Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

І Петрдің әскери саласындағы реформалары. Армияның реформасы: 
жеке алғанда, шет үлгi бойымен өзгертiлген жаңа полктарды енгiзу – I Петрге 
дейiнгі уақытта басталған еді, тіпті I Алексей Михайловичтің кезінде. 
Дегенмен бұл армияның соғысқа жарамдылығы төмен болды. 1700 - 1721 
жылдары Солтүстік соғыста армияны реформалау және флотты құру жеңіске 
керекті негізгі шарттар болды. Швецияға қарсы соғысқа дайындалғанда Петр 
1699 жылы ортақ рекруттық жиын және семеновецтер үлгісі бойынша 
жауынгерлерді дайындау бұйрығын берді. Бұл алғашқы рекруттық жиын 29 
жаяу әскер және екi драгундық полкін бердi. 1705 жылы әрбір 20 ауладан 
өмiрлiк қызметке бiр рекруттан шығару керек болды. Рекруттық әскер жинау 
нәтижесінде шаруалар арасынан белгілі мөлшердегі ер адамдар алынды. 
Флотқа, сонымен қатар, армияға алу, рекруттар арқылы жүзеге асырылды. 
Әскери істі үйрену үшін жас дворяндарды машықтандыру кеңінен 
практикаланды. Бір мезгілде үкімет шетел әскери мамандарын жалдаудан бас 
тартты. 1705 ж. 20 ақпандағы Жарлық рекруттық жүйенің қалыптасуын 
аяқтады. Гарнизондық ішкі әскерлер құрылды, олар ел ішінде тәртіпті 
қамтамасыз етті. Қайтадан құрылған жүйелі орыс армиясы Лесная, Полтава 
түбінде және басқа шайқастарда өздерінің жоғары әскери қасиеттерін көрсетті. 


48 
Армияны қайта құру, оны Разрядтық бұйрық, Әскери істер бұйрығы, генерал-
комиссар Бұйрығы, артиллерия Бұйрығы және т.б. жүзеге асырған басқару 
жүйесін өзгертумен қатар жүрді. Соңында Разрядтық үстел және Комиссариат 
құрылды, ал 1717 ж. Әскери алқа құрылды. Рекруттық жүйе Батыс Еуропа 
әскерлеріне қарағанда үздік әскери қасиеттері бар үлкен біртекті әскерге ие 
болу мүмкіндігін берді. 
Әскери реформаны жүргізумен бір мезгілде «Әскери Жарғы» негізіне 
қойылған заңдардың бір қатары әзірленді: 1700 ж. – «Қысқаша қарапайым 
оқыту», 1702 г. – «Генералдарға, ортаншы және кіші шендерге және қатардағы 
солдаттарға жинақ немесе әскери тәртіп құқығы», 1706 ж. – Меньшиковтың 
«Қысқаша Артикулы» 1719 ж. «Әскери Артикулмен» және басқа әскери 
заңдармен қатар «Әскери Жарғы» жарияланды. «Әскери Артикулда» ең 
бастысы қылмыстық құқық нормалары болды және әскери қызметкерлерге 
арналды. Әскери артикулдар әскери кемелерде ғана және бір әскери адамға 
ғана емес, сондай-ақ, азаматтық кемелерде де барлық қалған тұрғындарға 
қатысты да қолданылды. 
Әскери-теңіз флоты Турция мен Швеция соғыстары үрдісінде құрылды. 
Негізгі күштері Балтық флотын құруға шоғырландырылды. Теңіз флотының 
көмегімен Ресей Балтика жағалауларына бекінді, бұл оның халықаралық 
беделін көтерді және оны теңіз держава етті. Елдің оңтүстігінде де, 
солтүстігінде де құрылған флоттың тіршілігі мен қызметін «Теңіз жарғысы» 
анықтады. 
1708 ж. Балтикада алғашқы 28-пушкалы фрегат жіберілді, ал 20 жылдан 
кейін Балтық теңізінде Ресей флоты ең қуатты болды: 32 желі кемесі, 16 
фрегат, 8 шняф, 85 галер және басқа ұсақ кемелер. Теңіз ісіне үйрету үшін 
нұсқаулықтар құрастырылды: «Кеме артикулы», «Ресей флотына әскери 
нұсқаулықтар мен артикулдар» және т.б. 
1715 жылы Петербургте Теңiз академиясы ашылды. 1716 жылы әскери 
адамдардың қызметін, құқығын және міндеттерін нақты түрде анықтап берген 
Әскери жарғы шықты. Өзгертулердiң нәтижесiнде бұрын Ресейде болмаған 
мықты жүйелi әскер және қуатты әскери-теңiз флоты құрылды. 
I Петр өз реформаларымен 1725 жылы 212 мың адамға дейiн жеткен 
айбарлы жүйелi әскер және мықты әскери-теңiз флотын құрды. Әскерде 
бөлімшелер құрылды: полктер, бригада және дивизиялар, флотта – эскадралар. 
Көптеген ірі жеңістер болды. Бұл реформалар орыс қаруының одан әрi 
жетiстiктерi үшiн жол ашты. 
XVIII ғ. басындағы шіркеу реформалары. I Петр өзгертулерiнің бiрi -
императорға бағынған ресейлiк шiркеу иерархиясын және шіркеудің 
құқықтық өкілеттілігін жоюға бағытталған, үкіметтен бөлек автономды 
шiркеу басқаруының реформасы. 1700 жылы патриарх Адрианның өлімінен 
кейін, жаңа патриархты сайлаудың орнына I Петр уақытша митрополиттiң дін 
басына рязаньдық Стефан Яворскийді қойды. Кейін ол патриарх тағын 
сақтаушы немесе «Экзарх» деген жаңа лауазымға ие болды. 


49 
Патриарх және архиерей мүліктерін, сонымен бірге, монастырь және 
оларға қарайтын шаруаларды басқару үшін Монастырь бұйрығы И.А. Мусин-
Пушкиннің бастауымен қалпына келтірілді, ол монастырь диқандарының 
шаруаларының үстінен сот билігін орнатты және шіркеу-монастырьдан түскен 
барлық табыстарды бақылай бастады. 1701 жылы шіркеу-монастырь 
аймақтарын және монах тұрмысын жақсарту үшін жарлықтардың топтамасы 
жарияланды; ең маңызды жарлықтары 1701 жылдың 24 және 31 қаңтарында 
шықты. 
1721 жылы I Петр Рухани регламент бекітті, оның құрастырылуы 
патшаның ең жақын қөрген адамы, Псков епискобы малоросс Феофан 
Прокоповичқа тапсырылды. Нәтижесінде, шіркеудің тұрақты реформасы 
пайда болды, ол дін басылардың автономиясын жойды және мемлекетке толық 
бағынды. Петрдiң шiркеу реформалары дiн басылардың бағынуына әкелдi. 
Көп епископтық, патриархтықты жойды және қарапайым дiни қызметкерлер 
қудалауларға ұшырады. Енді шiркеу дербес рухани саясат жүргізе алмайтын 
болды және қоғамдағы абыройын жоғалтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет