Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет46/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы ролі. 70-90-жж. Біріккен 
Ұлттар Ұйымының халықаралық қатынастардағы рөлі едәуір артты. Соғыстан 
кейінгі алғашқы онжылдыктар барысында онда теке тірес ойлау мен әрекеттер 
басым болды. Сол кездегі БҰҰ-н «батыс клубы», батыс елдер саясатының 
колшоқпары деп тегіннен тегін атамаса керек. 
Бірак БҰҰ-ның құрамы келе-келе отаршылдық үстемдіктен азат болған 
жаңа мемлекеттермен толған сайын ондағы күштердің ара салмағы өзгеріп, 
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен баска да органдарының күн тәртібінде 
қарусыздану, халыкаралық катынастарды демократияландыру, бейбітшілікті 
сактау, отаршылдықты түпкілікті жою және апартеидке қарсы күрес 
мәселелері көптеп орын ала бастады. 
Тіпті 80-ші жж. бірінші жартысындағы халықаралық жағдайдың 
шиеленіскен кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымы аса маңызды бейбітшілік 
орнатушылық рөл атқарды, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы теке тірестер мен 
қақтығыстарды айыптайтын бірнеше шешімдер мен каулылар кабылдады. 


132 
1984 ж. желтоқсанында ол карулану жарысын ғарышқа шығаруды айыптап, 
ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсаттарға пайдалану туралы қаулы қабылдады. 
БҰҰ 80-ші жж. халықаралық қатынастардагы жагымды багыттарды 
ныгайтуда аса маңызды рөл атқарды. БҰҰ-ның Бас хатшысы мен оның 
өкілдері аса күшті аймақтық дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді реттеуге 
үлкен үлес қосты. Оның біраз маңызды шешімдері экономикалық апаттардың 
алдын алуға арналды. 
Қазіргі замандағы бірігу және ажырау процестері мен халықаралық 
қатынастар. 90-шы жж. халыкаралык катынастарға батысеуропалық және 
солтүстікамерикалық экономикалық бірігудің онан әрі тереңдеуі, Латын Аме-
рикасындағы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкадағы бірігу процестерінің 
дамуы тән болды. Дәл осы мезгілде Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да 
ортадан тепкіш процестер шиеленісе түсті. Чехословакияда, КСРО-да ұлттык 
кақтығыстар 
басталды. 
КСРО-ның 
ыдырауы 
бұрынғы 
одақтас 
республикалардың барлықтарының өздерінің толық тәуелсіздіктерін 
жариялауымен аяқталды. Сөйтіп, қазіргі кезеңде әлемде екі қарама-қарсы 
сипаттағы процесс өтіп жатыр: біріншісі - капиталистік дүниеде өтіп жатқан 
шаруашылық байланыстарының бірігу, ынтымактасу процесі де, екіншісі - 
Орталык және Оңтүстік-Шыгыс Еуропа мен КСРО-дагы құрылган көпұлтты 
мемлекеттердің ыдырауы мен ұлттык мемлекеттердің калыптасу процесі. 
Өздерін бұрын социалистік деп атаған елдердегі ажырау процестер бұрынғы 
халыкаралык ұйымдардын жойылуына (Экономикалык Өзара Көмек Кеңесі, 
Варшава Шарты Үйымы), Чехословакияның, Югославияның, КСРО-ның 
тарауына алып келді. Сөйтіп, казіргі халыкаралык катынастар жүйесі Екінші 
дуниежузілік согыстан кейін қалыптаскан және жарты гасырдай өмір сүрген 
жүйеден жаңа жцйеге өткінші болып табылады. Бұл жаңа жүйеде, бір 
жагынан, мемлекетаралык және халыкаралык катынастардыц ескі 
принциптері мен түрлері жойылса, екінші жагынан осы қатынастардың жаңа 
принциптері мен түрлері құрылды немесе құрылу үстінде. 
Батысеуропалық бірігудің жаңа кезеңі. 1991 ж. 11 желтоқсанында 
Голландияның Маастрихт каласында Голландия, Германия және Бельгия 
шекаралары түйіскен жерде, Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдердін мемлекет 
және үкімет басшыларының кездесуінде осы елдердің валюталық-
экономикалық және саяси одақ туралы құжаттарға қол койылды. Батыс 
Еуропада 1957 ж. Еуропадағы экономикалык ынтымактастық туралы Рим 
шартынан басталатын экономикалык жене саяси бірігудін тереңдеуінің жаңа 
кезеңі басталды. 
Валюталық-экономикалық шарт ЕО елдерінің 1999 ж. 1 каңтарынан 
бастап бірыңғай ақша бірлігіне — евроға көшуін карастырды. 
Маастрихтта кол койылған екінші шарт - батысеуропалық елдердің 
саяси одағын тереңдете түсуді карастырған. Бұл қүжат жалпы сыртқы саясат 
жөніндегі бағыт пен қорғаныс саясатын түжырымдауды көздеген. Саясаттың 
негізгі бағыттарын Еуропалық Кеңес анықтайды. Бұл шарттағы жаңа принцип 
- белгілі бір мөселе жөнінен шешім кабылдау үшін бірлестіктің 12 мүшесінен 


133 
кем дегенде 8 мүшесінің «білікті көпшілігінің» болуын қарастырған. Бұл жаңа 
формула ЕО-қа кіруші елдердің сыртқы және соғыс саясаты салаларында өз 
егемендіктерінің белгілі бір бөліктерінен ішінара бастартатындықтарын 
білдіреді. 
Одак туралы саяси шартта ЕО әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны 
қорғау, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы ұлттарүстілік 
өкілеттіліктерін кеңейту шаралары да карастырылған. Шарттарда 
карастырылған саяси және валюталық одақтарды қалыптастыру кем дегенде 
екі он жылдай уакыт алады және біртұтас үкіметтің кұрылуын теріске шы-
ғармайды делінген. Сөйтіп, ЕО-тың үзақ мерзімдік даму стратегиясы 
кабылданды. 
Осы екі арада ЕО үлкен экономикалык қиыншылықтарға кездесті. ЕО 
елдерінде жаппай жүмыссыздық (жүмыс күшінің жалпы көлемінің 11% 
мөлшерінде) 
етек 
алуда, 
еуропалық 
тауарлар 
өздерінің 
бәсеке 
кабілетгіліктерін жоғалтуда, олардың әлемдік саудадағы үлесі 1978 ж. 24%-
тен 1997 ж. 18% азайды. ЕО-ның жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар 
ашуда АҚІП пен Жапониядан артта калушылығы жойылған жок. 
1988 ж. АҚШ пен Канада арасында еркін сауда туралы келісімнен 
басталған солтүстікамерикалық бірігу 1993 ж. оған Мексиканың қосылуына 
байланысты одан әрі карай дами түсті. Сөйтіп, солтүстікамерикалық қүрлық 
біртүтас шаруашылык-экономикалық кешеніне айналуда. Мемлекетаралық 
келісімдер мен атқарушы биліктің ұлттар үстінен біріккен органдарының 
негізінде іске асатын еуропалык бірігуден айырмашылығы - бірігудің 
солтүстікамерикалык нүсқасы ең алдымен азаматтык қоғамдардың өзара 
араласуына, 
яғни 
жекеменшіктік 
шаруашылық 
бірлестіктерінің, 
кәсіпорындардың және тағы баска да мемлекеттік емес құрылымдардың 
араласу деңгейіне негізделген. Бірақ бүл жағдайларда да баскару мен 
реттеудің үлттарүстілік органдарын күрмағанмен, үкіметтер деңгейінде «ойын 
ережелерін» анықтау қажеттіліктері туып түрады. Бірігу процесі Латын 
Америкасында, Оңтүстік-Шыгыс Азияда және Африкада да жедел дамуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет