Еуразиялық гуманитарлық институты «Қазақ және орыс филологиясы» кафедрасы



бет7/8
Дата13.12.2022
өлшемі226.5 Kb.
#467172
1   2   3   4   5   6   7   8
курсовой Айназар Ж. ХХғасыр

Қорытынды


Қорыта айтқанда, Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Автор бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеумметтік-психологиялық тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жаты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Ғ.Мұстафин шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы. Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы, ал қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар. 


Сонымен курстық жұмысты жаза отырып, алдыға қойған міндеттерге жеттік деп санаймыз.
- Ғабиден Мұстафиннің өмірімен егжей-тегжейлі танысып, көп жаңа мағлұматқа ие болдық;
- Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығын зерттедік;
- Жазушының шығармаларындағы тарихи шындықты көрсетудегі суреткерлік шеберлігін анықтап, тарихи шығармаларының ащы шындығына ой жүгірттік;
- Ғабиден Мұстафиннің шығармаларында тарихи шындықтың көріну ерекшеліктерін айқындадық.
Қоғам қайраткері есебінде Ғабиден – қоғамдық, әлеуметтік істерге араласып, елдің, ұлттың дамуы жайында көптеген пікірлер айтқан адам. Ол әдебиет дамуының маңызды мәселелерін талқылауға белсенді араласып, өз тәжірибесін жас қаламгерге үлгі етті. Әдебиеттің қоғамдық белсенділігін көтеру, өмірмен байланысын арттыру, көркемдік шеберлікке жетілуі сияқты мәселелер жайындағы ойларын ортаға салды. Сөйтіп өз шығармаларындағы ойларын сыншылдық пікірлерімен толықтырып отырды. «Бір кезде ұлтшылдықпен күресіп едік, енді ұлтсыздықпен күресу керек» дейтін қанатты сөзді де Ғабиден айтқан. «Сыр дәптерінде» жазылған «Қазақ тілінің қайғысы» деген шағын мақаласында да Ғабиден ұлттық тіл тағдырының жай-күйіне қатты алаңдаушылық білдірген. «Өнер алды – қызыл тілді» ұлт болып жасаған. Тілі жоқтың ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Өз ұлтының қасиеті бойына дарымаса, басқа ұлттікі қалай дариды? Интернационалист болу үшін бойыңда әуелі ұлттық қасиет болу керек. Сонда ғана басқа ұлттардың қасиетін бағалауға болады. Мұнсыз құр интернационалистпін деу – алдау не алдану» – деп жазды ол.
Ол – барша халық мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағына сыйғызған, ұтымды, тапқыр, бейнелі сөз үлгісін тудырушы. «Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды», – деген ол. Бұдан Ғабиденнің жазушының бірінші құралы тілге қаншалықты мән бергенін көреміз. Оның қаламынан туған қанатты сөздер, мақал-мәтелге айналып, ел арасына сіңіп кеткен афоризмдер тіпті мол.
Осылардың бәрі Ғабиденді ХХ ғасырдың ұлы жазушыларының қатарына қояды. Жазушы тағылымы сан салалы. Одан қалың оқырман ХХ ғасырдағы қазақ халқы өмірінің көркем шежіресін таныса, қаламгер ұрпақ шығармашылық биік талапқа үйренеді. Жазушылық позицияның айқындығы, биік адамгершілік, адамға, оның болашағына сенім кім-кімнің болса да көкірегіне жылылық ұялатады. Ғабиден кейінгілерге осынысымен қымбат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет