Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет43/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

израиль соғысында соңғысына қолдау көрсетті. Соғыс араб елдерінің 
жеңілісімен аяқталды. Израиль араб мемлекетін құру үшін бөлінген аймақтан 
тыс орналасқан араб жерлерін (Газа секторын) басып алды. Халықаралық 
шиеленістің Таяу Шығыстағы ошағы осылай пайда болып, бұл жанжал осы 
уақытқа дейін шешімін таппай келеді. 
Египетке қарсы үштік басқыншылық. Қиыр Шығысты дау аймағына 
айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық 
қозғалыстардың тереңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі 
мүддесіне қауіп төндірді. 
1952 ж. Египетте революция болып өтті, монархия құлатылып, шетел 
компанияларының қызметіне шектеулер қойылды.1956 ж. Насер үкіметі 
ағылшын-француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын 


127 
мемлекет қарамағына алды. Насерді каналды мемлекет қарамағына алу 
ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын-француз-
израиль басқыншылығы басталды. КСРО, АҚШ, БҰҰ басқыншылықты 
айыптады. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқталмаса, Египетке көмек 
көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш 
жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл 
аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. 
Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны 
құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жағдайларда Эйзенхауэр 
доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу 
Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ 
толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен Сирия тарапынан 
шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ 
және ағылшын әскерлері еңгізілді. 
Жоғары дәрежедегі кеңес-американ кездесулердің сәтсіздігі. 50-жж. 
екінші жартысында КОКП ХХ съезінен және Сталиннің жеке басына 
табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра 
жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды, ел ішінде 
реформалар жасау жарияланды, мемлекет басшыларының кеңес-американ 
кездесулерін өткізуге ниет білдірді. Бірақ бірнеше халықаралық дау-
жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына 
жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. 
Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес жойғыш-самолеттері жете 
алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы-самолет 
ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату 
әшкереленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды. 
60-шы – XX ғ. 80-ші жж. бірінші жартысындағы халықаралық 
қатынастар.
Кариб дағдарысы. 1960 ж. қарашадағы сайлауда АҚШ-да 
демократиялық партия жеңіске жетіп, Дж. Кеннеди әкімшілікті басқарды. 
Президенттің бейбітшілікке ұмтылу туралы мәліметтеріне қарамастан, теке 
тірес жалғаса берді. 1961 ж. сәуірдегі Куба контреволюционерлері 
десантының АҚШ флоты мен авиациясының жәрдемімен аралға түсірулуімен 
Кариб дағдарысы басталды. Десант теңізге қуып тасталды, бірақ АҚШ 
Ф.Кастро режимін құлату жоспарынан бас тартпады. Куба үкіметімен құпия 
келіссөздер нәтижесінде Кубаға орташа қашықтықта әрекет жасайтын кеңес 
ракеталары орналастырылды. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті тек қателік емес, 
сонымен бірге авантюристік қадам болды.
КСРО мен АҚШ-тың қақтығысуы нақты шындыққа айнала бастады. Тек 
Н.С. Хрущев пен Дж. Кеннедидің арасындағы бірнеше күнге созылған 
келіссөздерден кейін ғана тікелей соғыс қаупі сейілгендей болды. КСРО өз 
ракеталарын Кубадан, ал АҚШ өз ракеталарын Түркиядан алып кетті. АҚШ 
Кубаның тәуелсіздігіне қол сұқпауға уәде берді. 
Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дағдарысының бейбіт жолмен 
шешілуінен 60-шы жж. кеңес-американ қатынастарындағы бетбұрыс 


128 
басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті 
бәсеңдетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байқатқан бірнеше 
маңызды құжаттар қабылданды. 1963 ж. тамызда Үш ортада: атмосферада
космос кеңістігінде және су астында ядролық сынауға тыйым салу туралы үш 
мемлекеттің Мәскеу шартына қол қойылды. (Франция мен Қытай бұл шартқа 
қосылмады). Бұл ядролық қарулануды шектеу жөніндегі тұнғыш келісім еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет