72
Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайда күшейді, бұл біраз соғыстарға, жанжал-
дарға әкелді.
Әлемнің бұл аймағында алғаш болып Жапония мен Франция белсенді
іс-қимылдарға кірісті. Отарлық агрессияның объектісі, бөліске түсетін басты
ел – Қытай, оған апаратын жерлер, яғни оның аралдарының жағалаулары және
Қытайға вассалдық тәуелділікте болған Корея, Вьетнам болды.
1875 жылы Жапония Лю Цю (Окинава) аралын аннексиялады. 1885
жылы Жапония Қытаймен оның ішкі істеріне араласуға құқық беретін келісім
жасауға қол жеткізді. 1884 жылы француз отарлық әскерлері қытай армиясы
қорғап тұрған Солтүстік Вьетнамға басып кіреді. 1885 жылы Тяньцзиньде
Франциямен жасаған бейбіт келісім бойынша
Қытай Вьетнамға жоғарғы
билігінен бас тартты, сонымен бірге Францияға Оңтүстік Қытайда кең
құқықтар мен артықшылықтар берді.
Жапон-қытай соғысы. Кореядағы азаттық көтерілісін пайдаланған
Жапония 1894 жылы Қытайға соғыс ашты. Жапон әскерлері Оңтүстік
Маньчжурияға, Ляодунь түбегіне, Шаньдунға басып кірді. Қытайлар жеңіледі.
Жапонияның Симоносеки қаласында 1895 жылы 17 сәуірде бейбіт келісімге
қол қойылады, ол бойынша Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады, Корея
енді іс жүзінде Жапонияның тәуелсіздігіне түсті. Сонымен бірге қытайлар
жапондықтарға Ляодунь түбегін, Тайвань және Пескадор аралдарын берді.
Қытайдың бірқатар қалаларында Жапонияның еркін сауда жасауына және т.б.
экономикалық қызметіне рұқсат берілді.
Жапонияның халықаралық аренада белсенді қимыл жасауы европалық
державалар – Ресей, Англия, Франция, Германияны қобалжытты. Олар-
дың Қиыр Шығыста өз мүдделері болды. Олар Симоносеки келісімін қайта
қарауға қол жеткізіп, Қытайға Ляодунь түбегін қайтартқызды. 1897 жылы
неміс әскерлері Шаньдун түбегіндегі Циндао портын оккупациялап алды. Цин
үкіметі бұл аймақты 99 жылға жалға берді. 1898 жылы Ресей Ляодунь түбегін
(25 жылға), Далянь (Дальний және Люйшунь), (Порт-Артурды – Тынық
мұхитта өзінің әскери-теңіз базасы болған қамал құрылысын бастады)
қалаларымен бірге жалға алды. Франция
Хайнань аралдары маңындағы
Гуанчжоувань шығанағы жағалауын, Ұлыбритания Цзюлун (Коулун) және
Шаньдун түбегіндегі Вэйхайвэй портын алды. Сонымен бірге Ресей 1897
жылы Читадан Владивостокқа дейін Қытай-Шығыс темір жолын (КШТЖ)
салуға концессия алды, ал 1898 жылы оның тармағы Оңтүстік Маньчжур темір
жолын (ОМТЖ) салуға құқық алды. Осы кезден бастап Жапония мен Ресей
арасындаосы аудандарда шиеленіскен күрес басталды.
Шетел державаларының отарлық экспансиясының күшеюі, 1899 жылғы
Пекиндегі ихэтуань немесе боксерлер көтерілісі(жұдырықтасып күресуге үй
ретілгендер)көтерілісінің себебі болды, оның негізгі ұраны – шетелдіктерді
Қытайдан қуу және жою болды. Шетелдіктерді қорғаймыз деген сылтаумен 8
держава – Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Италия, Германия,
Австро-Венгрия әскери интервенция ұйымдастырды. 1900 жылы тамызда
интервенттер ихэтуаньдер қарсылығын басып, Пекинді алды. 1901 жылы 25
73
тамызда (7 қыркүйекте) Цинь үкіметі мен шетел державалары Пекинде
Қорытынды (немесе Боксерлік) протоколға қол қойды. Ол
бойынша Қытай
көтерілісшілерді қолдаған шенеуніктерід қатал жазалауы, шетелдерге шығын
төлеуі (450 млн. лян), 2 жыл бойы шетелден қару сатып алмауы, қытай
қалаларында державалардың әскери гарнизон ұстауына рұқсат беруі, Пекинде
елшілік квартал құруы т.б.-ға тиіс болды.
Бұл оқиғалардан АҚШ-та тыс қала алмады.1893 жылы АҚШ Гавай арал
дарын басып алды, шетел интервенциясына қатысты. Алайда АҚШ Қытайды
бөлісуге байланысты басқа державалардың ұмтылыстарын қолдамады. 1899
жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Хей Қытайдағы «ашық есік»
принципін жариялады. Оның мәні – Қытайдағы барлық державалардың
«ықпал ету аймағы» солтүстікамерикалық товарларды енгізу үшін ашық
болуы талап етілді. АҚШ өзінің экономикалық басымдығына сүйене отырып,
бәсекелестерін Қытайдан ығыстыруды көздеді. Бұл доктрина халықаралық
қатынастар тарихында «Хей доктринасы» деген атпен белгілі. Қытайда шет
мемлекеттердің тең мүмкіндігі және Қытайдың аумақтық тұтастығын сақтау
көзделді. Бұрын Монро және Олни доктриналары европалық мемлекеттердің
Латынамерикалық континентке араласуына қарсы бағытталса, Хэй
доктринасы АҚШ үшін Қытайда басқа державалармен
тең экономикалық
мүмкіндіктерді талап етті. Олар Ресейдің Қиыр Шығыста, Қытайда күшеюін
қаламады.
ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. ХІХ ғасырдың
соңғы жылдары – ХХ ғасырдың басы маңызды тарихи оқиғалармен
сипатталады. Бұл кезеңде халықаралық қатынастарда шиеленіс күшейді. Әлем
империализм дәуіріне енді, бұл державалардың сыртқы саяси қызметінің
сипатында көрінді. Олардың арасында бөлініп қойған әлемді қайта бөлу үшін
күрес басталды, ол үшін қарулануды күшейту, әскери-саяси блоктар құру
үрдісі жүрді. Осы кезеңде ірі державалар
отарлық экспансияның жаңа
фазасына өтті: бөлініп қойған жерлерді қайта бөлісу үшін күрес, яғни бұрын
басқа ел басып алған аумақты тартып, басып алу. Бұл бағыттағы алғашқы
империалистік соғыстар – Куба үшін испан-американ (1898), ағылшын-бур
(1899-1902), орыс-жапон (1904-1905) соғыстары.
Достарыңызбен бөлісу: