Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


мемлекеттердің экономика саласын айқындау ерекшеліктері



бет18/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

мемлекеттердің экономика саласын айқындау ерекшеліктері

      231. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді жүргізген кезде мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 232 және 233-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Шарттың 49-бабында белгіленген мағынада түсініледі.


      232. Егер мүше мемлекеттерде болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын ұқсас тауарды өндірушілер бір мезгілде тауар импорттаушылары болып табылса немесе болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауар экспорттаушыларымен немесе импорттаушыларымен байланысты болса, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарлардың қалған өндірушілері ғана мүше мемлекеттердің экономика саласы деп түсінілуі мүмкін.
      Мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілер егер:
      мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың жекелеген өндірушілері тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тікелей немесе жанама түрде бақыласа;
      тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілерін тікелей немесе жанама түрде бақыласа;
      мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың жекелеген өндірушілерін және тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақыласа;
      тергеп-тексерулер жүргізетін органның байланысты емес тұлғалардан ерекшеленетін мұндай өндірушілердің мінез-құлқы осындай байланыстан туындайды деуге негіздері бар деген шартпен мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың жекелеген өндірушілері мен шетелдік өндірушілер, тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушылары немесе импорттаушылары үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақыласа, болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарды экспорттаушымен немесе импорттаушымен байланыстылар ретінде қарастырылады.
      233. Мүше мемлекеттердің экономика саласын айқындаған кезде айрықша жағдайларда бұл мемлекеттердің аумағы 2 немесе одан да көп аумағы оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал аталған нарықтардың біреуінің шегінде мүше мемлекеттердегі өндірушілер, егер мұндай өндірушілер осындай нарықта тұтыну немесе қайта өңдеу мақсатында өздері өндіретін ұқсас тауардың кемінде 80 пайызын сатса және осындай нарықтағы ұқсас тауарға деген сұранысты мүше мемлекеттердің қалған аумағындағы мұндай тауардың өндірушілері айтарлықтай деңгейде қанағаттандырмаса, мүше мемлекеттер экономикасының бөлек саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Мұндай жағдайларда демпингтік немесе субсидияланатын импорттың нысанасы болып табылатын тауарды сату аталған бәсекелес нарықтардың бірінде шоғырланып әрі осындай бір нарық шегінде мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірушілердің бәріне немесе бәріне дерлік залал келтіреді деген шартпен, тіпті егер мүше мемлекеттер экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, мұндай залалды келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуінің болуы анықталуы мүмкін.
      234. Егер мүше мемлекеттердің экономика саласы осы Хаттаманың 233-тармағында белгіленген мағынада түсінілсе және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, мұндай шара Одақтың кедендік аумағына тауардың бүкіл импортына қатысты қолданылуы мүмкін.
      Аталған жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тергеп-тексерулер жүргізетін орган тауар экспорттаушыларына осы аумаққа мұндай тауардың демпингтік бағалар бойынша (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланатын бағалар бойынша (субсидияланатын импорт кезінде) экспортын тоқтатуға не мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар пайдаланбады деген шартпен Одақтың кедендік аумағына экспорт шарттарына қатысты тиісті міндеттемелер қабылдауына мүмкіндік берген соң ғана енгізіледі.

6. Жария тыңдау

      235. Тергеп-тексеруге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда және осы Хаттамада белгіленген мерзімде ұсынған қолдаухаттың негізінде тергеп-тексерулер жүргізетін орган жария тыңдау өткізуді қамтамасыз етеді.
      236. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қаралатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
      Жария тыңдауды өткізу күні тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 күн өткен соң белгіленеді.
      237. Жария тыңдауға тергеп-тексеруге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысты өздерінде бар мәліметтерді беру мақсатында олар тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
      Жария тыңдау барысында тергеп-тексеруге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тергеп-тексеруге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тергеп-тексерулер жүргізетін органның өкілі жария тыңдауға қатысушыларға олар хабарлаған фактілердің мәніне қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тергеп-тексеруге қатысушылар да бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауға қатысушылар құпия деп танылатын ақпаратты жарияламауға міндетті.
      238. Жария тыңдау барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тергеп-тексеруге қатысушылар жария тыңдау өткізілген күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде тергеп-тексерулер жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынса, тергеп-тексеру барысында назарға алынады.

7. Тергеп-тексеру барысында ақпарат жинау



      239. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тергеп-тексерулер жүргізетін орган өзіне мәлім экспорттаушыларға және (немесе) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге олар жауап беруге тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
      Сұрақтар тізбесі мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда) өндірушілеріне де жіберіледі.
      Қажет болған жағдайда сұрақтар тізбесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың импорттаушыларына және тұтынушыларына жіберілуі мүмкін.
      240. Сұрақтар тізбесі жіберілген, осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалар оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тергеп-тексерулер жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.
      Осы Хаттаманың 239-тармағында көрсетілген тұлғалардың уәжді  және жазбаша нысанда баяндалған өтініші бойынша осы мерзімді тергеп-тексерулер жүргізетін орган күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      241. Сұрақтар тізбесі экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап және (немесе) почта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін тауар экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі оны алды деп есептеледі.
      Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тергеп-тексерулер жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы Хаттаманың 240-тармағында көрсетілген күннен бастап 30 күндік мерзім аяқталған күннен бастап немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей келіп түскен болса, тергеп-тексерулер жүргізетін орган алды деп есептеледі.
      242. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігі мен анықтығына көз жеткізеді.
      Тергеп-тексеру барысында ұсынылған ақпаратты тергеп-тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге байланысты қосымша ақпаратты алу мақсатында тергеп-тексерулер жүргізетін орган қажет болған жағдайда:
      тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың тиісті шетелдік экспорттаушыларының және (немесе) өндірушілерінің келісімін алған жағдайда және алдағы тергеп-тексеру туралы ресми түрде хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда үшінші елдің аумағында;
      тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда мүше мемлекеттің аумағында тергеп-тексеру жүргізе алады.
      Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тергеп-тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде тексеріс осы Хаттаманың 239-тармағына сәйкес жіберілген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.
      Тергеп-тексерудің тиісті қатысушыларының келісімі алынғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға тексеріс жүргізуге жіберілген қызметкерлерге ұсынылуға тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган үшінші елді тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары туралы, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
      Тексеріс барысында сұрақтар тізбесіндегі жауаптарда берілген ақпараттың анықтығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
      Егер тексеріс жүргізу кезінде тергеп-тексерулер жүргізетін органның осындай тексеріс үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тексеру әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тергеп-тексеруге қатысушылар тергеп-тексерулер жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуге тиіс. Осындай сарапшылардың тексеріске байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана олардың тексеріске қатысуына жол беріледі.
      243. Тергеп-тексеру барысында берілген ақпаратты тексеру немесе жүргізілетін тергеп-тексеруге байланысты қосымша ақпаратты алу мақсатында тергеп-тексерулер жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың орналасқан жеріне жіберуге, ақпарат жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.

8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше


мемлекеттердің дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің ақпарат
беруі

      244. Осы кіші бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп мүше мемлекеттердің кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және басқа салалардағы мемлекеттік билік (басқару) органдары және аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік (басқару) органдары түсініледі.


      245. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тергеп-тексерулер жүргізетін органға оның сұрау салулары (оның ішінде қайта сұрау салулары) бойынша осы Хаттамада көзделген, арнайы қорғау тергеп-тексерулерін, демпингке қарсы және өтемақылық тергеп-тексерулерді бастау және жүргізу, жүргізілген тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау, енгізілген арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының тиімділігін мониторингілеу және Комиссия мақұлданған міндеттемелердің сақталуына бақылау жасау үшін қажетті ақпаратты береді.
      246. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері:
      1) тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салуын алған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өздерінің иелігіндегі мәліметтерді беруге немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, мәліметтерді берудің мүмкін еместігі туралы ескертуге міндетті. Тергеп-тексерулер жүргізетін органның уәжді өтініші бойынша сұратылған мәліметтер неғұрлым қысқа мерзімде берілуге тиіс;
      2) берілетін мәліметтердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда тиісті толықтырулар мен өзгерістерді жедел ұсынуға міндетті.
      247. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өз құзыреті шеңберінде тергеп-тексерулер жүргізетін органға:
      1) сыртқы сауда қызметі туралы статистикалық деректерді;
      2) тауарды әкелудің (әкетудің) заттай және құндық көрсеткіштерін, тауардың коммерциялық атауын, жеткізу шарттарын, оны шығарған елді (жөнелткен елді, жіберілген елді), жөнелтуші мен алушының атауы мен басқа да есепке алу деректемелерін көрсете отырып, кедендік рәсімдер бойынша бөліп, тауарларға арналған декларациялардан деректерді;
      3) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың ішкі нарығы және мүше мемлекеттер экономикасының тиісті саласы туралы ақпаратты (оның ішінде тауарды өндіру көлемі, өндірістік қуаттардың жүктемесі, тауарды өткізу, тауардың өзіндік құны, мүше мемлекеттер ұлттық кәсіпорындарының пайдасы мен шығындары, мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы тауар бағалары, өндірістің рентабельділігі, персонал саны, инвестициялар, тауар өндірушілердің тізбесі бойынша деректерді);
      4) мүше мемлекеттердің тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар нарығына тиісті тергеп-тексеру нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ықтимал енгізу немесе енгізбеу салдарын бағалау туралы ақпаратты, сондай-ақ мүше мемлекеттер ұлттық кәсіпорындарының өндірістік қызметінің болжамын қоса алғанда, сұратылатын уақыт кезеңдері бойынша ақпаратты береді.
      248. Осы Хаттаманың 247-тармағында көрсетілген ақпарат тізбесі толық қамтылған болып табылмайды. Қажет болған жағдайда тергеп-тексерулер жүргізетін орган өзге де ақпаратты сұратуға құқылы.
      249. Осы кіші бөлімді іске асыру мәселелері бойынша хат-хабар алмасу және тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпарат беру орыс тілінде жүзеге асырылады. Шетелдік атаулары бар жекелеген деректемелер (көрсеткіштер) бойынша латын әліпбиінің әріптерін қолдана отырып ақпарат беруге жол беріледі.
      250. Ақпарат беру, көбінесе, электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырылады. Ақпаратты электронды жеткізгіште беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ол ақпарат қағаз жеткізгіште жіберіледі. Кесте нысанында сұратылатын ақпарат (статистикалық және кедендік ақпарат) тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салуында көрсетілген форматта беріледі. Егер ақпаратты мұндай форматта беру мүмкін болмаса, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері тергеп-тексерулер жүргізетін органды бұл туралы хабардар етеді және сұратылатын ақпаратты өзге форматта береді.
      251. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктеріне жіберілетін ақпарат беру туралы сұрау салулар жазбаша түрде тергеп-тексерулер жүргізетін органның бланкісінде ақпаратты беру мақсатын, құқықтық негіздерін және мерзімдерін көрсете отырып ресімделеді және оған тергеп-тексерулер жүргізетін органның басшысы (басшысының орынбасары) қол қояды.
      252. Тергеп-тексерулер жүргізетін органның сұрау салулары бойынша ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктері өтеусіз негізде береді.
      253. Ақпаратты беру алмасатын органдар арасында келісілген, беру кезінде қолжетімді және ақпараттың сақталуы мен рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғалуын қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат факсимильдік байланыс арқылы жіберілген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да почта байланысы арқылы жіберілуге тиіс.

9. Құпия ақпарат



      254. Мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасында құпия ақпаратқа (коммерциялық, салықтық  және басқа да құпия ақпаратты қоса алғанда) немесе таралуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ақпарат тергеп-тексерулер жүргізетін органға осындай ақпаратқа қатысты мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып беріледі.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін орган осындай ақпаратты қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
      255. Мүдделі тұлға тергеп-тексерулер жүргізетін органға беретін ақпарат осы тұлға мұндай ақпаратты ашу, оның ішінде үшінші тұлғаға бәсекелестік артықшылықты беретіні не мұндай ақпаратты берген тұлға үшін немесе мұндай ақпарат алынған тұлға үшін қолайсыз салдарларға әкеп соғатыны туралы куәландыратын негіздемелерді берген кезде құпия ретінде қаралады.
      256. Құпия ақпаратты беретін мүдделі тұлғалар мұндай ақпараттың құпия емес нұсқасын бірге беруге міндетті.
      Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті түрде егжей-тегжейлі болуға тиіс.
      Мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бере алмайтын айрықша жағдайларда, ол құпия емес нұсқасын беру мүмкін болмауының себептерін егжей-тегжейлі жазып, негіздеме беруге тиіс.
      257. Егер тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүдделі тұлға берген негіздемелер берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтінін анықтаса не құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген мүдделі тұлға құпия ақпаратты құпия емес нұсқада берудің мүмкін болмауының негіздемесін бермесе немесе осындай негіздеме болып табылмайтын мәліметтерді берсе, тергеп-тексерулер жүргізетін орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.
      258. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган құпия ақпаратты берген мүдделі тұлғаның немесе осы Хаттаманың 244-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жазбаша келісімінсіз құпия ақпаратты жария етпеуге және үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін органға тергеп-тексеру жүргізу мақсатында берілген құпия ақпаратты өтініш берушілердің, тергеп-тексеруге қатысушылардың, мүдделі тұлғалардың немесе осы Хаттаманың 244-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жария еткені, жеке пайда табу мақсатында пайдаланғаны, өзге де нысаналы пайдаланбағаны үшін тергеп-тексерулер жүргізетін органның лауазымды адамдары мен қызметкерлері Одақ шеңберінде артықшылықтар мен иммунитеттер туралы халықаралық шартта көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден айырылуы және Комиссия бекітетін тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.
      Осы Хаттама тергеп-тексерулер жүргізетін органның Комиссия шешімдерін қабылдау негізінде жатқан себептерді немесе Комиссия сүйенген дәлелдемелерді қамтитын ақпаратты Одақ Сотында осы себептерді немесе дәлелдемелерді түсіндіру үшін қажетті дәрежеде ашуына кедергі келтірмейді.
      Тергеп-тексерулер жүргізетін органда құпия ақпаратты пайдалану  және қорғау тәртібін Комиссия бекітеді.

10. Мүдделі тұлғалар

      259. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде:
      1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексер жүргізілген кезде) өндіруші;
      2) қатысушыларының көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген кезде) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген кезде) өндіруші болып табылатын мүше мемлекеттердегі өндірушілер бірлестігі;
      3) қатысушылары мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген кезде) өндірудің жалпы көлемінің 25 пайыздан астамын жүзеге асыратын өндірушілер бірлестігі;
      4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе импорттаушы және қатысушыларының елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы үшінші елден немесе тауар шығарылатын елден импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілердің, экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың бірлестігі;
      5) экспорттаушы үшінші елдің не тауар шығарылатын елдің уәкілетті органы;
      6) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары (егер олар өнімді өндіру кезінде осындай тауарды пайдаланса) және мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;
      7) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (егер тауар, көбінесе, жеке тұлғалар тұтынатын зат болса) мүдделі тұлғалар болып табылады.
      260. Мүдделі тұлғалар тергеп-тексеру барысында дербес немесе тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
      Егер мүдделі тұлға тергеп-тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру нысанасы туралы барлық ақпаратты мүдделі тұлғаның назарына осы өкіл арқылы ғана жеткізеді.

11. Тергеп-тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы


хабарламалар

      261. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында тергеп-тексерулерге байланысты қабылданатын шешімдер туралы мынадай:


      тергеп-тексерудің басталғаны туралы;
      алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы;
      осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес демпингке қарсы бажды ықтимал қолдану немесе осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес өтемақы бажын ықтимал қолдану туралы;
      арнайы қорғау тергеп-тексеруінің аяқталғаны туралы;
      нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздердің болуы туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасаған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы;
      тиісті міндеттемелерді мақұлдауға байланысты тергеп-тексерудің аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы;
      нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу үшін негіздердің болмауы туралы қорытынды жасаған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы;
      тергеп-тексерулерге байланысты қабылданатын өзге де шешімдер туралы хабарламаларды жариялайды.
      Мұндай хабарламалар экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына және тергеп-тексерулер жүргізетін органға мәлім басқа мүдделі тұлғаларға да жіберіледі.
      262. Тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарлама тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексерудің басталғаны туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды:
      1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасын;
      2) экспорттаушы үшінші елдің атауын;
      3) Одақтың кедендік аумағына үдемелі импорттың бар екені және мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің бар екені (арнайы қорғау тергеп-тексеруінің басталғаны туралы шешім қабылданған кезде) туралы куәландыратын мәліметтердің қысқаша мазмұндамасын;
      4) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың бар екені және мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың немесе оны келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуінің бар екені (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде) туралы куәландыратын мәліметтердің қысқаша мазмұндамасын;
      5) мүдделі тұлғалар өз пікірін және тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжайды;
      6) күнтізбелік 25 күнді құрайтын және тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан тергеп-тексеруге қатысу ниеті туралы өтініштерді қабылдайтын мерзімді;
      7) күнтізбелік 45 күнді құрайтын және тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеруге қатысушылардан жария тыңдауды өткізу туралы өтінішхаттарды қабылдайтын мерзімді;
      8) күнтізбелік 60 күнді құрайтын және тергеп-тексерулер жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан жазбаша нысанда түсініктемелер және тергеп-тексеруге қатысты мәліметтерді қабылдайтын мерзімді қамтуға тиіс.
      263. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарлама Комиссия осындай шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және сондай-ақ мынадай ақпаратты:
      1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысының атауын не экспорттаушы үшінші елдің атауын (егер экспорттаушының атауын келтіру мүмкін болмаса);
      2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті сипаттамасын;
      3) демпингтік маржаның мөлшерін көрсетіп және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау үшін негіздемелерді сипаттай отырып, демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздерді (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізген кезде);
      4) субсидияның болу фактісін сипаттай отырып, және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздерді (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);
      5) мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі немесе материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттер экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екенін анықтау үшін негіздер;
      6) өскен импорт, демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен тиісінше мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі немесе материалдық залал, оны келтіру қаупінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай бәсеңдеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін негіздерді;
      7) үдемелі импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздерді (алдын ала арнайы бажды енгізген кезде) қамтуға тиіс.
      264. Осы Хаттаманың 104-тармағына сәйкес демпингке қарсы бажды ықтимал қолдану туралы хабарлама немесе осы Хаттаманың 169-тармағына сәйкес өтемақы бажын ықтимал қолдану туралы хабарлама мыналарды:
      1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауардың кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті сипаттамасын;
      2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының атауын не экспорттаушы үшінші елдің атауын (егер экспорттаушының атауын келтіру мүмкін болмаса);
      3) осы Хаттаманың 104 немесе 169-тармақтарында көрсетілген шарттардың орындалғаны туралы куәландыратын мәліметтердің қысқаша мазмұндамасын қамтуға тиіс.
      265. Арнайы қорғау тергеп-тексеруінің аяқталғаны туралы хабарламаны тергеп-тексерулер жүргізетін орган тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жариялайды және тергеп-тексерулер жүргізетін орган өзінің иелігіндегі ақпаратты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындыларды қамтуға тиіс.
      266. Нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздердің болуы туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасаған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды:
      1) тергеп-тексерулер жүргізетін органның тергеп-тексеру нәтижелері туралы түпкілікті қорытындысының түсіндірмесін;
      2) мұндай қорытынды жасауға негіз болған фактілерге нұсқауды;
      3) осы Хаттаманың 263-тармағында көрсетілген ақпаратты;
      4) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылар мен импорттаушылардың дәлелдері мен талаптарын тергеп-тексеру барысында қабылдау немесе қабылдамау себептеріне нұсқауды;
      5) осы Хаттаманың 48 - 51-тармақтарына сәйкес шешімдерді қабылдау себептеріне нұсқауды қамтуға тиіс.
      267. Тиісті міндеттемелерді мақұлдауға байланысты тергеп-тексерудің аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тергеп-тексеру аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және осы міндеттемелердің құпия емес нұсқасын қамтуға тиіс.
      268. Нәтижелері бойынша тергеп-тексерулер жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізу үшін негіздердің болмауы туралы қорытынды жасаған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеп-тексеру аяқталғаннан күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және мыналарды:
      1) тергеп-тексерулер жүргізетін органның тергеп-тексеру нәтижелері туралы түпкілікті қорытындысының түсіндірмесін;
      2) соның негізінде осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген қорытынды жасалған фактілерге нұсқауды қамтуға тиіс.
      269. Нәтижелері бойынша осы Хаттаманың 272-тармағына сәйкес шара қолданбау туралы шешім қабылданған тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлама осындай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жарияланады және олардың негізінде мұндай шешім қабылданған фактілер мен қорытындыларды көрсете отырып, Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылдау себептерін түсіндіруді қамтуға тиіс.
      270. Тергеп-тексерулер жүргізетін орган жүргізілетін тергеп-тексерулер мен қолданылатын шаралар бөлігінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінде көзделген барлық хабарламалардың Дүниежүзілік сауда ұйымының құзыретті органдарына белгіленген тәртіппен жіберілуін қамтамасыз етеді.
      271. Осы Хаттаманың 261 - 270-тармақтарының ережелерге тиісті өзгешеліктерді ескере отырып, қайталама тергеп-тексерулердің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.

VII. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет