Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет21/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Соғыстың басталуы.
1914 жылы 28 маусымда «Қара қол» деп аталатын 
ұлттық-террористік ұйымдағы серб студенті Гаврило Принцип Австрия 
тағының мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинанд пен оның әйелін атып өлтірді. 
Бұл оқиға босниялық қала Сараевода болды. Босния осы кезде Австро-Венгрия 
құрамында болатын, ал серб ұлтшылдары босниялық аумақтардың біразын 
және Сараевоны өздерінің жері санады. Эрцгерцогты өлтіру арқылы сербтер 
өз талаптарын қайта ұсынуға тырысты. 
Нәтижесінде Австро-Венгрия мен Германия Сербияны талқандап, 
Балқанға орнығу мүмкіндігіне жетті. Ендігі сұрақ Сербияны қолдаушы 
Ресейдің оған көмектесу-көмектеспеуі болатын. Бірақ осы кезде Ресейде 
әскерді қайта құру жүріп жатты, бұл үрдіс тек 1917 жылы ғана аяқталды. Сол 
себепті Вена мен Берлин Ресейдің соғысқа килікпейтіндігіне үміттенді. Сонда 
да Германия мен Австро-Венгрия бір ай бойы өз әрекеттерін жоспарлады. 23 
шілдеде Австро-Венгрия Сербияға австриялықтарға қарсылық көрсетуді 
тоқтату жайында бірқатар талаптар мен шарт қойды. Оның жауабын екі тәулік 
күтетін болды. 
Ресей өзінің одақтасы сербтерге ультиматумды қабылдау жөнінде кеңес 
берді. Қойылған он талаптың тоғызына келісіп, эргерцогтың өлімін талқылау 
үшін австриялық өкілдерді Сербияға өткізуден бас тартты. Бірақ Австро-
Венгрия Германияның қолдануымен сербтер ультиматумды қабылдаған күнде 
де соғыс ашуға дайын болды. 28 шілдеде ол сербтерге қарсы соғыс жариялап, 
Белград қаласына оқ жаудырды. 
Келесі күні ІІ Николай соғысқа жиналу жайлы жарғыға қол қойған сәтте 
ІІ Вильгельмнен хат алды. Онда ІІ Вильгельм австриялықтарды байыпты 
жолмен сабасына түсіретіндігін айтты. Николай жарғысын жоққа 
шығарғанымен, шетел істерінің министрі С.Д.Сазонов 30 шілдеде оны 
соғысты бастауға қайта көндіре алды. 
Бұған жауап ретінде Германия да өз әскерін жинауды бастап, Ресейден 
12 сағат ішінде әскери жасақтарын таратуды талап етті. Ресей оған 
көнбегендіктен, Германия 1 тамызда соғыс ашты. Бейтараптылыққа уәде 
берген француздар күтпеген жерден уәдесін бұзып, Ресеймен жасалған 


83 
келісімі бойынша әскерін жасақтай бастады. Енді Германия 3 тамызда 
Франция мен Бельгияға қарсы соғыс жариялады. Келесі күні Англия 
Германияға қарсы соғыс ашты. Осылайша Сараеводағы өлім дүниежүзілік 
соғысқа әкелді. Бұл соғысқа Антанта жақтағы 34 мемлекет және төрттік одақ 
(Германия, Австро-Венгрия, Түркия мен Болгария) қатысты. 
Соғыстың қимылдары. Соғыс басталғанға дейін Германияда болашақ 
әскери әрекеттерінің стратегиялық жоспары болды. Оны Бас штабтың 
басшысы Шлиффен ұсынған болатын. Францияға бейтарап Бельгия арқылы 
соққы берілмек болды. Бұл неміс әскерлеріне француз қорғаныс күштерін 
айналып өтіп, сыртынан соққы беруге мүмкіндік берді. Француздар бұл 
жоспардан хабардар болмаса да еш қарсылық көрсете алмады. 
Он күн ішінде неміс әскерлері Бельгияның қарсылығын басып, Франция 
аумағына өтті. Француздар кейін шегініп, немістер Парижді алуға таяды. 3 
қыркүйекте президент Пуанкаре мен Франция үкіметі ел астанасынан Бордоға 
көшті. Бұл француздар мен немістердің есіне франк-пруссиялық соғысты 
түсірді. 
Бірақ бұл жолы тарих басқаша шешті. 4-5 қыркүйекте француз және 
ағылшын экспедициялық әскерлері Марне өзенінің түбінде кезігіп, немістер 
төрт күннің ішінде шегіне бастады. Оған не себеп болды? Ресей Шығыс 
Пруссияны шабуылдап, немістер бірталай дивизияларын «Шлиффен 
жоспарларын» жүзеге асыру мақсатында сонда аттандырды. Ресейде әскерді 
жасақтау аяқталмастан француздар көмек сұрап, орыстардың аталған 
шабуылы осылайша бір демде басталып кетті. Алайда шабуыл зор 
шығындарға ұрындырып, немістер генералдар Рененкампф пен Самсонов 
басқарған орыс әскерлерін қыркүйектің ортасына таман талқандады. 
Бірақ Франция құтқарылды. Көптеген тарихшылардың ойынша, 
Марнедегі ұрыстар (3-10 қыркүйек) төрт жыл бойына созылған соғыстың 
барысын айқындады. Мамандардың айтуы бойынша, Германия Францияны 
жылдам жеңіп, оны соғыстан шығарғанда ғана сәттілікке жетіп, Англия бас 
одақтасынан айырылып, бейбіт келісімге келер еді. 
Дегенмен немістер жарқылдаған соғыс көрсете алмады. Енді 
Германияның ресурстары (Антантадан кем, оның ішінде Англиядан) 
жетпейтін ұзақ соғыс басталады. Қуатты британиялық сауда флотының көлемі 
соғыс басында – 20,3 мың, француздарда – 1,9 мың, Германияны отарлары 
мен нарығынан, яғни өнеркәсіп пен шикізаттан ажыратты. Германияның 
флоты Антанта елдеріне қарағанда әлдеқайда аз болды. 
Сонымен қатар, соғыс басында-ақ Германияның алдында бірқатар 
күтпеген жағдайлар тұрды. Италия королі ІІІ Виктор Эммануил ІІ Вильгельмге 
Үштік одақ жайлы келісімге сай өзінің соғысқа қатысуға міндетті еместігін 
айтты. Өйткені Үштік Одақ келісімі негізінде, Германия мен Австро-Венгрия 
шабуылға ұшырамады, өздері соғыс ашты. Нәтижесінде Италия 
бейтараптылығын жариялап, бірақ қайсысы «қомақты марапат» жасаса, сол 
жаққа шығатындығын айтты. «Марапат» дегендері Австро-Венгрия 
облысының құрамына кіретін итальяндық тұрғындары бар Триест болатын. 


84 
Антанта Италияға австриялық аумақтарды беруге уәде берді. Ал Германия 
оларға Корсика аралы мен француз жерлерінің бір бөлігін беретіндігін айтты. 
Италия жарты жылдан астам уақыт ойланып, ақыры Антанта жаққа шықты. 
Немістер үшін келесі күтпеген жағдай Жапония тарапынан болды. 15 
тамызда жапондықтар Қытайдағы кішігірім германдық аумақ – Киао-Чаодан 
неміс гарнизонын алып кетуін талап етті. Немістер бұған көнбегендіктен 
жапондықтар 23 тамызда Германияға қарсы соғыс жариялады. Жапондықтар 
немістерге тиесілі Тынық мұхит аралдары мен Қытайдағы немістердің 
иеліктерін жылдам жаулап алды. Осымен олардың соғысқа қатысы шектелді, 
бірақ Жапония бұдан кейін қарсыластықтан одақтастыққа айналып, Ресейдің 
қару-жарақпен қамтамасыз етіп тұрды. 
Шығыс Пруссияда сәтсіздікке ұшыраған Ресей бір мезгілде австриялық 
майданға соққы берді. Галиций ұрыстары (1914 ж. қыркүйек) барысында орыс 
әскерлері австриялықтарды Қарпатқа ығыстырып, Шығыс Галицияның 
бірталай ірі қалалары мен бекіністерін басып алды. Одақтастарына 
көмектеспек болған немістер Варшава түбінде, кейіннен Лодзьде 
талқандалды. Галициядағы соғыста Австро-Венгрия 400 мың әскерінен 
айырылып, оның төрттен бірі орыстарға тұтқынға өтті. 
Түркия соғыстың алғашқы күндері-ақ Германиямен келісімге отырды. 
Ол бірмезгілде өз бейтараптылығы үшін Ресейден Балқандағы аумақтарын 
сұрамақшы болды. Бірақ Ресей мұндай саудаласудан бас тартты, ал 10 тамызда 
Дарданеллаға неміс крейсерлері «Гебен» мен «Бреслау» келді. Бұл Қара 
теңіздегі жағдайды немістер мен түріктердің пайдасына шешті. Қазан айының 
соңында неміс крейсерлері мен бірнеше түрік кемелері Ресейдің қаратеңіздік 
жағалауларына, Севастополь, Одесса және Новоросийскіге оқ жаудырды. 
Осыдан кейін Ресей, соңынан Англия мен Франция Түркияға қарсы соғыс 
жариялады. Соғыс барысында орыс әскерлері түріктерді Закавказье 
майданынан ығыстырды. Ал Стамбұлды теңіз жақтан жауламақшы болған 
француз-ағылшын флотының әрекеттері сәтсіздікке ұшырады (1915 ж. ақпан-
наурыз). 
Австро-сербиялық майданда жағдай ауыспалы болды. Австриялық 
әскерлер екі рет Сербияның астанасы Белградты алып, сербтер оларды екі рет 
ығыстырды. 1914 ж. желтоқсанда сербтер австриялықтарды өз аумақтарына 
дейін қуып, бір жылдай тыныштық орнады. 
Германия мен оның қарсыластары соғыстың әр күні мен сағаты елдің 
ресурстарын жеп жатқанын түсінді.
1915 ж. көктемде Германия соғыстың басында Батыс майданында
орындай алмаған стратегиялық жоспарларын Шығыс майданында жүзеге 
асырмақшы болды. Бұл жағдайда немістер Францияны соғыстан шығара 
алмаушы еді. Барлық күштерді Батыс майданға аудару үшін, енді бұл 
жоспарды Ресей орындамақшы болды. Немістер Батыс және Шығыс 
Галицияға соққы беретін күштерін жинап, 2 мамырда Галицияны белсенді 
шабуылдай бастады. Орыс әскерлері шегіне бастады. Ресей әскерінің жағдайы 


85 
нашарлай берді. Оған дайындықтың жетіспеушілігі, қару-жарақпен 
қамтамасыз етілмеуі және экономикасына түскен ауыртпалықтар себеп болды. 
1915 ж. жаз кезінде орыс әскері күшті қорғаныс соғыстарының 
нәтижесінде Галицияны, Варшаваны, Вильно (Вильнюс), Гродноны және 
басқа да ірі қалалар мен бекіністерді тастап шықты. Әскери әрекеттер Ресейдің 
аумағына ығысты. 
Бұл жағдайды пайдаланғысы келген І
І Вильгельм сепараттік келісімді 
(яғни, одақтастардың қатысуынсыз) құруға ұсыныс жасады, бірақ оның 
жауабын сол бойы алған жоқ. Кейіннен немістер бұл ұсынысын Англия мен 
Францияға бірнеше рет қайталады. Бірақ одан да еш нәтиже шықпады. 
Сондай-ақ Германияның ең соңғы күштерін пайдаланып жатқандығы 
барлығына белгілі болды. Жеңіс Антанта жағында қалатыны белгілі болды. 
Сонымен қатар, Антанта лагері үнемі жаңа одақтастарымен толығып 
отырды. 1915 ж. 23 мамырда Италия ұзақ ойланып барып, Австро-Венгрияның 
бірталай аумақтары мен кішігірім түрік облысы – Анталияны беретіндігін 
айтты. Германияға соғысты итальяндықтар 1916 ж. тамыз айының аяғын да 
ғана жариялады. Дегенмен олардың соғысты кеш бастауының айтарлықтай 
маңызы болмады, өйткені Италия ешбір майданда маңызды әрекеттерді 
орындамады. 
Қарсыластарының жеңіске жақындағанын сезген немістер кей кездері 
ешкім күтпеген қадамдарға барды. Соғыс барысында олар халықаралық 
келісімдермен тыйым салынған уландырушы заттарды пайдаланды. Мысалы, 
1915 ж. сәуірде Бельгияға қарсы соғыста Ипр қаласының маңында сонан бері 
«Иприт» деп аталатын хлорлы газды - уландырушы затты пайдаланды.
1915 жылы Германияның Батыс майдандағы шабуылы айтарлықтай 
маңызды болмады, өйткені оның негізгі күштері Ресейге қарсы жұмсалды. 
Солай бола тұра, немістер шығыстағы мықты қарсыласын соғыстан шығара 
алмады. 
Ал Сербия (соғыс сол үшін басталған болатын) 1915 ж. аяғында 
соғыстан шықты. Елдің барлық аумақтарын австриялықтардың, немістердің 
және болгарлардың әскерлері жаулап, ал сербтердің әскерлерінің қалдығы 
ағылшындар мен француздардың базасына айналған Корфу аралына 
шығарылып тасталынды. 
Бірақ бұл Герман блогы елдері үшін жалпы қолайсыз жағдайды 
өзгертпеді. 1915 ж. 5 қазандағы Болгарияның олардың соғыс майданына 
қосылуы да бұл жағдайды өзгеріссіз қалдырды. Бұл елдегі антисербиялық 
екпін мен Болгарияның екінші Балқан соғысында жоғалтқан аумақтарын 
қайтарып алуға ұмтылысына байланысты болды. Болгар әскерлерінің 
әрекеттері Сербияның толығымен талқандалуын тездеткенімен, соғыстың 
барысына шыңдап әсер ете алмады. 
Антанта державалары соғыстың басынанақ, Германия мен Австро-
Венгрия күштерінің сарқылуына үміттенді. Бірақ бұл үрдіс одақтастардың 
жоспарлағанынан жай жүрді. Дегенмен Антантаның өзінің де күші бәсеңдеді. 
Бұл жағдай әсіресе Ресейде байқалды. Соғысқа дейін қарқынды дамуда болған 


86 
өнеркәсіптің дамуы тоқтатылды. Бірақ зерттеушілердің қолдарына түскен 
жаңа материалдар бойынша, 1916 ж. соңына дейін өндірістің айтарлықтай 
құлдырауы байқалған жоқ. Кейбір салаларда даму жалғасып та жатты. 
Дегенмен өнеркәсіптің басым бөлігі соғыс қажеттіліктеріне бұрмаланды. 
Үлкен әскерлер үнемі қамтамасыз етуді талап етті. Ал азаматтар әскер 
қатарына аттандырылуы себебінен өнеркәсіп қорлары қысқара бастады. Елде 
ашаршылық болмағанымен, оның жақындауы таяды. Ресей Антанта елдерінен 
үнемі қаржылық және экономикалық көмек сұрап отырды. Осыған 
байланысты елдің сыртқы мемлекеттік қарызы да өсіп отырды. Шаруалардан 
құралған әскерлердің үйін және еңбегін сағынуы әскер рухына ықпал етті. 
Әскерлер ұзаққа созылған соғысқа наразылық танытты. «Өз мемлекетінің 
құлауын» насихаттаған, «әскерде заңсыз ұйымдарды құру мен сарбаздардың 
майданда достасуына қолдау және т.б.» көрсеткен большевиктердің әрекеттері 
әскерлердің көңіл-күйлеріне кері әсер етті. 
Циммервальд (1915 ж. қыркүйек), Кинтал (1916 ж. сәуір) деп аталатын 
Швейцария қалаларындағы конференциялардағы большевиктер мен олардың 
еуропалық жақтаушыларының өз ұстанымдарын ІІ Интернационалға 
үстемелеуге ұмтылысы сәтсіздікке ұшырады. Делегаттардың көбісі соғысқа 
қарсылығын айтты. Еуропалық социал-демократтардың реформаларды 
жүргізудің бейбіт, эволюциялық жолын таңдауы мен заңды сайланған 
үкіметпен достасу әрекеттері әсерінен большевиктердің әлемдік революцияны 
орнату идеясының күл-талқаны шықты. 
Большевиктер жанама түрде өз жеңілістерін мойындады. Маркс пен 
Энгельстің айтуы бойынша, социалистік революция еуропалық елдерде 
бірмезгілде жүзеге асуы тиіс болды. Енді Ленин және басқа да жетекшілер 
социализмнің бір ғана елде, яғни Ресейде орнауының мүмкін екендігін айтты. 
1916 ж. басында Германия Францияны соғыстан шығаруға тағы бір рет 
ұмтылыс жасады. 21 ақпанда Францияға дейінгі жолды ашатын Верден 
бекінісін 12 сағат бойы артиллериямен бомбалады. Бірақ француздар оқ 
жаудырған немістерді тойтарып тастады. Кейіннен Верден 4 ай бойы үнемі 
шабуылға шалдығып, екі жақ та орасан шығындарға (1 млн. адамға дейін) тап 
болды. 
Екі жыл бұрынғыдай, осы жағдайды орыс әскері құтқарды. Бірақ, 
Ресейдің өз жағдайы да мәз емес еді. Соған қарамастан ол 1916 ж. 4 маусымда 
Оңтүстік-Батыс майданда ірі шабуыл бастады. Осыған дейін орыстар Нарочь 
көлінің маңындағы операцияны жүзеге асырды. Бірақ ол тек ұстанымдық 
жағынан сәтті болды. Австриялық майдан 100 шақырымға дейін шегінді. Орыс 
әскерлері қарсыласын күздің басына дейін ығыстыра берді. Австриялықтар 
үлкен шығындарға тап болып, орыс тұтқынында 400 мыңға жуық австриялық 
әскерлер мен офицерлер болды. 
Немістер Верден облысынан әскерлерін Шығыс майданға аударуға 
мәжбүр болды. Ал онда Италияда сәтті шабуылдаған әскерлерді жіберуіне 
байланысты, Австро-Венгрия өз ұстанымдарын сақтап қала алды. Ресей 
француздар мен ағылшындарға көмектесіп қана қоймай, итальяндық 


87 
одақтастарын да құтқарды. 1916 жылғы орыс шабуылы тарихта «Брусиловтық 
бұзу» деген атпен (Оңтүстік-Батыс майданын басқарған генерал 
А.А.Брусиловтың құрметіне) қалды. 
Батыс майдандағы неміс әскерлерінің күші әлсіреп, 22 маусымда 
ағылшын-француз әскерлері Сомме өзенінің маңында шабуылдауды бастады. 
Бірақ олардың күштері Верден үшін соғыста әлсірегендіктен құбылмалы 
табыстарға жетті. 
Антантаның Соммедегі шабуылы тамаша дайындалған еді: бетондалған 
бекітулер мен әскерлерді және қару-жарақтарды таситын темір жолдар 
қарсыластардың назарына тыс салынды. Ағылшын-француз әскерлері аса 
жеткілікті қамтамасыз етілді: 1 шақырым майданға 130 қару-жарақтан келді. 
Солай бола тұра немістер шамалары ұрыстардыңы жеткенше қарсыласып, өз 
ұстанымдарын бермеді. Қазан айына таман Соммедегі соғыс тынышталды. 15 
қыркүйекте өткен соңғы ұрыстардың бірінде ағылшындар бірінші 
дүниежүзілік соғыста пайдалану тактикасы да жеткілікті деңгейде 
меңгерілмеген еді. Сол себепті танктер толық күшін екі жылдан кейін ғана 
соғыстың аяғында көрсете алды. 
Соммедегі ұрыстар мен Брусилов бұзуы аяқталған соң, майдандарда 
тыныштық орнады. Бірақ жыл соңына таман австриялықтар мен неміс 
әскерлері 1916 жылы Антанта құрамына өткен Румынияны талқандады. 
Румындар итальяндықтармен жақсы соғыса алмады, олардың майданын 
толықтай орыстар ұстап отырды. Румынияны талқандағаннан кейін, Германия 
қорлар мен мұнай шығару орындарынан айрылып қалды. 
1916 жылы тағы бір оқиға болды: 31 мамыр – 1 маусымда Солтүстік 
теңіздегі Ютландия жарты аралында үлкен теңіз шайқасы болып өтті. 
Ағылшын және германдық флоттардың қақтығысы олардың 14 броненосец 
және 11 кемені талқандауымен аяқталды. Ағылшындар үшін бұл айтарлықтай 
шығын болмады, ал немістер өздерінің флотының қомақты бөлігінен 
айырылды. 
Соғыс аяқталғанға дейін екі қарсыласушы жақтар Еуропа мен 
дүниежүзілік картасының шекараларының бөлінісін жоспарлауға көшті. 
Антанта Ресей, Австро-Венгрия және Германия құрамына кіретін 
жерлерден тәуелсіз Польшаны қайта құрмақ болды. Германия қарсы 
одақтастардың жоспары бойынша, Францияға – Эльзас пен Лотарингияны, 
Данияға – Шлезвиг пен Гольштейнді, Бельгияға – шекаралық аумақтарды 
қайтаруы керек, ал Қытай мен Тынық мұхитындағы иеліктерін Жапонияға, 
қалған отарларын Англия мен Францияға беруі қажет болды. Сербияның 
еншісіне – Босния мен Герцеговина, сондай-ақ Албанияның солтүстігі тиюі 
керек еді. Албанияның оңтүстігін – Грекияға, ал сербтердің Македониясын 
Болгарияға қосу жоспарланды. Италияға тиетін жерлер жоғарыда айтылды. 
Ресей Польшаны өз еркімен бере салды, бірақ оның орнына біраз неміс 
және австриялықтар жерлерді иеленді. Оның еншісіне сондай-ақ, 
Закавказьедегі түрік аумақтары тиюі керек еді. Ал 1915 жылы көктемде 
Англия мен Франция Ресейге Босфор жағалаулары мен Стамбулды және осы 


88 
аймақтағы аралдар мен түрік аумақтарын бермекші болды. Англия мен 
Франция өздеріне Таяу Шығыстағы Осман иеліктерін қалдырды. 
Германия мен оның одақтастары болса, бұл кездері жоспар құруда еді. 
Немістер жеңіске жеткен жағдайда Бельгияда протектарот орнатып, 
Атлантикалық 
жағалаудағы 
шығыс 
аумақтарды 
алмақшы 
болды. 
Шығысындығы иеліктерін Ресей арқылы кеңейтуді көздеп, Азия мен 
Африкадағы отарлар жөнінде де жоспарлар құрды. Болгария екінші Балқан 
соғысында айырылған иеліктерін қайтарып алып, Балқандағы басқа жерлерді 
иеленгісі келді. Австро-Венгрия да Балқанға көз тікті. Бірақ оның негізгі 
көздегені Италияның солтүстігіндегі аумақтар болатын. 
Соғыс барысында АҚШ билігі мен оның тұрғындарының басым 
көпшілігі Антанта державаларына деген оң көзқарастарын жасырмады. 
Дегенмен жүз жыл бұрын жарияланған Монро доктринасының шарттарына 
байланысты, АҚШ Шығыс жартышардың істеріне араласуға құқылы болмады. 
Елдегі күшті оқшаулық бағыттар соғысқа килігуге кедергі жасады. 
Бірақ Германия өзінің қызба қадамдарымен АҚШ-ты бақылаушы 
ұстанымынан тайдырды. Бұл былай болды. Соғыс басында ағылшындар 
германдық флотты оның порттарында қоршады. Осыған жауап ретінде 
Германия су асты соғысын бастады. Оның сүңгуір қайықтары әскери ғана 
емес, жолаушы кемелерін де талқандады. Бұл көпшіліктің әсіресе, АҚШ-тың 
наразылығын тудырды. Өйткені бұл жағдайда Атлантиканың кеме жолына 
қатер төніп, нәтижесінде американдықтар Еуропадан алшақ қалып, оқшау 
күйде қалар еді. Бұл АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер етіп, американдықтар 
жұмысшы-иммигранттар күшінен айырылатын болды. 
Дегенмен АҚШ соғысқа жылдам кіре қойған жоқ. 1916 ж. 18 
желтоқсанда АҚШ президенті В.Вильсон соғысушы державаларға бет бұрып, 
өзінің бейбіт шарттарын айтпақшы болды. 
Осыған дейін 12 желтоқсанда Германия да бейбіт ұсынысын жасаған 
болатын. Осымен немістер мен олардың одақтастары өздерін «өмір сүру, 
намыс және даму еркіндігімен» қамтамасыз еткісі келді. Сол себепті бұл 
«әскери қулық» деп табылып, соғыс жалғасты. 
Вильсонның ұсынысына қатысты айтатын болсақ, екі жақ та АҚШ-тың 
арашашы ретіндегі ұстанымынан бас тартты. Мұны бірінші болып Германия 
айтқаннан кейін, Антантаға немістер мен оның одақтастарының бейбітшілікті 
қаламайтынын көрсету мүмкіндігі туды. Вильсонға жауап ретінде 1917 ж. 10 
қаңтарда одақтастар АҚШ президентіне ұсынысы үшін алғыс айтып, өздерінің 
бейбіт шарттарын айтты. Олар соғысқа дейінгі жағдайды қайтаруға әкеліп 
тіреді: Бельгия, Сербия және Черногория шекараларын қайта қалпына 
келтіріп, жаулап алынған (сондай-ақ ресейлік) аумақтардан неміс әскерлерін 
шығарып, «ұлттық ұстанымды сақтауды» қалайтын еді. Соңғысы Францияға 
Эльзаны қайтарып, Австро-Венгрия мен Осман империясын бөлшектеуді 
білдірді. 
Бұл шарттар, сондай-ақ Антантаның олардың қойған ұсыныстарынан 
бас тартуы және Вильсонның араласуы немістердің ызасын келтірді. Осыдан 


89 
келіп Германия «шектелмеген» су асты соғысын жариялап, өзін-өзі өлтіретін 
қадамға дейін барды. Енді Германия Антантаға көмектесуші барлық кемелерді 
түгелдей жоятын болды. Вильсон Германия мен АҚШ арасындағы барлық 
дипломатиялық қатынастарды үзді. Осыдан АҚШ-тың соғысқа кіретіндігі 
белгілі болды. 
Оқшаулық ұстанымға үйренген Америка халқын соғысқа дайындау үшін 
Вильсон Германияның шетел министрі Циммерманның Мексикадағы неміс 
елшісіне жолдаған, кейінірек ағылшын барлаушыларының қолына түскен 
құпия хатын жариялады. Хатта АҚШ Германияға соғыс ашқан жағдайда 
Мексиканың көмек беруі сұралған еді. Осы үшін немістер мексикалықтарға 
үлкен қаржылай көмек және ХІХ ғ. ортасынды АҚШ-қа өткен аумақтарын 
қайтарып беруге уәде берді. 
Бұл қадам қате болмады. Американдықтардың нарызылығында шек 
болмады. Кейбіреулер бұл хатты жалған деп жатты. Бірақ мұны Циммерман 
ашық түрде өз мойнына алды. Ол АҚШ соғыс жариялағанда ғана Мексиканың 
көмегін алатындығын айтты. Осыдан келіп хаттың түпнұсқа екендігіне 
сенбеуге шара қалмады. Жағдайға талантты барлаушы фон Папен басқарған 
тарамдалған герман агентурасы да көмектесе алмады. 6 сәуірде АҚШ конгресі 
Германияға қарсы соғыс жариялады. Осы уақытқа дейін немістер ондаған 
американдық кемелерді суға батырған болатын. 
АҚШ әсекері сол уақытта 134 мың адамды құрады, 123 мың әскер 
штаттар әкімшілігіне бағынатын Ұлттық гвардияның құрамында болды. Сол 
себептен Конгресс 18 мамырда күшті қарсылыққа төтеп беріп, жалпы әскери 
бағыну жайлы заңды қабылдады. Нәтижесінде соғыс аяғында (аяқталуынан 
1,5 жыл бұрын) әскерлер саны 36 есе артып, 4,8 млн адамды құрады. 1917 ж. 
ішінде американдықтар Еуропаға 200 мың әскерлерін жіберді. Бірақ 
дайындығы өте төмен сарбаздарды француздар көбінесе соғыс майданына 
өткізбей отырды. Бірақ американдық жаңадан алынған сарбаздардың 
дайындығы уақыт озған сайын жақсарып, олардың Еуропадағы саны 1918 ж. 
шешуші соғыстарда 2 млн.-ді құрады. Американың қуатты флоты Еуропаға 
әскерлерін, қаруларын (1918 ж. – 197 соғыс және 1,6 көмекші кемелерді) 
тасымалдап, германдық су асты қайықтармен сәтті соғысты. 
Американ әскерлерінің соғысқа қатысуы мен Антанта елдерінің АҚШ-
тың орасан зор әскери-өндірістік мүмкіншілігін пайдалануы германдық 
блоктағы елдердің жеңілісін жақындатты. 
1916 ж. аяғында Ресейдің ішкі жағдайы нашарлады. Елдегі ресурстар 
таусылып, ашаршылық таяды. 1917 ж. Петербургте көше шерулері басталды. 
Негізгі бөлігі әйелдерден тұратын шерушілер нан талап етті. Сол күндері 
большевиктердің бастамасымен жұмысшылар саяси қақтығыстарды 
ұйымдастырды. Полиция көтерілісті басуға тырысқанымен, кейбір әскери 
бөлімдер көтерілісті көтерілісшілерді қолдады. 12 наурызда астана Павлов, 
Преображенский және Литовский полктерінің қолында болды. Қақтығыстар 
барысында 160 мың адам қаза тапты. Патша үкіметінің министрлері қамауға 
алынды. 


90 
1916 ж. аяғында ірі біржуазия мен жоғары офицерлер ортасында соғысқа 
кінәлі 
саналған 
ІІ 
Николайға 
қарсы 
жоспар 
ұйымдастырылды. 
Ұйымдастырушылар оның тақтан кетіп, орнына інісі, ұлы князь Михаилды 
қалдырып, оларға елді басқару мүмкіндігін беретін, ағылшын үлгісіндегі 
конституциялық монархияны қабылдау ұсынысын жоспарлады. Сондай-ақ, 
олар Германияның талқандалуын жәнге Антанта елдерімен тығыз 
жақындасуды мақсат етті. 
Петербургтегі көтерілістер астыртын істі ұйымдастырушылардың 
жылдам қимылдауына себеп болды. Олардың делегаттары астанаға кетіп бара 
жатып, көтерілісшілердің қоршауына түскен патша пойызына келіп жетті. 
Делегация патшаны «Ресейдің мүддесі» үшін тақтан кетуге көндіре алды және 
15 наурызда Михаил патша болып жарияланды. Бірақ осыған дейін буржуазия 
Петербургте буржуазиялық-либерал оппозицияның мүдделерін қорғайтын 
Уақытша үкіметті құрып үлгерген болатын. Үкіметке астыртын істі 
ұйымдастырушылар да кірді. Олар үшін енді патшаның еш қажеті жоқ 
болатын. Сол себептен Михайлға да тақтан түсу туралы ұсыныс айтылып, 16 
наурызда ол осылай етті де. 
Бұл 
оқиғалардың 
барлығы 
Ресейдегі 
Ақпан 
буржуазиялық-
демократиялық революциясы деген атқа ие болды. Өйткені монархиялық 
құрылымның орнына буржуазиялық республика келді (ол ресми түрде 14 
қыркүйекте ғана жарияланды). Уақытша үкімет 1905 ж. ІІ Николай кезінде 
қазанда жарияланған демократиялық еркіндіктерді бекітіп, кең көлемде 
рақымшылық жүргізіп, елдегі саяси партиялардың әрекетіне салынған 
тыйымдарды алып тастады. Дегенмен, большевиктер үкіметтен буржуазияны 
ығыстырып, жаңа революцияны дайындай бастады. 
Соңғы жылдары баспасөз беттерінде 1917 жылдың күзінде социалистік 
революцияға әкелген большевиктердің қызметін немістердің қолдап
отырғандығы туралы сенімді түрде дәлелдейтін көптеген құжаттық 
басылымдар жарық көрді. Алайда, осыған ұқсас түрдегі құжаттарды өтірік 
немесе қолдан жасаудың қиындығының жоғын өмір көрсетіп берді. Бұдан 
басқа да, мынадай нұсқаның да болуы мүмкін: немістер большевиктерге өз 
мүдделері тұрғысында көмектесті, ал олар бұл көмекті өз мақсаттары үшін 
пайдаланды. Шамасы, бұл сұрақтарға анағұрлым нақты жауаптарды әділетсіз 
қараудан арылған келешектің тарихшылары бере алады. Алайда, орыс 
әскерінің құлдырауы мен Ресейдің соғыстан шығуы тұрғысындағы 
большевиктердің әрекеті, егерде тіптен олардың нұсқаулары бойынша жүзеге 
асырылмаса да, Германияның жоспарларына толықтай сәйкес келді. 
Уақытша үкімет өзі әрекет еткен сегіз айдың ішінде елдегі жағдайды 
орнықтыра алмады. Орыс қоғамы қантөгіс кезінде орынсыздау болған «жалпы 
еркіндік пен бауырмашылдық» романтикалық идеяларының шырмауында 
болды. Әскердегілер міндеттерінен бас тартып, үнемі көтеріліс 
ұйымдастыруда болды. Орталық үкімет күннен-күнге әлсірей түсті. Көптеген 
ұлттық облыстар, тіпті губерниялар құқықтарын кеңейтуді талап етіп, 
кейбіреулері тәуелсіздікті сұрады. 


91 
Орыс майданы құлдырай берді. Қобалжыған антанталық одақтастары 
оның нығайтылуын талап етіп, маусымның аяғында Уақытша үкімет Львов 
бағытында шабуылға шығып көрмек болды. Бірақ осы кезде немістер батыс 
майданнан шығысқа 11 дивизияны аттандырып, шабуылдаушыларға қатты 
соққы берді. Нәтижесінде орыс әскері үлкен шығындарға тап болып, кейін 
шегінуге мәжбүр болды. 
Орын алған бей-берекетсіздіктерге қарамастан, елде тек большевиктер 
ғана әрекет етті. Олар үкіметті күш қолдану арқылы толығымен қолдарына 
алғысы келді. Бар мақсаттары да осы болды. Большевиктердің сенімді әрі 
шешуші әрекеттері елдегі анархияның әсерінен жақтаушыларының санын 
арттырады. 
Большевиктерге күзде Петербургте 7-8 мың жұмысшылардан және 
солдаттар мен матростардан тұратын әскери ұжым құру сәті түсті (жалпы саны 
12 мың). Уақытша үкіметтің жағдайы олармен салыстырғанда анағұрлым 
төмен болды. Большевиктер 6-7 қарашада төңкеріс жасап, елдің астанасын 
жаулап алды. Уақытша үкіметтің қарамағындағы кішігірім әскер 
қарсылықсыз-ақ жан-жаққа кетіп, Қысқы сарайды алу жолында ғана атыс 
болды. 
Келесі күні көптеген қалаларда билік большевиктердің қолына көшті. 
Тек Мәскеуде ғана олар тегеурінді қарсылыққа тап болды. Осыдан 
большевиктер қаруларды әкеліп, қарсыласушыларға оқ жаудыра бастады. 
Атыс кезінде Кремльдің бірнеше мұнаралары мен үйлері талқандалды. 
Ресейдің соғыстан шығуы алдын-ала анық еді, өйткені билікті қолдарына 
алған большевиктер бұл өздерінің міндеттері екенін ашық мәлімдеді. 
Орыс майданы бұл уақыттарда құлап та үлгерген еді. Неміс және 
австриялық әскерлер қарсылық көрместен, алға жылжи берді. Қыркүйекте 
орыс әскерлері Риганы және бірталай Прибалтика облыстарын тастады. 
Герман блоктарының елдері 1917 ж. басқа майдандарда да сәтті соғысты. 
Сәуір айында француздар Аррасты шабуылдауда миналған жерге түсіп, 
Антанта елдеріне үлкен шығындар әкелді. Бұл жылдағы басқа да операциялар 
одақтастар үшін сәтті болмады. Қазанда Австро-Венгрия Капоретто 
ауданында итальяндықтарға қатты соққы беріп, 300 мыңға жуық итальяндық 
офицерлер мен солдаттарды тұтқынға алды. Дегенмен бұл жеңістер жекелеген 
сипаттарға ие болды. Сонымен қатар, Германияда елдегі ауыр жағдайлардың 
салдарынан революциялық толқулар басталып жатты. 
Қазан революциясы нәтижесінде билікке келген большевиктер 1918 ж. 3 
наурызда Брест-Литовскіде Ресей герман блогы елдерімен сепараттық 
бітім жасады, оның шарттары Ресей үшін ауыр болды. 1918 ж. күзінде 
Германия және оның одақтастарының жеңілетіндігі белгілі болды. 1918 ж. 29 
қыркүйекте Болгария, 30-нда Түркия, 3 қарашада Австро-Венгрия бітімге қол 
қойылды.
1918 жылы 4-қарашада депутат Эрцберг бастаған әскери топ француз 
маршалы Фоштың ставкасына бітім хабаршысы ретінде барды. Компьен 
орманында теміржол вагонының ішінде Германия бүкіл Франция 


92 
территориясын (бұрын алған) 
Бельгияның 
териториясын, Эльзас, 
Лотарингияны, Рейннің сол жағалауын тазартуға, кайтаруға келісті. Сондай-
ақ Антантаға Майнц, Кобленц, Кельн қалаларын пайдалану қүқығы берілді. 
Бүкіл герман флоты карусыздандырылып, одақтастар порттарына алып 
кететін болды. 1918 ж. 11 қарашада Германия Антантамен бітімге қол қойып, 
бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет