Еуразиялық гуманитарлық институты «Қазақ және орыс филологиясы» кафедрасы



бет2/8
Дата13.12.2022
өлшемі226.5 Kb.
#467172
1   2   3   4   5   6   7   8
курсовой Айназар Ж. ХХғасыр

Кіріспе




Ғабиден Мұстафин әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгер. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел-жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау – Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.
Қазақ әдебиетінің кең оқырман қауымына атақты «Қарағанды», «Шығанақ», «Дауылдан кейін», «Миллионер», «Көз көрген» сияқты көрнекті туындыларымен әйгілі болған Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келеді. Жасынан дарынды бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді»,-дейді ол кейін жастық шағын қыңжыла, мұңая еске алып.
Жазушы өмірінің нағыз творчестволық табысты жылдары 40-жылдардан басталады. Оның «Шығанақ» (1945), «Миллионер» (1947), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1959), «Көз көрген» (1963) романдары осы жылдардың жемісі. Ғ. Мүсірепов өткен дәуірдегі қазақ поэзиясының даму тарихына байланысты әр жылдарда жазылған жазбаларында Сәкен, Ілияс, Сәбит, Әбділда, Қуандық, Қалихан, Берқайыр т.б. бүгінгі поэзия өкілдерімен қатар ұлы Абайға арналған «Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны» атты көлемді зерттеу мақаласын, өлең тілінің мәселелеріне арналған «Әдебиет тілі жайында» тақырыбында мәні мен маңызы жоғары, құнды еңбектер қалдырды. Ана тілінің тазалығы мен өркендеуінің күресушісі болған көркем сөз зергері - Ғ. Мүсіреповтің өлең туралы пайымдары да өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қазақ әдебиетінде сөз өнерінің, жанрлық жағының жетілуіне үлес қосқан Мұстафинның өзіндік стилін танытқан шығармалары қаншама. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай өнегесін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәуірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты. Екінші, сөз өнері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді.
Қазақ әдебиеті ғылымында жазушылар шығармашылығы, не болмаса әдеби мұрасы кейінгі кезде жан-жақты қарастырылып жүр. Жазушылар халық тағдырын, хал-ахуалын, жағдайын еш мүдірмей суреттеген. Халықтың жоғын жоқтап, мұңын зарлаған. Сол ғалымдардың ішіне – Ғабиден Мұстафинді жатқызуға болады. Оның шығармалары зерттеліп жүргенімен, әлі күнге дейін сараланып, зерттелмеді. Біздің курстық жұмыстың да өзектілігі осы ойдан туып отыр. Жұмыста жазушы шығармашылығын тұтас емес, тек тарихи оқиғамен тұспа-тұс келетін шығармаларын қарастыруды жөн көрдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет