Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО-ның жүргізген «Бейбіт
қатар өмір сүру» саясаты. Кеңес басшылары Сталин өлімінен кейін
халықаралық жағдайда аса қиын мәселеге келді, әр түрлі құрылымдағы
мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру концепциясына жүктелді.
Олар «қырғи қабақ соғыстан» шығуды көздеп, халықаралық байланысты
кеңейтіп, иілмелі дипломатия жүргізуге ұмтылды. Мәскеу Сталин өлімінен
кейін, жедел бәсеңдету жолына түсті. 1953 жылы 25 сәуірде Кеңес басшылары
американ президенті Д. Эйзенхауэр сөзіне құлақ асып, оны бағдармалы
декларация түрінде басылымға жазды («Правда», «Известия» газеттерінің
бірінші беттерінде). Мақаланың мағынасы қорытындының расталынуы еді,
яғни барлық шешілмеген мәселелерді дипломатиялық келіссөздер жолымен,
БҰҰ арқылы және тура шешуді мақсат етті. Бұл КСРО-ның иілмелі
дипломатия жүргізуін айқындады. 1953 жылдың тамызында Маленков
Жоғарғы Кеңес отырысында мынаны айтқан, КСРО «бейбіт қатар өмір сурүді»
қолдайды. Сыртқы саясаттағы өзгеріс Кореядағы соғыстың аяқталуына
жәрдемдесті. 1953 жылы 27 маусымда бітімге (татуласуға) қол қойды.
КСРО-ның жаңа сыртқы саясаттағы доктринасы КОКП-нің XX —
съезінде қалыптасты. Оның негізгі мазмұны, нәтижесі мынада, яғни ядролық
соғысқа альтернатива жасау арқылы, әр түрлі құрылымдағы мемлекеттермен
бейбіт өмір сүру еді.
Соғыстар шарасыз болмағандығы айқындалып көрсетілген. Н.С.
Хрущев сыртқы саясат істеріне үлкен назар аударды. Тек 1960 жылы, ол шет
елде 88 күн болған. Бирма, Индонезия, Ауғанстан, Австрия, Финляндия
мемлекеттеріне іс сапармен барған. КСРО-ның лидері 117 рет шет елде
үкіметтік қабылдауда сөз сөйлеп, ол іскер жұмысшылар және
корреспонденттермен кездескен. Оның сөз сөйлеуі Кеңес Одағында 26 рет
шетел делегациясын қабылдау кезінде тыңдалды. Өрімнің шиеленісі әлемде
дипломатиялық белсенділікті арттырды. Нәтижесі Женевадағы Үндіқытай
бойынша, 1954 жылғы конференциясы болды. Бұл ауданда ұлттық - босатушы
күштер қатал, әрі тиімді соғысты француз отаршылдармен жүргізген. Кеңес
делегациясының ұсынысы бойынша, үндіқытайлық сұрақты талқылау
141
негізінде жоба жасалды, онда Үндіқытайдың барлық территориясында
біркелкі от жаудыруды тоқтату ұсынылды. Бейбітшілік жасалғаннан кейін,
Камбоджа және Лаос тәуелсіздігін мойындау негізінде және олардың
территориясынан
француз
әскерлерін
шығару
алға
қойылды.
Конференцияның нәтижелік жұмысы Үндіқытайдағы соғыстың аяқталуы
және қорытынды декларацияға қол қойылып, оның мазмұны Вьетнам, Лаос
және Камбоджа жерлерінде дербес сайлау жүргізу қарастырылған.
50-шы жылдардың ортасындағы саяси бәсеңдету Женевадағы, КСРО,
АҚШ, Ұлыбритания және Франция мемлекеттерінің басшыларымен болған
жиналыс 1955 жылы шілде айында үлкен мағынаны иеленді. Бұл соғыстан
кейінгі мемлекеттер басшыларының ең бірінші кездесуі. Ол әлемдік
державалар арасында, жоғарғы деңгейде саяси диалогты дамытуға түрткі
болды.
Жаңа саясаттағы маңызды мәселелердің бірі жағдайларды қадағалау,
КСРО және ГФР қатынасын, ГДР-сын халықаралық деңгейде мойындау және
Батыс Берлин мәселесі. 1955 жылдың қыркүйегінде Кеңес жағы Мәскеуге ГФР
канцлері К.Аденауэрді шақырған. Кеңес Одағы ФРГ-ны ресми түрде танып
және ақырғы тұтқындарын босатқан, оларды әскери қылмыскерлер ретінде
ұстаған. Осылайша, КСРО өз жағынан Германияның бөлінуін жақтады. Яғни
екі дербес мемлекеттерге — ФРГ және ГДР, қоғамдық-саяси жүйесі бойынша
әр түрлі, бірақ халықтық құқығы жағынан біркелкі.
Сол жылдары НАТО өз құрамына Германия Федеративті Республикасын
қабылдады. ГДР азаматтарының Батыспен қатынасын шектеу үшін 1961 жылы
тамыз айының бір түнінде берлин қамалы қаланды. Батыс Берлин қаланың
жартысынан бетонды плиталармен құрылған тосқауыл арқылы оқшауланды
және қатаң қорғалды. Осылайша, шығысгермандық басшылар Шығыс және
Батыс Берлин арасындғы шекараны жапты. Бұл Германияны бөлудегі ақырғы
із басу еді. АҚШ пен НАТО қарсылық танытқанмен, әскери күшті қолдана
алмады. Алайда, бұл мәселе маңыздылығын жойған жоқ. Австриялық
мәселені шешу аса қолайлы болды. Оның нәтижелілігі Вена келісім-шартында
1955 жылдың 15 мамырындағы байқалды.
Ол Австрияны территориялық шекарасында қалпына келтірді 1938
жылы 1 қаңтарында оған кішігірім әскер ұстауға рұқсат етілді, бейтараптықты
қолдауға жүктеме артқан жоқ. Мемлекеттік келісім-шартқа қол қою негізінде,
Австрия территориясынан барлық шетел әскерін шығарып, сонымен қатар
шығыс Австрияда орналасқан Кеңес әскерін шығару көзделді. Келісім-шартқа
қол қойылғаннан кейін, Австрия арнайы заң арқылы бейтараптық жариялап,
әскери блоктарға қосылмайтынын мойнына алып және өз территориясына
шетел әскери базаларын салуға жол бермеуді айқындады.
Бейбіт қатар өмір сүру саясаты ядролық қарудың жарысуын тежеп,
келіссөздерге түрткі болды. 1958 жылы наурыз айында КСРО бір жарым
жылға ядролық сынақты тоқтатты. Сол жылы Кеңес Одағы өз әскерін («қырғи
қабақ соғыс» жылдары 5,8 млн. адамға жеткен-бейбітшілік кезеңнің ауыр
уақыты) 3,6 млн. адамға қысқартты. АҚШ 1958 жылы 31 қазанында ядролық
142
сынақтын тоқтатылуын жариялады, ал 1959 жылдың 26 тамызында біржақты
тәртіпте ядролық қаруды сынауды тоқтатып, өз мүддесін жариялап, 2 айға
рұқсат етпеуін ұзартты. Алайда, Женевадағы американ-британ-кеңес
кездесуінде, атом қаруын сынау жөнінде келісушілік мәреге жетпей, АҚШ өз
шешімінен бас тартты, бірақ сынауды бастамаған, алайда КСРО өз қаруын
атмосферада қолданғанға дейін. Осылайша 50-ші жылдарда ядролық
қарусыздандыру мәселесі өз аяқталуын таппады. Бірақ бұл келіссөздер
нәтижесіз болмады. 1963 жылдың 5 тамызында Мәскеуде ядролық қару
жарысын ұстауына бағытталған келісім-шарт жасалды. АҚШ, КСРО жэне
Ұлыбритания ауада, ғарыш пен су астында ядролық сынақты тоқтату, ал
жерастында жүргізілуіне рұқсат жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.
Кейіннен Мәскеу келісім-шартына басқа да мемлекеттер қосылды, тек оны
Франция мен Қытай қолдамаған.
Кеңес стратегиясының өзгеруінің бірегейлі нәтижесі АҚШ-қа
қаратылды, ол ең басты кеңесшісі және олардан ғана КСРО қарсылықты күтті.
Еуропа мемлекеттерімен қанша келіссөз жүргізсе де оның нәтижесі, АҚШ
сұхбатына бағынышты болған. Тікелей екі мемлекеттің арасындағы сұхбат,
Н.С.Хрущевтың 1959 жылы қыркүйек айындағы АҚШ-қа іс-сапары болды. Ол
кеңестің ғана емес, орыс үкіметінің ең бірінші мүндай сапармен барған елшісі
болған. Кэмп-Дэвидтегі іс-сапар Эйзенхауэрмен болған сұхбатпен аяқталды;
ешқандай келісім-шарт жасалмады. АҚШ-та Н.С.Хрущев, 1960 жылы
халықаралық мәселені талқылау үшін, американ президентімен үкімет
басшыларын жинау жөнінде келісті. Бұл кездесуде, КСРО мен АҚШ
басшыларынан басқа, Франция ел басшысы Ш.де Голль және Ұлыбритания
премьер-министрі Макмиллан қатысу керек еді. Алайда, бұл кездесу жүзеге
аспады. Бұл кездесудің шақыру уақытының алдында 1960 жылдың 1
мамырында, Свердлов ауданының үстінен американ барлау самолеты У-2
апатқа ұшырап, үшқыш Ф.Г.Пауэрс болған. Ұшқыш қамауға алынады. Оны
тыңшы деген айыппен 10 жыл бас бостандығынан айырды.
Алайда ол 2 жылдан кейін, Кеңес барлаушысы Р.Абельмен
алмастырылды. Осының салдарынан Париждегі 16 мамырда ашылған кездесу
АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания, Францияның мемлекет басшылары және
үкімет басшыларымен болған, констурктивті сұхбат жүзеге аспады.
КСРО-мен жарияланған бейбіт қатар өмір сүру принципі, Кеңес
басшыларымен дәйексіз жүргізілді. Бұл принцип кеңес экспансиясын кеңейту
үшін жасырушы болды. Кеңес Одағы әскери майдандасуды жалғастырды.
Ядролық қарсыласуда бұл саясат 60-шы жылдардың басында халықаралық
қатынастағы шиеленіске әкелді, ол ядролық соғыспен аяқтала жаздады. Бұл
жанжал Кариб дағдарысы деген атпен аталып және АҚШ, КСРО, Куба өзара
қатынасымен байланысты болған. 1959 жылдың бас кезінде АҚШ-тың
оңтүстік жағалауына таяу жерде Куба аралында халық революциясы жеңіп,
басшылыққа Фидель Кастроның антиамерикандық үкіметі келді. Кастро
қарсыластары АҚШ-тың көмегіне сүйеніп, оны бірнеше рет алып салмақшы
болды.
143
Куба революционерлері өздеріне мықты одақтасты керек етті. Онсыз
Америкамен күресу, өз шаруашылығын дамыту қиынға түсті. Бұл ізденіс
КСРО-ға көз аудартса керек. Кеңес басшылары Кубамен қатынас орнатуда
қызуғышылық танытты. Осылайша КСРО Америкаға жақын маңда өз
позициясын нығайтты. Бастапқы кезде, Куба мен КСРО арасындағы қатынас
саяси және экономикалық мазмұнда болды. Ал кейін ол әскери ауданға
айналды. 1962 жылы жаз айында аралда, Америка территориясына
бағытталған, ракеталары орнатылған. Н.С. Хрущев бұл шараны халықаралық
мәселелерді шешуде, Америка үрейленіп, жұмсарады деп үміттенді. Кастро
бұл ракеталар америка басшылығынан қорғайды деп үміттенді. Кеңес
басшыларының есебі ақталмады. Ракеталар американ барлаушыларымен
байқалғанда, АҚШ өзіне қауіп төніп тұрғандығын жариялады. 22 қазанда Дж.
Кеннеди мемлекет тұрғындарына, Куба да Кеңес Одағының ракеталары
орналасқанын және Америкаға қауіп төніп тұрғанын жария етті. Бұл
шиеленістің нәтижесі Н.С.Хрущев пен Дж. Кеннеди арасындағы кеңес-
американ келіссөздермен аяқталды.
1955 жылы Кеңес басшылары Н.С. Хрущев және Булганин Югославияға
сапарында Югославияның ел және коммунистік партия басшысы.
И.Б.Титомен қатынас орнатты, Н.С.Хрущев Белгаградтта Иосип Броз Титодан
кешірім сұрады. Ал 1956 жылы маусым айында Тито КСРО-ға сапар жасайды.
Бұл сапар аса маңызды келіссөздер экономикалық әріптестікке байланысты
жасалды.
1960 жылдардың аяғына таман кеңес сыртқы саясатының басты бағыты-
Батыспен қатынастың жақсаруында еді. Бәсеңдету саясаты Еуропадағы саяси
климаттың жақсаруына әкелді. Ең маңызды болып Кеңес Одағының Франция,
Германия Федеративті Республикасымен қатынастың жақсаруында. Бұл
ауысым 1969 жылы бундестагтағы қыркүйек айында өткен сайлаудан кейін
болды, яғни ГФР-дің басшылығына социал-демократтар мен дербес
демократтар партиясының келуімен байланысты еді.
ГФР-ғы В.Брандт канцлерлік еткен кезеңде ГФР-сы КСРО-мен
қатынасты жақсартып, «жаңа шығыс саясатты» жариялады. Бұл
келіссөздердің ұзақ әрі қиындауы нәтижесінен, Мәскеуде 1970 жылы 12
тамызда бейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл шарт мазмұны, ұрыстарды
бейбіт жолмен шешуді және күш қолданбауды негіздеді. Мәскеу шартының 3
бабы маңызды болған, онда екі жақ шекаралық тұтастықты сақтауға,
Еуропадағы барлық мемлекеттермен, сонымен қатар ГФР мен ГДР
шекаралары бойынша. Келесі жылы Берлин мәселесі келісімі шешімін тапты.
Бұл келісім-шарттар Берлин қаласының ГФР мен ерекше дәрежесін
айқындады.
XX ғасырдың 70- жылдарының басындағы кеңес-американ қарым –
қатынасы. Кеңес-американ қарым-қатынасы XX ғасырдың халықаралық
қатынастарында ерекше орын алатыны мәлім. Сонымен бірге, сол уақытта
соғыс пен бейбітшілік жағдайы кеңес американ қарым-қатынасына
байланысты еді.
144
60-шы жж кеңес-американ қатынасындағы бетбұрыс (ядролық сынақты
тоқтату туралы келісім, ғарышты бейбіт пайдалану және ядролық қаруды
таратпау туралы келісімдер) АҚШ-тан болашақ бұл қатынас туралы терең ойға
түсірді. 1969 жылы қаңтарда билік басына келген президент Р.Никсонның
жаңа республикалық әкімшілігі АҚШ-тың бұрынғы империалистік бағытын
көптеген жағдайларда сақтағанымен, бірақ кеңес-американ диалогын
тереңдету және ауқымын кеңейтуді бастаған еді. Вашингтонның КСРО-мен
және басқа мемлекеттермен «күш көрсету» негізінде қарым-қатынастарды
құру әр кезде кеңес американ келіссөздеріне кедергі туғызып отырды. Сондай-
ақ, АҚШ-тың үнемі бір жақты пайда табуға, кеңес жағына өз мүдделерін
қабылдауға мәжбүрлеу, тең құқықсыз шарттар кеңес-американ қатынасына
жағымсыз әсер етті. Осыған қарамастан Р.Никсонның әкімшілігі «кон-
фронтация кезеңінен келіссөздер кезеңіне» өту уақыты келгенін көптеген
маңызды себептердің негізінде түсінді. АҚШ пен КСРО арасындағы
диалогтың басталуына американдық әкімшілік пен сыртқы саяси аппаратта
ақылды қайраткерлердің табылуы, олардың тар эгоистік мүдделерден жоғары
тура алуы түрткі болды. Л.Джонсон әкімшілігі тұсында стратегиялық қару-
лануды шектеу туралы келіссөздер жүргізу туралы АҚШ-тың КСРО-ға
ұсынысы жасалған еді. Жаңа жағдайлар оны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп,
1969 жылы қарашада келіссөздер ашық деп жарияланды. Келіссөздер келесі
екі жылда Хельсинки пен Венада кезекпен өтті. 1971 жылы 30 қыркүйекте
КСРО мен АҚШ арасында ядролық соғыс қаупін азайту шаралары туралы
келісім жасалды. 1972 жылы мамырда Р.Никсонның Кеңес Одағына ресми
сапары болып өтті. Американдық президент пен кеңестік басшылықтың
арасындағы өткен келіссөздердің нәтижесі 1972 жылы 29 мамырда Л.И.
Брежнев пен Р. Никсон қол қойған «Кеңес Одағы мен Америка Құрама
Штаттары арасындағы қарым-қатынас негіздері» атты маңызды құжат болды.
Кеңес Одағы мен АҚШ әскери қақтығысты және ядролық соғысты
болдыртпауға барлығын жасауға уәделесті. Осы мақсатта қайшылықтардың
бейбіт тәсілдермен шешуге, күш көрсетуді болдыртпауға екі жақ міндетіне
алды. Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-ның басқа мүшелері тәрізді КСРО мен
АҚШ мойнында «халықаралық жағдайды ұшықтыруға әсер ететін
жағдайларды болдыртпауға тырысу» сияқты жауапты міндет жатқанын
мәлімдеді. Ерекше назар стратегиялық қарулануды шектеуге аударылды.
Құжатта айтылғандай КСРО мен АҚШ арасында толықтай қарусыздану
мәселесін шешу қорытынды нәтиже болып табылды.
1972 жылы 26 мамырда КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы
қорғану жүйесін шектеу туралы мерзімсіз келісім (ПРО) және Стратегиялық
басқыншылық қарулануды шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы
уақытша (5 жыл мерзімге) келісім жасалды. Екі жақ та стратегиялық
қарулануды шектеудің параметрлерін нақтылау мақсатында және тұрақты
келісімді дайындау үшін келіссөздерді жалғастыру үшін СҚШ-1 (ОСВ-1)
келісімін жасады.
145
Ракетаға қарсы қорғану келісімі бойынша Кеңес Одағы да, АҚШ та өз
территориясында ракетаға қарсы қорғану жүйесін дамытпауы шарт еді.
Келісімде көрсетілгендей, КСРО мен АҚШ-қа ракетаға қарсы қорғану
тәсілдерімен қорғалған, радиусы 150 км-ге дейін екі аудан және 200-ден
аспайтын ракетаға қарсы шектеулі радиолакациялық станцияларды ұстауга
рұқсат етілді. Көрсетілген саннан артық ракетаға қарсы қорғану жойылуға
жатты. Сол себептен АҚШ 1969 жылы наурызда қабылданған «Сейфгард»
бағдарламасынан бас тартуға мәжбүр болды. Егер, бұл бағдарлама жүзеге
асқан жағдайда 14 ракетаға қарсы қорғану кешендері іске қосылып,
стратегиялық қарулану жарысына жаңа серпін болар еді. Теңіздік, ауа,
ғарыштың немесе мобильді жерде қолданылатын ракетаға қарсы қорғануды
құрастыруға, сынақтан өткізуге тыйым салынды. Екі жақ басқа елдерге
ракетаға қарсы қорғануды сатпауға және орналастырмауға өзара келісті.
Стратегиялық басқыншылық қорғануды шектеу саласындағы кейбір шаралар
туралы келісім бойынша екі жақ та 5 жыл мерзімге МБРНБ және БРПЛ атты
ракеталарды, су асты кемелерін жасауды тоқтатуға келісті.
РҚҚ мен Уақытша СҚШ-І келісімі ядролық соғысты болдыртпау және
халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы үлкен қадам болды. «Қарым-
қатынастар негізі» құжаты мен басқа құжаттар КСРО мен АҚШ арасындағы
қатынасты құрудың халықаралық-құқықтық пішінін негіздеп берді. Жоғарыда
айтылған келісімдер жүзеге асқан жағдайда ұлы екі державалардың көптеген
бағыттар, соның ішінде ең маңыздысы қарулану жарысын шектеу және
қарусыздану мәселесін шешуде үлкен болашақ ашылар еді, Маңызды бұл
келісімдерге қол қойылу сауда-экономикалық, мәдени және тағы басқа
салаларда қарым-қатынастың дамуына жағдай жасады. 1972 жылы Р.
Никсонның Мәскеуге сапары кезінде ғарышты зерттеуде, қоршаған ортаны
қорғау, денсаулық сақтау салалары бойынша кеңес-американ келісімдері
жасалды.
1972 жылы қазанда теңіздік кеме жасау сүрақтары бойынша келісім
және кеңес американ сауда мен несие туралы келісімдері жасалды.
1973 жылы 22 маусымда Л.И. Брежневтің АҚШ-қа жауапты ресми
сапарында екі жақ «Стратегиялық басқыншылық қарулануды шектеу
жөніндегі ары қарайғы келіссөздердің негізгі принциптері» атты маңызды
құжатқа қол қойды. КСРО мен АҚШ тең дәрежедегі қауіпсіздік принципін
мойындап, екі жақ та тікелей не жанама түрде бір жақты пайда алуға
тырыспайтындығын мәлімдеді. Келісімді дайындауды аяқтау және қол қою
1974 жылға жобаланды.
1973 жылы 25 қыркүйекте Женевада стратегиялық қарулануды шектеу
туралы кеңес-американ келіссөздері қайта жанданды. Алайда онда уәделескен
келісімге жету мүмкін болмады. Мемлекеттегі ішкі саяси жағдаймен көбінде
«уотергейттік жанжалмен» және американдық «қырандардың» өскен іс-
әрекетінен анықталған АҚШ позициясы қатаң және мазмұнды емес болды.
1974 жылы жазда АҚШ президенті Р. Никсонның Мәскеуге кезекті
сапарында Кеңес үкіметі арасында пайда болған келіспеушілікті шешуге
146
тырысты. Стратегиялық қарулануды шектеу туралы келісімді құрастыру «тез
арада аяқталуы тиіс» деген келісім жасалды. Жаңа келісімнің мерзімі 1985
жылға дейін белгіленді. Сонымен қатар, ядролық қаруды жер асты сынауды
шектеу туралы келісім жасалды. 1976 жылдың 31 наурызынан бастап келісім
бойынша КСРО мен АҚШ қуаты 150 киллотоннан асатын жер асты ядролық
қаруды сынауды тоқтатуға міндеттенді. Кеңес Одағы сол кездің өзінде қандай
да бір ядролық қаруды сынауды тоқтатуға дайын еді, бірақ АҚШ-тың
басшылықтағы топтары, әсіресе әскери адамдар бұған келісуден бас тартты.
Л.И. Брежнев пен АҚШ-тың жаңа президенті Дж.Фордтың арасында
1974 жылы тамызда өткен келіссөз барысында қарулануды тоқтату, соғыс
қаупін болдыртпау мәселесіне үлкен назар аударылды. Олардың 1974 жылдың
аяғында Владивостоктағы кездесуінде СҚШ (стратегиялық қарулануды
шектеу) бойынша келісім жасалды. Владивосток келісімі бойынша алғаш рет
алыс қашықтықтағы бомбардирлік авиацианы шектеулі қару құрамына
кіргізді, яғни қарулану жарысына шектеу қоюға сапалы жол салды.
1973 жылы 22 маусымда Вашингтонда Ядролық соғысты болдыртпау
туралы арнайы мерзімсіз келісімге қол қойылды. Бейбітшілікті және
халықарлық қауіпсіздікті нығайту мақсатында, ядролық соғыс адамзат үшін
зардабы шексіз екенін түсінген АҚШ пен КСРО өз күштерін осы мақсаттарды
жүзеге асыру үшін жұмылдыратынын айтты.
1974-1975 жылдары тарихта алғаш рет КСРО мен АҚШ арасында
парламенттік делегациялардың ресми алмасуы болып өтті. Мәскеуде АҚШ-
тың іскер топтарының көптеген өкілдері болып кетті. Олар бірқатар кеңестік
мекемелер мен өнеркәсіп орындармен шарт жасасып кетті. Вашингтонда
КСРО-ның сауда өкілдері, ал Мәскеуде АҚШ-тың коммерциялык бюросы, 20-
дан астам американдык корпорациялар мен банктер өкілдіктері ашылды.
Құрамында 300-ден астам кеңестік және американдық фирмалар мен
ұйымдар бар Амторгтын экспорт-импорттық қызметі жақсарды. 1976 жылы
кеңес-американ сауда көлемі 2,2 млрд. рубльге жетті. Алайда, кеңес-американ
саудасы басқа елдермен жүретін сауда қарым-қатынасымен салыстырғанда
елеулі түрде артта қалып отырған еді. Оған себеп кеңестік тауарлардың
американдық рынокта кемсітілуі болды.
70-ші жылдардың бірінші жартысында кеңес-американ қарым-қатынасы
ғылым мен техника саласында алға жылжыды. Американдық ғалымдар мен
инженерлер бірнеше рет екі жақ та бірдей пайда алатынына көз жеткізді.
Американдық «Дженерал электрик» корпорациясының өкілі Л. Стил
көптеген американдық бизнесмендердің пікірін білдіріп, Кеңес Одағының
ғылыми-техникалық ресурстардың зор екенін, Кеңес Одағында металлу-
ргиялық болашағы бар салаларында үлкен көлемді және нәтижелі зерттеулер
жүргізіліп жатқананын және осы жұмыста КСРО үлкен жетістікке жеткендігін
мәлімдеді. «Дженерал-электрикпен» қатар КСРО мен «Хьюлетт-Паккард»,
«Кайзер индастриз», «Зингер», «Интернэшнл телефон энд телеграф»
компаниялары қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.
147
Кеңес-американ ядролық энергияны бейбіт пайдалану туралы келісім
қарым-қатынасты үш бағытта жүргізуді көздеді: ол басқарылатын
термоядерлік синтез, энергиялық реактор, фундаментальды материя қасиетін
зерттеу.
Денсаулық сақтау саласында да кеңес-американ қарым-қатынасы жақсы
дамыды. Жасанды жүрек жасау саласында арнайы келісімге қол жеткізілді.
Ракпен бірлесу күресу шеңбері кеңейе түсті. Жоғарылау сызығы бойынша
кеңес-американ қарым-қатынасы ауыл шаруашылығында өсті. 1973-1974
жылдарда 20-дан астам тақырып бойынша бірлесе зерттеу бағдарламалары
құрылды. Делегациялар мен көрмелер алмасу басталды.
Ерекше назар мен қызығушылықты бірлескен ғарыштық «Союз-
Аполлон» жобасы тудырды. 1975 жылы шілдеде кеңестік космонавтар Леонов
пен Кубасов және американдык — Стаффорд Слейтон және Бранд маңызды
ғылыми-техникалық мәнге ие бірнеше бірлескен сәтті бақылаулар мен
тәжірибелер тізбегін өткізді. 1973 жылы жазда «КСРО мен АҚШ арасындағы
байланыстар, айырбыс және қарым-қатынас туралы жалпы келісім» және
1974-1976 жылдарға арналған сондай нақты бағдарлама екі елдегі өнерді
бағалаушыларды қатты қуантты. Есте қалатын оқиғалар, Үлкен театрдың
балет және опера труппасының АҚШ-қа сапары, скифтік қорғандар мен
ленинградтық Эрмитаждың жинақтарының көрмесі болды. Ал өз кезегінде
КСРО-да Сан-Францискодан келген драмалық театр, бірқатар музыкалық
ансамбльдер сәтті өнер көрсетсе, АҚШ мұражайларынан суреттер көрмесі
болып өтті.
Жоғары білім беру саласындағы қарым-қатынастардың жаңа пішіні 10-
айлық тәжірибеден өту үшін жас ғалымдар (әр жақтан жыл сайын 50 адам)
және жыл сайын 10 жетекші профессорлар мен оқытушыларды үш айдан он
айға дейін ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алмасу жүргізілді.
Туризм шеңберінде кеңестік және американдық адамдар арасындағы
байланыс кеңейе түсті. Екі мемлекеттің халқын өзара байытып отырып, бұл
байланыстар қарым-қатынастардың жақсаруына, сенім мен өзара
сыйластықтың өсуіне жағдай жасады.
АҚШ пен КСРО өзара қол қойған келісімдер, конвенциялар, хаттамалар,
бірлескен коммюникелер, жалпы саны 60-тан асатын құжаттар бейбіт өмір
сүру принципі негізінде қомақты саяси және қүқықтық база жасады. 70-ші
жылдардың басындағы кеңес-американ қарым-қатынастарының жағымды
нәтижесі міне осындай болды.
Американдық империализмнің Үндіқытайдағы агрессиясы Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке
қауіп төндірген ұзақтығы мен көлемі жағынан ірі қарулы кақтығыс болды.
Еркіндік сүйгіш вьетнамдық халық АҚШ агрессиясына қарсы каһарманды
күрес жүргізді. Үндіқытай халқының жағында әлемнің барлық прогрессивті
күштері болды. Солардың қысым көрсетуі мен азат ету күресінің
сәттіліктерінің арқасында империализм артқа шегінуге мәжбүр болды.
148
Парижде болып өткен Вьетнамдағы саяси реттеу жөніндегі төрт жақты
кездесу 1969 жылы 25 қаңтарда әлемде ұшыққан халықаралық жағдайда
шешуге тырысқан әрекеттердің өскен уақытында басталды.
Американдық қолдаусыз Вьетнам жерінде өз билігін сақтап қала
алмайтынын білген сайгондық тәртіп келіссөздердегі басты оппозициялық
күш болды. Ұзақ уақыт сайгондық марианеткалар Оңтүстік Вьетнамды
келіссөзде тең құқылы жақ деп мойындағысы келмеді. Сайгон әкімшілігінің
бұндай саясатында келіссөздерді ешбір нәтижесіз екенін көрсетуге ұмтылуы
көрінсе, АҚШ бұл жағдайды пайдаланып вьетнамдық патриоттарға қысым
көрсетіп, олардан бір жақты пайда табуға бар күштерін салды.
Азаттықтың Халық майданы (АХМ) мен ВДР өкілдері жағдайды шешу
туралы құрылымдық ұсынастармен сөз сөйледі. 1969 жылы 8 мамырда НФО
делегациясы «Оңтүстік вьетнамдық мәселені шешудің ғаламдық мазмұны мен
принциптерін» ұсынды (ол тарихта «10 пункт» ретінде белгілі). Бұл үсыныс-
тар 1954 жылғы Женевалық келісімдерге сүйеніп, Оңтүстік Вьетнамнан сөзсіз
шетел әскерінің шығаралуын, вьетнамдық халықтың негізгі құқықтарының
халықаралық деңгейде мойындалуын; Оңтүстік Вьетнамдағы саяси
құрылыстың мәселесін шеттен араласпаусыз бейбіт шешуді; әскери одаққа
қатыспауды және екі ел территорияларында әскери базалар мен әскерді.
болдыртпау; АҚШ-тың Вьетнамға әкелген зиянды өтеу қарастырылды.
1969 жылы 6-9 маусымда Оңтүстік Вьетнамның азат етілген бөлігінде
Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметін бір
ауыздан сайлаған халық өкілдерінің съезі болып өтті. Уақытша революциялық
үкіметтің міндеттері болып соғысты тоқтату, бейбітшілікті қалпына келтіру,
еркін демократиялық, бейбітсүйгіш және бейтарап мемлекет құру, келешекте
Вьетнамды біріктіруге тырысу белгіленді. Уақытша революциялық үкімметтің
сайлануы сол уақытта Мәскеуде болып жатқан коммунистік және жүмысшы
партиялардың Кеңесі қолдады.
1969 жылы АҚШ президенті Р.Никсонмен жарияланған «гуамдық
доктрина» вьетнамдық халықтардың азат ету қозғалысын қару көмегімен баса
алмайтындығын және Вьетнамдағы американдық әскердің агрессиясының
аяқталғанын білдірді. 1969 жылы тамызда 543-мыңдық американдық әскердің
25 мыңының шығарылатыны туралы жарияланды. 1972 жылы вьетнамдық
патриоттардың көктемдік бас көтерулері кезінде Вьетнамдағы АҚШ-тың
барлық құрлықтық күштері қорғаныс аудандарында болды. 1973 жылы 27
қаңтарда Вьетнам бойынша жасалған Париждік келісім ұзақ уақыт
империалистік агрессияға қарсы жүргізген күресте Кеңес Одағы мен әлемдік
социализмнің қолдауымен вьетнамдық халықтың тарихи жеңісін белгіледі.
Бұл жеңістің маңызды себепшісі - өте кең аукым алған халықаралық бірлігі
еді.
Келісім
еркіндікті,
егемендікті,
бірлікті
және
Вьетнамның
территориялық біртұтастығын сыйлады. 60 күн ішінде американдық және
басқа шетелдік әскерлердің шығарылатынын және әскери тұтқындардың
босатылатыны белгіленді. Сондай-ақ келешекте АҚШ-тың Оңтүстік Вьетнам
149
ісіне араласпайтынын анықтап берді. Оңтүстік Вьетнамда саяси реттеуге
шетелдік мемлекеттің араласпауынсыз екі оңтүстік вьетнамдық жақпен
келіссөз жүргізу арқылы жету көзделді. Ұлттық ымыраласу және бірлік
кеңесін қүру еркін және демократиялық сайлау жүргізу жоспарланды. 1954
жылы Женевалық келісім бойынша анықталған және 17- параллельден өтетін
Вьетнамның екі бөлігі арасында өтетін әскери демаркациялық шеп «уақытша
сипатқа ие және саяси, территориялық шекара болып табылмайтыны»
келісімде анықталды. Вьетнамның бірігуі «әр қадам сайын, бейбіт тәсілдермен
Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам арасында келіссөз жүргізу арқылы»
шетелдік араласусыз жүзеге асыру жоспарланды. АҚШ өз мойнына Оңтүстік
және Солтүстік Вьетнамға соғыс салдарын жоюға алды. Келісімге
қатысушылар сондай-ақ 1954 жылы Камбоджа бойынша және 1962 жылғы
Лаос бойынша Женевалық келісімдердің орындалуын және бұл елдердің ішкі
мәселелері өз күштерімен, шетелдіктердің араласуынсыз шешілуі керек
екендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |