннің алдындағы тікелей 2 күнтізбелік жыл ішінде осы Хаттаманың 186-тармағында көрсетілген өтінішті қолдаған бір өндірушіге (оның Шарттың XIII бөлімінің түсінігіндегі тұлғалар тобына кіретінін ескере отырып) Одақтың кедендік аумағында ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолданудың алдындағы тергеп-тексеруді жүргізген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың алдындағы тергеп-тексеруді жүргізген кезде) өндірісінің Комиссия бекітетін бәсекелестік жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес аталған өндірушінің Одақтың тиісті тауар нарығындағы жағдайы (оның тұлғалар тобына кіруін ескере отырып) басым деп танылуы мүмкін болатын осындай үлесі тиесілі болса, Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің ортақ қағидаларының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті бөлімшесі тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салуы бойынша Одақтың тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасы әсерінің салдарын бағалауды жүргізеді.

3. Демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері

      222. Демпингке қарсы тергеп-тексеру, егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингтік маржа жол берілетін ең төменгі демпингтік маржадан аз не болған немесе ықтимал демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі болмашы болып табылады деп анықтаса, демпингке қарсы шара енгізілместен тоқтатылады.
      Бұл ретте, мөлшері 2 пайыздан аспайтын демпингтік маржа жол берілетін ең төменгі демпинтік маржа деп түсініледі.
      223. Егер белгілі бір экспорттаушы үшінші елден демпингтік импорттың көлемі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі 3 пайыздан аз болатын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтығында тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 7 пайызынан аспайтын көлемде тиесілі болады деген шартпен тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аз болса, ол болмашы болып табылады.
      224. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы
тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия
ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, мүдделі тұлғаларды
тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар
туралы хабардар етеді және өз түсініктемелерін беру мүмкіндігін
ұсынады.
      Мүдделі тұлғалардың түсініктемелерін беру мерзімін тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем болмайды.

4. Өтемақылық тергеп-тексеруді жүргізу ерекшеліктері



      225. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін болжалды өзіндік ерекшелікті субсидияның болуын, мөлшерін және оны беру салдарын нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында соған қатысты өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына консультациялар жүргізуді ұсынуға тиіс.
      Мұндай консультациялар тергеп-тексеру барысында да жалғасуы мүмкін.
      226. Осы Хаттаманың 225-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тергеп-тексеруді бастау және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.
      227. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидиясының мөлшері ең төмен болып табылатынын не болған немесе ықтимал субсидияланатын импорттың көлемін немесе осындай импорттан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың мөлшерін немесе осындай залалды келтіру қаупін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың бәсеңдеуін болмашы деп анықтаса, өтемақылық тергеп-тексеру өтемақы шарасы енгізілместен тоқтатылады.
      228. Өзіндік ерекшелікті субсидияның мөлшері, егер ол тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар құнының 1 пайызынан аз болса, ең төмен деп танылады.
      Егер субсидияланатын импорттың көлемі ұқсас тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлеміндегі жеке үлесі 1 пайыздан аз болатын экспорттаушы үшінші елдерге жиынтығында ұқсас тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспайтын көлемде тиесілі болады деген шартпен ұқсас тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 1 пайызынан аз болса, әдетте, болмашы деп танылады.
      229. Егер әрқайсысының үлесіне осы тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 4 пайызынан аз тиесілі болатын дамушы және аз дамыған елдерден Одақтың кедендік аумағына осы тауардың импортындағы жиынтық үлесі осы тауардың Одақтың кедендік аумағына импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайды деген шартпен тергеп-тексерулер жүргізетін орган осы тауарға қатысты экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидияларының жалпы мөлшері тауар бірлігіне есептелген оның құнының 2 пайызынан аспайтынын немесе Одақтың кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлеміндегі мұндай үшінші елден осы тауар импортының үлесі 4 пайыздан кем екенін анықтаса, субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын және Одақтың тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушы дамыған немесе аз дамыған елден шығатын тауарға қатысты өтемақылық тергеп-тексеру тоқтатылады.
      230. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган өтемақылық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып, барлық мүдделі тұлғаларды тергеп-тексеру барысында да жасалған негізгі қорытындылар туралы хабардар етеді және өз түсініктемелерін беру мүмкіндігін ұсынады.
      Мүдделі тұлғалардың түсініктемелерін беру мерзімін тергеп-тексерулер жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 15 күннен кем болмайды.

5. Демпингтік немесе субсидияланатын импорт жағдайында мүше



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет